7


  • Учителю
  • Қарапайым математика ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ

Қарапайым математика ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

1 - САБАҚ.



ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ

Сабақтың мақсаты: баланың даму деңгейін, пішін және түс туралы түсінігін анықтау; заттардың қасиеттері туралы түсінігін дамыту.

Бірінші сабақта балаларды әліппе-дәптер, үлестірмелі материалдар және жазу дәптері секілді сабақта пайдаланатын оқу құралдарымен таныстыру қажет. Шартты белгілерге тоқталыңыздар, алайда балалардың оларды есте сақтап алуын талап етпеңіздер. Әр сабақ барысында осы белгілерге балалардың назарын аударып, Бұл тапсырмада не істеу керектігін балалардың айтып беруін сүраңыз. Сабақта дәптерлердегі оқу материалдарын енгізе отырып, ойындар өткізу үсынылады.

Алғашқы және кейінгі сабақтарда бірінші есеп сюжетті картина түрінде беріледі. Картина бойынша баланың қандай да бір математикалық түсініктер мен амалдар төсілі туралы түсінігін қалыптастыру үшін әңгіме жүргізіледі.

Мәселен, бұл сабақта №1 суретте балалар санайды, пішін мен түстерді көреді.

Түсті қабылдай алудың дұрыстығын тексеру үшін №2 ойын-жаттығуын қолдануға болады. Тақтаға қолына қылқалам және кемпірқосақ түстерінен тұратын бояулар ұстаған суретшінің суреті ілінеді:

- Суретші жеміс-жидектерді дұрыс боямаған. Қай жері дұрыс емес екенін айтыңдар.

Ойын: шартты белгілер бойынша затты табу. Мәселен, дөңгелек, кіші, қызыл:

Қарапайым математика ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ

№3 есеп заттарды түсі мен саны бойынша бөлуге арналады. Белгілі бір түспен белгіленген бос торкөзге суретте сол түсте неше зат болса, сонша таяқша салу керек. Мұғалім оқушылардың қалай санайтынын анықтай алады.

Оқу жылының басында заттарды санау, түрлі заттардың санын салыстыру, артық (кем) немесе тең екенін анықтауды балалардың барлығы, әсіресе мектепалды топқа алғаш келген балалардыңмеңгерудеңгейін, есептеу, қосу, көзбен мөлшерлеу немесе сандарды салыстыру секілді амалдардың қайсысын пайдаланатынын, заттардың және олар алып жатқан аудан мөлшеріне мән берместен жиын санын салыстыра алатынын тексерген жөн.

Үлгі тапсырмалар мен сұрақтар: «Мүнда үлкен матрешкалар қанша? Кішкентай матрешкалар қанша екенін сана. Көк шаршы көп пе, қызыл шаршы көп пе, соны анықта (Үстел үстінде 5 үлкен шаршы және 6 кіші шаршы аралас орналасқан). Текшелердің сарысы көп пе, өлде жасылы көп пе, соны анықта». («Үстелде екі қатар текшелер орналасқан; 6 сары текше бір-бірінен алшақ орналасқан, ал 7 көк текше өзара тығыз орналасқан»).

Балалар есептеуді қалай меңгергенін және қай сұрақтарға ерекше назар аудару керектігін тексеру барысы көрсетеді. Балалардың білімді меңгерудегі жетістігін анықтау үшін, мұндай тексеруді екі-үш айдан кейін қайталауға болады.





Қарапайым математика ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ4 есеп. Мұнда алдымен конструктордың бөлшектерін санау қажет. Содан кейін оның жоспары қарастырылады. Санаумен қатар сурет - жоспар боялады. Бұл сабақта балаларға баспадан шыққан үлестірмелі материалдар беріледі. Фигуралар мен заттар бейнеленген суреттер топтамасын мұғалім «Мынау қандай зат екенін тап» ойынын ұйымдастыруда қолдана алады: 5x5 ұяшыңқа (үлестірмелі материал) пішіні әртүрлі заттардың суреті орналастырылады. Содан кейін мұғалім заттың атын атамастан, оның қасиетін, түсі мен пішінін, қолданылуын, неден жасалғанын және т.б. айтады. Балалар оның не екенін табады. Содан соң балалардың өздері осылай жұмыс жүргізеді.

Қима үлестірмелі материалдардан түратын кесте осы және келесі сабақтарда түс туралы, түстің атауы туралы түсініктерді бекітуде қолданылады. Бұл кестенің көмегімен ұстаз түстерді ретімен қайталап шығады (қызыл, қызыл сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін). Түстің ашық және қою реңктері туралы түсінік беруге болады.



























































Математика 2 - САБАҚ.

Сабақтың тақыры: ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ

Сабақтың мақсаты: заттардың қасиеттері туралы түсініктерін дамыту.

Әдіс-тәсілі:таныстыру,ауызша жұмыс

Көрнекілігі:суреттер, ойыншықтар,түрлі-түсті қарындаштар

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.Балалардың көңілін сабаққа аудару:Бір,екі,үш,сыныптың іші тып-тыныш,сабағымызды бастаймыз.

2.Ауызша санау,1-ден 5-ке дейін тура санау,кері санау.

Бұл сабақта заттардың өлшем, материал секілді қасиеттері қосылады. Шаршы ішіндегі екі үй көрсетілген жаңа шартты белгімен таныстыру қажет.

Қарапайым математика ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ





3.Оқулықпен жұмыс №1 суретте үстел үстінде үлкен қарбыз, үлкен сопақ және кішкентай домалақ қауын, орташа көді, қияр, алма, қараөрік, алмұрт, қызанақ бейнеленген. «Затты тап немесе оның қасиеттерін ата» ойыны күрделендіріледі. Өйткені, тағы бір белгі - өлшем қосылады. Дәптердегі шартты белгілер үш белгі - түс, пішін, өлшемнен түрады.

Қарапайым математика ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ



4..Өзіндік жұмыс:№2 тапсырмада ненің өзгергеніне бақылау жүргізу. Әрбір жағдайда өлшем, түс, сан өзгеруі мүмкін. Сол жақта үлкен қызыл алма, оның оң жағында кішкентай сары алма бейнеленген. Үлестірмелі материалдардың белгілерін қолдануға болады. Балалар түс, өлшем, пішінді білдіретін шартты белгілері бар карточканы таңдауы керек. Бұл - балалар қағаз жапсырмалармен (наклейка) алғаш кездесетін тапсырма. Мұндай тапсырмалардың орындалу ретін анықтаңыз. Алдымен бақылау жүргізіңіз. Балалар өз таңдауын түсін-діруі тиіс. Содан кейін ғана тиісті жапсырманы жұлып алуға болады. Пайдаланылмаған жапсырма қағаздарды қосымша жұмысқа және есеп құрастыруға пайдалануға болады.

Сергіту: Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Қоссам екі қолымды,

Болады мнеде он саусақ.

№3 тапсырма. Суреттер бойынша балалар ортақ және әртүрлі нәрселерді табады. Бұл тапсырманы орындау үшін үлестірмелі материалдар кестесін пайдалануға болады. Жаттығуды орындар алдында мұғалім осы кесте бойынша түрлі қасиеттерді қайталауды сұрайды.

- Әрбір карточкадағы заттарға не ортақ? Мәселен: түс, пішін, өлшем, материал, қолданылуы, дәмі, иісі, жалпы атауы.

- Карточкадағы заттарды топтарға бөлуге бола ма? Қандай да бір белгі бойынша бөлінген топтар пайда болады. Мәселен, үлкен және кіші түймелер. Не болмаса екі тесігі және төрт тесігі бар түймелер.

5. Ауызша жұмыс. Келесі тапсырманы орындамас бүрын ауызша жұмыс жүргізіледі. Үзындығы бірдей, бірақ жуандығы әртүрлі (4-5 данадан) жолақтарды алдымен жіңішкесінен бастап ретімен орналастырыңыз. №4 тапсырмада жуан қарындаштарды қораппен, ал жіңішкелерін стақанмен біріктіріңіз. Мұғалім тапсырманы оқиды.

6. Қорыту: Ауызша санау,1-ден 5-ке дейін тура санау,кері санау.

Жеке балаларға санату,Сабаққа белсене қатысқан балаларды бағалау,мадақтау, Сабақ ұнады ма? Ой бөлісу.Сабақ соңында заттардың бүрын өтілген барлық қасиеттерін жалпылау үшін алдыңғы сабақта берілген үлестірмелі материалдардағы "Қандай зат екенін тап" ойынын қайталау.



Математика

Сабақтың тақыры: Не қайда орналасқан?

Сабақтың мақсаты: Балалардың кеңістік туралы түсініктерін дамыту, заттың кеңістікте орналасқан жерін көрсететін алдында, артында, арасында, қасында, ортасында, маңында, астында, үстінде, оң жақта, сол жақта және сөздермен таныстыру, «Қайда орналасқан?» деген сұраққа жауап бере отырып, заттың орналасқан жерін дөл сипаттауға үйрету.

Әдіс-тәсілі:таныстыру,ауызша жұмыс

Көрнекілігі:суреттер, ойыншықтар,түрлі-түсті қарындаштар

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.Балалардың көңілін сабаққа аудару:Бір,екі,үш,сыныптың іші тып-тыныш,сабағымызды бастаймыз.

2.Ауызша санау,1-ден 5-ке дейін тура санау,кері санау.

3.Оқулықпен жұмыс Жаңа материалмен жұмыс

№1 тапсырманың суреті бойынша жұмыс. Сурет бойынша балалар кішкентай қызыл допты, сыйлық салынған қорапты табады. Әдетте балалар заттардың орналасқан жерін атамай, саусақпен көрсетеді. Мұндай жағдайда «Ол жерде не жатқанын тап» деген ойынды ұсынуға болады. Мұғалім немесе балалардың бірі заттың орналасқан жерін, оның қасиетін сипаттайды, қалған балалар оны табады. Қыздың артында, сөренің үстінде дөңгелек зат жатыр, бұл - не?



Қарапайым математика ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ





Осы шартты белгілер бойынша затты тауып, бөлмеде оның орналасқан орнын сипаттау.

Суретпен жұмыс жүргізе отырып, заттың орналасқан жерін сипаттайтын көп сездерді қолдану. Сөздерді балалармен бірге хормен қайталап, тапсырманы үлестірмелі материалдармен орындау тапсырылады. Тапсырмаға сәйкес бөлмеге жиһаз орналастырылып, суреттер ілінеді. Мәселен, диванды орындық пен шкафтың ортасына қойыңдар. Суретті диванның үстіне іліңдер, диванның алдына кілемше төсеңдер және т.б.

Тақтада немесе үлестірмелі материалдармен ауызша жұмыс жүргізіледі. Корінісі аяқталмаған плакат пен суретшінің картинасы ілінеді. Балалар суретшіге көріністі аяқтауға «көмектеседі». Төменде күн, өзен, шырша бейнеленген картиналар берілген. Балалар оларды орналастыра отырып, астында, үстінде, арасында, қасында, оң жақта, сол жақта және т.б. сөздерді қолданып, олардың суреттегі орнын атайды.

№2 тапсырма. Бағдаршаны боя. Қозғалыс бағытын ата. Ол бағыт туралы білімді дамытуға көмектеседі (солға, оңға, жоғары және төмен). Әдетте балалар 6 жасқа қарай жоғары және төмен бағыттарды қатесіз ажыратады, бірақ көбісі оң жақ пен сол жақты шатастырады. Сондықтан тапсырманы үлестірмелі материалмен ауызша жұмыс арқылы пысықтауға болады: әрбір ұлу үй шатырынан жерге түскенде неше торкөз төмен, оңға, жоғарыға, солға жылжығанын сана. Бұл тапсырмада торкөз бойынша ұлудың жолын сипаттай отырып, ұлудың қозғалыс бағыты қолданылады. Мәселен, ұлу 2 торкөз төмен, 3 торкөз оңға жылжыды. Жолды жазуға немесе үлестірмелі материалды пайдаланып бағдаршамен көрсетуге болады.

№3 тапсырма бірінші рет кездесіп отыр. Мұндай тапсырмалар дәптерде кейін де кездеседі, сондықтан балаларға бұл тапсырмамен қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіріңіз.



Алдымен кесте элементтері - жол және бағанды қайталату керек. Содан кейін онда жолдар бойымен орналасқан пішіндер салыстырылады. Бұл тапсырмада объектілердің ұқсастығы мен айырмашылығын табады, олардың шартты белгінің көмегімен ұқсас келетін белгісін көрсетеді. Тиісті белгіні жапсырмастан бұрын баладан өз таңдауын түсіндіріп беруді сұрау.

4..Өзіндік жұмыс №4 тапсырманы тәрбиеші оқиды, балалар оны жай қарын-дашпен орындайды.

Сергіту: Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Қоссам екі қолымды,

Болады мнеде он саусақ.

6.Қорыту: Ауызша санау,1-ден 5-ке дейін тура санау,кері санау.

Жеке балаларға санату,Сабаққа белсене қатысқан балаларды бағалау,мадақтау, Сабақ ұнады ма? Ой бөлісу.Сабақ соңында заттардың бүрын өтілген барлық қасиеттерін жалпылау үшін алдыңғы сабақта берілген үлестірмелі материалдардағы "Қандай зат екенін тап" ойынын қайталау.

















































КЕҢІСТІКТЕ БАҒДАРЛАУ

Жаңа міндет - арнайы құрылған кеңістік жағдайларында бағдарлауға және қойылған шарт бойынша өз орнын анықтауға үйрету. Баланы тапсырма орындауға үйрету қажет (Мысалы: «оң жағыңда шкаф, артыңда орындық болатындай тұр. Алдыңғы жағыңда Толқын, артқы жағыңда Қуаныш орнала-сатындай отыр»).

Мүнымен қоса, балалар заттардың басқа затқа қатысты орналасуын сөзбен сипаттап үйренуі тиіс. Мәселен: «Қуыр­шақтың оң жағында қоян тұр, қуыршақтың сол жағында пирамида тұр, Толқынның қарсысында терезе, бас жағында шам орналасқан».

Кеңістікті бағдарлау дағдыларын қалыптастыру баланың үнемі осы түсініктерді пысықтап отыруы барысында сәтті болады. Дағды қалыптастыруда балалар қызығатындай мысалдар қолданылады.

«Ненің қайда орналасқанын тап» секілді тапсырмада түрлі материалдар қолдануға болады: тартымды ойыншықтар, белгілі бір ретпен орналасқан суреттер. Балалар өздерінің алдында, артында, оң жағында, сол жағында, жоғарыда, төменде не орналасқанын анықтайды. Егер басқа балалардың көмегіне немесе бақылауына жүгінсек, олардың орналасқан орны да сондай болуы тиіс. Оқу барысында түрлі дидактикалық материалдарды кеңінен пайдаланған жөн.

«Кім қайда тұрғанын тап» ойыны. Балалардың алдында шаршының бұрыштары мен ортасында орналасқан бірнеше заттар тұр. Жүргізуші балалардан қоянның артында, қуыршақтың алдында немесе түлкінің оң жағында қуыршақтың алдында және т.б. қандай зат тұрғанын табуды сұрайды.

«Не озгерді?» ойыны. Үстелде бірнеше зат жатыр. Балалар заттардың өзара қалай орналасқанын естеріне сақтап қалады. Содан кейін көздерін жүмады. Сол кезде жүргізуші бір немесе екі заттың орнын ауыстырады. Балалар көздерін ашады да, қандай өзгеріс болғанын анықтап, орны ауысқан зат бұрын қай жерде, енді қай жерде тұрғанын айтады. Мәселен, қоян мысықтың оң жағында тұрды, қазір ол мысыңтың сол жағында. Не болмаса қуыршақ аюдың оң жағында тұрса, енді аюдың алдында тұр.

«Ұқсас затты тап» ойыны. Балалар мұғалім айтқан заттар бар суретті іздейді, содан кейін осы заттардың орналасқаны жөнінде айтады: "Бірінші болып сол жақта піл тұр, оның артында маймыл, соңғы болып аю тұр" немесе "Ортада үлкен шәйнек, оның оң жағында көгілдір кесе, сол жақта күлгін кесе тұр".

«Өз орнегің туралы айтып бер» ойыны. Әр балада өрнек салынған картина (кілемше) бар. Балалар өрнек элементтері ңалаи орналасқанын аитуы тиіс: оң жаңтағы жоғарғы бұрышта - шеңбер, сол жақтағы жоғарғы бұрышта - шаршы, сол жақ төменгі бұрышта - доғал, оң жақ төменгі бұрышта -тіктөртбұрыш, ортада - үшбұрыш тұр.

Қарапайым математика ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ











Оларға сурет сабағында салған өрнек туралы әңгімелеуді тапсыруға болады. Мәселен, ортада - үлкен шеңбер, одан сәулелер тарайды, әрбір бұрышта - гүлдер, жоғарғы және төменгі жақта - ирек сызықтар, оң және сол жақта - жапырақтары бар ирек бір сызық және т.б.

«Суретшілер» ойыны. Ойын кеңістікті бағдарлауды дамытуға, заттардың кеңістікте орналасуын айқындайтын терминдерді бекітуге арналған, олардың арақатынасы туралы түсінік береді. Балалар тобымен немесе қосалқы топпен өткізіледі. Тәрбиеші жүргізуші рөлін атқарады.

Жүргізуші балаларға сурет салуды тапсырады. Барлығы бірге суреттің желісін ойластырады: қала, бөлме немесе хайуанаттар бағы т.б. Мұнан кейін олардың әрқайсысы суреттің ойластырылған элементі туралы айтады, оның қайда орналасуы керектігін түсіндіреді. Тәрбиеші тақтаға бормен немесе үлкен қағаз бетіне фломастермен сала отырып, балалар ұсынған элементтермен суретті толықтырады. Ортасына күрке салуға болады, жоғарыға, үйдің шатырына түтін шығып тұрған мұржа салынады. Күрке алдында төмен жақта мысың отыр. Тапсырмада мына сөздер қолданылуы тиіс: жоғарыда, төменде, сол жақта, оң жақта, алдында, артында, арасында, маңында, қасында және т.б.

Бұл топта балалардың қозғалыс кезінде бағыт өзгерту дағдысы дамиды. Бұған дидактикалық ойындар да көмектеседі.

«Ойыншықты тап» ойыны. «Түнде топта ешкім болмаған кезде бізге Карлсон ұшып келді де, сыйлыққа ойыншықтар әкелді. Карлсон қалжыңдағанды жақсы көреді, сондықтан ол ойыншықтарды жасырып, оларды қалай табуға болатынын хатқа жазып кетті», - дейді де тәрбиеші хатқалтаны ашып, хатты оқып береді: «Тәрбиешінің үстелінің алдына тұрып, тура жүру керек». Балалардың бірі тапсырманы орындап, машина салынған қорап орналасқан шкафқа жақындайды. Екінші бір бала келесі тапсырманы орындайды. Ол терезеге жақын келеді де, солға бұрылады да, перденің артынан матрешка тауып алады.

«Бөлме ішіне саяхат» ойыны. Буратино жүргізушінің көмегімен балаларға «Терезеге жаңында да, үш қадам оңға атта» деп тапсырма береді. Бала мұны орындайды. Егер дұрыс орындаса, жүргізуші ол жерге жасырылған затты табуға комектеседі. Балалар қозғалыс бағытын өзгертуді айтарлықтай сенімді орындай алмаса, бағыттар саны екіден аспауы тиіс. Одан әрі қарай бағытты өзгерту тапсырмасын күрделендіруге болады.

Мәселен: «Алға қарай бес қадам атта, солға бұрыл, екі қадам атта, оңға бұрыл, соңына дейін жүр, солға қарай бір қадам жылжы».

Математика сабағында кеңістікті бағдарлау дағдысын дамытуда арнайы ойындар мен тапсырмалардан өзге серуенге шығу, қимылды қажет ететін ойындар, дене шынықтыру жаттығулары, музыкалық сабақтар, бейнелеу сабақтары, түрлі режімдік сәттер (киіну, шешіну, кезекшілік), балаларды бөлмеде ғана емес, бүкіл балабақша ғимаратында бағдарлауға үйретудің маңызы зор.

Мақсаты: балалардың кеңістік туралы түсініктерін дамыту, солға, оңға, жоғары, төмен, астында, үстінде, арасында, қасында, маңында, алдында, артында және т.б. сөздерді пайдалануға үйрету, ненің қайда орналасқаны, қайда бара жатқаны (қарағаны) туралы сүраққа жауап беруге үйрету.

Тірек білімдерін жетілдіру. Ауызша жұмыста заттардың орналасуын көрсететін сөздерді қайталау. Әсіресе - «солға, оңға» деген сөздер. Балалар оң және сол қолын көрсетсін.

Сол жаққа бір заттарды, оң жаққа бір заттарды қойсын. Зейінділікті дамытуға арналған «Жеуге жарамды, жарамсыз» деген ойынды ойнатуға болады. Егер мұғалім жеуге жарамды нәрсені атаса, балалар оң қолын, жеуге жарамсыз нәрсені атаса сол қолын көтереді.

№1 тапсырма. Сурет бойынша жұмыс жүргізе отырып, алдыңғы сабақтағыдай заттардың бір-біріне қатысты орналасқан орнын анықтаңдар. Мына секілді сүрақтар қойыңыз: «Қыздың жоғарғы жағындағы, доптың қасындағы құстарды көрсет. Енді орындықтың астында неше құс барын айт».

Балалардың толық жауап беруін қадағалау керек. Содан кейін қозғалыс бағытына байланысты сұрақтар қойыңыз: «Ит қай жаққа жүгіріп барады? Ұшақ қай жаққа қарай ұшып барады? »

Егер бала жауап беруге қиналса, мәселен, «Ит оң жаққа жүгіріп барады». «Ұшақ сол жаққа үшып барады» деп мұғалімнен кейін қайталаған жөн.

«Менің арт жағымда қандай зат барын, үстелде не жатқанын, партаның оң жағында не жатқанын тап» ойынын өткізуге болады.

Қарапайым математика ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ2 тапсырма. Сол жақтағы белгіні пайдаланып, ұлудың жолын сал. Өз жолыңды басқа түсті қарындашпен түсір. Оң жаққа мынадай бағдаршалар сал. Бұл тапсырманы орындар алдында балаларды сызбалармен таныстыру қажет.

Қарапайым математика ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ- бағыт оңға қарай

Қарапайым математика ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ- бағыт төменге қарай

Қарапайым математика ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ- бағыт солға қарай

Қарапайым математика ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ- бағыт жоғарыға қарай

Бір нүкте - бір торкөзге жылжиды, екі нүкте - екі торкөзге жылжиды.

Үлестірмелі материалда сызықтармен бөлінген шаршы берілген. Шаршының сол жағына сызба тұрінде ұлудың үйге баратын жолын және жолдың соңында ұлудың үйін бейнелеңіздер. Сызба бойынша ұлудың үйіне апаратын жолмен жүріп өту керек. Содан кейін балалар басқа түсті қарындашпен өздері жол ойластырып, сызба бойынша ұлудың үйіне өз жолын салады. Сыза отырып балалар ұлудың жолын дауыстап айтып отырады. Мәселен; «Ұлу солға қарай екі торкөз •• , төмен бір торкөз • жүріп өтті», жол бағдаршамен көрсетіледі.

ЕҚарапайым математика ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІҚарапайым математика ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІгер алдыңғы сабақта мұндай жұмыс ауызша жүргізілген болса, балалар тапсырманы оңай меңгереді.

№3 тапсырма көзбен шамалау қабілеттерін арттырады. Есепті бермес бұрын үлестірмелі материалмен жұмыс жүргізіледі. Үстелге 2-3 фигура қойылады. Содан кейін оларбірінің үстіне бірі қойылады. Балалар төмен, орта, жоғары сөздерін дұрыс түсінгенін тексеріңіз. «Бір фигура төменде, екінші фигура ортада, үшіншісі жоғарыда жатса, үстінен қарағанда нені көреміз? Егер бұл фигураларды бірінің үстіне бірін қойғанда не шығатынын елестетіңдер. Қандай сурет шығады?»

Жауап: жоғары қатарда шаршы, төменгі қатарда шеңбер ішіндегі шаршы шығады.

№4 тапсырма. Саусақ қимылын дамытамыз. Берілген бағытпен сызықтар бойынша жоғарыдан төмен көлденең, қиғаш сызықтар саламыз.

Осы және өзге сабақтарда саусақ қимылын дамытуға арналған дәптер пайдаланылады. Тапсырмаларды әр балаға қабілетіне қарай жеке таңдап беруге болады.













































































Математика

Сабақтың тақыры: Фигуралар

Сабақтың мақсаты: Геометриялық фигуралардың атауымен (шеңбер, үшбұрыш, шаршы, сопақ, тіктөртбұрыш ) таныстыру және бекіту; осы фигураларды басқа пішіндердің арасынан табуға үйрету.

Әдіс-тәсілі:таныстыру,ауызша жұмыс

Көрнекілігі:суреттер, ойыншықтар,түрлі-түсті қарындаштар

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.Балалардың көңілін сабаққа аудару:Бір,екі,үш,сыныптың іші тып-тыныш,сабағымызды бастаймыз.

2.Ауызша санау,1-ден 5-ке дейін тура санау,кері санау.

3.Оқулықпен жұмыс Жаңа материалмен жұмыс

№1 тапсырма. Сурет бойынша жұмыс.

  • Суретте берілген заттарды ата.

  • Суреттегі геометриялық фигураларды ата.

- Кемеге қарап, онда неше үшбұрыш, неше шаршы, неше шеңбер, неше тіктөртбұрыш барын ата.

Осындай жұмысты пойыз, ұшақ, жүк көлігімен де жүргізуге болады.

Үлестірмелі материалмен жұмыс. Әр баланың алдында үстел үстінде геометриялық фигуралар қойылған. Тапсырма: геометриялық фигуралардан зат құрастыру керек. Негіздеу: Затты құрастыру кезінде қандай геометриялық фигуралар қолданылады?

- Сурет қандай фигуралардан қүрастырылған? Бұл заттардың (транспорт) барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?



Мысалы:

Қарапайым математика ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІҚарапайым математика ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІҚарапайым математика ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ











4..Өзіндік жұмыс №2 тапсырма бойынша фигуралар салады. Тапсырманың мақсаты - сызба бойынша жұмыс істеу дағдыларын бекіту: қызыл, кішкене шеңбер; көк, үлкен квадрат; жасыл, кішкене үшбұрыш; сары, үлкен шеңбер.

Тапсырманы орындауға кіріспес бұрын ойын тұрінде ауызша жұмыс орындалады. Қай зат қандай геометриялық фигураға ұқсас келеді. Үлкен шеңбер - үлкен түймеге, кіші шеңбер - кішкентай түймеге ұқсайды және т.б. Мұғалім фигураны көрсетеді, ал балалар айналасынан соған ұқсас затты, мұғалім ұсынған карточканы таңдайды немесе ойша мысал келтіреді. «Сиқырлы суреттер» ойынын пайдалануға болады. Тақтада немесе қағаз бетінде шеңбер, квадрат, тіктөртбұрыш, үшбұрыш берілген. Осы фигураларды толықтырып бір заттың суреті салынады.

Қарапайым математика ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ- түйме, таба

Қарапайым математика ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ- үй шатыры, ағаштар

IҚарапайым математика ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ - үй қабырғасы

№3 тапсырма алдыңғы сабақта меңгерген кеңістік туралы ұғымды бекітуге көмектеседі.

- Араның жолын сал. Бас жағы қызыл гүлмен белгіленген. Тапсырманы бағдарша бойынша орындау қажет.

№4 тапсырма. Балалардың зейінін дамытамыз, фигураларды дауыстап айтқызамыз.

- Суретте қандай геометриялық фигуралар берілген? Үлгі бойынша боя. Бөлшектерін тауып, бояу керек.

Бұл сабақта ауызша жұмысқа ұзындығы, биіктігі, ені бойынша жолақтар (лента ) салыстыру енгізіледі. Өлшемдер алдын ала дайындалады (картоннан немесе басқа материалдан қиып алынған жолақтар, текше жинағының бөлшегі ) Бұл жаттығуды басқа сабақтарда да орындауға болады.

6.Қорыту: Ауызша санау,1-ден 5-ке дейін тура санау,кері санау. Жеке балаларға санату,Сабаққа белсене қатысқан балаларды бағалау,мадақтау, Сабақ ұнады ма? Ой бөлісу.



Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала шеңбер, доғал, тіктөртбұрыш, шаршы, үшбұрыш, төртбұрыш, шар, текше, цилиндр секілді геометриялық фигураларды ажыратып, дұрыс атай алуы, заттардан өздеріне таныс фигураларды таба білуі тиіс. Бұл жұмысқа, әдетте, сабақтың жартысы арналады.

Оқу жылының басында тәрбиеші балалардың пішін (форма) туралы білім деңгейін тексереді. Егер олар сопақша пішінді дөңгелекпен, шаршыны тіктөртбұрышпен және т.б. шатастыратын болса, онда осы фигуралар үлгілерін қарастырып, салыстыру арқылы жұмыс жүргізу қажет. Фигураларды жұптап салыстырады, оларды қолмен ұстап, көзбен көру жолдарымен мұқият қарастырады. Балалар үлгілердің бетіне контур жүргізіп, саусақтарымен сызықтар жүргізу арқылы фигураны қабылдауы жүзеге асады.

Фигуралардың қасиеттерін, элементтерін жіктеп қарастыру, олардың санын анықтау түрлі амалдарды қолдана отырып санауға, жекелеген элементтерді (қабырғаларды) шартты таңбалармен өлшеуге мүмкіндік береді. Балалар фигуралар арасындағы айырма мен ұқсастың белгілерін өздігінен анықтай алғаны маңызды, ал тәрбиешінің рөлі қорытындыны нақтылау болуы тиіс.

Білімді бекіту және нақтылау үшін фигураларды салуға арналған түрлі тапсырмалар беріледі. Балалар қағаздан алуан түрлі фигуралар қияды, ермексаздан фигуралар жасайды, фигураларды басқа фигураларға өзгертеді. Фигураларды бояу жаттығулары кеңінен қолданылады.

Фигураларды бояу жаттығулары әдетте торкөз дәптерге орындалады. Бірінші сабақта балаларды дәптермен, ондағы сызықтармен таныстырады, екінші сабақта оларға үлкен және кішкене шаршылар салуға, үшінші сабақта шаршылар мен тіктөртбұрыштар, төртінші сабақта өлшемі әртүрлі тіктөртбұрыштар, бесінші сабақта шаршылар мен шеңберлер, алтыншы сабақта кеңістікте түрліше орналасқан тіктөртбұрыштар мен сопақша фигуралар, жетінші сабаңта шаршылар, тіктөртбұрыштар, үшбұрыштар, сегізінші сабақта үшбұрыштың алуан түрлерін, тоғызыншы және оныншы сабақтарда қарапайым пішінді заттар: жалау, алма, қияр, өрік және т.б. салуға тапсырма беріледі. Бұл бояу жаттығулардың оқыту тәсілдерінің ішінде орны ерекше, өйткені үлкен оқу жүктемесін атқарады.

Санау қызметі торкөздер бойынша өлшеумен үйлесімді байланыстырылады (торкөз бірінші шартты өлшем болып табылады). Балалардың қарапайым геометриялық фигуралар, олардың белгілері мен элементтері туралы білімдері нақтыланады. Суреттерді қағаздың белгілі бір бөлігіне (жоғары, төмен, сол жағы, оң жағы, ортасы) орналастырып, жоғарыдан төмен, солдан оңға, оң жақтан сол жаққа сызық жүргізе отырып, балалар қағаз бетінің жазықтығында бағдар табуға үйренеді, қарындаш ұстау дағдыларын жетілдіреді, өйткені торкөздер бойынша сурет салу дәл, әрі ұсақ қозғалысты талап етеді.

Геометриялық фигураларды бояу тәсілі реттік санауға арналған тапсырмалар орындау үшін, бірліктерден құралған санның құрамы, аралас сандар арасындағы байланыстар мен қатынастар, бүтінді бөлшектерге бөлу туралы білімдерін бекіту үшін, ал кейіннен өзінен кіші 2 саннан құралған санның құрамын меңгерту және арифметикалық есептер шығару кезінде кеңінен қолданылады.

Бірінші сабақта балаларға парақтарды, қағаз бетін, оң жақ бет, сол жақ бетті көрсетеді, содан кейін тақтада жүргізілген сызықтарға көз жүгірте отырып, жоғарыдан төмен, солдан оңға қарай сызықтар жүргізу арқылы торкөздер пайда болатынына балалардың назарын аудартады. Тәрбиеші балаларды тақтаға шығарып, бірнеше торкөзді тауып, сызық жүргізуді тапсырады (тақтаның әр бөлігінде).

Кейіннен балалар дәптер беттерінің сызықтарын қарастырады. Тәрбиеші: «Дәптер бетінің әр бөлігінен торкөздер тауып, жоғары, төмен, солға, оңға, ортасынан сызыңтар жүргізіп шығыңдар» деп тапсырма береді. Тәрбиеші тақтаға бір қатарға бірнеше торкөз салады да: «Мен ненің суретін салдым? Неше шаршы? Шаршылар арасынан неше торкөзден қалдырдым?» - деп сұрақ қояды.

Балаларға осыған ұқсас тапсырмалар беріледі. «Арасына 3 торкөзден қалдыра отырып, көлемі 1 торкөз болатын 7 шаршы сал». Кейіннен балалар фигураларды салыстыра отырып, оларды бояу төсілдерін көрсетеді, фигуралар салып, түрлі тапсырмалар орындайды. Бояр алдында қағаздан фигуралар қиып алу, 2 және 4 тең бөлікке бөлу секілді тәсілдер орындалады. Олар бөлудің түрлі тәсілдерін тауып, пішіндері әртүрлі бөліктер алады.

Шеңбер және сопақшаны боямас бұрын балаға шаршы үстіне шеңбер (шеңбердің диаметрі шаршының қабырғаларына тең болуы тиіс), сопақша пішінді тіктөртбұрыштың үстіне қою, содан кейін шаршыдан шеңбер қиып алу, ал тіктөртбұрыштан сопақша қиып алу тапсырылады. Бұл балаларға осы фигураларды бояу қағидасын түсінуге көмектеседі.

Тәрбиеші бірдей фигураларды бояудың әртүрлі тәсілдерін көрсетеді, мысалы сағат тіліне қарсы немесе сағат тілінің бағытымен қисық сызықтар түсіру т.б.

Фигураларды бояу тәсілдері біртіндеп күрделендіріле түседі. Алдымен алдын ала салынған шаршылар мен тіктөртбұрыштардың ішіне фигуралар салып, сыртқа шықпайтындай етіп сызықтар жүргізіп шығады.

Әдетте екінші сабақта балалар жоғарғы жағына нүктелер түсіре отырып, «шаршы ішінде тұрғандай» шеңберлер салады, ал кейіннен еш нүкте түсірмеуге болады. Тәрбиеші балаларға алуан түрлі үшбұрыштарды бояу тәсілдерін көрсетеді.

Алғашқы екі сабақта қағаз бетінде салатын суреттің орны ерікті тұрде белгіленеді: «Жоғарғы және сол жақ жиекті аздап қалдырыңдар». Кейіннен тәрбиеші балаларға бастапқы нүктені табуға үйретеді. Ол былай дейді: «Жоғарыдан 3 торкөз және сол жақтан 3 торкөз қалдыра отырып, сурет сала бастау керек. Қағаздың жоғарғы сол жақ бұрышынан төмен қарай 3 торкөз санаймын, нүкте қоямын, ол жерден 3 торкөз санаймын, нүкте қоямын, сол нүктеден бастап сурет сала бастаймын».

Балалар берілген сан бойынша нүкте іздеуге арнайы машықтандырылады. Алдымен олар сол жақ және оң жақтан торкөздердің бірдей санын қалдырады, кейіннен түрлі сандар алынады. Баланың қолын дәл ұсақ қимыл жасауға дағдыландырған маңызды, сондықтан көлемі шағын фигуралар салады. Кесіндінің ұзындығы әдетте 5 торкөзден аспайды. Әр кезде балалар фигураның қандай көлемін салатыны, қалай орналасатыны, олардың арасынан қанша торкөз қалдырылатыны нақты көрсетіліп отырады.

Бір сабақта балалар суретті 2-3 қатарға толтырады. Фигураларды әртүрлі пропорцияда, әр жерге орналастыра орындайды. Фигуралардың ішіне сызықтарды түрлі бағытта түсіреді, көбінесе оңға қисайта жүргізіледі, бұл жазу бағытына сәйкес келеді.

Балалар қандай да бір фигураны алғаш салу кезінде үлгіні басшылыққа алады, кейіннен тәрбиешінің ауызша айтқандары бойынша әрекет етеді. Тапсырманы орындағаннан кейін балалар неше және қандай фигуралар салғанын, оларды қалай орналастырғандарын айтады. Фигураларды 2-3 қатарға (асты-астына) сала отырып, осы қатардағы фигуралар санының тең және тең еместігін анықтайды. Олар фигураларды 2 және 4 бөлікке бөліп, кесінділерді немесе қарама-қарсы үштарын біріктіре отырып, нәтижесінде не шыққанын айтып береді. Ұстаздың нұсқауымен балалар түрлі бағыттағы торкөздерді санайды, нүктелер қояды, өзара біріктіре отырып, басқа фигуралар алады. «3 нүкте белгілеп, өзара біріктіріңдер: бірінші нүктені екінші нүктемен, екінші нүктені үшінші нүктемен, үшіншіні бесінші нүктемен. Қандай фигура шықты? Неше бұрышы бар? Бұл фигураның қанша қабырғасы бар?» - деп сұрақтар қояды (нүктелер бір тура сызық үстінде жатпауы керек).

Фигура туралы білімдерін қорытындылау үшін балаларға үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш және т.б. туралы қарапайым түсініктер беру қажет. Осы мақсатпен түстері, өлшемі, пропорциясы әртүрлі үшбұрыштар тобын қарастыруға болады. Фигуралардың өзара қандай айырмашылығы бар, несімен ұқсас екенін анықтап, ортақ белгілерін табады: барлық үшбұрыштарда 3 бұрыш, 3 төбе және 3 қабырға бар. Фигураның атауы мен құрылымы арасындағы байланысты табады. «Неге оны үшбұрыш деп атаймыз?» деген сұрақ қойылады.

Осы жолмен төртбұрыш, бесбұрыш және басқа фигуралар қарастырылады. Содан кейін түрлі фигуралар тобы салыстырылады, мысалы, үшбұрыш төртбұрышпен, т.б. Балалар таяқшалардан фигуралар құрастырып, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, бесбұрыш алу үшін неше таяқша керек екенін және 3, 4, 5, 6, т.с.с. таяқшадан қандай фигура жасауға болатынын анықтайды. «Егер төртбұрышта 4 бұрыш болса, неше қабырғасы болады? Егер фигураның 5 қабырғасы болса, оның неше бұрышы бар? Бұл фигура қалай аталады?» деген сұрақтарға балалар жауап айтады.

Фигураларды түсі, пішіні, өлшемі, бұрыштар саны секілді түрлі белгілері бойынша топтауға арналған жаттығуларға бүрынғыдай ерекше көңіл бөлінеді. «Топтардан көк түсті барлық фигураны іріктеңдер. Олардың арасында тіктөртбұрыш бар ма? Қалған фигуралардың пішінін атаңдар. Барлық шаршыларды бөлек алыңдар. Олардың түсі, өлшемі қандай? Оларды ең кішісінен бастап ретімен орналастырыңдар. Кішкентай фигураларды іріктеп алыңдар. Бұл топқа пішіні қандай фигуралар кірді? Олардың арасында тіктөртбұрыштар бар ма? Олардың түсін атаңдар? Олардың саны нешеу?»

Бастапқыда тәрбиеші балаларға фигуралардың белгілерін ажыратуға көмектеседі, кейіннен балалар оларды қандай белгілер бойынша топтайтынын, неше топ шыгатынын, қай фигура қай топқа жататынын өздері орындайды.

Фигураларды топтай отырып, балалар белгілердің біріне назар аударады. Оларда жалпылау дағдысы қалыптасады. Топ-пен жұмыс жүргізу барысында балалардың фигуралар туралы білімін жүйелендірген дұрыс. Мәселен, алдымен фигураларды үлкен екі топқа бөлу керек, яғни дөңгелек және көпбұрыш пішінді фигуралар. Содан кейін дөңгелек пішінді фигуралар арасынан шеңберлер мен сопақша пішіндерді, ал көпбұрыштар арасынан төртбұрыш, үшбұрыш, ал төртбұрыштар арасынан тіктөртбұрыш пен шаршыларды бөлектеу керек.

Балаларға мынадай тапсырма берген жөн: «Қатардағы қай фигура артық, фигураларды іріктегенде қандай қате жіберілген?» (Қатарға орналастырылған 6 үшбұрыш арасында 1 төртбұрыш бар және т.б.). «Қай фигура жетіспейді?» (Үшбұрыштар, сопақ пішінді фигуралар, 3-4 өлшемді тіктөртбұрыштар қатармен орналастырылған, әр қатарда бір тұрге жататын фигуралар көлемі жағынан кішісінен бастап үлкеніне немесе керісінше орналасқан, соңғы қатарда 1 фигура жетіспейді). Балалар әр қатарды мұқият қарап, қандай фигуралар берілгенін, түсін, өлшемін атайды және үшінші қатарда қандай фигура жетіспейтінін айтады.

Фигуралардың бір тобының екінші топтан айырмашылық белгілерін табуға арналған тапсырмалар үшбұрыш, төртбұрыш және басқа фигуралар туралы түсінік бекітуге мүмкіндік береді. Шеңберлер мен сопақ пішінді, үшбұрыш және төртбұрыш фигуралар бейнеленген жүп кестелер пайдаланылады (фигуралардың 2-3 өлшемі мен түсі берілген). Балалар айырмашылық белгілеріне қарап дұрыс жауабын табады. Ол үшін балалар алдымен сол жақтағы барлық 5-6 фигураға, содан кейін оң жақтағы фигураларға мұқият назар аударады да, сол жақтағы фигуралардың оң жақтағы фигуралардан қандай айырмашылығы барын анықтайды.

Балалар геометриялық фигуралар туралы білімдерін өздерін қоршаған ортадағы заттар пішініне талдау жүргізген кезде үнемі пайдаланғаны жөн. Балаларға мынадай тапсырма беріледі: терезе, қорап қақпағы, шкаф қабырғасы, орамалдың пішіні қандай екенін анықтайды; үшбұрыш, төртбұрыш, т.б. заттарды немесе заттың сондай бөліктерін атайды. Балалар белгілі бір реттілікті сақтай отырып, заттардың пішініне талдау жасауға, алдымен жалпы контурды анықтап, ең ірі бөліктерді, одан кейін қалған бөліктерін, олардың пішіндерін, кеңістікте орналасуын, өлшемін анықтауға үйренеді. Балаларды ұқсастық белгілеріне ғана қарап емес, айырмашылығы бойынша ажыратуға үйрету керек. Бұл олардың көркем бейнелеу және басқа әрекет түрлерін жетілдіруге ықпал етеді.

Мақсаты: Геометриялық фигуралардың атауымен (шеңбер, үшбұрыш, шаршы, сопақ, тіктөртбұрыш және т.б.) таныстыру және бекіту; осы фигураларды басқа пішіндердің арасынан табуға үйрету.

Оқу жылының басында балалар заттың ұзындығын, биіктігін, енін табу, олардың арасындағы мөлшерлік қатынасты орнату дағдысын бекітеді. Олар 1, 2, 3 өлшеммен ерекшеленетін заттарды салыстыруға арналған жаттығулар орындайды.

Балалар үнемі шатастыратын ұзындығы мен ені, жіңішкелігі мен жуандығы, биіктігі мен тереңдігі бойынша заттары салыстыру жаттығуларын енгізген дұрыс. Мысалы: «Қай тақтай ұзынырақ? Қайсысы жіңішке? Қайсысы жалпақ? Қайсысы жұқа?» Балалар заттардың өлшемін үш өлшем бойынша бағалауға үйренуі тиіс: бір қорап ұзынырақ, бірақ жіңішке және аласа, екіншісі қысқарақ, алайда жуан және биік. Бір қарындаш жуан, бірақ қысқа, екіншісі жіңішке, бірақ ұзын және т.б.

Бұған заттарды белгілері бойынша топтастыруға арналған жаттығулар көмектеседі. Топтау үшін әдетте 6-10 зат пайдаланылады (ұзындығы, ені, биіктігі әртүрлі қораптар). Балалар басқа өлшемдерге көңіл бөлместен, бір топқа биіктігі бірдей қораптарды орналастырады.

Мектепке дайындық тобында шамалардың «ұзынырақ», «қысқарақ», «жалпағырақ», «жіңішкерек» деген нақты сипаттамаларды «артық», «кем» деген абстрактілі анықтамалармен ұштастырған дұрыс. Сабақтардың бірінде екі заттың қайсысы ұзынырақ (қысқарақ) екенін анықтағаннан соң, мұғалім: «Ұзынырақ дегеніміз не?» деп сұрайды. Шешімі: «Бұл, яғни ұзындығы бойынша артық». «Қысқарақ дегеніміз не?» -«Бұл ұзындығы бойынша кем». Ені (биіктігі, жуандығы) жағынан айырмашылығы бар заттарды салыстырады және тиісті қорытынды шығарады. Одан кейін өлшемі жағынан ерекшеленетін заттарды салыстырады. Ұзындығы бойынша да, ені бойынша да, биіктігі бойынша да зат үлкен болса, оны басқасынан үлкен деп айтады, ал ұзындығы, ені, биктігі жағынан кіші болса, оны басқасынан кіші деп айтады. 6 жастағы балалар шамаларды тікелей бағалаудан нақты сандық сипаттауға көшеді.

Өлшеу кезінде өлшем бірлігі өлшенетін шаманы (ұзындықты, өлшемді) әрқайсысы тең болатын бөліктерге бөледі. Өлшеу нәтижесінде алынған сан бүтіннің бөлшекке қатынасын көрсетеді.

Өлшеу балаларға санның салыстырмалылығын, оның алынған өлшемге байланыстылығын түсінуге мүмкіндік береді. Балалар өлшеу не үшін керек екенін түсінуі тиіс. Осы мақсатта балалармен өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Мәселен, тәрбиеші үстелдің ұзындығымен бірдей тақтайдың көмегімен бір заттың екіншісінен қаншалықты ұзын (биік т.б.) екенін анықтауды тапсырады.

Өлшеу - күрделі әрекет, сондықтан бұған оқушыларды үйрету барысында белгілі бір реттілік қажет.

Бастапқыда заттардың ұзындығын, енін, биіктігін өлшеу үйретіледі. Тәрбиеші өлшеуге жүгінуге мәжбүрлейтін жағдай туғызады. Мысалы мұғалім сұрақ қояды: «Сөре екі терезе арасындағы жерге сыя ма?» (сөренің ұзындығы мен терезелер арасындағы қашықтық өлшенеді, содан кейін нәтиже салыстырылады). «Біз нені өлшейміз? Сөренің ұзындығын немен өлшейміз?» деген сұрақтарға жауап бере отырып, балалар өлшеу объектісі мен өлшемді таңдап алады. Мұғалім үстелінің үстінде жатқан жіп, таспа, қатырмақағаз жолағы, таяқша секілді заттарды өлшеу үшін қолдануына болады.

Мұғалім балалармен бірге қатырмақағаз жолағын таңдап алады, өйткені онымен өлшеу ыңғайлы болмайды. Ол жолақпен сөренің ұзындығы өлшенеді. Өлшеу кезінде жолақ шетінен бастап тура қойылады. Жолақ біткен жерге белгі қойылып, жолақ сол нүктеден бастап тағы қойылады. Осылайша сөренің екінші үшына жеткенше ұзындығы өлшенеді (балалар мұғаліммен бірге кесінділер нешеу болғанын санайды). «Мен жолақты неше рет қойдым?» - деп сұрайды. «Сөренің ұзындығы неге тең? »

Өлшеудің кез келген ережесінің бұзылуы (өлшеуді шеттен бастамау, өлшемді тура сызықпен қоймау, т.б.) қате нәтижеге ұрындырады.

Өлшеудің дұрыс дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Мұғалім балалардың ұзындықты (енін, биіктігін) өлшеуде өлшемді тура сызық бойымен қойып, өлшегіштің ұшы тұрған жерді дәл белгілеп, осы белгіден бастап өлшемді дұрыс орналастырып, толық өлшегенін («бір

ұшынан екінші ұшына дейін») үнемі бақылап отырады. Дәл өлшеудің маңызын түсіндіреді. Жарма басқа да ұсақ нәрселерді өлшегенде өлшегішті (қасық, кружка) лық толтырмай, бетпе-бет етіп салуды, суды да белгілі бір деңгейге дейін құю керектігін айтады, өйткені су ыдыстан төгіліп кетеді.

Түрлі сұрақтар қоя отырып, өлшеу кезінда алынған сан қалай аталатынын сұрайды: «Лентаның ұзындығы 4 өлшемге тең деген нені білдіреді?» Үстелдің ұзындығын өлшегенде алынған 4 саны нені білдіреді? «Ұзындығы осындай тақтай алғанда өлшемді неше рет қою керек?» Балалар өлшем саны заттың көлемін анықтайды деген қорытындыға келуі тиіс.

Егер бастапқыда өлшем өлшенетін затқа толықтай (қалдықсыз) орналасатындай етіп алынса, кейіннен балалар топтағы кез келген затты өлшей алады. Мұғалім егер өлшем өлшенетін зат бойын толық жаппаса, қалдық қалатынын айтады.

Нәтижесінде аралас сан шығатындай заттарды таңдаған жөн. Өйткені балалар аралас сандарды салыстыруға және олардың арасында түрлі қатынастар орнатуға жаттығады. Мәселен, күлгін лентаның ұзындығы - 8 өлшем, сары лентанікі - 7 өлшем. Бала «Күлгін лента сары лентадан 1 өлшемге ұзын» екенін айтады. «Неге бұлай ойлайсың?», «Сары лента күлгін лентадан 1 өлшем қысқа, өйткені 7 саны 8 санынан 1-ге кем, ал 8 саны 7 санынан 1-ге артық».

Балалар біртіндеп өлшемдер санын өлшеп, санап үйренеді. «Бұрын өлшей отырып, біз қандай да бір затты ойда сақтайтынбыз, енді біз оларды бірден санайтын боламыз», -деп мұғалім түсіндіреді.

Өлшеуге арналған жаттығулар практикалық тапсырмалар шешуге негізделуі тиіс. Мәселен, балалар белгілі бір өлшемдегі затты жасау, заттың көлемін салыстыру, теңестіру, суретін салу, қабырғалары 4 торкөзге сыятын шаршы қиып алу ұсынылады. Мұнда торкөз өсімдіктерді немесе аквариумға құятын судың немесе құстарды қоректендіретін астықтың белгілі мөлшерін өлшейтін шартты өлшем қызметін атқарады. Балалар бір өлшеммен көлемі бірдей заттарды өлшегенде бірдей сан шығатынын, ал бірдей өлшеммен көлемі әртүрлі затты өлшегенде шығатын сан әртүрлі болатынын түсінуі тиіс. Заттың өлшемі үлкен болған сайын сан да үлкен, ал заттың өлшемі кіші болған сайын сан да кіші болады.

Балалардың біріне ұзын жолақтың көмегімен үстелдің ұзындығын, ал екінші бір балаға қысқа жолақпен үстелдің енін өлшеу тапсырылады. Балалардың қайсысы өлшемді көбірек қойып шықты, неге, соны анықтайды. «Өлшем нәтижелерін салыстыруға бола ма? Неге салыстыруға болмайды?»

Келешекте бірдей өлшемдердің көмегімен өлшемі түрлі заттарды және керісінше, өлшемі бірдей заттарды түрлі өлшемдердің көмегімен өлшеу нәтижелерін салыстыруға арналған тапсырмалар кезек қолданылады. Неге әртүрлі сан шыққанына бірден тоқталып отырады. Балалар екі шама да бірдей өлшеммен өлшенгенде ғана нәтижелерді салыстыруға болатынына көз жеткізеді.

Балалардың түсініктерін жалпылауға мынадай сұрақтар көмектеседі: «Қызыл лентаның ұзындығы - 5 өлшем, көк лентаның ұзындығы осындай 6 өлшем болғанда, лентаның қайсысы ұзынырақ? Ленталардың ұзындығын қалай бірдей етуге болады? Егер бұдан үлкендеу (кішілеу) өлшем алсақ, сан өзгере ме? Егер лентаны мына кішкене өлшеммен өлшесек, содан кейін үлкен өлшеммен өлшесек, қай кезде үлкен сан шығады?»



















































































Математика

Сабақтың тақыры: Фигуралар

Сабақтың мақсаты: Геометриялық фигуралардың атауымен (шеңбер, үшбұрыш, шаршы, сопақ, тіктөртбұрыш ) таныстыру және бекіту; осы фигураларды басқа пішіндердің арасынан табуға үйрету. геометриялық фигуралар туралы білімді бекіту; нүкте, сызық, түзу және қисық сызық, кесінді туралы түсініктер қалыптастыру.

Әдіс-тәсілі:таныстыру,ауызша жұмыс

Көрнекілігі:суреттер, ойыншықтар,түрлі-түсті қарындаштар

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.Балалардың көңілін сабаққа аудару:Бір,екі,үш,сыныптың іші тып-тыныш,сабағымызды бастаймыз.

2.Ауызша санау,1-ден 5-ке дейін тура санау,кері санау.

3. Түсіндіру:№1 тапсырма. Иілгіш сым темір туралы ертегіден бастауға болады. Бұл сым темірдің көмегімен геометриялық фигуралар келтіруге болады. Тақтадағы сурет: түрлі сызықтар, нүктелер, қисық, тура сызықтар. Тақтаға, қағазға, ауаға, құмға сурет салу.

Нүкте, түзу, қисық сызықтарды бейнелейтін адамдардың (балалар) иллюстрациясы балаларды олардың атауымен таныстыруға мүмкіндік береді. Балалар тақтаға бор немесе маркермен, қағазға қарындашпен осы фигураларды салып жаттығады.

Кесінді қалай пайда болғанын көрсету үшін ертегі айтып беруге болады немесе екі жағынан керілген сым темірді немесе жіпті пайдалана отырып, тура кесінді қалай пайда болатыны көрсетіледі.



Қарапайым математика ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ









№2 тапсырма. Ені әртүрлі отырғышқа аңдарды орналастыру. Жапсырма қағаздарды (наклейка) таңдап алып, төменде көрсетілгендей етіп жапсыру керек. Ені бойынша салыстыру туралы түсініктер нақтыланады. Балалардың бұл түсініктерді шатастырмауын қадағалау керек.

4. 4..Өзіндік жұмыс №3 тапсырма. Балалар тиісті түс арқылы кестедегі ұяшықтарда берілген геометриялық фигураларды бейнелейді. Суретті сала отырып, фигураны атау керек: мен қызыл кесінді сызып жатырмын, мен көк түзу сызық сызып жатырмын, деп айтып отыру қажет. Сергіту: Қимыл жаттығуларын жасау.

Қарапайым математика ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ













№4 тапсырма саусақ қимылдарын дамытады және жаңа тақырыпты бекітуге мүмкіндік береді. Мұғалім сыртына шығармай сызық жүргізіп, ішін бояу қажеттігін еске салады. Сызықтарды атын атай отырып жүргізіп шығады.

6.Ауызша жұмыс:«Ұлудың жолы» немесе «Көліктің жолы» үлестірмелі материалын ұсыныңыз. Алдымен бағдарша бойынша қимыл бағытын қайталаңыз. Нүктелерді санаңыз.

Заттардың қасиетін бекіту үшін үлестірме материал пайдаланыңыз. Суреттегі заттарды қарастырамыз. Әрбір карточкадағы заттарды топтарға бөлуге бола ма? Әр топты бір сөзбен ата.

6.Қорыту: Ауызша санау,1-ден 5-ке дейін тура санау,кері санау. Жеке балаларға санату,Сабаққа белсене қатысқан балаларды бағалау,мадақтау, Сабақ ұнады ма? Ой бөлісу.











































































ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАР

Сабақтың мақсаты: геометриялық фигуралар туралы білімді бекіту; нүкте, сызық, түзу және қисық сызық, кесінді туралы түсініктер қалыптастыру.



№1 тапсырма. Иілгіш сым темір туралы ертегіден бастауға болады. Бұл сым темірдің көмегімен геометриялық фигуралар келтіруге болады. Тақтадағы сурет: түрлі сызықтар, нүктелер, қисық, тура сызықтар. Тақтаға, қағазға, ауаға, құмға және т.б. сурет саламыз.

Нүкте, түзу, қисық сызықтарды бейнелейтін адамдардың (балалар) иллюстрациясы балаларды олардың атауымен таныстыруға мүмкіндік береді. Балалар тақтаға бор немесе маркермен, қағазға қарындашпен осы фигураларды салып жаттығады.

Кесінді қалай пайда болғанын көрсету үшін ертегі айтып беруге болады немесе екі жағынан керілген сым темірді немесе жіпті пайдалана отырып, тура кесінді қалай пайда болатыны көрсетіледі.



Қарапайым математика ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ









№2 тапсырма. Ені әртүрлі отырғышқа аңдарды орналастыру. Жапсырма қағаздарды (наклейка) таңдап алып, төменде көрсетілгендей етіп жапсыру керек. Ені бойынша салыстыру туралы түсініктер нақтыланады. Балалардың бұл түсініктерді шатастырмауын қадағалау керек.

№3 тапсырма. Балалар тиісті түс арқылы кестедегі ұяшықтарда берілген геометриялық фигураларды бейнелейді. Суретті сала отырып, фигураны атау керек: мен қызыл кесінді сызып жатырмын, мен көк түзу сызық сызып жатырмын, т.б.

Қарапайым математика ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ













№4 тапсырма саусақ қимылдарын дамытады және жаңа тақырыпты бекітуге мүмкіндік береді. Мұғалім сыртына шығармай сызық жүргізіп, ішін бояу қажеттігін еске салады. Сызықтарды атын атай отырып жүргізіп шығады.

Ауызша жұмыс үшін «Ұлудың жолы» немесе «Көліктің жолы» үлестірмелі материалын ұсыныңыз. Алдымен бағдарша бойынша қимыл бағытын қайталаңыз. Нүктелерді санаңыз.

Заттардың қасиетін бекіту үшін үлестірме материал пайдаланыңыз. Суреттегі заттарды қарастырамыз. Әрбір карточкадағы заттарды топтарға бөлуге бола ма? Әр топты бір сөзбен ата.





Металдан жасалған түрлі пышақ, шанышқы, қасық, ара, бұранда, гайка кілтінің суреті берілген (асүй заттары мен құрал-саймандарын екі топқа жіктеу)

Киім және аяқкиім суреті берілген (шалбар, майка, жейде, көйлек, кроссовка, туфли, етік).

Жабайы және үй жануарларының суреті берілген (түлкі, қасқыр, аю, кірпі, мысық, ит, сиыр, ешкі, ...)

Жасыл және сары көкөністердің суреті берілген (қияр, кәді, жасыл бұрыш, сары бұрыш, асқабаң, патиссон, сәбіз)

6 жасар балалардың ұғымталдығы дамытылады, геометриялық фигураларды өзгертуді үйренеді, мәселен, бірнеше үшбұрыштан төртбұрыш, бесбұрыш, шеңбердің бөліктерінен толық шеңбер жасайды. Мұғалім балаларда бар фигураларға көз жүгіртіп, пішіні бойынша оларды бөлуге тапсырма береді, олар қалай аталатынын, өлшемі қандай екенін айтады, содан кейін 2-3 фигура алып, оларды біріктіре отырып қандай фигуралар құрастыруға болатынын ойластырады. Тапсырманы орындағаннан кейін балалар қандай жаңа фигуралар шыққанын, олар қандай фигуралардан құрастырылғанын әңгімелейді. Бөлшектерден тұтас фигура құрастыра отырып, балалар 2-4 жартыдан неше шеңбер құрастыруға болатынын табады, т.б.

Балалармен жұмыс жүргізгенде геометриялық мазмұндағы қызықты ойындар мен жаттығулардың пайдасы мол. Олар математикалық білімге деген қызығушылықтарын арттырады, балалардың ойлау қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Мектеп жасына дейінгі балалар бас қатыратын, жұмбақ тапсырмаларды жақсы көреді. Мәселен, бір фигураны екіншісіне біріктіре отырып, 7 таяқшадан 2 шаршы құрастырады, 1, 2, 3 таяқшаны өзгерте отырып, бір фигурадан басқа фигура алады (үйдің фигурасынан жалау жасайды және т.б.); қандай да бір аппликация картина құрастыруда неше шеңбер, үшбұрыш, тіктөртбұрыш қолданылғанын анықтайды; сызба немесе өрнек қандай фигуралардан құрастырылғанын, олар нешеу екенін табады. «Танграм» (геометриялық конструктор) ойынын ойнау барысында балалар қоян, тырна, әтеш және басқа аң-құстардың күрделі фигураларын құрастырады, оларды қарапайым 7 геометриялық фигурадан жасайды.

Мұғалім балалардың дербестігін жоғары бағалап, оларды тапсырманы өздері орындаса қызықты болатынына сендіреді. «Мына фигураларға қараңдар. Ол кімді елестетеді? Иә, бұл - әтеш. Бұл әтешті 7 фигурадан құрастыру қажет. Бұл фигура қандай бөлшектерден тұратынын қараңдар. Әр бөлшегі қандай фигуралардан құралған? Олардың шамалары қандай және қалай орналасқан? Әтештің фигурасын қалай құрастыратындарыңды айтып беріңдер», - деп балаларды ой жүгіртуге, жұмыс істеуге ынталандырып, соңынан шешімін тексереді. Бастапқыда мұғалім балалармен бірге фигураны қарастырып, содан кейін талдау жоспарын берсе, енді балаларды өздігінен талдау жасауға үйретеді. Балалар алғашқы 2-3 күрделі фигураны оның жалпы контуры ғана берілген үлгісіне қарап құрастырады. Кейіннен олар 7 фигураны пайдалана отырып, қандай заттар бейнелеуге болатынын өздері ойластырады.

Тапсырмаларды орындау барысында мұғалім балалардың шешу жолын дұрыс таңдамаудан бас тартуға үйрете отырып, ойлау икемділігін дамытады («Дұрыс шықпаса, басқаша қалай жасауға болатынын ойлан»), қатты қиналса, жартылай шешімін көрсетеді, дұрыс тапқан алғашқы қадамына мақтау айтады («Бұл фигураларды сен дұрыс қойдың, әрі қарай не істеу керектігін ойлан»). Тапсырмалар балалар орындай алатындай болуы тиіс, әйтпесе олардың қызығушылығы басылып қалады. Сондықтан геометриялық сипаттағы танымдық тапсырмалар балалар пішін туралы білімді меңгергенде, оларды дұрыс атап қана қоймай, оларды құрастырып, өзгертіп, айналадағы заттардан геометриялық негіз көре алатын кезде беріледі.





















Математика

Сабақтың тақыры: Уақыт арқылы бағдарлау

Сабақтың мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға және уақыт қатынастары туралы түсінік беруге үйрету; заттарды белгілері мен қасиеттеріне қарай ажырату және топтарға жіктеуге, топтарды бір сөзбен атауға үйрету.

Білімді жетілдіру. «Шалқан», «Бауырсақ» ертегілер негізінде бұрын, кейін, дейін, шейін секілді түсініктер нақтыланады.

Әдіс-тәсілі:таныстыру,ауызша жұмыс

Көрнекілігі:суреттер,сюжетті картиналар

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.Балалардың көңілін сабаққа аудару:Бір,екі,үш,сыныптың іші тып-тыныш,сабағымызды бастаймыз.

2.Ауызша санау,1-ден 5-ке дейін тура санау,кері санау.

3. Түсіндіру:№1 тапсырма Қай уақытта болғанын айту.

4.Өзіндік жұмыс:№2 тапсырма. Суретте Самат пирамида құрастырып жатыр. Оның іс-әрекетінің ретін анықта. Егер 1 нүкте болса, яғни төменгі бөлшек, қалған бөлшектерді ретімен орналастырамыз. Бала ең кіші және ең үлкен бөлшекті атайды, санайды және түсін айтады.

Сандар ойын текшесіндегідей нүкте түрінде (сандық фигуралар) белгіленеді: мұнда үлгілер орналалыстырады.



Қарапайым математика ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ





Балалар жапсырма қағаздарды кестеге жапсырады.

Сергіту: Қимыл - қозғалыс жаттығулары

№3 тапсырма. Балалардың ойлауын дамытамыз. Фигураларды айтылғандағыдай орналастыр. Қандай фигура шығатынын ойластыр. Фигураларды қандай ретпен құрастырғаныңды айт. Неше үшбұрыш, шаршы бар. Түстерді ата. Бірдей фигураларды тауып, атап шық.

Үлестірмелі материалдармен ауызша жұмыс жаттығудың осы түрін орындаған кезде көмектеседі. Балаларға досына (сыныпқа) арнап тапсырма ойластыру ұсынылады. 3-4 фигура таңдап алынады. Олардың орналасуы анықталады: төменгі жақ, ортасы, жоғарғы жақ. Балалар олардың біріктіргенде не шығатынын қағазда көрсетеді.

5.Ауызша жұмыс:№4 тапсырма жыл мезгілдерінің атауын бекітуге арналған. Мына ағаштардың қай жыл мезгілінде тұрғанын анықта. Ағаштарды жыл мезгілі бойынша боя. Ол қай кезде болатынын әңгімеле. Бала неге олай екенін дәлелдеуі тиіс.



6.Қорыту: Ауызша санау,1-ден 5-ке дейін тура санау,кері санау. Бұрын, кейін, дейін, шейін секілді түсініктер нақтылау,қайталау.

Жеке балаларға санату,Сабаққа белсене қатысқан балаларды бағалау,мадақтау, Сабақ ұнады ма? Ой бөлісу.





















УАҚЫТ АРҚЫЛЫ БАҒДАРЛАУ

Сабақтың мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға және уақыт қатынастары туралы түсінік беруге үйрету; заттарды белгілері мен қасиеттеріне қарай ажырату және топтарға жіктеуге, топтарды бір сөзбен атауға үйрету.

Білімді жетілдіру. «Шалқан», «Бауырсақ» және т.б. ертегілер негізінде бұрын, кейін, дейін, шейін секілді түсініктер нақтыланады.

Кейіннен сюжеттік картиналар (үлестірмелі материал) қарастырылады. Бала тәулік күндерін: таңертең, түс, кеш, түн мезгілін ажырата алуы тиіс.

- Таңертеңді, күндізді және т.б. қалай анықтау керек?

Балалар тәулік мезгілдері туралы айтып береді. Содан кейін олардың реті анықталады. Үлестірмелі материалмен жұмыс ұйымдастыруға болады. Таңертең, күндіз, кеш, түн бейнеленген картиналар аралас орналастырылады. Оларға ретін анықтау тапсырылады.

Қарапайым математика ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ2 тапсырма. Суретте Самат пирамида құрастырып жатыр. Оның іс-әрекетінің ретін анықта. Егер 1 нүкте болса, яғни төменгі бөлшек, қалған бөлшектерді ретімен орналастырамыз. Бала ең кіші және ең үлкен бөлшекті атайды, санайды және түсін айтады.

Сандар ойын текшесіндегідей нүкте түрінде (сандық фигуралар) белгіленеді: мұнда үлгілер орналалыстырады.



Қарапайым математика ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ





Балалар жапсырма қағаздарды кестеге жапсырады.

№3 тапсырма. Балалардың ойлауын дамытамыз. Фигураларды айтылғандағыдай орналастыр. Қандай фигура шығатынын ойластыр. Фигураларды қандай ретпен құрастырғаныңды айт. Неше үшбұрыш, шаршы бар. Түстерді ата. Бірдей фигураларды тауып, атап шық.

Үлестірмелі материалдармен ауызша жұмыс жаттығудың осы түрін орындаған кезде көмектеседі. Балаларға досына (сыныпқа) арнап тапсырма ойластыру ұсынылады. 3-4 фигура таңдап алынады. Олардың орналасуы анықталады: төменгі жақ, ортасы, жоғарғы жақ. Балалар олардың біріктіргенде не шығатынын қағазда көрсетеді.

№4 тапсырма жыл мезгілдерінің атауын бекітуге арналған. Мына ағаштардың қай жыл мезгілінде тұрғанын анықта. Ағаштарды жыл мезгілі бойынша боя. Ол қай кезде болатынын әңгімеле. Бала неге олай екенін дәлелдеуі тиіс.

Ауызша жұмыс. Үлестірмелі материалмен (дайын немесе мұғалім дайындаған) жұмыс: заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай топтарға бөл. Бала топтарға бөліп, өз жауабының дәлелін айтуы тиіс. Топты атайды және қандай белгілері бойынша бөлгенін айтады. Мысалы:





Екі және төрт тесігі бар түрлі түсті үлкен және кіші түймелер

Ағаш және пластика моншақтар, олардың жартысы үлкен, жартысы кішкентай

Үш-үштен үлкен және кішкентай иттер

Қызыл және жасыл көкөністер мен жеміс-жидектер

























































































Математика

Сабақтың тақыры: Заттар тобын салыстыру

Сабақтың мақсаты: заттарды салыстыруға үйрету, заттардың үлкен және кіші санын анықтау, салыстыра алу және «қаншалықты артық немесе кем?» деген сұраққа жауап бере алу.

Әдіс-тәсілі:таныстыру,ауызша жұмыс

Көрнекілігі:суреттер,сюжетті картиналар

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.Балалардың көңілін сабаққа аудару:Бір,екі,үш,сыныптың іші тып-тыныш,сабағымызды бастаймыз.

2.Ауызша санау,1-ден 5-ке дейін тура санау,кері санау.

Сабақ суретті қарастырудан басталады. Суретке мұқият көз жүгірте отырып, ненің теңдей екенін, қыздар көп пе, ұлдар көп пе екенін анықта. Балалар қай үстелде ойнап отыр, қай үстелде цифрлармен жұмыс істеп отыр? Олар нешеу, қайсылары көп? Суретте балалар саны тең, артық не кем екенін көрсет. Неше орындық, парта, сағат, тақта, т.б. (1 мұғалім, 3 қыз, 4 үл, 2 үстел, 5 орындық) екенін санаймыз.



3. Түсіндіру: Кестені толтыру үшін жапсырма қағаз таңдап алу керек. Тапсырма беріледі:

- Алдымен ұяшықта неше нүкте барын анықта. Содан кейін суреттен заттардың осынша санын тап. Бір, екі, үш және т.б. адамы бар суретті таңда. Енді қажетті жапсырма қағазды алып, нүкте санына қарай ұяшықтарға жапсыр.

Қарапайым математика ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ

№2 тапсырмада №1 тапсырмадағы сурет бойынша жұмысты жалғастырады. Балалар суретте неше зат немесе неше объект болса, сонша шеңбер ішін бояуы тиіс. Содан кейін боялған шеңберлер бойынша қай зат артық (кем) екені белгілі болады.

Осындай ауызша жұмыста қайсысы артық екенін көру үшін, екі топтағы заттарды бірінің астына бірін немесе бірінің үстіне бірін қою үсынылады.

№3 тапсырма. Тиеген пирамидалар саны бірдей жүк көлігін тап. Пирамидалар саны көп машинаны қызыл түспен боя. Пирамидалар саны аз машинаны көк түспен боя. Пирамидалар саны бірдей машиналарды қызыл мен көктен өзге бірдей түспен боя.

№4 тапсырма. Заттарды 10-ға дейін санау үшін үлкен картина берілген.

- Әр ұяшықтағы заттарды санаймыз. Түсі мен пішінін, заттың қандай геометриялық пішінге ұқсас екенін анықта. Ойша топтарға бөл, қандай топтар шыққанын ата, неше топ болды?. (Жеміс-жидектер және көкөністер). Жеміс-жидектер көп пе, әлде көкөністер көп пе?

Ауызша жұмыс. Символдар бойынша дидактикалық ойын. №1 суретте осындай заттарды тап.

Сергіту

Санау және кері санау бойынша білімдерін бекіту кезінде балаларды жекелеген заттарды санаумен қатар, бір текті зат-тардан тұратын топтарды санауға жаттықтыру қажет.

БҚарапайым математика ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІалаларға бір текті және саны бірдей матрешка, текше, конус, саптыаяқ секілді заттардың немесе үшбұрыш, шеңбер және т.б геометриялық фигуралардың үлгілерінен тұратын топ беріледі. Бұл түрлі түсті заттар немесе геометриялық фигураларды топпен жұмыс кезінде магнитті тақтаға, не болма­са үстел үстіне орналастыруға болады. «Неше топ...? Әр топта неше ... бар? Барлығы неше ...?» деген сұрақтар қойылады. Соңғы сұраққа жауап бере отырып, балалар заттарды бір-бірден санап шығады

6.Қорыту: Ауызша санау,1-ден 5-ке дейін тура санау,кері санау.

Жеке балаларға санату,Сабаққа белсене қатысқан балаларды бағалау,мадақтау, Сабақ ұнады ма? Ой

Ауызша жұмыс. Символдар бойынша дидактикалық ойын. №1 суретте осындай заттарды тап.

Санау және кері санау бойынша білімдерін бекіту кезінде балаларды жекелеген заттарды санаумен қатар, бір текті зат-тардан тұратын топтарды санауға жаттықтыру қажет.

БҚарапайым математика ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІалаларға бір текті және саны бірдей матрешка, текше, конус, саптыаяқ секілді заттардың немесе үшбұрыш, шеңбер және т.б геометриялық фигуралардың үлгілерінен тұратын топ беріледі. Бұл түрлі түсті заттар немесе геометриялық фигураларды топпен жұмыс кезінде магнитті тақтаға, не болма­са үстел үстіне орналастыруға болады. «Неше топ...? Әр топта неше ... бар? Барлығы неше ...?» деген сұрақтар қойылады. Соңғы сұраққа жауап бере отырып, балалар заттарды бір-бірден санап шығады.

Ойын сәттері жұмысты жандандыра түседі. Мәселен, тәрбиеші магнитті тақтаға ұшақ бейнеленген картиналарды орналастырады және «Ұшақтардың неше тобы бар? Әр топта неше ұшақ бар? Ұшақтар неше қатар? Барлығы неше ұшақ?» деп сұрақтар қояды. Содан кейін балалар көзін жұмады да, тәрбиеші ойыншықтардың орнын ауыстырады. Балалар көзін ашқан соң, не өзгергенін тауып, ұшақтың неше тобы, әр топта неше ұшақ екенін санайды.

Кейіннен балаларға белгілі бір заттар тобын санап, оларды 2, 3, 4, 5-тен топтарға бөлу тапсырылады. Неше топ шыққанын және әр топта неше заттан екенін анықтайды. Алдымен сюжетті иллюстрациялық материалды пайдалануға болады, мысалы, 8 балықты 2 аквариумге салады, содан кейін абстрактілі заттар - геометриялық фигураларға көшеді.

Балалар тапсырма орындағаннан кейін неше топ шыққанын және әр топта неше заттан барын айтады. Оларға әр топта зат үштен емес, екіден болса немесе 1 зат артық болса, неше топ болатынын, керісінше, егер 1 топ артың (кем) болса немесе 3 топтың орнына 4 топ, 3 топтың орнына 2 топ болса, әр топта неше зат болатынын анықтау ұсынылады.

Балалардың ойланбай әрекет етуіне жол бермеу керек. Оларды алдымен ойланып, топтарды қалай орналастырудың жолын табуға, содан кейін қателеспеу үшін тексеру жүргізуге дағдыландыру керек. Мысалы, 6 шеңберді 2 топқа бөліңдер, әр топта 3 шеңберден болады. Шеңберді үш топ ету керек. Ол үшін балалар әр топтан 1 шеңберден алып, жаңа топ құрады.

Әр кезде топтар саны мен топтағы заттар саны арасында байланыс орнатады. Балалар топтар санын арттырғанда, әр топтағы заттар саны азаятынына, топтар санын азайтқанда, әр топтағы заттар саны көбейетініне (жалпы заттар саны бірдей болғанда) көз жеткізеді.

Заттар тобын санау жаттығуларының сан туралы түсінікті дамытуда маңызы зор. Бұдан былай санау бірлігі ретінде жеке­леген заттармен қатар заттар тобы да қолданылады. Осылайша бірлік жекеден оқшауланады.







































Математика

Сабақтың тақыры: 1 - 5 сандары

Сабақтың мақсаты: 5-ке дейінгі реттік және есептік санауды бекіту, заттарды топқа бөліп үйрену, геометриялық фигураларды қайталау.

Әдіс-тәсілі:таныстыру,ауызша жұмыс

Көрнекілігі:суреттер,сюжетті картиналар

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.Балалардың көңілін сабаққа аудару:Бір,екі,үш,сыныптың іші тып-тыныш,сабағымызды бастаймыз.

2.Ауызша санау,1-ден 5-ке дейін тура санау,кері санау. Сандық және реттік санауды ұйымдастыруға арналған үлестірмелі материалды пайдалану. Көп қабатты үй, пойыз вагондарын реттік санауда қолдануға болады. Содан кейін дәптермен жұмыс істеуге көшіңіз.

3. Түсіндіру: Сұрақ - жауап: №1 тапсырма. «Вагондардың ретін ата. Кімнің артында кім тұрғанын айт». Тапсырманы ойын-жаттығулармен толықтыруға болады. Балаларға мынадай тапсырма беру:

- Вагонды жасыр, бірақ балаларға нешінші екенін айтпа. Балалар қай вагон екенін табу үшін сұрақтар қояды. Басқа балалар сұрақ қояды:

- Сенің вагоның бірінші ме? (Жоқ, иә). Сенің вагоның қызыл ма? Онда ит отыр ма?

4.Өзіндік жұмыс: №2 тапсырма. Түсі әртүрлі 1-5 дана шеңбер, шаршы, кесінді, үшбұрыш салынған. Тапсырма: Фигуралардың неше тұрі болса, сонша таяқша сал. Қай фигуралар тең екенін анықта. Суретте түсі бірдей фигуралар саны қанша болса, сонша таяқша салу.

Сергіту жаттығуы.

Жаздық, жаздық, көп жаздық,

Шаршады біздің саусақтар.

Бір, екі, үш

Демаламыз, жинап күш.

№3 тапсырма. №2 тапсырмадағыдай сызықшалардың көмегімен санын жазу. Неше көк, сары, жасыл моншақ бар. Моншақты жіпке өткізу ретін ата, тізу кезінде жіпке неше және түсі қандай моншақ өткізгеніңді сана, мәселен, бір жасыл моншақ өткізгеннен кейін, екі көк моншақты бояуға да болады.

№4 тапсырма. Қарапайым математика ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ Бұл тапсырма бізге бұрыннан таныс. Балалармен фигуралардың белгілері мен қасиеттерін тағы қайталау. Бұл жаттығуда балалар объектілердің ұқсастығын табады. Шартты белгінің (жапсырмалар) көмегімен олардың ұқсас белгісін көрсету. Фигуралар пішіні, түсі, көлемі жағынан ерекшеленеді.





5.Қорыту: Ауызша санау,1-ден 5-ке дейін тура санау,кері санау.

Жеке балаларға санату,Сабаққа белсене қатысқан балаларды бағалау,мадақтау, Сабақ ұнады ма? Ой бөлісу.



.











Сандық қатынастарды меңгерту, артық және кем санды анықтауды түрлі анализаторларды, яғни дыбыс, қозғалысты санау, сипау арқылы заттарды санау жаттығуларын қатыстырумен ұштастырылады. Мәселен, балалар неше дыбыс естісе, сонша ойыншықты санап шығарады, неше рет қол көтерсе, сонша шеңбер бар карточканы табады немесе карточкада неше шеңбер болса, сонша рет отырып, тұрады. Олар карточкаға қадалған түймелерді сипап көру арқылы санап, неше түйме болса сонша рет немесе 1 рет артық (кем) шапалақтайды. Мысалы: «Сымбат 1 рет артық (кем) шапалақтаса, карточкасында неше түйме барын тап. Неше жалау екенін сана. Жалау санынан 1 қимылды артық (кем) жасау үшін неше рет қол көтеру керек екенін ойланыңдар».

Түрлі анализаторларды қатыстыра отырып, жиын санының теңдігін немесе теңсіздігін құруға арналған жаттығулар әр сабақта кездеседі.

Реттік санау. Жоғары топта балалар реттік санаумен танысты. Алайда 6 жастағы балалардың көбісі реттік және есептік санауды ажырата алмайтынын, олардың мөнін түсінбейтінін тәжірибе көрсетті.

Мектепке даярлық тобында реттік санауға үлкен көңіл бөлу керек. Балалардың реттік сан қай жағдайда қолданылатыны, қай кезде және қандай мақсатта нөмірлеуге (үй, пәтер, балабақша, театрдағы, кинодағы, көліктегі орын, т.б. нөмірленеді) жүгіну керектігі туралы түсініктері кеңейтіледі.

6 жастағы балалар реттік санаудың мағынасын толық түсіне бастайды және қайсысы? нешіншісі? деген сұрақтар мұқият қайта санауды талап ететінін меңгереді. Әр заттың қатарда өз нөмірі болады және қай орында? немесе реті бойынша қайсысы? деген сұрақтарға жауап беру үшін санаудың айтарлықтай маңызы бар. Балалар реттік нөмірді анықтау кезінде сол жақтан оң жаққа қарай санау қажеттігін біледі, ал кей жағдайларда санау қай бағытта жүргізілгені көрсетіледі (жоғарыдан төртінші, төменнен бесінші, оң жақтан үшінші).

Балалар реттік санаудың мәнін жақсы түйсіну үшін, неше? реті бойынша нешінші? деген сұрақтарды кезек қоя отырып, оны есептік санаумен үнемі салыстырады,

Балалар нешінші? қайсысы? қандай? деген сұрақтарды ажыратып үйренуді жалғастырады. Соңғы сұрақ объектінің сапалық белгісіне қарай айыруға бағытталған. Балалар реттік санауға жаттығу барысында қандай тапсырмалар орындайды?

Басқа заттар арасынан заттың орнын анықтайды. («Барлығы неше жалау? Көк жалау нешінші тұр? Сегізінші жалаудың түсі қандай?»). Түрлі тапсырмалар орындау барысында затты реттік нөмірі бойынша табады. (Төртінші матрешканың орнына қуыршақты қойыңдар. Алтыншы көк шеңберді қызылмен ауыстырыңдар. Үшінші шаршыны екінші жағымен жоғары қаратып қойыңдар. Жалауларды екінші, төртінші және алтыншы тұрған балаларға беріңдер»).

Балалар заттарды аталған тәртіппен орналастыра отырып, олардың арасындағы кеңістіктік қатынасты айқындайды: алдында, кейін, артында, арасында. Тапсырма: «Ойыншықтарды бірінші матрешка, екінші қоян, үшінші аю болатындай орналастырыңдар. Қуыршақты екінші және үшінші нөмірлер арасына қойыңдар...». «Қуыршақ нешінші тұр? Аю ше? Барлығы неше ойыншық? Қоянның алдында не тұр? Қоян реті бойынша нешінші?» деген сұрақтар қойылады.

Бір қатарға орналасқан заттардың 2 жиыны салыстырылады. «Неше шырша? Шыршалар нешінші орында тұр? Неше қайың бар? Олар нешінші орында тұр? Шырша көп пе, әлде қайың ағашы көп пе?» деген сұрақтарға жауап береді.

Заттар мен геометриялық фигуралар салып, оларды белгіленген тәртіппен түрлі түсті қарындаштармен бояйды («Көк қарындашпен екінші, жетінші, сегізінші шеңберді бояңдар»).

Балалар қатарға тұрып, тәрбиешінің нұсқауымен орындарын ауыстырады. Мысалы, 4-5 бала тақта алдына шығады, бір-бірінің артына тұрады, санайды, қолдарын көтереді, шапалақтайды, отырады. Қатарда тұрған балалар орын ауыстырады. Балалардың біріне орнынан тұрып, үшінші және төртінші нөмірлердің арасына тұру тапсырылады. Жаттығу барысында балалар алдында, артында, екі баланың арасында кім тұрғанын анықтап, реттік қатынастарды ажыратып үйренеді.

Доппен ойын жүргізіледі. Балалар қатарға тұрады да, санап шығады. Жүргізуші кімге доп лақтырса, сол адам реттік нөмірін айтады. Реттік нөмірді жүргізуші атауға да болады. Мысалы, ол «алтыншы» деп айтқанда, алтыншы тұрған бала бір қадам алға аттап, «Мен алтыншы!» деп жауап береді де, допты қағып алады.

Мақсаты: 5-ке дейінгі реттік және есептік санауды бекіту, заттарды топқа бөліп үйрену, геометриялық фигураларды қайталау.

Ауызша жұмыс. Сандық және реттік санауды ұйымдастыруға арналған үлестірмелі материалды пайдалану. Көп қабатты үй, пойыз вагондарын және т.б. реттік санауда қолдануға болады. Содан кейін дәптермен жұмыс істеуге көшіңіз.

№1 тапсырма. «Вагондардың ретін ата. Кімнің артында кім тұрғанын айт». Тапсырманы ойын-жаттығулармен толықтыруға болады. Мұғалім балаларға мынадай тапсырма береді:

- Вагонды жасыр, бірақ балаларға нешінші екенін айтпа. Балалар қай вагон екенін табу үшін сұрақтар қояды. Басқа балалар сұрақ қояды:

- Сенің вагоның бірінші ме? (Жоқ, иә). Сенің вагоның қызыл ма? Онда ит отыр ма?

Осы сияқты сұрақтар қою арқылы балалар жасырылған вагонды табуға тырысады.

№2 тапсырма. Түсі әртүрлі 1-5 дана шеңбер, шаршы, кесінді, үшбұрыш салынған. Тапсырма: Фигуралардың неше тұрі болса, сонша таяқша сал. Қай фигуралар тең екенін анықта. Суретте түсі бірдей фигуралар саны қанша болса, сонша таяқша сал.

Сергіту жаттығуы.

Жаздық, жаздық, көп жаздық,

Шаршады біздің саусақтар.

Бір, екі, үш

Демаламыз, жинап күш.

№3 тапсырма. №2 тапсырмадағыдай сызықшалардың көмегімен санын жаз. Неше көк, сары, жасыл моншақ бар. Моншақты жіпке өткізу ретін ата, тізу кезінде жіпке неше және түсі қандай моншақ өткізгеніңді сана, мәселен, бір жасыл моншақ өткізгеннен кейін, екі көк моншақ және т.б. бояуға да болады.

№4 тапсырма. Қарапайым математика ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ Бұл тапсырма бізге бұрыннан таныс. Балалармен фигуралардың белгілері мен қасиеттерін тағы қайталау. Бұл жаттығуда балалар объектілердің ұқсастығын табады. Шартты белгінің (жапсырмалар) көмегімен олардың ұқсас белгісін көрсету. Фигуралар пішіні, түсі, көлемі жағынан ерекшеленеді.

30



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал