7


  • Учителю
  • Ашық тәрбие сағаты Көрікті көктем аруы!

Ашық тәрбие сағаты Көрікті көктем аруы!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Көрікті көктем аруы!»

Мектепалды даярлық тобы

Тәрбиешілер: Ракишева Ф. А. Утельбаева Б.Б.

</



«Көрікті көктем аруы».

(Ашық тәрбие сағаты)

Тақырыбы: « Көрікті көктем аруы»

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру. Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейрімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: Армасыздар, құрметті әріптестер, аяулы ата-аналар, көрікті қыздар. Көктемнің алғашқы 8-наурыз мерекесі құтты болсын!

Өмірдің иесі сен ғана ғазиз ана,

Келтірген дүниеге нелер дана.

Анасыз батыр да, жоқ ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

Деп жырлағандай бүгінгі мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндерінің «Көрікті көктем аруы» қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!

Қыз сыны,қыз өнері, қыз әдебі,

Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.

Бір көріп таң қалдырмай сахнада,

Өмірде сақталсыншы бұл әдебі - деп ару қыздарымызды ортаға қошеметпен шақырайық.

Ер балалар қыздарды ортаға шығарады.

Қоржыннан реттік нөмірлерін суыру.

Балалардың орындалуында ән: «Айналайын мама»

Жүргізуші: Өнерпаздар өнерін салыстырып,

Бәйге үшін терлетер шабыстырып.

Әділдікті қолдайтын баға беріп,

Жіберейік әділ қазыларды таныстырып.

Жүргізуші әділқазы алқаларымен таныстырады.

Сайыс бес бөлімнен тұрады:

  1. Таныстыру.Байқауымыздың осы бөлімінде аруларымыз өзін-өзі таныстырады.Бұнда аруларымыздың көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс-тұрысы сынға түседі.

  2. «Өнерлі өрге жүзеді» бұл бөлімді аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.

  3. Анамның сүйікті асы. Бұл бөлімде дайындап алып келген тағамды қалай жасағанын айтып қорғау.

  4. «Қыздарға әсемдік жарасады» сән үлгісін көрсету.

  5. Сұрақ - жауап сайысы.

Жүргізуші: сайысымыздың алғашқы бөлімі «таныстыруға» кезек берейік.

Өнер қуып арулар өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа түскен қыздар кезектесіп,

Өздерін таныстырып өтер дейміз.

Қыздар өз-өздерін таныстырады.

Ендігі кезекте «Өнерлі өрге жүзер» бөліміне ару қыздарымыз дайын болғанша ер балаларымызға кезек берейік.

1-ші тақпақтар

Ералым: Ақыл-ойын дананың

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның.

Мансұр: Сөзімді дұрыстайтын әже

Айғайлап ұрыспайтын әже,

Қыдырса,ерте келетін әже,

Ылғи да еркелететін әже,

«Алысқа кетпе» дейтін әже.

Алинұр: Келмесе,өкпелейтін әже,

Бәрі де жүреді есімде,әже,

Ойынға досым шақырып тұр,

Апама айтпай,жібересің бе,әже!

Мағжан: Менің әжем,ақ әжем-

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

Әли: Менің әжем,жыр әжем-

Шуағы мол,нұр әжем.

Ақ таяққа сүйеніп,

Аман-есен жүр әжем.

Шыңғыс: Апам үшін күнде мен

Отынға ағаш жарамын.

Су құямын гүлге де,

Дүкенге де барамын.

Жоқтатпаймын әпкемді,

Қоям шайын қайнатып.



Елжан: Жылай қалса, бөпемді

Жұбатамын ойнатып.

Сыпырамын үй ішін,

Жуам аяқ-табақты.

Апам бірақ мен үшін

Оқымайды сабақты.

Алан: Келбетінде ұлылық,

Даладай кең пейілі.

Ана деген-жылылық,

Ана деген-мейірім.

Қыздар өз өнерлерін көрсетеді.

Келесі сайыс «Анамның сүйікті асы»

Арусыңдар таудай биік талабың,

Қызысыңдар еркін өскен даланың.

Ал, қанекей мүдірмеңдер бұл сында,

Ас әзірлеу, қыздар үшін қиын шаруа болып па ?

Қыздар тамақ дайындап, дайындалу жолдарын айтып түсіндіреді.

Келесі сайыс «Қыздарға әсемдік жарасады»

Ал халайық ықыласпен демейік,

Арулардың сән үлгісін көрейік.

Сыры мен сымбатына қарап біз,

Әділдікпен бағаларын берейік.

Арулар реттік номерлері бойынша бірінен кейін бірі сән үлгісін көрсетеді.

Келесі сайыс сұрақ-жауап.

Сырлары көп ғылымның,

Шешілмеген әлі де.

Тереңдігі білімнің,

Керек екен бәріне-дей келе кезекті сұрақ-жауапқа берейік.

Қыздар сұрақтарға жауап береді.

Барына риза болсын көрермендер,

Көрсетті өнерлерін жас өрендер.

Осымен сайысымыз аяқталсын,

Қазылар берсін енді шын бағасын.

Қыздарды мадақтап құрметтеу.



Ашық тәрбие сағаты Көрікті көктем аруы!





Ашық тәрбие сағаты Көрікті көктем аруы!



















































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал