7


Мың алғыс саған - ана

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: "Мың алғыс саған ана!"

Тәрбиеші: Бүгінгі күн - нұрлы күн

Жарық шашқан әлемге

Ескеретін күн бүгін

Ризашылық қой әр елде

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Бүгінгі ризашылық күнін пайдаланып аналарымызға да басымызды иіп, рахметімізді айтамыз!

«Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!



Әлижан

Анам болса қасымда

Басқа бақыт не керек.

Анашымның жүрегі,

Мейірімді ғой керемет

Перизат

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар,

Құттықтаймын мейраммен,

Құрметті Аналар!

Айша

Наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз баланың,

Анаға айтар лебізі.

Аят

Аналарды сүйеміз

Ақылын ойға түземіз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз.

</ Қазына

Бәрімізге анамыз

Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мерекең

Құттықтаймын анашым!



Тәрбиеші:

Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,

Жылытар жүрегіңді көз көп дейін

Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге

Қол соғып қарсы алайық «Бүлдіршіндер» биін



Тәрбиеші: Балалар сендер Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?

-Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?

-Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?

-Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Ризашылық-адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі. Алғыс -адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.



Тәрбиеші: Балалар ендеше барлығымыз анамызға алғысымызды білдіріп, әнімізді арнап берейік. Ән «Құттықтаймын мама туған күніңмен!»

Балалар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңыздар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңіздер және жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңыздар.





























Мың алғыс саған - ана





























































Мың алғыс саған - ана































































«Ақбота» балабақшасы





























Тақырыбы: «Мың алғыс саған ана!»

























Өткізген: А.Т.Бейсенова

















































Арқалық қаласы







































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал