- Учителю
- Қордай ауданы Жамбыл ауылы Жамбыл Жабаев атындағы №26 орта мектеп. Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі. Абдуллаева Света Тиловбаевна Тіл дамыту Сабақ тақырыбы: Менің отбасым Сабақ мақсаты: Отбасы құндылығының маңыздылығын ашу. - Отбасы туралы тү
Қордай ауданы Жамбыл ауылы Жамбыл Жабаев атындағы №26 орта мектеп. Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі. Абдуллаева Света Тиловбаевна Тіл дамыту Сабақ тақырыбы: Менің отбасым Сабақ мақсаты: Отбасы құндылығының маңыздылығын ашу. - Отбасы туралы тү
Қордай ауданы Жамбыл ауылы
Жамбыл Жабаев атындағы №26 орта мектеп.
Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі.
Абдуллаева Света Тиловбаевна
«Қызықты математика»
Сабақтың тақырыбы : «Ойлан , тап !»
Сабақтың мақсаты :
Білімділігі : оқушылардың сандардың құрамы және сандарды қосу ,
азайту туралы білімдерін тапсырмалар орындата отырып тиянақтау;
өрнектердің мәнін қатесіз шығара білуге машықтандыра түсу ;
Дамытушылығы : тез есептеу , есте сақтау , ойлау , өз бетінше және
жұппен тапсырма орындау қабілеттерін дамыту ;
Тәрбиелігі : пәнге деген қызығушылығын артырып
тапқырлыққа,ізденімпаз болуға, оқушыларды қоршаған ортасымен
ізгілік қарым - қатынаста болуға , қамқорлыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі : ойын сабақ
Сабақтың типі :өткен материалды бекіту сабағы
Сабақтың әдісі : іздену, жұппен жұмыс,түсіндіру ,өз бетінше жұмыс,
семантикалық карта , ойын , интерактивті тақта .
Сабақтың барысы : I. Ұйымдастыру кезеңі
- оқушылардың назарын сабаққа аудару ;
- психологиялық дайындық
Қайырлы күн , ұстаз !
Қайырлы күн , достар !
Бүгінгі күн ,міне ,
Сәттілікке толсын .
Біздің алар бағамыз,
Кіл бестіктер болсын!
II .Ой қозғау
- Ауызша санау ( бірнеше сұрақтарға жауап алу )
( қарапайым түсініктер туралы білімдерін еске түсіреді )
III . Жаңа сабақ
- Балалар, бүгінгі қызықты математика сабағының тақырыбы : «Ойлан ,
тап !» Бүгінгі сабағымызда әр түрлі тапсырмалар орындаймыз
.Берілген тапсырмаларды әр бала жеке орындайды және жұппен
орындаймыз.
Бүгінгі сабақ ерекше болмақ , өйткені , біз хайуанаттар бағына
серуенге барамыз. Барлығың да серуенге барғыларың келеді ме? Олай
болса барлығымыз автобусқа отырамыз.(балалар орындарынан тұрып
қимыл жасайды)
Міне , хайуанаттар бағына да келіп жеттік.Бақта аңдарды арнайы
торда ұстап,күтіп бағады .Ал , енді балалар мұнда ең қызығы
хайуанаттар бағына келген балаларға аңдар тапсырма береді екен.Ол
тапсырманы орындамасақ аңдар ренжиді. Қалай тапсырмаларды
орындаймыз ба ?
1.Арыстанның тапсырмасы:
Сандарды санау тура және 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 - тура санау
10,9,8,7,6,5,4,3,2,1,0 - кері санау
Өздерің білетін санамақ айтыңдар!
1 дегенім жаман баға,
Алады оны жаман бала.
2 дегенім нашар баға,
Інішегім нашарлама.
3 дегенім орта баға,
Сапасы оның орта ғана.
4 дегенім жақсы баға,
Алады оны жақсы бала.
5 дегенім үздік баға,
Оқимыз тек үздік қана.
Алты дегенім алғыс,
Жеті дегенім жетістік
Сегіз дегенім семсер
Тоғыз дегенім тоқу
Он дегенім оқу
Сергіту сәті:
1. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш,
Бойға жинап күш.
Жаттығу жасап алайық,
Бiр дем алып қалайық.
2 . Жолбарыстың тапсырмасы :
Сандардың көршісін тап!
2; 6;
5; 8;
4; 7;
1; 3;
3 .Пілдің тапсырмасы : Ойланып , жаз !
Сандарды салыстыр!
5 * 4
6 * 9
7 * 3
4 * 4
Аюдын тапсырмасы
Жасырын сандарды тап!
... 1, 2,... 4, 5,... 7,... 9,...
Сергіту сәті
2. Бiр, екi, үш
Бойға жинап күш.
Жаттығуды жасаймыз
Шынығуды бастаймыз.
4. Түлкі тапсырмасы :
Сәйкестендіру кестесі
3 + 4 8 1 + 7 4+3
8 - 0 7 7 10 - 4
4 + 5 3 5 + 5 8
0 + 3 9 2 + 4 10
5 . Қоянның тапсырмасы:
Фигураларды атау
Сергіту сәті
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Көзді салып қараңыз,
Былай қанат қағамыз.
6. Қасқырдын тапсырмасы:
Жапырақтар жинайық
7 - 2= 4+5= 9-2=
2 + 4= 3+5= 6+4=
1 + 3=- 10-5= 9-3=
6 - 5 = 6+2= 7-3=
10 - 7 = 9-5= 8-3=
Мұғалім : -Қандай аңдардың тапсырмасына жауап бердік ?
-Енді хайуанаттар бағында арыстан жолбарыс , піл ,түлкі , аю,
қасқыр,қояннан басқада аңдар өмір сүреді .
IY .Сабақты қорытындылау
-Бүгінгі сабақ ұнады ма ? Неліктен ?
Y .Оқушыларды мадақтау
</<br>