- Учителю
- Ертеңгілік Әдемі- ай 2 сәбилер тобы
Ертеңгілік Әдемі- ай 2 сәбилер тобы
Өскемен қаласы әкімдігінің « №42 орта мектебі» КММ
«Әдемі-ай» қыздар байқауы
Орындаған: Ахметжанова Н.Н.
Өскемен қаласы
2016ж
«Әдемі-ай» қыздар байқауы
Мақсаты: Көктем мерекесіне орай қыздарды әсемдікке,әдемілікке,сыпайлыққа тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын ұстану барысында сөйлеу,жүріп-тұрү мәдениеттіне бала бойына қалыптастыру. Өнерге деген талпынысын жетілдіру.
I -тур «Салем-сөздің анасы» (Өзін-өзі таныстыру)
II-тур « Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету)
III-тур «Сұлулықтар сыры» ( Сән үлгілерін көрсету)
Әділ қазылар алқасын сайлау.
Жүргізуші : Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар.Қымбатты қонақтар ,сүйікті аналар,әжелер,тәрбиешілер,бүлдіршіндер көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз құтты болсын.
Мәди:
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық
Нармина:
Әр сөзімді жаттаған
Жүрегімде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам
Жүргізуші :
Қызғалдақтай құлпырған
Көмейінен жыр тұнған
«Әдемі-ай» -байқауын бастаық,
Неше түрлі сыр тұнған
Олай болса «Әдемі-ай»аруларын ортаға шақырайық.
Жүргізуші :
Өнер қуып арулар өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін
«Әдемі-ай» да аруларын ортаға кезектесіп
Таныстырып өздерін өтер деймін.
I -тур «Салем-сөздің анасы» (Өзін-өзі таныстыру)
1.Айшанұр
2.Бекайым
3.Айша
Кішкентай бүлдіршіндер аналарына арнап өз тақпақтарын айтады.
1.Алинұр
2.Нұрай
3. Арсен
Балалардың орындауында ән «Болайықшы осындай»
Жүргізуші :
Ал кімнің өнері бар қаншалықты
Би билеп,ал біреуі ән салады
Бүгінгі «Әдемі-ай»-да бәйге алуға
Арулар аянбай-ақ, жан салады
II-тур « Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету)
Арулар дайын болғанша бүлдіршіндеріміз тақпақтарын айтады.
Ислам
Ажар
Нұрали
Айя
Нұрали.Ө
Айнара
Амина
Мерей
Баян
Алижан
11.Асылым
Жүргізуші :
Сымбатына киімі жарасатын
Аспандайтын ай менен таласатын
Өнеріне сай келіп дайын тұрған
Аруларға қызығып қарасатын
III-тур «Сұлулықтар сыры» ( Сән үлгілерін көрсету)
Жүргізуші : Балалар аналарына арнап « Ана» әнін шырқайды
Әділқазы алқалары сайыс байқауын қортындылап аруларға баға береді.
Жүргізуші :
Аналар қалқып бақыт аралында
Лайым мұң қонбасын жанарына
Осы менен ертеңгілікті аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға
Бүлдіршіндер мен тәрбиешілердің мерекесіне жасаған қол өнерлерін таратып беру.