7


  • Учителю
  • Тіл- асыл қазынам (ойын-сауық)

Тіл- асыл қазынам (ойын-сауық)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«БОЛАШАҚ» бөбекжай балақбақшасы













«Тіл - асыл қазынам»

(тілдер мерекесіне арналған ойын - сауық)





























Жауапты : Ашимова Б. К.

























2015 - 2016 оқу жылы



Мақсаты :

Тілдер мерекесі туралы мағлуматтар беру, ана тілін қадірлейтін, таза сөйлейтін, Отанын, балалардың тілдерін дмыту , жерін, салт - дәстүрін құрмет тұтатын жеке тұлға тәрбиелеу.

Барысы :

Жүргізуші: Армысыздар, қымбатты қонақтар! Ұлағатты апайлар мен балалар

Ана тілі

Жүрегісің анамның.

Жүрек-ана,

Мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның!

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ана тілі - әр адамның өз ұлтынын жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.. Біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл. 22 қыркүйек - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.

Тілдер мерекесі күніне орай Айсулудың әжесінің ауылында кездесіп отырмыз.



Әже: Уа, халайық тұрмайық,

Әндетейік жырлайық

Бізге келген қонақтарға

Төрімізді ашайық

Салт- дәстүрі бойынша

Шашуын шашайық



Жүргізуші : Біздің еліміз көп ұлты. Әр ұлттың өзінің тілі бар, әуені, би, ойындары болады. Балалар, бүгін мерекемізге тосын сый дайындапсыңдар.Әр ұлттың өкілдері өздерінің құттықтауларымен келіп отыр.

Ендеше ортаға өзбек халқын шақырамы

Келесі тосын сый орыс халкыныкі.

Қазір сіздердің алдарыңызда грузин халқының өкілдері

Ортаға қазақ халқын шақырамыз.

Жүргізуші : Әже, біздің бүлдіршіндеріміз мерекеге орай тақпақтар жаттады.

Балалар тіл туралы тақпақтарын айтады



Ана тілім таусылмайтын жыр әнім,

Ана тілім қасиетті тұмарым.

Сондықтан да ана тілім мен сені,

Әрқашанда биік ұстап тұрамын.



Тұрсақ қазақ жерінде,

Тілін де біл қазақтың.

Ол өзге ұлттан кейін бе,

Тілді үйрену аз - ақ күн.



Ана тілі- қай заманнан келеді,

Ана тілі - бізге бәрін береді

Ана тілі - аңқылдаған қазақтай

Бар ұлттарға болады әлі керегі.



Қазақ тілін білмеген,

Қазақ болып оңдырмас

Олардың өң - түрлері,

Және өзге ұлт болдырмас.



Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.



Әже: Немерем ойынды жақсы көреді. Ендеше ойындарға жол берсек

Ойын «Ханталапай»

Ойын «Тақия тастамақ»



Әже:

Әлемдегі ең бай тіл

Қазақ тілді ардақта

Есіңе сақта, оқып біл

Жүрсен - дағы қай жақта

Қандай мақал-мәтелдер тіл туралы білесіңдер, балалар?

Балалар тіл туралы мақал-мәтелдер айтады.

Жүргізуші: Мемлекеттік тілмен қоса, балалар, сендер орыс тілін де үйреніп жатырсыңдар, орыс тілі ұлтаралық тіл. Қазір жұмбақтар окимын, сендер сол жұмбақтардың шешуін тауып, оны орысшаға аударасыңдар



Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады (аю)

Қыста бар, жазда жоқ (қар)

Сырт сырт соғады, тәтті ақ (қант)

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар (қой)



Жүргізуші:

Ортақ мекен жер шары

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы

Достығымыз жарасқан



Ән «Достық»













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал