7


  • Учителю
  • Мектепке дейінгі балаларға арналған Құс келді

Мектепке дейінгі балаларға арналған Құс келді

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы

Қарашоқат бекеті «Бәйшешек» балабақшасы Айгөлек аралас тобының тәрбиешісі Ниязова Гүлнара Маратқызы

Тақырыбы: «Құс келді»

Білім саласы: Қатынас, Шығармашылық.

Мақсаты: Балалардың табиғаттағы құстарды аялап,баптап күтуге дағдыландыру, құстар туралы мақал-мәтелдердің мәнін ашып түсіндіру, түсініктерін кеңейту. Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ағаштардың,құстардың суреттері, түрлі-түсті қағаз,желім,ақ бет.

Жылулық шеңбері:

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал,канекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Қуанамыз біз де,

Қуанасыз сіз де,

Күліп шыққан күнге.

Тәрбиеші:

Келді көктем далаға,

Келді сұлу шағала.

Аспандағы көк бұлттар

Айдын көлді аралап,

Гүл көктемді қарсы алып,

Біз ұшамыз ән салып!

-Балалар, Құстар әлеміне барғыларың келе ме?

Онда сұрақтарға жауап беріңдер.

- Казір жылдың қай мезгілі?

- Табиғат дегеніміз не?

- Қандай құстарды білесіңдер?

Балалардың жауабы.

Онда құстар болып ұшыйық. (Музыка ойналады)

- Біз қайда келдік, ненің дауыстары естіледі?

Балалар жауабы.

Балалар мен сендерге бақтағы оқиға туралы айтып берейін.

«Айгүл анасымен бірге келе жатты. Күн суық,жаңбыр. Бақта адам жоқ. Жолдың үстінде Айгүл кішкене ғана,жұмсақ бір нәрсенің жатқанын байқап қалып,жүгіріп келеді. Көргені кішкентай торғайдың балапаны екен.»

- Одан әрі не болғанын сендердің ойларыңнан кейін айтып беремін.

Балалар өз ойларын білдіреді.

Тәрбиеші: Ал енді ары қарай тыңдаңдар.

«Айгүл торғайдың баласын қатты аяп,үйіне әкеліп қарайды,өз қамқорлығына алады. Күн жылығанда ұшырып жібереді. Торғайдың балапаны Айгүлді қимай бірінші рет айналып ұшып, жоғары көтеріле береді. Балалар, торғайдың айналып ұшқаны - Айгүлді қимағаны,рахмет айтқаны»

Тәрбиеші : Балалар мына үстелдің үстінде түрлі пішіндер жатыр, осы пішіндерден құстарға ұя құрастырамыз.

Балалар құстарға ұя жасады.

Балалар, торғайға өз тақпақтарымызды айтып берейік.

Сергіту сәті:

Қарлығаш боп ұшайық,

Кәне қанат қағайық

Қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып-ұшып алайық.

Жанель:

Шыр-шыр еткен торғайды

Қорғамасаң болмайды

Кіп-кішкене торғайлар

Ағаштарды қорғайды.

Ғалымжан:

Таспен атып торғайды,

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелеп кетеді,

Бақшалызға қонбайды.

Арман:

Торғай, торғай,торғайым,

Жақын келіп қонбайсың.

Жем шашып берейін,

Сонда сен тоңбайсың.

Айзере:

Ұя жасап тақтайдан,

Талға апарып байладым.

Жыл құсының шаттанған

Күттім қашан сайрауын.

Тәрбиеші: Балалар, сенде құстар туралы қандай мақал білесіңдер?

Мақал - мәтелдер:

  1. Қарға қарқылдаса,қысты шақырады,

    Қаз қаңқылдаса жазды шақырады.

  2. Қара құс басып жейді.

    Сұңқар шашып жейді.

  3. Көкек өз атын шақырады.

  4. Құс жеткен жеріне қонады.





Тыйым сөздер:

Аққуды атпа.

Құстың ұясын бұзба.

Құстың жұмыртқасын бұзба.

Құстарға қарап ауа райын болжауға болады.

  1. Әтеш жаңбырлы күні таң ата шақырса, күн ашылады.

  2. Құстар ертемен жем іздеуге шықса, күн жауын-шашынды болады.

  3. Қарға ауызын ашып, қарқылдай берсе, найзағай ойнайды.

  4. Құстар көңілдене сайраса, күн ашық болады.





«Құстар қалай үн қатады?» сөзбен ойналатын ойын.

Аққу қиқылдайды,

Бұлбұл сайрайды,

Бүркіт шыңқылдайды,

Көгершін уілдейді,

Торғай шиқылдайды,

Үйрек барқылдайды.

Қорытынды.

Біз бүгін қайда бардық?

Ол әлемде не көрдік?

Қандай құстарды білесіңдер?

Балалар жауап берді.

Тәрбйеші: Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті не туралы

болды? Құстарға не жасадық? Жарайсыңдар балалар.Бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар. Қонақтарымызбен қоштасайық.

Сау болыңыздар.























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал