7


  • Учителю
  • Мақала «Алғашқы қадам» алға жетеледі.

Мақала «Алғашқы қадам» алға жетеледі.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Алғашқы қадам» алға жетеледі.



Дарынды баланы ерте жастан дамыту.



Сәуірдің алғашқы күні Қостанай қаласында №10 орта мектепте «Алғашқы қадам» педагогикалық марафонының қорытынды кезеңі болды. Семинар педагогтардың «Ерте даму педагогиканың инновациялары» атты көрмеден басталды. Кітап жәрмеңкесі өз жалғасын таба отырып , № 54 балабақшаның бүлдіршіндерінің қойылымы болды. «Ерте даму стандарттарының рөлі», «М.Монтессори педагогикасына заманауи көзқарасы», «Балалардың белсенділігі мен тәуелсіздігін дамыту мәселелері» тақырыбында Калашникова Т.М. Иржасова. Ш.С.Дильдибекова Г.А -баяндамалар оқыды.Дарынды балаларды ерте жастан дамыту ата-ана мен тәрбиешінің шеберлігі. Осыған байланысты әр аудиторияда шебер сыныптар өткізілді.Біз «Көктемгі бояулар» тақырыбында Қостанай облысының әр аудандарынан келген тәрбиешілерге шебер сынып өткіздік.Мақсатымыз дарынды баламен жұмыс жасау барысында оның ерекше қабілетін шығармашының қасиетін дамыта отырып , баланың талабы мен әуестігін жас ерекшелігіне байланысты нығайту болды.Шебер сынып барысында тәрбиешілер өз әсерлерімен бөлісіп,тәжірибе жұмыстарына таң қалғандарын жасырмай,қуанышты көңіл күйлерін білдірді.Әр жұмыс барысында психологиялық жаттығулар жасатып,тілек шамымен өз ниеттерін айтып, соныңда тілек ағашына алғыстарын жазып жатты.Мұндай үлкен семинарға қатысып,жер-жерден жиналған тәрбиешілерге шебер сынып көрсету біз үшін де үлкен бақыт. «Көз-қорқақ,қол-батыр» -дегендей қай іске де болса батылданып өз тәжірибенді бөлісіп жүргенге не жетсін. Семинар соңында барлық қатысушылар, салтанатты түрде марапатталды. Осы семинарды ұйымдастырған «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының ұжымына өз алғысымызды білдіреміз.



Арқалық қаласы

«Ақбота» балабақшасының

тәрбиешілері.

СУРЕТТЕ:

Мырзакеримова А.Н

Қайралапова Қ.Ш



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал