- Учителю
- Тіл дамытудан ашық сабақ Не дәмді?
Тіл дамытудан ашық сабақ Не дәмді?
«Еркетай» ортаңғы тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Не дәмді?» ертегісі.
Мақсаты:Үй құстар мен хайуанаттар немен қоректенетіні туралы мағұлмат беру.
Кейіпкерлердің өзара сөйлесуін көркем түрде қолдану арқылы ертегінің ішкі сыры, айтылу керек ой-түйсігін, мән-мағынасын бұзбай, байланыстыра баяндай білуге үйретуді дамыту.Асты қадірлеуге,қастерлеуге тәрбиелеу
Қолданылатын көрнекі құралдар: слайд, суреттер көрмесі , нақыл сөздерМотивациялық
қозғаушылық.
Балалар бүгін бізде ерекше күн бізге,қонақтар келіпті қонақ келсе не істиміз?
-бірінші амандасып төрге шығарамыз.
Шаттық шеңбер:
Арайлап күн шықты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы күн аңға да,
Қайылы күн құсқа да.
Қайырлы күн қонақтар,
Қайырлы күн достар.
-амандасамыз
Балалардың әрекеті
Ұйымдастыру іздену
Балалар, бізге қонақтар келіп отыр,қонақтар мен бірге Айша әжемізде келіп қалыпты әжеміз құр келмеген сияқты қоржыны бар екен,
-Айша әже амандасады
базарлығын балаларға шашады
Балалар сендерге кәмпит ұнайдыма?
-ендеше
-көк түсті шоколад алған балалар 1-ші топқа
-сары түс 2-ші
-қызыл түсті шоколад алған балалар 3-ші топқа барамыз.
Қонақтарға дәмді тағам қойып дастархан жаю дәстүрімізге айналған.
Қазақта көптеген тиым сөздер бар соның бірі:
-Нанды бір қолмен үзуге болмайды,екі қолмен бөліп жеу керек.
-Балалар,бір үзім нан жерге түсіп кетсе немесе қиқымы шашылса,не істейміз?
-Ақты жерге төгуге болмайды.
Балалар мен сендерге ақтан қойдым бәріміз дәмін татып көрейік.
Қандай тағам іштік?
Дәмі қандай?
1-ші топ- аққа қандай тағамдар жатады?
2-ші топ-Сүтті неден аламыз?
3-ші топ-Сүттен не жасалады?
Сергіту жаттығу:
Алма баққа барайық
Алма теріп алайық
Ең үлкенін дәмдісін
Әжемізге сыйлайық.
-Ал енді «Не дәмді?» ертегісінен үзінді қарайық.
Бір бас қосқанда құстар мен хайуанаттар нендей тамақтың дәмді екенін талқылапты.Сонда Тауық:
-Ең дәмді тамақ-тары, -депті қыт-қыттап.
-Тапқан екенсің, дәмді тамақты! Кеміріп жейтін сүйекке не жетсін! - дейді Ит абалап.
-Бәрің де білмейсің.Күтірлетіп жейтін сәбізден артық ештеңе жоқ, -дейді Қоян, екі құлағын тікірейтіп.
-Жас шыбықтың қабығынан дәмді не болушы еді!-деп, Ешкі маңырапты.
-Шіркін, қою сүтті айтсаңдаршы! - деп мысық тамсанды.
-Сөйтіп, әркім өзі сүйетін тағамды мақтап,қызыл кеңірдек болысып,бәтуаға келе алмай, тарасыпты.
1- ші топ ертегіден қандай кейіпкерлерді көрдіңдер?
2- ші топтын балалары қане ортаға шығып рольге бөліп көрсетіндерші?
3-ші топ балалары бағалайды.
Дидактикалықойын: «Кім не жейді»
Үй құстары мен хайуанаттарға арналған дәмді тағамдарды табу.
Балалар шашуды жинап алады.
Ұнайды.
Нанды бір қолмен ұстап екінші қолмен үзіп жиді.
Нан қиқымын шашпандар,
Жерде жатса баспандар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастандар.
Ақтын дәмін алады.
-айран
-дәмді
1-ші топ
Сүт,айран,қымыз,шүбат.
2-ші топ
Сиыр,түйе,ешкі,бие,қой.
3-ші топ
Айран,май,құрт,қаймақ,ірімшік.
Қымыз,шұбат.
Балалардың әрекеті
</<br>
1.ші топ- тауық,ит,коян,ешкі,мысық.
2.ші топ-рольге шығады.
3.ші топ- иттің дауысы, мысықтың дауысы ұнайды, қояның қимылмен жасағаны әдемі болды .
Балалардың әрекеті
Рефлексиялық түзетушілік
Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде астың бәрі дәмді де,тәтті екенің, асты қадірлеу,қастерлеу керектігін білдік.
Балаларды мадақтау
Білу: ертегідегі кейіпкерлерді ажырата біледі.
Игеру: ертегіні рольге бөліп ойнауды игерді.
Меңгеру: тез ойланып,тез жауап беруді біледі.