7

  • Учителю
  • Көркем әдебиеттен Тақырыбы ертегілер әлеміне саяхат

Көркем әдебиеттен Тақырыбы ертегілер әлеміне саяхат

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ертегілер әлеміне саяхат

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Тобы: ІІ сәбилер тобы.

Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық»

Оқу іс - әрекеті: Көркем әдебиет

Мақсаты: Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Суретке көңіл қойып мазмұнын түсіне білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл - қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға дағдыландыру, есте сақтау қабілетін дамыту.

Ермексазбен жұмыс істеуге үйрету, конструктордан өз еріктерімен жұмыс істеуге пысықтау. Достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Құрал - жабдықтары: «Шалқан» ертегісіне арналған костюмдер, «Шалқан» муляжі, ертегі мазмұнына сәйкес сурет - таблицалар, Шұбар тауық муляжі, ертегі мазмұнына сәйкес сурет - таблицалар, «Үйшік» ертегісінің мазмұнына сәйкес сурет - таблицалар, Аю костюмы, магнитті тақта, үнтаспа.

Әдіс - тәсілдер: ертегі айту, сахналау, сұрақ - жауап.

1. Балаларды ынталандырып, сезімдерін ояту мақсатында сабақ Шаттық шеңберінен басталады.:

Күн шығыпты, алақай,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң! Қайырлы таң!

Күліп шықты күн бүгін.

Сәлеметсіз бе?

Бәріміз күндей жарқырайық,

Бәріміз тату болайық!

- Достығымыз жарассын,- деп келген қонақтармен амандасайық.(Балалар өлең жолдарын қайталап келген қонақтармен амандасады.)

- Бүгін бізде өзгеше сабақ болады, біз сыйқырлы поезға отырып барлығымыз Ертегілер еліне аттанайық.(балалар бір - бірінің иығынан ұстап, А. Қалаубаеваның орындауындағы «Ертегілер» әнінің ырғағымен поезд болып қозғалады.)чух-чух-чух

- І аялдамаға келдік - қане, мына аялдамадағы суреттерге қарап аялдаманың атын тауып көрейікші? (Магнитті тақтаға бекітілген ертегі кейіпкерлерінің суреттеріне қарап отырып балалар «Шалқан» ертегісі деп жауап береді.

- Қане, балалар, біз «Шалқан»ертегісін есімізге түсірейік. (Балалар жарты шеңбер құрып отырады. Ертегі кейіпкерлерінің костюмдерін киген балалар ертегіні сахналайды.)

- Ал, енді саяхатымызды жалғастырайық.

ІІ - аялдама - мына жерде қызық суреттер ілініп тұр, балалар. Қане, қарайықшы, бұл қандай ертегі? Суретте не бейнеленген? (Қабырғадағы суреттерге қарап, балалар бұл «Үйшік» ертегісі екенін айтады.

Сұрақ - жауап: - Үйшікке бірінші болып кім келді? Тағы кімдер келді? Үйшікте барлығы нешеу болып тұра бастады? 4 - ші болып кім келді? Соңынан кім келді? Аю не деді?

Ғажайып сәт: Есік қағылып, аю келеді, жылап тұр.(Аю костюміндегі бала)

- Аю, саған не болды? Неге жылап тұрсың?

Аю үйшіктің құлап қалғанын айтып, балалардан үйшікті құрастыруға көмектесуді сұрайды.

- Аюға көмектесеміз бе, балалар? (Балалар «иә» деп жауап береді.

- Олай болса, алдымен аюды көңілдендіріп алайық, иә, балалар?

Сергіту сәті: - Қорбаңдаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп - теріп алайық,

Қалтамызға салайық.(Балалар тиісті қимылдар жасайды)

- Аю, сен бізбен бірге саяхатқа жүр. Біз саған келесі аялдамаға барғанда үйшігіңді құрастыруға көмектесеміз.

ІІІ аялдама: - Магнитті тақта бұрышында орналасқан Шұбар тауықтың муляжі, тақтада сурет - таблицалар.- Балалар, мынау не? (тауық)

- Қандай тауық? ( балалар шұбар тауық деп жауап береді)

- Олай болса, бұл қандай ертегі? ( «Шұбар тауық» ертегісі)

Үнтаспадан Шұбар тауықтың дауысы: - Саламатсыңдар ма, балалар? Сендер мына суреттерге қарап ертегіні айтып бере аласыңдар ма? (Балалар суреттер арқылы ертегіні еске түсіреді)

- Енді сендерге өтініш: менің балапандарымның қарындары ашып қалыпты, соларға арнап тары дайындап бересіңдер ме? (балалар жарыса «иә»деп жауап береді)

- Қане, балалар, бәріміз бірігіп аюға үйшік құрастыруға, шұбар тауықтың балапандарына тары дайындауға көмектесеміз бе? (Балалар екі топқа бөлініп, ұлдар құрастырмалы ойыншықтардан аюдың үйшігін құрастыруға, қыздар ермексаздан шұбар тауықтың балапандарына тары дайындауға көмектеседі.

Риза болған аю мен тауық балаларға алғыстарын айтады.

Балалар поездарына мініп, көңілді әуенмен топтарына қайтады.

VI Сюрприз. Бауырсақ секіріп топқа кіреді.

Балалардан сұрайды:

- Мен кіммін?

- Мен кімнен қаштым?

Балалар: Сен бауырсақсын, атадан, әжеден, қояннан, қасқырдан, аюдан қаштын.

Тәрбиеші: Ал сені түлкі жеп қоймады ма?

Бауырсақ: Мен оны алдадым, түлкінің тұмсығына отырмадым деп айтып береді. Сіздің балаларыңыз өте ақылды екен, олар маған қайда барғандарын айтып бере алады ма? Сендер не көрдіңдер, не істедіңдер? Егер сендер маған толық жауап берсендер, мен сендерге сыйлық беремін.

Балалардың жауабы:

- Біз сиқырлы пойызға отырдық.

- Ертегілер еліне саяхатқа бардық.

- «Шұбар тауық», «Шалқан», «Үйшік» ертегісін еске түсірдік.

- Шұбар тауыққа тары жасадық, Аюға үйшік жасадық, сергіту сәтін

орындадық, қайтадан топқа келдік.

Бауырсақ: Мен өз ертегіме барайын, ал есіктің артында сендерге сыйлығым бар, ол сендерді күтіп тұр.

- Саяхатымыз ұнады ма? (Балалар ұнағандығын айтты)

Күтілетін нәтиже:

Білу: Суретке қарап мазмұнын айта білу.

Меңгеру: Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл - қозғалысын ойнап келтірді. Ермексазбен, конструктордан өз еріктерімен жұмыс дағдыларын көрсетті.

Істей алу: Сөздерді анық айтып, есте сақтау қабілеттерін дамытты.

Көрсете білуі: ертегіге еніп, қиялдауды үйренеді

Бала тәрбиесі отбасынан басталады

1".... Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі..."(Әл - Фараби) - дегендей балаға әуелі білімнен бұрын, тәрбие берілуі тиіс.

Балаға анықтама беретін болсақ

Бала - жасы кәмелетке толмаған, жан - жақты тәрбиені қажет ететін, болашағынан көп үміт күттіретін жеке тұлға олай болса, балаға тәрбие берушілер

Бала:

Жанұя, ата - ана

Ортасы, жолдастар

Мектеп мұғалім

Осының ішінде бүгін ата - ана, жанұя тәрбиесіне тоқталып өтсек.

«Адамның бір қызығы бала деген» Абай айтқандай, бала адамның да өмірдің де қызығы. Ата - ана - тәрбие өнегесі, сондықтан, мынадай қазақ мақал мәтелдері ертеден жатталып, айтылып келеді.

«Ата көрген - оқ жонар,

Ана көрген - тон пішер,

Баланың ұяты - әкеге,

Қыздың ұяты - шешеге»

Баласының келешегін ойлаған ата - ана өз мекенін ауыстыруға дейін барып жатады.

«Ұлың жақсы болсын десең, ұлы жақсымен көрші бол, қызың жақсы болсын десең, қызы жақсымен көрші бол» деген өнегелі сөз де содан шықса керек.

Бала тәрбиесі туралы сөз ете қалғанда «Алты айлық баласын тәрбиешіге әкелген ата - анаға, сіз балаңыздың 1, 5 жыл тәрбиесін өткізіп алдыңыз, баланы іштен тәрбиелеу керек» деген еврей халқының мысалын келтіріп жатамыз.

Бала тәрбиесі - қиын да күрделі процесс. Біз баламыздың тәрбиелі де өнегелі болып өсіп, өз қатарының алды болғанын қалаймыз. Бірақ баламызды осы мақсаттарға сай тәрбиелеу үшін үлкен еңбек, күш - жігер қажет екенін бәріміз білсек те, мойнымыз жар беріп, бала тәрбиесімен айналыса бермейміз. Кейін баламыз есейген сәтте, «сен маған тартпағансың, мынаны олай істемедің, ананы бұлай істемедің, ештеңеге қырсызсың» деп кінәлап жатамыз.

Еліміздің көркейіп, өркениетті елдің қатарына қосылып, халықаралық деңгейге шығуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді.

Шығыс ғұламасының бірі болып саналатын Жүсіп Баласағұнның дастандарында отбасы тәрбиесі көп айтылады.

Мемлекеттің беріктігі тек ел билеуші қайраткерлерге әділ заңға, күшті әскерге ғана емес, әр отбасының беріктігіне байланысты екендігін сипаттайды.

Оның ойынша: отбасы беріктігі жаңа жар таңдаудан басталады және өнегелі отбасында ғана өнегелі ұрпақ тәрбиеленеді.

Елбасы Н. Назарбаев «Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады» баяндамасында отбасының беріктігі, жұбайлардың бір - біріне, ең бастысы, балаларының алдындағы жауапкершілігі де көп нәрсеге байланысты. Ата - аналар балаларына, ал балалары ата - аналарына қамқор болуға тиісті деп атап өткен.

ҚР - ның Конститутциясы да «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата - ананың құқығы әрі парызы деп көрсетілген».

Баяндама

Тәрбие отбасынан басталады

X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал