7


  • Учителю
  • Алтын күз Күз мерекесіне арналған ертеңгілік

Алтын күз Күз мерекесіне арналған ертеңгілік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Алтын күз»

Мақсаты: Балаларға күз мезгілін түсіндіру. Балалардың көңіл күйлерін көтеру.

Көрнекілігі: Сахына шарлармен күзге байланысты безендіріледі.Балалар әдемі әуенмен сахынаға кіреді.

Жүргізуші: Армысыздар ағайын!

Бармысыздар халайық,

Босқа қарап тұрмайық

Күз мерекесін бірге қарсы алайық.

Қайырлы күн! Қымбатты балалар,ұстаздар және ата-аналар. Бүгінгі ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Балалар қазір қандай жыл мезгілі? Дұрыс. Ауа - райында қандай өзгерістер бар? Дұрыс, күн салқындады, біздер жылы киімдерімізді киіп алдық. Айналаның бәрі қандай түске боялды?

(Осы кезде шабарман жүгіріп ортаға келеді.)

Шабарман: Тыңданыздар,тыңданыздар!

Сөзге құлақ салыңыздар,мәртебелі күз ханша сарайында күз мерекесі болады, оған жас өнерпаздар қатыса алады, ендеше барлығымыз сонда барайық.

Тәрбиеші:Ал балалар барамызба?

Балалар:Барамыз,барамыз

(Әуенмен залды бір айналып күз ханшаның қасына келеді.)

Уәзір:Қош келдіңіздер балалар, ал енді мәртебелі күз ханшаны қарсы алайық.

Күз ханшасы: Алтын астық алқабым,

Жел аймалап тербеткен.

Байлыққа толы әр бағым,

Келген бәрі еңбекпен.

Сұрғылт келген мезгілмін

Жүрегім жоморт мен күзбін.

Сәлеметсіздерме балалар!

Балалар:Сәләметсізбе күз ханша!

Тәрбиеші: Күз ханша біздер сізге қонаққа келдік,өзімізбен бірге өнерлерімізді ала келдік, балалар олай болса күз ханшаның құрметіне әнімізді айтайық.

Ән «Алтын күз»

Би:Полька

Күз ханша біздің балалардың сізге арналған тақпақтары бар, соны айтып берсін. Ерсағын, Азат, Әділет, Армат, Темірлан.

Күз ханшасы:Керемет өте тамаша

Қарауылшы:Жіберіңдер мені жіберіңдер мен тез арада күз ханшасымен жолығуым керек.

Ара1:Жоғал сен кімсің, мына түріңмен күз ханшаға кірмексіңбе?

Ара2:Ха-ха-ха мен сені кіргізбеймін жоғал тез!

Күз ханшасы:Кім бұл, не деген шу меңін мерекемнің шырқын кімнің бұзуға дәті барды, әкеліңдер тез алып келіңдер.

Қарауылшы:Қайырлы күн мәртебелі ханша,мен жаз бойы тынбай еңбек еттім,менің киімімді жаман деп мерекеге кіргізбей қойды,менің де өнерім бар.

Күз ханшасы:Қарауылшы мырза бізден түсінбестік кеткен сияқты, сен сияқты өнерпаздар менің силы қонағым,төрлет қош келдің.

Уәзір:Мәртебелі құркүйек,қазан,қараша ханзадаларды қарсы алыңыздар!.

Ханзадалар:Амансызба анашым!

Қыркүйек:Сәлеметсіздерме балалар!

Қазан:Сәлем достар!

Қараша:Сәлем достар!

Күз ханшасы:Сендер өңерлеріңді дайындап келдіңдерме?

Қыркүйек:Мен би билегенді ұнатамын, достарыммен бірге би билеп берейін.

(Би:Моряк).

Қазан:Ал мен сіздерге ән дайындап келдім, балалармен бірге ән айтамын.

(Ән «Күз келіпті»)

Қараша: Ал менің қолымнан жаңбыр жауғызу келеді. Жау жаңбыр жау.

Күз ханша: Тоқтат, тоқтат деймін саған, шық тез.

Қарауылшы:Сабыр етіңіз күз ханша, қонақтардың көңілін мен көтерейін, барлығымыз ойын ойнайық.

Ойын: «Күз өнімі»

Ойынның шартын түсіндіру.

Тәрбиеші: Ал енді келесі кезекті тағыда тақпақтарға берейік. Жанерке, Н. Айкөркем, Батырхан, Асылжан, Малика,Әділ.

Рахмет балалар.



Әр сөзіңді жаттаған

Жүрегімде сақтаған

Сары алтын күз, алтын күз

Алтын күз деп ән салам

Ән «Жемістер жыры»

Қарауылшы: Мен жаз бойы көкөністер мен жемістерді күзеттім, сол еңбегімнің жемістерін қарсы алыңыздар!

Тәрбиеші: Қарауылшының сән үлгісін көрелік!

Керемет, рахмет балалар

Күз ханшасы мен қонақтарға әзірлеген балаларымыздың тақпақтары бар екен, көрелік.

Тельман, Перизат, Диас, С.Айкөркем, Нұрсұлтан, Айгерім.



Күз ханшасы: Балалар өте керемет болды, өнерлеріңіз үстем болсын, менің күзгі жемістерімді қабыл алыңдар, мен шаршадым, мен енді демалайын, сау болыңыздар.

Балалар: Сау болыңыз күз ханша!

Ал онда балалар бізде балабақшамызға қайтайық.

Әдемі әуенмен шеңбер бойымен бір айналып бақшаға оралады.

Тәрбиеші:Балалар біздер жана қайда барып келдік?

Балалар: Күз ханша сарайына, күзгі балға барып келдік.

Тәрбиеші:Бал сіздерге ұнадыме?

Балалар:Ұнады,ұнады.



Мен кішкентай әншімін

Таңғы мөлдір тамшымын

Гүл ерінен жаралған

Әндерім бар бал шырын

Ал ендеше балалар барлығымыз біздің бақшамызға арналған әнімізді айтайық.

Ән «Балдырғандар жыры»









Тәрбиеші:Көп рахмет балалар.



Ал енді «Алтын күз» мерекесіне біздің ата - аналарымызда құр қол келмеген екен «Күз береке, молшылық» демекші күзгі көкөніс - жемістерден неше түрлі тағамдар дайындап келген екен, сол тағамдары туралы айта кетсе (аты, құрамы туралы)

Ата - аналарға көп рахмет.



Енді құрметті қонақтар біз бүгінгі күз мерекесіне арналған ертеңгілігімізді әдемі бимен тәмәмдағалы тұрмыз, алдарыңызда біздің биші қыздарымыздың орындауында «Испан биі»

Қарсы алайық!

Көп рахмет қыздар.



Бітуге қалды тайап-ай

Не қыласың аяп-ай

Кәне, халқым қол соқшы

Алтын күзде аямай деп ертеңгілігімізді аяқтай келе

Сөз кезегін алдымен балабақшмыздың директоры: Нурулина А.А- ға береміз.

Рахмет, сау болыңыздар!









































№30 «Гүлдер» М д Ұ























Күз мерекесіне арналған ертеңгілік



Тақырыбы: «Алтын күз»



І ересек «Раушан» тобы





















Өткізгендер: Сисенғалиева Ұ. Ж.

Ақылбаева А. У.























Орал - 2011 жыл



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал