- Учителю
- Тақырыбы: 1-ден 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.
Тақырыбы: 1-ден 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.
Ақмола облысы
Целиноград ауданы
Қоянды орта мектебі
Шидерхан Таня
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды
қалыптастыру
Тақырыбы: 1-ден 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлау,есептеу қабілеттерін дамыту.
1-ден 20-ға дейінгі сандардың таңбалануын үйрету. Тиянақты жауап
беруді талап ету. Балаларды тапқырлыққа,жылдам ойлауға,ойын қорыта
білуге тәрбиелеу.
Қызмет кезендері/
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс- әрекеті
Дәлелдеу-ояту
Ұйымдастыру - іздену
1) 1-10 санату. ( тура және кері)
2) Математикалық диктант:
4+3= 5+4= 3+6=
10-4= 8-4= 9-5=
Балалар берілген есептерді шығарды.
-Өткен сабақта қандай санмен таныстық?
Жаңа тақырыпты ашу үшін «Бауырсақ» ертегісіне саяхат жасап, сол
жерде кездесетін жануарлардың тапсырмаларын орындату. (
Интерактивті тақтаны пайдлану)
-
1)Жолдардағы сандарды салыстыру.
1-ден 20- ға дейін тура және кері санау.
Мына сандардың алдында қандай сандар тұрады?
-
2)Қалқанқұлақтың қатесін тап:
8+2=9 3+3=9
6-2= 4 4+2=7
5+3=7 6-5=2
Сергіту сәті
1. Санамақ айту
Бір дегенім - білім, Білімсіз жоқ - күнің. Екі деген - елім, Далам,
тауым, көгім. Үш дегенім - үміт, Үміт аптар жігіт. Төрт дегенім -
төзім, Төзе білем өзім. Бес дегенім - - бесік, Шықтық содан өсіп,
Алты деген - ақыл, Тыңдағаның мақұл. Жеті деген - жалау, Жүректегі
алау. Сегіз деген - сөзің, Серт беретін кезің. Тоғыз деген -
тоқтау, Елдің жоғын жоқтау. Он дегенім - Отан, Қорға оны, ботам!
1.Тал басына күнара,
Қонушы еді бір ара.
Бүгін тоғыз туысын,
Ертіп келді бұл ара,
Бүгін талда қанша ара? ( 1+9=10 )
2.Тал басында тізіліп,
10 жапырақ тұр еді.
Жел тұрды да үзіліп,
Ұшып кетті екеуі.
Тұр әлі де ілініп,
Жапырақтың нешеуі? ( 10-2=8)
3) Дәптермен жұмыс.
А. Үлгі бойынша 20 цифрын жазу.
Ойын: «Сап түзеу» (-1-ден 20-ға дейін тура және кері санау)
Балалар аюдың берген тапсырмасынан мүдірмей өтті.
Балалар қасқырдың берген тапсырмасынан да өтті.
Балалар түлкінің берген тапсырмасын орындады.
Рефлексивті түзету
Балалар бүгін қандай сандармен таныстық?
1-20 дейін санай аламыз ба?
Кері санай аламыз ба?
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды бағалау.
Балалар сұраққа жауап берді.
Күтілетін нәтиже:
Білді: 1-20 дейінгі сандарды санауды, таңбалауды білді.
Игерді: тапсырмаларды орындау арқылы есеп шығаруды игерді.
Меңгерді: сандарды оң және кері санауды, дәптерлеріне көркем салуды
меңгерді.