7


  • Учителю
  • «Мектепке дейінгі мекемеде Кюизенер таяқшаларын қолдану»

«Мектепке дейінгі мекемеде Кюизенер таяқшаларын қолдану»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Мектепке дейінгі мекемеде Кюизенер таяқшаларын қолдану»

Мектеп жасына дейінгі кезең баланың танымын дамытатын кезең болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті, эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды.

Мектепке дейінгі жас - танымдық қабілеттің қарқынды даму жасы.

Мектепке дейінгі дидактикада баланы дамытудың әртүрлі материалдары қолданылады. Дегенмен, бала ақылының дамуына арналған, соның ішінде математикалық, ойлау қабілеттігін дамытуда ең маңызды деген материалдарды бір қалыпқа келтіріп қалыптастыру мектепке дейінгі оқыту барысында кез-келген маманның қолынан келе бермейтін күрделі шаруа.

Мектепке дейінгі мекемеде баланың танымдық қабілетін дамытып, арттыруда Кюизенер таяқшаларының маңызы зор.

Кюизенер таяқшалалары бүкіл әлемге танымал дидактикалық құрал. Оны Бельгиялық математик Х.Кюизенер жасаған. Кюизенер таяқшаларын педагогтар балалармен жұмыс кезінде математикалық білімдерін дамыту үшін қолданған. Бұл таяқшаларды сәбилер тобынан бастап, ересек топтарға дейін қолдануға болады. Кюизенер таяқшаларын түрлі-түсті таяқшалар, түрлі-түсті сандар, түрлі-түсті жолақшалар, санамақ таяқшалар депте атайды.

Х.Кюизенер таяқшаларын басқа әдістемелік құралдарымен, дидактикалық құралдарымен ұштастыруға болады. Бұл таяқшалар басқа да дидактикалық құралдар сияқты балаларда математикалық білімдерін дамытып, жетілдіруге арналған. Таяқшалар педагогтардың негізгі құралы ғана болып саналмайды, ол балалардың оқу - таным құралы.

Жинаққа сипаттама. Жинақ пластмасс призмалардан тұрады, олардың түсі мен формасы әртүрлі. Жинақ құрамында 241 призма бар. Ең кішкене призма 10мм, кубик пішінді. Жинақ құрамына кіреді: ақ - саны 1 - 25 шт қызғылт - саны 2 - 20 шт көгілдір - саны 3 - 16 шт қызыл - саны 4 - 12 шт сары - саны 5 - 10 шт күлгін - саны 6 - 9 шт қара - саны 7 - 8 шт қою қызыл - саны 8 - 7 шт көк - саны 9 - 5 шт тоқсары - саны 10 - 4 шт

Түстерді таңдау жинақты қолдану мақсатын жеңілдетеді. 2,4,8 таяқшалары қызылдар отбасын құрайды, 3,6,9 таяқшалары көктер отбасын құрайды, сарылар отбасын 5 және 10 құрайды. Таяқшаларды бір отбасына жинау - бұл таяқшалардың көлемдерінің қатынасына байланысты. Мысалы: Қызылдар отбасына екіге бөлінетін, көктер отбасына үшке бөлінетін, сарылар отбасына беске бөлінетін таяқшалар кіреді. Ақ түсті кубик - бұл «ақ түстілер» бүтін сандар отбасына жатады, және кез келген таяқша ұзындығына келеді. Ал 7 саны қара түспен белгіленген ол бөлек отбасын құрайды.

Әр жинақтың ережесі болады: неғұрлым ұзын таяқша болса онда оның білдіретін саны да көп. Таяқшалар боялған түстер сандық қатынастарға байланысты, қарапайым натурал қатарын анықтайды. Әрбір таяқша - бұл сан, яғни түспен көлемді білдіреді.

Түрлі - түсті таяқшалар көмегімен балаларды көп - аз, соншалықты көп - аз қатынасын түсінуге жеңіл жеткізеді, қасиеттік қатынасқа танзитивті таныстырады, бүтінді бөліктерге бөлуге және белгілі өлшеуішпен объектіні өлшеуге, осы тәжірибелік әрекет процесінде, кейбір қарапайым атқарымдылық тәуелділік түрлерін игеруге үйретеді, сандық құрамы бірлік пен аз саннан екенін есте сақтауда жаттығу жасау, сандарды қосу, көбейту, азайту, бөлуге қисындатуға әкеледі.

Сонымен қатар, таяқшалармен ойнай, балалар «сол», «ұзын», «арасында», «әрқайсысы», «соның ішінде біреуі», «кез - келген», «бір және сол түсте болу», «көгілдір түсте емес болу», «бір ұзындықтың бары» және т.б. түсініктерді игереді.

Қорыта келгенде, Кюизенер таяқшалары ол тек ғана дидактикалық құрал емес, бұл балалардың оқу - таным құралы және педагогтардың балаларға математикалық білімдерін меңгерту құралы. Бұл таяқшалармен жұмыс кезінде балалар тек сан мен санауды ғана меңгермейді, сандармен түстердің қатынасын меңгереді. Бұл әдістеменің маңызы өте зор.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал