7


  • Учителю
  • Техгологиялық карта Сурет әлеміне саяхат.

Техгологиялық карта Сурет әлеміне саяхат.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сурет әлеміне саяхат.

А.Орынбекова №30 «Ұрпақ» балабақсасының тәрбиешісі

Ақтөбе қаласы.

Мақсаты: балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін, ой-өрісін, қиялын дамыту. Қолөнер шеберліктерін жетілдіру. Балалардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру. Ойындар, сұрақ-жауап арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,жаттықтыру,ой қозғау, миға шабуыл, саусақпен, губкамен, сурет салу, ермексаз бетіне әр түрлі мүсіндерді бейнелеу, көбелектің екінші жартысын жапсыру арқылы толықтыру.

Қолданылатын құралдар: техникалық құрал, таратпа материалдар, дидактикалық материалдар, түрлі түсті қағаздар, ермексаз, күріш, қарақұмық, желім.

Ұйымдастыру.

Тәрбиеші: Қайырлы тан, сүйкімді де мейірімді бөбектерім! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Сендер бүгін сондай әдемі болып кетіпсіндер. Ал енді «дөңгеленіп тұрайық, шаттық шеңбер құрайық». Қанеки, алақанды алақанға тигізіп,жоғары көтерейік, қарандаршы сендер кішкентай күнге ұқсап тұрсыңдар, сендерден күннің жылуы есіп тұр. Олай болса, жылы лебізімізді білдірейік.

Ғажайып сәт: Балалар, қарандаршы, сурет мұражайынан біздерге үлкен сыйлық келіпті, қалай ойлайсындар, ол қандай сыйлық екен?

Балалар сыйлықтың сыртынан ұстап көреді. Музыка әуенімен сыйлықтың матасы ашылып, ішінен Сурет ханшасы шығады:

-Сәлеметсіндер ме, менің кішкентай достарым! Мен сурет әлемінің ханшасымын. Менің мына әдемі бояуларым әп- сәтте көзден ғайып болды. Менің бояуларымды қалпына келтірмесек, қоршаған ортаның да, табиғаттың да мәні мен сәні кетеді, ал мен жоғалып ұшып кетемін Менің жарты сағат қана уақытым бар. Бояуларды қалпына келтіру үшін бірнеше тапсырмалар орындауым керек. Маған сендердің көмектерің қажет.

Тәрбиеші: Балалар, Сурет ханшасына көмектесеміз бе?

Сурет ханшасы балаларға түрлі- түсті сиқырлы қалпақ сыйға тартады. Қалпақтарымен мойындарындағы банттары түстес болады.

Саусақ жаттығуы жасалады. Сурет ханшасы тапсырмалар береді.

1-тапсырма:

1.Гулдер, жемістер, ыдыстар бейнеленген сурет қалай аталады?

2.Табиғат, жыл мезгілдері, коршаған ортаны бейнелейтін сурет қалай аталады?

3.Бір немесе екі адам бейнеленген сурет қалай аталады?

2-тапсырма: «Сурет аяқта»

3-тапсырма: «Ермексазға әр түрлі дәнді дақылдармен сурет салу»

Балалар гүлдің күлтешесін саусақтарымен, шөптерді губкамен бояп шығады.

Дөңгелектің бетіне түрлі түсті жағылған ермексазға салынған суреттерді дәнді дақылдармен толтырып шығады.

Сергіту сәті орындалады.

4.-тапсырма: «Сынарын тап»

Қағаз бетіндегі түстес түстің жартысын жапсыру.

Сурет ханшасы: Балалар, сендерге көп-көп рахмет, сендерге алғыс ретінде мына алтын қорапшаның ішіндегі сыйлықты бергім келген еді, бірақ қорапша ашылар емес.

Ал, бетінде бірнеше сұрақтар бар, мүмкін осы сұрақтарға жауап берулерін керек шығар?

Сұрақтар:

1.Суретші қандай болуы керек?

2.Сурет салу үшін қандай құралдар қажет?

3.Суретші қандай суреттер сала алады? Сурет түрлерін атандар.

4.Суретті қандай әдіс-тәсілдермен салуға болады?

Балалардың жауабынан соң музыка әуенімен алтын қорапша ашылып, ішінен түрлі түсті жүрекшелер шығады.

Тәрбиеші: Балалар, түрлі түсті жүрекшелердің сыры неде екенін білесіндер ме? Не үшін түрлі-түсті?

-«Қызыл жүрекше»- досына деген жылулық.

-«Жасыл жүрекше» - ата - анана деген жылулық.

- «Көк жүрекше» Отанына деген жылулықты білдіреді.

Әрқашан да естерінізде болсын. Жүрекшелерді өздеріңмен бірге сақтап жүріңңдер.

Сурет ханшасы: Ал, жақсы, балалар, мен бояулар әлеміне оралайын, сендерге алғысым шексіз. Хош сау болыңдар.

Балаларға жұлдызшалар таратылып, мадақталады.

Күтілетін нәтіже:

1.Балалардың сурет әлеміне деген қызығушылығы, түсінігі, ынтасы оянады.

2.Сұрақтарға жауап беру, әр түрлі тәсілдермен жұмыс жасай білуді меңгереді.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал