7


  • Учителю
  • Ашық сабақ Ойыншықтар түрлері

Ашық сабақ Ойыншықтар түрлері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасыТаным

Бөлімі:

Экология негіздері

Тақырыбы:

Ойыншықтар түрлері

Мақсаты:

1. Ойыншықтар түрлері туралы түсінік беру;

2. Ұқыптылыққа тәрбиелеу;

3. Танымдылық қызығушылықтарын арттыру.

Қажетті құралдары мен көрнекіліктері:

Темір, ағаш, пластамасса, жұмсақ жіне түрлі ұсақ ойыншықтар, қапшық, сөрелер, әдемі сандық, қорапша.

Билингвалды компонент:

Ойыншық-игрушка, дүкен-магазин, сатушы-продавец.





Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

+

-

Мативациялық қозғаушы

Негетен келген хатты көрсетіп, оқып береді: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қазақстанда әдемі ойыншықтар шығаратынын естігенмін. Сендерде жұмсақ, қатты, темір ойыншықтар бар ма? Маған сол ойыншықтардың суретін жіберсеңдер, риза болар едім». -Балалар, Негешке көмектесеміз бе? -Түрлі ойыншықтарды қайдан табуға болады? Балалардың жауаптарын тыңдап, толықтырады. Ойыншық дұкеніне баруға ұсыныс жасайды.

Негештің хатын тыңдайды.



Негешке көмектесуге қуана келіседі.

Сұрақтарға жауап береді.



Ұйымдастырыл

ған ізденіс

Үнтаспа қосылып, мәшиненің даусы шығады. Балаларды алдын ала дүкен жасалып қойған топтың ойын бұрышына алып барады.

«Есіне сақта» дидактикалық жаттығуы

Көпшілік орында өзін қалай ұстау керектігін ескертеді:

Көпшілік жерде тәртіп сақта;

Рұқсатсыз еш нәрсе алма;

Бөтен адамға жақындама.

Өлең тыңдаймыз

Ойыншықтарым көп менің, бәрін жақсы көремін.

Кешке дейін жалықпай,

Бірге ойнап жүремін.

«Дүкенде» ойыны топтың бір бөлігінде ойыншық дүкені жасалып, безендірілген. 3-4 сөреге түрлі түсті ойыншықтар орналақсқан. Тәрбиеші дүкеншінің киімін киіп, өзі сабақ барысын жалғастырады. Әр қатардағы ойыншықтар туралы айтқан сайын балаларға ұстатады, қандай екенін сұрайды.

Сергіту жаттығуы

Күшік, мысық, балапан,

Қуыршағым балақан.

Қане, бәрін тұрындар,

Ойын сауық құрындар.

«Артығын тап» дидактикалық ойыны

Үстел үстінде түрлі ойыншықтар тұрады:

Жұмсақ ойыншықтардың арасында бір резеңке ойыншық; резеңке ойыншықтардың арасында бір жұмсақ ойыншық; т.б.

Тәрбиешімен бірге дүкенге (алдын ала дайындалған топтың басқа шетіне) топсеруенге барады.

Ережелерді қайталап, айтып отырады.



Өлеңді тыңдайды.



«Оқу орталы-ғына» қайтады.



Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

Ойын ережесін түсініп алады.

Артық ойыншықты тауып, алып тастайды, түсіндіреді.





Рефлексивті түзетуші

Қорыту

«Ыстық доп» ойыны арқылы сабақ барысын бекітеді. Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.

Сұрақтарға толық жауап береді.





Күтілетін нәтижесі:Ойыншықтардың әртүрлі материалдардан жасалатынын.

Нені игереді:

Ойыншықтарды сипаттай отрып, олардың құрылымын.



Нені біледі:

Ұқыпты, жинақы болуды, ойыншықттарды ұқыпты ұстауды.







































Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Таным

Бөлімі:

Экология негіздері

Тақырыбы:

Саяжайдағы өсімдіктер

Мақсаты:

1. Өсімдіктің түрлері (дәрілік, өсімдіктердің жеуге жарайтын жіне улы) туралы түсінік беру;түйедақ, бақбақ, итмұрын осімдіктерімен таныстыру;

2. Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу;

3. Танымдылық қызығушылықтарын арттыру.

Қажетті құралдары мен көрнекіліктері:

Бау-бақшадағы өсімдіктер мен дәрілік өсімдіктердің суреті.

Билингвалды компонент:

Саяжай-дача, өсімдік-растение

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

+

-

Мативациялық қозғаушы

Есік қағып, топқа қолына себет ұстап, Бауырсақ кіреді, амандасады.

Бауырсақпен амандасады.



Ұйымдас

тырыл

ған ізденіс

Бауырсақ атасы мен әжесіне түрлі өсімдіктер мен гүлдерді теріп, бірақ олардың қалай аталатынын білмейтінін айтады.

-Келіңдер, Бауырсаққа көмектесейік. Бауырсақтың қандай өсімдіктерді жинап алғанын көріп, атауларын атап берейік.

Бауырсақтың жинаған өсімдіктерін себеттен алып, таныстырады.

-Мынау-түймедақ, ал мынау-бақбақ, мынау-итмұрын. Мынау-алоэ. Бұл өсімдіктерді бір сөзбен дәрілік өсімдіктер деп атаймыз. Өйткені ауырып қалған адамдар түймедақты бұқтырып ішсе, тез жазылып кетеді. Бұл өсімдіктер ауаны да тазартады.

Тәжірибе жасаймыз Балалар стакан, қасық, шөп қойылған үстелге жақындатады.

-Бұл заттардан емдік шай жасап көрейік. Стакан ішіне шөпті салып, балаларға иіскетеді, ненің иісі шығып тұрғанын сұрайды.

Сергіту жаттығуы

Орнымызда бұрылып,

Бақ-бақ гүлге оралып,

Бір тұрып, бір отырып,

Орнымызға барайық

«Не өзгереді?» дидактикалық ойыны

Балалар өсімдіктердің қалай орналасып тұрғаныны естеріне сақтап, теріс қарап тұрады, тәрбиеші өсімдіктердің орнын ауытырып, «Не өзгерді?» деп сұрайды.

Бауырсаққа көмектесуге қуана келіседі.



Өсімдіктерге қарап, салыстырады. Түймедақтың жапырағы жалпақ, итмұрынның гүлдері бар, тікенек инелері бар.





Тәрбиешінің қимылын бақылап, сұрақтарға жуап береді. Стакандағы суды иіскеп, шөптің иісі шығып тұрғанын айтады.



Сөздерді айтып тұрып, қимылдар жасайды.



Өсімдіктердің қалай орналасқанын естеріне сақтайды, не өзгергенін табады.







Рефлексивті түзетуші

Қорыту

Ауырмау үшін, ағзаларында дәрумен көп болуы үшін аналарының дәрілік шөптерден дайындағантұнбасын пайдаланып жүруге кеңес береді. Балаларды мадақтап, ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.

Тәрбиешінің кеңесін тыңдайды.





Күтілетін нәтиже:

Емдік өсімдіктердің атауларын білуді.

Нені игереді:

Барлық өсімдіктерді күтіп, қорғауды және табиғатқа мейірімділікпен қарауды.

Нені біледі:

Үлкендердің еңбегін құрметеуді.



































































Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Күні:Таным

Бөлімі:

Экология негіздері

Тақырыбы:

Күзгі саябаққа серуен

Мақсаты:

1. Көкеністер мен жемістерді ажыратып, тану, оларды түсіне, пішіне, дәміне, қатты, жұмсақтарығына қарай салыстыра білуге үйрету. ;

2. Табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу;

3. Танымдылық қызығушылықтарын дамыту.

Қажетті құралдары мен көрнекіліктері:

Көкеністер, жемістердің суреттері

Билингвалды компонент:

Күз-осень, саябақ-дача, серуен-путешествие

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

+

-

Мативациялық қозғаушы

Тәрбиеші бүгін мен балабақшаға келе жатып бір шиқылдаған дауысты естидім. Қарасам , тышқан екен. Ол бізді қонаққа шақырды. Барамыз ба?

Тәрбиешіні тыңдайды.



Ұйымдас

тырыл

ған ізденіс

Тәрбиеші Тышқан суретін көрсетіп оның атынан сойлейді: -Себетке көкеністер мен жемістерді салып, сендерге дайындап қойдым.

Жұмбақтар шешеміз

Жер астында темір қазық.

(Сәбіз)

Үстіне тігіп көк шатыр,

Астында қызық дәу жатыр.

(Қызылша)

Қалың киім ұнатады,

Шешіндірсен жылатады.

(Пияз)

Балалар әр жұмбақты шешкен сайын сол көкеністі себептен шығарып, түсі, дәмі, көлемі туралы сұрайды.

-Жарайсындар, ал енді екінші себетте не бар екенін білгілерін келе ме?

1. Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты.

(Алма)

2.Уылжыған албырт,

Дәмі ғажап...

(Алмұрт)

3. Қызыл сары түсті,

Допқа келер түрі.

Қуыс емес ортасы,

Шырынмен іші толы.

(Апелсин)

Блалар әр жұмбақты шешкен сайын сол жемісті себептен шығарып, түсі, дәмі, көлемі туралы сұрайды. Салыстырады.

«Екі себет» дидактикалық ойыны

Үстелдің үстінде көкеністер мен жемістер араласып жатады. Балалар көкеністерді бірінші себепке, ал жемістерді екінші себепке жинауды тапсырады.

Сергіту жаттығуы

Алма кетті домалап,

Көше бойын аралап.

Кім алманы табады,

Сол ойыннан шығады.

«Дәмін татып, атын айт» дидактикалық ойыны.

-Балалар, тышқан осы көкеністер мен жемістерді кесіп, дайындап қойыпты.

Баллардың көздерін байлап,көкеніс, жеміс тіліктерін салады. Балалар оның дәмін татып, не екенін айтады.

Тәрбиеші тышқанның атынан сөйлейді:

-Сендер білесіндер ме, көкеністер мен жемістер дәрмендерде бар.

«Не артық?» дидактикалық ойыны.

Тықан қонаққа барады.

Тышқан амандасады.







Жұмбақтарды шешеді.















Көкеніәстердің түсі, дәмі туралы айтады.







Жұмбақтарды шешеді



















Жемістердің түсі, дәмі, көлемі туралы айтады.











Көкеністерді бірінші себепке, ал жемістерді екінші себепке салады.



Сергіту жаттығуының сөздерін қайталап, қимылдар жасайды.

Дәмін татып, қандай көкеніс, жеміс екенін айтады,















Тышқанның ақылын тыңдайды.

Ойын шартын бұзбай, тапсырманы дұрыс орындайды.







Рефлексивті түзетуші

Қорыту

Венн диаграммасын қолдана отырып, сабақты бекітеді. Қызыл дөңгелектің ішіне көкеністерді, ал көк дөңгелектің ішіне жемістерді орналастыру керектігін түсіндіреді.

Көкеністерді, жемістерді тиісті дөңгелектің ішіне орналастырады.

Жуаптарын дәлелдейді.





Күтілетін нәтижесі:Көкеністер мен жемістерді түсіне, пішіне, дәміне , ажырата алуды.

Нені игереді:

Жаңа сөздердің мағынасын түсінуді.

Нені біледі:

Көкеністер мен жемістерді атап жіне айырмашылығын табуды.















</<br>


































Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Күні:Таным

Бөлімі:

Экология негіздері

Тақырыбы:

Нан қалай дастарханға келеді?

Мақсаты:

1. Нан дастарханға жеткенге дейін істелетін еңбек мазмұнымен, ауыл шаруашылығындағы техника атауларымен таныстыру, бидай масағы туралы түсінік беру ;

2. ауыл шарауалышылық адамдардың еңбегін құрметтеуге, нанды қастерлеуге, қабірлеуге тәрбиелеу;

3. Танымдылық қызығушылықтарын арттыру.

Қажетті құралдары мен көрнекіліктері:

Кішкентай табақшадағы бидай діндері, нанға, нан қалай дайындалып шығатынына байланысты суреттер.

Билингвалды компонент:

нан-хлеб, наубайшы-пекарь

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

+

-

Мативациялық қозғаушы

Наубайшы киім киіп, жаңа піскен нан өнімдерін ұстап Баурсақ кіреді.

Балалар, сендер білесіндер ме, нан қайдан келеді?

Бауырсақпен амандасады.сұрақтарға жауап береді Бауырсақпен бірге тыныс алады.



Ұйымдас

тырыл

ған ізденіс

«Бауырсақпен бірге саяхаттаймыз» дидактикалық ойыны

-балалар, Бауырсақ сендерді көктем алаңқайына шақырып тұр.

«Бидай масағы қалай өседі? жаттығуы

«Бауырсақпен бірге табиғат бұрышына барайық» деп, сурет бойынша қсімдіктердің өсуі треті көрсетеді:

Сендер әлі кішкентай дән сияқтысындар, олар жер астында жатады.

Күннің көзі шығып, жерді жырта бастайды, дән шыға бастады. Бидай масағы әлі нәзік, кішкентай;

Күн шуағы жылытады, жылы жаңбыр жауып, бидай масағы өседі, күн шуағы жылытып, көңілді күйге бөлінеді.

Күз келіп қалды, жел күшейді, масақтар жерге төмендеді, діндері шашылып қалды.

«Дәндер қайда тұрады? тәжірибесі.

Әр балаға бидай масағы, кінкентай табақша таратылады. Масақтың ішін ашып көріп, ішіндегі бидай дәндерін алып, табақшаға салуды ұсынады.



Табиғат бұрышына жақындайды. Сурет бойынша өсімдіктердің өсуә туралы айтып береді.



Сәл отырып, екі қолымен басын құшықтайды.











Бастарын көтеріп, алақандарын жазады,



Көтеріліп, екі қолымен екі жаққа жазады.





Бастарын төмен иіп, бүгіліп, орындарына отырады.





Масақты сараптап қарайды, бидай дәндерін тауып, табақшаға салады.











Рефлексивті түзетуші

Қорыту

-Көріндер ме, балалар, нан дастарханға осындай жолмен келеді.Үлкендердің еңбегін қадірлеп, нанды құрметтеу керек.

Буауырсақ әкелгшен дәмді нанмен шай іштіндерін айтып, балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.

Тәрбиешіні тыңдайды.







Алған әсерлерімен бөліседі.





Күтілетін нәтижесі:Нанның дастарханға қалай келетінін.

Нені игереді:

Зерттеушілік жұмыстарын көре отырып, бидайдан қандай өнімдер шыққанын.

Нені біледі:

Еңбек адамдарын құрметтеуді, нанды қастерлеуді.





































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал