7


  • Учителю
  • Урок Допты қолмен лақтыру балауса тобы

Урок Допты қолмен лақтыру балауса тобы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Білім беру саласы: Денсаулық

Білім көзі: Дене тәрбиесі

Тақырыбы: «Допты қос қолымен ұстап шеңберге лақтыру»

Мақсаты: Балаларға допты лақтыруды және еңбектеуді үйрету.

Бір -біріне кедергі жасамауларын,арақашықтықты сақтауларын қадағалау.Қимыл қозғалыстарды орындаған кезде сигналға жауап қайтаруға жаттықтыру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданылған спорт құралдары: шеңбер, доптар.

Кіріспе бөлімі

Сапқа тұрғызу.

Мәлімет қабылдау, сәлемдесу.

Сабақтың тақырыбын түсіндіру.

Саптағы жаттығулар:

- Оңға, солға, кері бұрылу.

- Секіріп бұрылу.

Жүру: аяқтың ұшымен, өкшемен, аяқтың ішкі жағымен, сыртқы жағымен..

Бір адамдай істеу.

Денені түзу ұстау.

Саптан шықпай бір қалыпты жүгіру.

Жүгіру бағытындағы орындалатын жаттығулар:;

- Оң, сол жақ пен қолды айналдыра жүгіру;

- Артпен жүгіру;

- Жай жүгіру;

- Спорттық жүріс;

- Тыныс алу жаттығулары. 2 рет Арақашықтықты сақтау..

Жалпы дамытатын жаттығулар:

a) б. қ. аяқ алшақ, қол белде. 1 - 4 оңға солға, 5 - 8 солға басты айналдыру;

ә) б. қ. қол иықта 1 - 2 алға, 3 - 4 артқа айналдыру;

б) б. қ. оң қол жоғары, сол қол төменде, 1 - 2 оң қолды, 3 - 4 сол қолды көтеру;

в) б. қ. қол бүгулі кеуде тұста, 1 - 2 оң бүгулі, 3 - 4 түзу күйінде артқа көтеру;

г) б. қ. қол кеуде алдында, 1 - 2 қолды бүгіп артқа 3 - 4 оңға/солға/бұрылып сілтеу;

д) б. қ. қол белде. Белді оңға - солға айналдыру.

е) б. қ. аяқ бірге, қол алда. 1 - оң аяқты сол қолдың ұшына, 2 - сол аяқты оң қолдың ұшына тигізу;

ж) б. қ. қол белде, 1 - отыру қол алда, 2 - тұру қол белде;

з) б. қ. н. т 1 - 4 рет саны бойынша оңға, солға секіріп бұрылып.

Денені тік ұстау, толық айналдыру. Қолды бүкпеу, барынша артқа керу жылдам орындау. Барынша артқа керу шынтақты бүкпей йық көлемінде ұстау.

Қолды түзу ұстау, толық айналдыру.

ІІ Негізгі бөлім

Доппен арнайы жаттығулар.

Доп беру әдістері:

1. Допты екі қолмен кеуде тұсына беруj

- Алақан мен саусақтарды допқа тигізіп беру;

- Кеуде тұстан қолды жаза сілтеп лақтырады;

- Допты екі қолмен кеудеден беру.

2. Допты екі қолмен төменнен беру

Доп берудің бұл түрін бір - біріне жақын тұрған аласа бойлы оқушылар ұзын бойлы қарсыластарына қолданады.

3. Допты бір қолмен беру

Доп берудің едәуір күрделі түрі. Допты бір қолмен иықтан беру.

4. Допты ұстау

- Допты ұсынған бетте тез әріптесіне беру;

- Допты ұстау кезінде орнықты тепе - теңдікті сақтаған қалыпта және кез - келген еркін қозғалатындай ыңғайда болуы керек;

- Допты екі қолмен ұстау кезінде қолды алға созып, алақанда ұшып келе жатқан допты қарсы бағыттау керек.





Сапқа тұрғызу. Денені қалыпқа келтіретін саптағы ойындар. 27 - 30 мин

Допты бір орында тұрып ұстап беру, кеудеден беру қашықтығын арттыру үшін алға қосымша қадам жасау керек.

Шеңберге әр балаға кезекпен доп лақтыру.

Ойын: «Жалғықаяқ жолмен»

Қорытынды бөлім

Сабақты қорытындылау. Балаларды мадақтау.







































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал