7


Утренник на тему Жаз келді

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Алақай, жаз келді!

Мақсаты:Балаларға жаз мезгілінің әсерін толықтай жетілдіріп, көрсету.

Көрнекілік: Қыздың, көбелек,құстардың суреттері.

Өткізілетін орны: музыка залы

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар мен балалар.Бүгінгі Жаз мерекеміз құтты болсын.

Балалардың бақшасында бүгін той!

Жаз мезгілі келді оны біліп қой! -дей келе бүгінгі біздің «Алақай,жаз келді!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Алақай - ау, алақай,

Той тойлайық, балақай.

Қызарғанша алақан,

қол, соғайық , балақай! -деп өлең жолдарымен ортаға балапан биін қарсы алып, қошеметтеп шақырамыз!

«Лали Поп» биі

-Жарайсыңдар балалар! «Күншуақ» тобының балалары шет жағынан өнерлі екен!

-Енді келесі бүлдіршіндерімізді әдемі өлең жолдарымен шақырғым келіп тұр.

Тақпақ айтып кезектесіп бір - бірлеп,

Кел, қосылып ән шырқайық, би билеп.-деп ортаға Тұрлыбек Сабина және Кеңес Сараны ортаға шақырамыз!

Сара:

Жазды ыстық сүйемін,

Сайраңдап жүремін.

Суына шомылам,

Күніне күйемін.

Сабина:

Балабақшам базарлы үй

Қаладағы ажарлы үй

Күлкісі бар шуақты,

Өз үйіміз сияқты

Жүргізуші:Қараңдаршы, балалар, ауа райы қандай керемет!

Даладағы құстардың дауысы

Балалар жаз әсерін алдық па?

-Енді осындай жақсы көңіл күймен бір серігіп алақайық! Орнымыздан тұрып экранда көрген іс-қимылдарды қайталап жасайық.

«Сергіту сәті» слайд

-Бір серігіп алдық па?

-Мен өте қуаныштымын.

-Енді біздің келесі биші бүлдіршіндерімізді қошеметпен қарсы алайық!

Балапан биі биі

-Бүлдіршіндеріміз жақсы биледі! Өздері тәп-тәтті екен.

Бүгінгі ертеңгілік ұнады ма?

Бүгінгі ертеңгілік,

Жаз туралы сөз еткен.

Көп нәрсені біліп алдық,

</<font color="#000000">Кетпейтұғын мәңгі естен.-дей келе өкінішке орай біздің ертеңгілігіміз аяқталып қалды. Назар көріп, тыңдағандарыңызға көптен көп рахмет сау болыңыздар!





























ҚМҚК «Балақай»бөбекжайы

























«Алақай, жаз келді»













Орындаған: Түлек Е.Б.

































Приозерск қаласы

2015 жыл























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал