- Учителю
- Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері
А</та - аналармен жұмыс
Ата - аналар үшін кеңес
Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі шақ - адам өмірінің ең қысқа уақыт аралығы, алғашқы 7 жасқа дейінгі аралықты алады. Алайда осы кезеңде баланың ересектерден алшақтауы, кішкене әлсіз сәбидің өзбетті, белсенді тұлғаға айналуы басталады.
Мектеп жасына дейінгі жастың психологиялық ерекшеліктері
Негізгі әрекет - ойын, адамдардың әрекеті мен мінез - құлық нормаларын игеру .
-
1 жаста бала 7-14 сөзді қолданады. Бір іске 15 минут назарын аударып шұғылданады, «болмайды деген сөздің мағынасын игереді, ± 2 айында жүре бастайды.
-
1,5 жасында баланың сөздік қоры 30-40 сөзді құрайды. Ол жақсы жүреді, тамақтанады және суреттегі заттардың бейнесін көрсетіп таниды, өзіне бағытталған сөзді жақсы түсінеді. Бұл жаста баланың негізгі сұрақтары: «Кім?» «Не?».
-
2 жаста баланың сөздік қоры 300-400 сөзді құрауы тиіс. Баланың негізгі сұрақтары: «Бұл кім?», «Бұл не?». Зат есім, сын есім, үстеу, есімдік, етістіктерді игереді. фразовая сөз қалыптасады (қыз балаларда жиі 1,5 жаста). Сұрақтар айырмашылықтары баланың ақыл - ой қабілетінің «жақсы» дамуын көрсетеді. Шаршылардан мұнаралар тұрғызады, қарындашты сызықтар сызады.
-
2,5 жаста сөздік қор 1000 сөзді құрайды. Кеңістікті бағдарлау сұрақтары: «қайда?», «қайдан?», «қашан?» пайда болады. Бұл жаста сөздік дамудың тежелуі психикалық дамудың тежелуіне немесе кереңдіктің бар болуымен күмәнданады.
-
3 жаста балада «Неге?» деген сұрақ қоя бастайды. Егер балаға қосышша сұрақтар қойып отырса, бала естігенін және көргенін айтып бере алады. Ойлау қабілетінің күрделілігіне дәлел боларлықтай сабақтас құрмалас, күрделі сөйлемдерді қолданады. Бір, көп, аз деген сөздердің мағынасын түсінеді. Заттың бір ғана сипаты бойынша тұтастай затты тани алады. Мысалы: құлағы бойынша қоянды, т.б.
-
3,5 жаста жоспарлау, құрастыру элементтерін игере бастайды. Заттармен көрнекі бейнелі ойын элементін және кейіннен құрдастарымен ойын барысында көрінеді. Бала эмоционалды: өзін жақсы көреді, ренжігіш, қуанышты, жабырқаулы, мейірімді, ақкөңіл, қызғаншақ, аяуға қабілетті.
-
3 -4 жаста - өзін-өзі бекіту; мүмкін болатын реакциялар: тіл алмау, қырсықтық, негативизм, («Мен өзім», өзін мадақтау). Өзбетті ойнайтын ойындар (пәндік, құрастырмалы, сюжеттік-рөлдік ойындар).
-
4 жаста өзі әлі көрмеген, бірақ ол туралы естігендері туралы түсіне алады. Сурет бойынша қарапайым, толық әңгіме құрастыра алады, саналы түрде ересектердің сөзін жалғастырып, жалпылауға қабілеттілік танытады. Негізгі қоятын сұрағы: неге? Құрдастарымен сюжеттік-рөлдік ойын ойнайды. Бір іспен 40-50 минут шұғылдана алады.
-
4,5 жаста алдына мақсат қойып сол мақсатқа жету жолын жоспарлайды. «Неліктен?» деген сұрақ қояды.
-
5 жаста бала өзінің атын, тегін, әкесінің атын, жасын, мекен-жайын, үйіне апаратын көлік аттарын айтады. Ойыншықты схема бойынша құрастыра алады. Адам суретін негізгі барлық дене бөліктерімен сала алады.
-
5,5 жаста бала барлық оқу түріне қол жеткізеді, ол негізгі заңдылық бойынша оқуға дайын.
-
5-6 жаста ересектермен қарым - қатынас жасау үйлесімділігі, ата - аналар тарапынан махаббат, мейірім қажет ету, ата - анасына бауыр басу - өзге адамды жақсы көру қабілетінің қалыптасуы.