7


  • Учителю
  • Разработка на тему 'Ойнайық та, ойлайық! 'Ашық сабақ

Разработка на тему 'Ойнайық та, ойлайық! 'Ашық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы:Ойнайық та,ойлайық!

Сабақтың мақсаты:балалардың жыл мезгілдері жайлы білімін артыруға арналған,олардың ойын арқылы логикалық ойлау қабылетін жан-жақты дамыту,тіл

байлығын,танымын,өнерлерін,сөздік қарым-қатыныстарының арттыру.

Әдіс-тәсілі:ойын,сұрақ-жауап.

Сәлемдесу.

1-бала:Еліме тынныштық тілеймін.

2-бала:Күніміз жарық болсын!

3-бала:Аспанымыз ашық болсын!

4-бала:Деніміз сау болсын!

5-бала:Бәріміз дос болып жүрейік!

Мұғалім: жұмбақ жасырады.

Аяз қысып,өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып,

Бет домбығып,

Сырғып жастар ойнайды.

Кейде ұлып,

Кейде ысқырып,

Ұйтқып боран соғады.

Айтындаршы балалар,

Бұл қай кезде болады?(Қыс).

Мұғалім:Балалар,қыс мезгілінің қандай ерекшеліктерін байқадыңдар?

Балалар:Қыста күн суық болады,қар жауады,боран соғады,аяз болады.

Тәрбиеші:Енді,қыс айларын атап беріңдерші(желтоқсан,қаңтар,ақпан).

Қыс мезгілі жайында тағы неайта аласыңдар?


1-бала:Қандай суық қыс деген?

Қалтырайды құс деген,

Құлақшыңды кимесең,

Құлағыңды тістеген

.

2-бала:Ақ көрпесін жамыла,

Аяз келді аптыға.

Айналаны үрлейді,

Ақ бораны гүлейді.


3-бала: Ақ боран -ау,ақ боран,

Алай-дүлей,соқ боран.

Қарлы боран жиылды,

Ауламызға үйілді.


4-бала: Қырау қатып жағаға,

Аяз беттен өбеді.

Бірі мініп шанаға,

Бірі шаңғы тебеді.

5-бала: Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады,қатады,

Жып жылтыр боп жатады.

Аралайды бақшаны,

Үзілмейді жақсы ән.

Гүлденеді бақшалар,

Жауса жаусын ақша қар.


6-бала: Жауды міне қар аппақ,

Айналаның бәрі аппақ.

Жасырыпты жолдарды,

Тегістепті оларды.

Үстін жауып көлдердін,

Бетін бүркеп белдердін.

Жастық етіптауды аспан,

Жантайыпты жамбастап.


Тәрбиеші: Балалар,бүгінгі сабақ ерекше сабақ,ол ойын түрінде өтеді. Ол үшін біз екі топқа бөлініуіміз керек. Қыс мезгілінің айларын атап жіберіңдерші. (желтоқсан,қаңтар.ақпан)


1 топ: "Қаңтар" тобы.

2 топ: "Ақпан" тобы.

"Қаңтар" тобы өз ұранын айтады:

Шыныққанбыз,шымырмыз,

Біз бақытты баламыз.

Өлең айтып,жұмбақ шешіп,

Сайысып та аламыз.


"Ақпан" тобының ұраны:

Баста қалың малақай,

Біз тоңбаймыз алақай.

Ойын ойнап тіл дамытып,

Сайысуға әзірміз.


Тәрбиеші:

Ал балалар тыңдаңдар,

Асығыстық қылмаңдар.

Асықпайық дегенге,

Бөгеліп көп тұрмаңдар.

1-сайыс:

Қаңтар және Ақпан деген кестедегі жазуларға дыбыстық талдау жасау,дауысты және дауыссыз екенін анықтап,буынға бөлу.

2 сайыс:

1-топқа: 1-10 дейін тура санау және кері санау.

2-топқа: Апта күндерін атау.


3-сайыс: "Таңдап ал" ойыны.

Ойын шарты: Балалар суретті таңдап алып,артындағы сұрақтарға жауап береді.

"Қаңтар" тобына сұрақтар:

а)Қыс мезгілінің ойын түрлері

ә)Қысы жазы бір түсте болатын ағаштың аты қалай аталады?

б)Қыстап қалатын құстардың атын ата.


"Ақпан" тобының сұрақтары.

а) Қыста болатын мерекелер

ә) Биыл қандай жылды қарсы алдық

б) Қыста ағашта неге жапырақтар болмайды


4-сайыс: жұмбақ есептер.

1-топқа: 1-есеп.

Бір алманы төртке бөлдім,

Бір бөлігін жеп те көрдім.

Қалған үлкен үш бөлігін,

Қасымдағы үш досыма бердім.

Қолымда нешеуі қалды?(0).

2-есеп.табақта бес алма,

Қолымда екі алма.

Барлығын қосқанда,

Болады неше алма?(7).

2-топқа:1-есеп.

Бір-бірімен жпрысқан,

Екі аю,бір арыстан,

Екі қоян,үш түлкі,

Бәрі неше ойлан сен?!(8).

2-есеп.Бір бұтақта бес торғай отыр еді.Екеуі ұшып кетті.Бұтақта неше торғай қалды?(3).

Сергіту сәті:

Ұзын мұртты құмырсқа,

Бара жатты жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жолына.

Алдына бір қарады,

Артына бір қарады.

Үлкен тау деп ойлады.

Мұғалім:

Жұмбақ сайысын бастайық,

Ойланайық,саспайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешіп оны тастайық.

Жұмбақтар:1-топқа.Көктен түсіп көбейді,

Ұқсайды өзі шекерге.

Бірақ ешкім жемейді,

Жерде жатыр тапталып(Қар).

Түнде әйнекке қонады,

Әсем ою салады.(Аяз).

2-топқа:Жалт-жұлт етеді,

Ұстасаң еріп кетеді.(Қар).

Суға батпайды,отқа жанбайды.(Мұз).

5-сайыс. «Көрші сандарды атау» ойыны.

Мұғалім бір санды айтады.Сол санның алдыңғы және артқы көршілерін дәл тауып айтады.

Мұғалім:Балалар,қандай құстар қыстап қалады?(қарға,торғай,сауысқан,кептер).

Құстың ұясы қандай геометриалық пішіндерден тұрады?(үшбұрыш,дөңгелек,тік төртбұрыш).

1-топқа.Ұжымдық жұмыс: «Құстарға ұя жасау».

2-топқа.Ұжымдық жұмыс: «Аққала жасау».

Мұғалім:Балалар,аққала қандай геометриялық пішіндерден тұрады?(үлкен,орташа,кішкене дөңгелектен,мұрны сопақша,басы үшбұрыш секілді).

Қорытынды.Мұғалім екі топ балаларының еңбегін бағалап,мадақтау сөздерін айтып,сабақты қорытындылап аяқтайды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал