7


Армысың,Алтын күз ашық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Сәлеметсіздер ме ,құрметті ата-аналар , ұстаздар, балалар «Айгөлек » тобының «Армысың , Алтын күз!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Кел жемісті Алтын күз

Кемелденсін халқымыз

Хор : «Күз келгенде»

Кәусар: Жайдары күз , жарқын күз

Аяулы күз ,алтын күз

Дәнге толы кең далам

Дариядай шалқар күз.

Берекет: Көбейді құт -береке

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз

Рысбек: Астық жеміс жиылды

Қамбамызға құйылды

Ардақты күз мың алғыс

Алтын күзді тойлаймыз

Мансур: Алтын , сары , қызыл , көк

Алуан -алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.

Дастан: Күзім-ау, күзім-ау!

Мінезің бұзық-ау!

Жаңбырың сіркіреп

, Келгенің қызық-ау!

Би: «Күзгі вальс »

Бөген : Күздің салқын самалы

Аймалайды маңдайды

Алып қашып барады

Жапырақтарды сарғайған

Әнуар: Алма пісіп,алмұрт түсіп

Күзде бақтар жайнайды

Құстар қайтып, қош айтысып

Қимас үнмен сайрайды

Сабина : Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей

Ғазиза : Күзді жақсы көремін

Молшылық ол ел күткен

Алтын астық көп егін

Жиналатын елдікпен

Мейірман: Жапырағын қимаған

Ағаштарым жүдеп тұр

Ойға батып ми далам

Сұп-суық жел үдеп тұр

Ақсындар: Сап сары жапырақ

Жерге түсті жалтырап

Алтын түсті нәзігім

Жерде жатыр жалтырап

Ән : «Мен әдепті баламын» Орындайтындар:Әнуар,Ерсін,Берекет.

Ерсін: Қаршы күз келді,күз келді

Жапырақтар жауыпты іздерді

Құс біткен керуен түзеді

Қара бұлт қабағын түйеді

Балауса: Ой, балалар, балалар

Қоңырқай күз болыпты

Қурап жапырақ салыпты

Ел егін орыпты

Мәдина: Алақай ,алақай

Шаттанады балақай

Береке- салты күз

Мереке -алтын күз

Толғанай:Қыс құнар береді

Көктем дән себеді

Жаз бастап өсірсе

Күз жинап береді

Айару: Алақай ,алақай!

Сарғайып күз келді,

Бақшаға баратын кез келді

Алақайлап жүрегім

Қуанышқа толып тұр

Асыққан алтын күзімде

Қоңырауын соғып тұр

Би: » Көңілді күн» қыздар тобы

Асылзада : Сары алтындай сары күз

Күтеміз сені бәріміз

Астық біткен сарғайып

Қамбаларға сыймасын

Еліме бақыт сыйласын

Мейрамбек: Кел жемісті алтын күз

Мәз болайық бәріміз

Әлібек: Шоғы толған гүлдей жайнап

Шақырады жарқын күз

Сайраңдаған күліп ойнап

Келді міне Алтын күз!

Диана: Сап-сары маңай

Сап -сары тоғай

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтып

Ойын: »Дәмін тат та, атын ата»

Ән: « Топ-топ балақан» Орындайтындар: Әбілмансұр, Кәусар, Бекасыл, Сабина, Асылзада.

Жүргізуші: Алтынға бояп өңірді

Күзде келді көңілді

Бау -бақшада орманда

Сары жапырақ төгілді.

Құрметті ата-аналар біздің «Армысың ,Алтын күз» ертеңгілігіміз өз соңына жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

Көріскенше сау болыңыздар!

«Ақ шағала балабақшасы»МКҚК













«Армысың , Алтын күз!»

«Айгөлек» тобы





















Тәрбиеші: Құлбарақова Р

























2016 оқу жылы























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал