7


  • Учителю
  • Сценарий/конспект/ праздника - День знаний в детском саду

Сценарий/конспект/ праздника - День знаний в детском саду

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Рудный қаласы әкімдігінің

«Балдәурен» мектепке дейінгі

Дамыту және тәрбиелеу орталығы» КМҚК



























Тақырыбы: «Білімнің бастауы - балабақшада»



( 1 - Қыркүйек білім күніне арналған сценарий конспекті )



























Құрастырған: Г. Б. Абуталипова.

















2015жыл



«Білімнің бастауы балабақшада»



Мақсаты. 1 - қыркүйек білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру. Ата заң күні мерекесін атап өту, сахна мәдениетіне баулу, көңілді орта қалыптастыру.



1 - қандай керемет, бүгін көңіл күйім шарықтап тұр.

2 - себебі бүгін мереке ғой

1 - иә, иә бүгін 1 - қыркүйек білім күні.

2 - бәсе, бүгін оң көзім қайта - қайта тартқан еді.

1 - осылай әңгімелесіп тұра береміз бе,

Балаларды шақырып мерекені бірге тойламаймыз ба

2 - жарайды олай болса мен алғашқы қоңырауды барып даярлап келейін. Деп Солай кетіп қалады.

Ал бірінші жүргізуші қалып әрі қарай жүргізе бастайды.



Барлық балалар «Балдәурен» әнінің әуенімен шарлар ұстап кіреді, кіріп болған соң тілек тілеп қолдарындағы шарларды ұшырып жібереді, ортада жүргізушілер қалады.



ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады.



Жүргізуші:

Бүкіл елде басталып бүгін жыры

Бақ қоңырау шақырар ұғымдыны

Білім ғылым бастауы мерекелі

Құтты болсын бүгінгі білім күні



Шайдай ашық бейбіт күннің аспаны

Ауламыздың келісіп тұр бар сәні

1 - қыркүйек салтанатты мерекемен

Құттықтайды меңгеруші баршаны



Балалар орталығының меңгерушісі құттықтау сөз сөйлейді

Одан кейін әдіскер құттықтап меңгерушіге барлығымыздың атынан гүл шоғын береді.



Мерекемізді апайларға арнап әсем әнмен жалғайық



Ересек «Балапан» тобының орындауында «Жарқын жүзді ұстазым» әні.



Келесі жылы лебіз білдіру кезегін Ересек «Құлпынай» тобына береміз.



Ересек «Құлпынай» тобының тақпақтары:



Шырылдаған тыным алмай Аружан

Қоңыраудың үні қандай

Мақсатына жете ме адам

Оқу оқып білім алмай

Ғылымның көп тас қамалы

Ғалымдық та асқаралы

Бар білімнің нұр бастауы

Балабақшадан басталады.

Жазғы демалыс бітіпті. Медина

Бірінші қыркүйек жетіпті.

Сабақ қызық болған соң,

Барлық бала келіпті.

Мұғалім біздің анамыз, Әлижан

Анамызды сыйлаймыз.

Айтқан ақыл, білімін

Ықыласпен тыңдаймыз.



Біздің топ әдепті, Расул

Бәріне көмек береді.

Біздің топ әрқашан

Жетістікке жетеді.

Біздің топ қашанда

Алғашқы боп жүреді.

тәрбиешілер барлығы

Бізді мақтан етеді.



Кітап деген басыңдағы білімің, Азамат

Кітап деген ақыл, ойың, ілімің.

Кітаппенен дос болыңдар, жыртпаңдар,

Жерде жатса көтеріп қой, баспаңдар.



Кітап оқу бұлағым, Айбол

Оқытатын ұстазым.

Кітапта бар даналық,

Оқып біліп алайық.

Анамызды сыйлайық,

Жақсы оқушы болайық.

Үздік оқып сабақты,

Кілең бестік алайық



Ән. «Бақытты балалық шақ» орындайтын даярлық «Гүлдер» тобы.



Көңілді музыка әуенімен сумен атылатын пистолетпен немесе майда түрлі доптармен ойнап күлдіргіштер келеді.



1 - күлдіргіш. Ооо мында балалар көп екен жақсы болды

2 - күлдіргіш. Келіңдер балалар қызы-ы-ық ойын ойнайық.

1 - күлдіргіш. Неге сонша сықиып киініп алғансыңдар

Жүргізуші. Бүгін білім күні ғой, үлкен мереке

Олар енді ойынды азайтып, көбірек оқитын болады.

2 - күлдіргіш. Солай деңдер... ал көп оқып миды ашытып керегі не



Енді келесі тілек лебіздерін ересек «Балапан» тобы білдіргісі келеді.



Ересек « Балапан » тобының тақпақтары:



Өмірдің бейбіт бағы бұл Жандос

Асудан асып асқарлы

Мінекей биыл тағы бір

Жаңа оқу жылы басталды

Ғылымның көп тас қамалы

Ғалымдық та асқаралы

Бар білімнің нұр бастауы

Балабақшадан басталады.

Балабақша есігін Нұрсұлтан

Үшке тола ашқанбыз

Балапандай мәпелеп

Өсіруде бақшамыз

Бұл екінші үйіміз

Бір туғанбыз бәріміз

Біз осы үйдің гүліміз

Біз осы үйдің сәніміз



Егемен елдің төсінде Сабина

Шуағын шашқан арай күн

Азамат болып өсеміз

Қызыға әлем қарайтын

Биіктерге бастайтын асқаралы

Әр жүректің сүйікті асқақ әні

Мерекеде бәріміз бір дауыспен

Шырқайық еліміздің әнұранын



Риза етіп баршаны Темірлан

Әсем әнге саламыз

Таудан биік талабы

Біз сүйкімді баламыз

Корабльды басқарып

Көк жүзіне самғатар

Тауды бұзып тас жарып

Мұхиттарды жалғатар

Сырлары көп ғылымның

Шешілмеген әлі де

Тереңдігі білімнің

Керек екен бәріне





Білім менің ертеңім Бекарыс

Өсу үшін өркенім

Жүзем оқу айдында

Жайып білім желкенін

Қиындықтан өтуге

Армандарға жетуге

Білім алам ерінбей

Еліме қызмет етуге



Жазғы демалыс бітіпті. Азат

Бірінші қыркүйек жетіпті.

Сабақ қызық болған соң,

Барлық бала келіпті.

Мұғалім біздің анамыз,

Анамызды сыйлаймыз.

Айтқан ақыл, білімін

Ықыласпен тыңдаймыз.



Би. «Барбарики» орындайтын ересек «Балапан» тобы.

Айлана, Сабина, Камила, Жандос, Азамат, Жанарыс



Бүгінгі мереке күні бізде барша қауымға арнап ән арнағымыз келеді. Қабыл алыңыздар.



Ән: «Біз өмірдің гүліміз» орындайтын ересек «Құлпынай» тобы.



Әсем әуен ойналып Бақыт құсы ұшып келеді.



Бақыт құсы. Сәлем баршаңызға, Мен - Бақыт құсымын. Қариясы сыйлы,

балалары бақытты Қазақстан дейтін байтақ елді мекен етемін.

Мәңгілік ел халқының қос мерекеге арнаған лебіздерін мына

сиқырлы шарға жинап жүрмін. Лебіздерге толған сиқырлы шар еліміздің көгінде барша Қазақстандықтарға нұрлы шуағын шашып тұратын болады.

Жүргізуші. Неліктен қос мереке дедіңіз, бүгін білім күні мерекесінен басқа қандай мереке бар?

Бақыт құсы. 30 тамыз - ата заңын кеше ғана бүкіл ел тойлады, ата заң елдегі бақыт пен бірліктің, бостандық пен теңдіктің кепілі, бұл мереке туралы бұрын сендер естідіңдер ме

Жүргізуші. Естігенде қандай, ата заң күні мерекесіне де біз арнайы тақпақтар жаттадық, тыңдап көріңіз.



Даярлық «Гүлдер» тобының тақпақтары:



Ата заңы тірегім Әділжан

Арман, үміт, тірегім

Өрлеп өскен бүгінгі

Өз отаным ұлы елім

Ата заңым бірлігім

Берекелі іс тірлігім

Елдің ырыс бақыты

Бейбітшілік нұрлы күн



Ата заңым қуатым Ислам

Сенім мақсат мұратым

Мақтанышым көк туым

Көкте шалқып тұратын

Қазақстан ұлы елім

Әнге қосам ер атын



Еліме арналатын тілегі шын Жансая

Ей ұлым отанымның түлегісің

Іргесін туған елдің тіреп тұрған

Қадірін ата заңның білемісің

Ешкім де мін таға алмас елдігіме

Дауласып жармаспайды белдігіме

Бойында ата заңның өріліп тұр

Даламның кеңдігі де, теңдігі де



Бағынған өз заңына жұмыр ғалам

Сондықтан күннен жерім суынбаған

Қоғамның сан саласын реттейтін

Әрбір заң ата заңнан туындаған

Бастайтын болашаққа бақ кемені

Осы жол халықтың да нақ сенері

Халқыма адалмын деп ата заңға

Елбасы қолын қойып ант береді



Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына

Тікелей әсер еткен ғұмырына

Айналды ата заңым мызғымайтын

Тәуелсіз меммлекеттің тұғырына

Әр бабы, әр тармағы жойылмайды

Шектеу де және тегін қойылмайды

Келісім шарт жасасқан барлық шет ел

Қазақтың ата заңын мойындайды



Ересек «Балапан» тобының орындауында «Сурет сабағы» әнін қабыл алыңыздар.





Би. «Қоңырау» ересек құлпынай тобы қыздар.

Жасмин, Ұлдана, Дана.



Жүргізуші. Балабақшамыздағы нағыз ерке достарымыз апайларымен бірге келе жатыр қарсы алайық ортаға 2 - сәбилер тобы келеді.

Ерке достарымыздың тіліне тапқан ...... апайларымыздың құттықтау сөз тыңдайық.



Би «Танец утят» орындайтын «Ботақан» екінші сәбилер тобының балалары. Балапанның бас киімімен 6 бала билейді.



Жүргізуші. Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауын соғу сәті де келіп жеткен секілді.

Несі бар, онда көп ойланбай, алғашқы қоңыорау соғу құрметін кішкентай бөбегіміз.......Нұржанға сеніп тапсырайық.



Нұржан тәрбиешісімен бірге алғашқы қоңырауды соғып балаларға ұстатып көреді, барлық бала ұстап көру керек.



Алғашқы қоңырау соғу салтанаты.



2 - сәбилер « Ботақан » тобының тақпақтары:



Мен кішкентай баламын Фариза

Кітап оқи аламын.

Дәптер, қалам, сызғышты

Сөмкеме өзім саламын.



Ұстаздар - ұлттың тірегі, Аиша

Ұстаздар- білім жүрегі.

Ұрпаққа жетер ұстазбен,

Халықтың ұлы тілегі.



Бақшаға сен келесің, М. Нұржан

Баураған бар ұлт баласын.

Тәртіппен алсаң білімін,

Өмірден жол табасың



Өзіміз туған, Бейбарыс

Көбелек қуған.

Өлкеде өсіп толамыз.

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқып

Білімді адам боламыз.



Ән: «Қоңырау» орындайтын «Ботақан» екінші сәбилер тобы.



Ән: «Ұстазым менің» орындайтын даярлық «Гүлдер» тобы.



Бақыт құсы. Өте тамаша, мен риза болып тұрмын, кеткім келмейді, бірақ бүкіл қазақстанды аралап шығуым үшін асығуым керек.

Мына сиқырлы шарға мерекелік лебіздерімізді айтып жіберейік:

Хормен: Қос мереке құтты болсын

Еліміз өркендей берсін

Бейбітшілік күні жайнай берсін

Тәуелсіздігіміз баянды болсын

Мәңгілік ел болайық.



Бақыт құсы. Көп рахмет сендерге балалар, мереке мерекеге ұласа берсін, сау болыңдар.

Балалар: Сау болыңыз!

Тосын сәтке осы кезде қоңырау кіріп келеді.

Балалармен амандасып, өтіп бара жатып бізге соққанын айтып, балаларға жылы лебізін білдіріп, өзінің әкелген сыйлығын балаларға үлестіріп, балалармен қоштасып кетеді.

</

Жүргізуші.Мереке тағы да құтты болсын,

Қоңырау үнімен жаңа оқу жылының алғашқы оқу іс әрекетін бастау үшін тобымызға асығайық.

Шаршамай талмай білім теңізіне сүңгиік

Биіктерді бағындырудан жалықпайық.



















































Ересек «Құлпынай» тобының тақпақтары:



Шырылдаған тыным алмай

Қоңыраудың үні қандай

Мақсатына жете ме адам

Оқу оқып білім алмай

Ғылымның көп тас қамалы

Ғалымдық та асқаралы

Бар білімнің нұр бастауы

Балабақшадан басталады.

Жазғы демалыс бітіпті.

Бірінші қыркүйек жетіпті.

Сабақ қызық болған соң,

Барлық бала келіпті.

Мұғалім біздің анамыз,

Анамызды сыйлаймыз.

Айтқан ақыл, білімін

Ықыласпен тыңдаймыз.



Біздің топ әдепті,

Бәріне көмек береді.

Біздің топ әрқашан

Жетістікке жетеді.

Біздің топ қашанда

Алғашқы боп жүреді.

тәрбиешілер барлығы

Бізді мақтан етеді.



Кітап деген басыңдағы білімің,

Кітап деген ақыл, ойың, ілімің.

Кітаппенен дос болыңдар, жыртпаңдар,

Жерде жатса көтеріп қой, баспаңдар.



Кітап оқу бұлағым,

Оқытатын ұстазым.

Кітапта бар даналық,

Оқып біліп алайық.

Анамызды сыйлайық,

Жақсы оқушы болайық.

Үздік оқып сабақты,

Кілең бестік алайық







Ересек « Балапан » тобының тақпақтары:



Өмірдің бейбіт бағы бұл

Асудан асып асқарлы

Мінекей биыл тағы бір

Жаңа оқу жылы басталды

Ғылымның көп тас қамалы

Ғалымдық та асқаралы

Бар білімнің нұр бастауы

Балабақшадан басталады.

Балабақша есігін

Үшке тола ашқанбыз

Балапандай мәпелеп

Өсіруде бақшамыз

Бұл екінші үйіміз

Бір туғанбыз бәріміз

Біз осы үйдің гүліміз

Біз осы үйдің сәніміз



Егемен елдің төсінде

Шуағын шашқан арай күн

Азамат болып өсеміз

Қызыға әлем қарайтын

Биіктерге бастайтын асқаралы

Әр жүректің сүйікті асқақ әні

Мерекеде бәріміз бір дауыспен

Шырқайық еліміздің әнұранын



Риза етіп баршаны

Әсем әнге саламыз

Таудан биік талабы

Біз сүйкімді баламыз

Корабльды басқарып

Көк жүзіне самғатар

Тауды бұзып тас жарып

Мұхиттарды жалғатар

Сырлары көп ғылымның

Шешілмеген әлі де

Тереңдігі білімнің

Керек екен бәріне





Білім менің ертеңім

Өсу үшін өркенім

Жүзем оқу айдында

Жайып білім желкенін

Қиындықтан өтуге

Армандарға жетуге

Білім алам ерінбей

Еліме қызмет етуге



Жазғы демалыс бітіпті.

Бірінші қыркүйек жетіпті.

Сабақ қызық болған соң,

Барлық бала келіпті.

Мұғалім біздің анамыз,

Анамызды сыйлаймыз.

Айтқан ақыл, білімін

Ықыласпен тыңдаймыз.



























































Даярлық «Гүлдер» тобының тақпақтары:



Ата заңы тірегім

Арман, үміт, тірегім

Өрлеп өскен бүгінгі

Өз отаным ұлы елім

Ата заңым бірлігім

Берекелі іс тірлігім

Елдің ырыс бақыты

Бейбітшілік нұрлы күн



Ата заңым қуатым

Сенім мақсат мұратым

Мақтанышым көк туым

Көкте шалқып тұратын

Қазақстан ұлы елім

Әнге қосам ер атын



Еліме арналатын тілегі шын

Ей ұлым отанымның түлегісің

Іргесін туған елдің тіреп тұрған

Қадірін ата заңның білемісің

Ешкім де мін таға алмас елдігіме

Дауласып жармаспайды белдігіме

Бойында ата заңның өріліп тұр

Даламның кеңдігі де, теңдігі де



Бағынған өз заңына жұмыр ғалам

Сондықтан күннен жерім суынбаған

Қоғамның сан саласын реттейтін

Әрбір заң ата заңнан туындаған

Бастайтын болашаққа бақ кемені

Осы жол халықтың да нақ сенері

Халқыма адалмын деп ата заңға

Елбасы қолын қойып ант береді



Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына

Тікелей әсер еткен ғұмырына

Айналды ата заңым мызғымайтын

Тәуелсіз меммлекеттің тұғырына

Әр бабы, әр тармағы жойылмайды

Шектеу де және тегін қойылмайды

Келісім шарт жасасқан барлық шет ел

Қазақтың ата заңын мойындайды



2 - сәбилер « Ботақан » тобының тақпақтары:



Мен кішкентай баламын

Кітап оқи аламын.

Дәптер, қалам, сызғышты

Сөмкеме өзім саламын.



Ұстаздар - ұлттың тірегі,

Ұстаздар- білім жүрегі.

Ұрпаққа жетер ұстазбен,

Халықтың ұлы тілегі.



Бақшаға сен келесің,

Баураған бар ұлт баласын.

Тәртіппен алсаң білімін,

Өмірден жол табасың



Өзіміз туған,

Көбелек қуған.

Өлкеде өсіп толамыз.

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқып

Білімді адам боламыз.

















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал