- Учителю
- Дымбілмеске көмектесейік оқу іс - әрекеті
Дымбілмеске көмектесейік оқу іс - әрекеті
Білім саласы: Қатынас
Тақырыбы: Дымбілмеске көмектесейік
Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін пысықтап қорыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын бекіту.
Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру. Дыбыстарды, сөзді анық, дұрыс айтуды меңгерту.
Тапсырмаларды түсініп өз беттерінше орындай білуге тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері:
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз күлеміз.
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашанда біргеміз.
Ән саламыз күнде біз,
Шаттық толы іргеміз.
Біз мәнгілік достармыз,
Біз мәнгілік біргеміз.
Экранда Дымбілместің суреті шығады (аудиожазба) ,
Дымбілмес: Балалар мен адасып кеттім, мен бөтен үйде отырмын, бырақ кімің үйі екенің білмеймін. Өтінемін мені құтқарындаршы.
Тәрбиеші: Ол бізден құтқаруын сұрайды
Тәрбиеші: Біздің досымыз Дымбілместің аты қандай дыбыстан басталады?
Балалар: «Д» дыбысынан
Тәрбиеші: Балалар дыбыс әріп дегеніміз не және олардың айырмашылығы? (Дыбысты біз естиміз және айтамыз, ал әріптерді көреміз,жазамыз).
Тәриеші: Дымбілместі кім ұрлап кетті екен? Мен түсінген секілдімін,
1- тапсырма. Суреттердің бірінші әріптері арқылы біз Дымбілместі кім ұрлап кеткенін білеміз.
(мольберте суреттер ілулі тұрады , мысық, ыдыс, сиыр, ту, алма, нан.....балалар Мыстан Кемпір деген сөзді құрайды).
Балалар Мыстан Кемпіп бізге тапсырмалар дайындап қойыпты, біз оларды орындауымыз керек. Бірақ мұқият болыңдар , немесе Дымбілмес бір жамандыққа ұшырауы мүмкін. Көмектесуге дайынсыңдар ма? Ендеше тағыда қандай тапсырмалар дайындағандарын көрейік?
2-тапсырма. Д/О: «Бұл қай ертегі?» Ертегілерден суретті үзінділер
слайд арқылы экраннан көрсетеді. Балалар қай ертегі екенін тауып
айтады.
( Бауырсақ. Түлкі мен қоян. Жеті лақ. Мақта қызбен мысық. Үйшік. Аю мен Маша. Қасқыр мен қоян. Үш аю)
3-тапсырма. «Кім қандай тақпақ біледі?»
Богдан «Отан»
Б.Артем «Ойыншықтар»
Ш.Давид «Шырша»
Саша «Көктем»
Вика «Сылдырмақ»
София
А.Артем «Ұзын мұртты құмырсқа»
Родион
Матвей «Алтын, сары...»
Костя
Кирилл - Дымбілмес
Сергіту сәті:
Ал, балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық,
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
4-тапсырма. Д/О: «Сөздік ойын» (сары, қызыл гүлдерді алады, екі
топқа бөлінеді, қай топ қазақша көп сөз білетінін анықтаймыз.)
5-тапсырма. Д/О: «Мен бастаймын сендер аяқтаңдар»
Буынға буын қосып сөз құрайды.
Мысалы: АЛ - МА, ӘП-КЕ, ҚАР - БЫЗ, МЫ-СЫҚ, СИ-ЫР, МӘ-ШИ-НЕ, ТҮЛ-КІ, ҚАС-ҚЫР, АЛ-МҰРТ, СӘ-БІЗ, КӘР-ТӨП.
6-тапсырма. Үлестірмелі материалдармен жұмыс
-
дыбысты сипаттап бер (5 бала)
-
тірек сызбамен жұмыс ( 5 бала)
Тәрбиеші: Болды тапсырмалар біткен секілді. Дымбілмес осы жерде болуға тиісті. Іздеп көрейік.
(Балалар Дымбілместі іздейді)
Дымбілмес: «Балалар сендерді көргеніме өте қуаныштымын!».
Тәрбиеші: Дымбілмес не болды?
Дымбілмес: Мен адасып кеттім және Мыстан Кемпірге тап болдым. Мен сендерге аудио жазба жібердім, сендер көрдіңдер ме ?
Тәрбиеші:Иә, аудио жазбаны біз көрдік. Бырақ Мыстан Кемпір балаларға қиын тапсырмалар дайындап қойған екен. Сені құтқару үшін балалар көп еңбек етті.
Дымбілмес: Балалар мені құткарғандарына көп рахмет.
Тәрбиеші: Осымен оқу іс - әрекетіміз аяқталды, бүгін жақсы жұмыс істедіңдер рақмет. Ал енді қонақтармен қоштасамыз.
Барлығы: Сауболыңыздар