7


  • Учителю
  • Мастер класс Отбасым бақыт мекені

Мастер класс Отбасым бақыт мекені

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

КМҚК «Айналайын» бөбекжайы









«Ғажайып орта»әлеуметтік зертханасының шеберлік сыныбы



Тақырыбы:



Мастер класс Отбасым бақыт мекені



Дайындаған: зертхана жетекшісі:

Алинбаева Р.Т.

Мүшесі: Саккулова Х.Б.















Приозерск қаласы

Тақырыбы: Отбасым - бақыт мекені



Мақсаты: Сүйіспеншілік, сыйластық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.Отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Шаттық щеңбері:

-Амансыздар ма, әріптестер. Бүгінгі «Ғажайып орта» зертханасының ұсынылып отырған «Отбасым-бақыт мекені» атты шебер сыныбына қош келдіңіздер .Сіздермен бүгін кездескенімізге өте қуаныштымыз!

Енді бір-бірімізге қарап әдемі күлкімізді сыйлайықшы.

Қәнеки, бәріміз шеңбер болып «Отбасы» аялдамасына келіп тоқтайық .

-Отбасы дегенді қалай түсінесіздер?

-Отбасын неліктен жақсы көресіздер?

(Әркім өз ойын ортаға салады)

Сіздерді үйдегі туған-туыстарыңыз өте жақсы көреді екен. Біз оны сіздерден естіп, қуанып қалдық.

Енді, біз қазір Ескендір Хасангалиевтың «Келші, келші, балашым!» әнін тыңдайықшы.

Міне, қандай тамаша ән тыңдадық.Әжеміз, атамыз, анамыз, әкеміз, тіпті аға-әпкелеріміз бізді еркелетіп атайды.

-Отбасында сіздерді кімдер және қалай еркелетеді екен, есімізге түсіріп айтып көрейікші (әр педагог өздерін ерке есімдерін айтады).

Мен енді Ә. Искаковтың «Кім ойлап тапқан?» өлеңін оқып беріп, барлығымыз бірге қайталайықшы.

Кім ойлап тапқан?

Сөздерді ең аяулы

Жақсы көріп жаттадым.

Енді білдім оларды

Кімнің ойлап тапқанын.

«Күнім», «жаным» дегенді,

«Құлыншағым» дегенді,

«Ботақаным» дегенді,

«Қошақаным» дегенді,

«Айналайын» дегенді,

«Толған айым» дегенді.

Ойлап тапқан аналар.

(2 рет қайталап айтқызу)

Ойын: «Отбасы»

Құрметті педагогтар, ойын ойнағыларыңыз келеді ме?

Педагогтар шеңбер бойымен тұрып, жүргізуші кезек-кезек педагогтарға сұрақ қойып, қолындағы допты лақтырады.

-Отбасы мүшелерін ата?

-Сіз отбасынызда кімді жақсы көресіз?

-Сіз отбасынызда нешінші баласыз?

-Сіз өз отбасынызға қалай көмектесесіз?

-Отбасы мүшелеріне қалай сөйлейсіз, сіз бе?, әлде сен бе?

-Анаңды қалай мадақтайсың? Қалай жақын көресің?

-Отбасында кімге сыйлық сыйлағыңыз келеді?

Міне, әр педагогтың өз отбасын қаншалықты жақсы көретінін байқадық.

(Баяу музыка ойналады).

Жүргізуші педагогтарға көздерін жұмып, өз аналарына қандай гүл шоғын сыйлайтындарын елестетулерін ұсынады. Содан соң ,педагогтар өздері елестеткен гүлдерінің суретін салады.



Қорытынды: Ата-аналарың, жақын адамдарың, туыстарың сендердің нағыз адам болып өскендеріңді қалайды. Отбасы-ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.



































































</





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал