7


  • Учителю
  • Шығармашылық саласы Сурет білім бөлімінің Қардағы іздер тақырыбы

Шығармашылық саласы Сурет білім бөлімінің Қардағы іздер тақырыбы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Екібастұз қаласы

№5 «Жұлдыз» бөбектер бақшасы

Бірінші кіші топ тәрбиешісі: Л.С. Нурмагамбетова

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Қардағы іздер.

Мақсаты:

а) қағазға қылқаламмен дақ түсіре білуді үйрету, бояумен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

ә) жануарлардың қимыл-қозғалысын және іздерін қарға түсіріп жаттығу;

б) табиғаттың әсемдігін сезіне білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар, «Қыс көрінісі» суреті. Шығармашылық саласы Сурет білім бөлімінің Қардағы іздер тақырыбы

Қажетті құрал-жабдықтар: ақ қағаз, қоңыр, көк түсті бояу (гуашь), қылқалам, ойыншық аңдар.

Сөздік жұмыс: іздер, дақ түсіру.



Оқу іс-әрекетінің кезеңдері





Тәрбиешінің іс-әрекеті



Баланың іс- әрекеті

Мотивациалық- қозғаушылық











Ұйымдастырушылық-ізденістік













































Рефлексиялық-түзетушілік





Педагог серуен кезінде қардағы адамдардың, ит-құстардың іздерін көріп бақылағандарын және өздері де қарға із түсіріп көргендерін еске түсіреді. Аюдың қорбаңдап жүретінін, қоянның секіріп жүретінін, құстардың жем шоқып жегенін әңгімелейді.



- Міне, сендердің алдарыңда ақ қағаз,

сендер оны «қар жамылған дала» деп

елестетіңдер.

Ақ карға ешқандай із түспеген, әлі

ешкім де, еш нәрсе де жүрмеген. Осы

ақ қардың үстіне бояумен із түсіріп

көрейік.

Енді мына қоянға көмектесейік, ол

қарда қалай жүгіреді екен?

Ақ қағазға бояумен із түсіріп

көрсетеді.

Шығармашылық саласы Сурет білім бөлімінің Қардағы іздер тақырыбы

- Бұл ненің ізіне ұқсайды?

Мына ойыншықтарды қағаз бетіне

жүргізіп көріңдерші.

Балалардың жұмыс барысында

ұқыпты жұмыс істеулері қадағаланады.

- Енді орнымызға отырып, қылқаламның ұшын қатты баспай, кішкене-кішкене дақтар түсіре отырып қоянның ізін саламыз.

Педагог қылқаламды кез келген бояуға батырып, оның ұшын ғана қағазға тигізу арқылы қоянның ізін қалай салуға болатынын, қағаз бетіне дақ түсірудің жолдарын көрсетеді. Қоян секіріп-секіріп жүретіндіктен, арасын алшақ немесе жақын да орналастыруға болады.

«Іздер», «дақ түсіру» сөздеріне түсініктеме беру үшін сөздік жұмыс жүргізіледі.

- Балалар, енді музыка әуенімен аңдардың қимыл-қозғалысын қайталап көрейікші.

Кейбір балаларға жеке нұсқаулар беріледі. Басшылық жасалып, жақсы жұмыстар мадақталып, іс-әрекет барысы қорытындылады.



«Іздерді ажырат» дидактикалық ойын

Шығармашылық саласы Сурет білім бөлімінің Қардағы іздер тақырыбы

«Қояным» ойынын ойнайды.



Балалар алдын ала бақылау кезінде көргендерін естеріне түсіреді.

Әңгімелеп береді.



Балалар қылқаламды

бояуға батырып,

қағазда дақ қалдырады, яғни із түсіреді.





Балалар педагогтің сұрағына «аюдың» немесе «адамның» деп өз білгендері бойынша жауап

қайтарады.

Ойыншық аңдарды қағаз бетінде жүргізеді.

Қайтадан орындарына отырған соң, қылқалам ұшын қатты баспай кішкене дақ түсіре қоянның ізін салады.











































Балалар жұмыстарын аяқтап, орындарынан

тұрып, музыка әуенімен аңдардың қимыл-қозғалысын қайталап көрсетеді.

Жануарлары мен құстардың іздерін ажыратып, сызықпен көрсетеді.







Күтілетін нәтиже:

Біледі: қыста қарда оның үстімен жүріп өткен адамдар, жануарлар мен құстардың іздері қалатынын.

Игереді: аңдар туралы қарапайым түсініктерді.

Меңгереді: қағазға қылқаламмен дақ түсіре білуді, бояумен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал