7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы Рахмет айтамын

Сабақтың тақырыбы Рахмет айтамын

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Мерекелік концерт

Тақырыбы: «Рахмет айтамын!»

Болатын кнүі: 01.03.2016

Сағат: 10:00

1. Қара өлең «Рахмет айтамын!» Тәрбиеші: Тайтаразова Айдана

Армысыздар аяулы да қымбатты аналар, қонақтар!

Бүгінгі алғашқы көктемнің күнінде 1- наурыз -Алғыс айту күніне арналған мерекелік концертімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Қазақстан Републикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығында

1 наурыз - Алғыс айту күні болып жарияланды.

Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Олай болса бір-бірімізден жан жылуымызды аямайық демекпін.

Құлпырған көктем мезгілінің алғашқы күні бүгінгі мерекемен тұспа-тұс келіп отыр сондықтан да ардақты әжелерімізді, аяулы аналарымызды, ару қыз-келіншектерімізді келе жатқан - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!

Бүгінгі кешіміздің басты мақсаты:

Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен Ардақты аналарды- нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау, алғыс айту.

Кештің көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б.

Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, жалпы қорытынды жасау.





2. Жүргізуші:

Шуақты көктем келді гүлін алып

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүлі - Аналар

Ана деп бас иеді күллі халық.

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар.

Ана , ана деген тіршіліктің тірегі,

Жасай берсін қасиетті аналар!

Сіздердің құрметтеріңізге ардақты да аяулы қыздарыңыз және келіндеріңіз біздің сүйікті тәрбиеші-педагогтар «Көктем шуағы» биін тарту етеді. Көркемдік жетекшісі: Искакова Гаухар Заинденқызы Қарсы алыңыздар!

3. Жүргізуші

Балалар аман болсын әр үйдегі

Таусылмасын ананың әлдилері

«Анашым» деп ортада ән салады

«Раушанның» шуақты сәбилері. Қошеметпен қарсы алыңыздар!

4. Жүргізуші

Әжемнің әлдиі ғажайып.

Анамның мейірімі ғажайып,

Әкемнің пейілі ғажайып.

Осындай жақсы әдет ғажайып

Қалмасын ешқашан азайып.

Ән «Әке-Ана», «Көгершін» тобының атынан «Үздік тәрбиеші-2016» байқауының бас жүлдегері Сағымжан Гаусар.

Қарсы алыңыздар!

5. Жүргізуші

Мерекеге арналады бүгін билер.

Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.

Алдарыңызда қазіргі үнді биі,

Таң қалдырып қанекей би билеңдер, - «Үнді биі», қабыл алыңыздар!

6. Жүргізуші

Ана десем шешек ашып жанары,

Өмірімнің бастау алар ажары.

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып біздің сүйкімді бүлдіршіндеріміз сіздерге «Бөбектер» әнін арнайды. Қабыл алыңыздар!

7. Жүргізуші

Ана - жарық сыйлаған жан екенсің

Әке - шуақ шашатын таң екенсің

Ана - өмір, әке - бақыт, ана - жүрек

Деп соққан жүрегімнің әні екенсің - деген жыр жолдарын арнап

«Әке» әнімен Туякова Айжанды қарсы алаңыздар!

8. Жүргізуші

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті, жан аналар! деп «Балауса»мектепалды даярлық тобының «Заманауи» биін тамашалаңыздар.

Сабақтың тақырыбы Рахмет айтамын

9. Жүргізуші

Анам менің - бақытым мен шаттығым

"Анашым" - деп балаң жырын арнаған

Неге ғана естімеген тәтті үнін

Анам менің - өмірдегі тірегім

Анам менің - кеудемдегі жүрегім

Егер менің қасымда сен болмасаң

Бұл өмірде қалай ғана жүремін.

Ән «Мама» Әнші қызымызды Кәусәрды ортаға шақырайық





10. Жүргізуші

Сіздер - Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер - өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер - ана, сіздер - жар, сіздер - қыздар,

Сіздер - жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

«Гүлім менің» Хор «Алтын-ай» тобы

Сабақтың тақырыбы Рахмет айтамын

11. Жүргізуші

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй, - деп, Абай атамыз айтқандай ... Азаматтың орындауындағы « » әнін қабыл алыңыздар.

12. Жүргізуші

Ана десем шешек ашып жанары,

Өмірімнің бастау алар ажары.

Ана деген тіршілікке пана боп

әрбір үйде жұлдыз болып жанады,- дей отырып мерекелік құттықтау сөзді балабақша меңгерушісі: Жунусова Қарлыға Асанқұлқызына беріледі.

13. Жүргізуші

Ана - жарық сыйлаған жан екенсің

Әке - шуақ шашатын таң екенсің

Ана - өмір, әке - бақыт, ана - жүрек

Деп соққан жүрегімнің әні екенсің

Ән вокалдық хор «Әкешім-анашым»





Қорытынды:

Гүлдей болсын өміріңіз,



Нұрға толсын көңіліңіз.



Биік боп жұлдызыңыз



Көктемдей құлпырыңыз.



Бақыт қонсын басыңызға



Қолдап жүрсін Тәңіріңіз! -дей келе бүгінгі мерекелік концертіміз аяқталды.

Сіздерге тілейтініміз:

Сабақтың тақырыбы Рахмет айтамын

Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, от басыларыңызға құт-береке, ауызбірлік пен тыныштық тілейміз.









Мерекелік концерт

Болатын күні: 01. 03. 2016 жыл.

Сағат:

  1. Ашылуы Қара өлең «Рахмет айтамын» Тәрбиеші: Тайтаразова А

  2. Би «Көктем шуағы» Тәрбиешілердің орындауында

  3. Хор «Анашым» ІІ- сәбилер «Раушан» тобының балалары

  4. Ән «Әке-Ана» Сағымжан Гәусәр

  5. Би «Үнді биі» Тәрбиешілер

  6. Хор «Бөбектер» әні «Балапан» тобының балалары

  7. Ән «Әке» Туякова А

  8. Би «Әй-әй-әй» Заманауи ересектер тобы

  9. Ән /соло/ «Мама» Кәусар «Балдәурен» тобы

  10. Хор «Гүлім менің» «Алтын-ай» тобының балалары

  11. Ән «Сұлу қыз» Азамат д.т.ж. нұсқаушысы

  12. Меңгеруші: Қ.А. Жунусованың құттықтау сөзі

  13. Ән (вокалдық топ) «Әкешім-Анашым»































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал