- Учителю
- Ауылда. Үй жануарлары мен үй құстары.
Ауылда. Үй жануарлары мен үй құстары.
Бөлімі: Сауат ашу және жазу
Тақырыбы: Ауылда. Үй жануарлары мен үй құстары. 8 - бет
Мақсаты : әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын толықтыру, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, ойлау қабілетін дамыту. Ауыл туралы түсінік беру. Үй құстары (балапандары) мен жануарларына (төлдеріне) қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сөздік жұмысы: қармақ, күбі.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: суреттер.
Қостілділік компонент: үй - дом, жануарлары - животные, құстары - птицы.Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1.Балалар шаттық шеңберінде дөңгелене тұрып, төмендегі әнді бірге қосылып айтады: Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек! Көңілді боп жүрейік!
Шаттық
шеңберін
жасайды.
Ұйымдастыру-іздестіру
2.Педагог балаларға сұрақ қояды: - Бүгін ауа райы қандай? - Айналада қандай өзгерістер бар? - Жылдың қай мезгілі? - Жазғы демалысты қайда өткіздіңдер? - Ауыл сендерге ұнайды ма?
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Н. Қадырбаевтың «Ауыл» әңгімесін немесе басқа ауыл туралы әңгімені оқып беру. Әңгіменің мазмұнын ашу қойылатын сұрақтар:
- Бейбарыс пен Шолпан жазғы демалыстарын қайда өткізді?
- Бейбарыс кімнің қасында болды? - Атасымен бірге не істеді?
- Шолпан кімнің қасында болды? - Әжесі екеуі не істеді?
- Бейбарыс көрші балалармен қайда барды? - Шолпан әжесі екеуі қайда барды? - Шолпанның әжесі тамақты қалай пісіреді екен? - Шолпан қайда кетті? - Бейбарыс ше?
2. Сергіту сәті: Атамның алып күрегін, Ауланың қарын күредім.
Әжеме құдықтан су әкеліп беремін, Еденді де жуамын, шаң-тозаңын сүртемін.
3. Дәптермен жұмыс.8-9 беттердегі суреттер бойынша «Үй жануарлары мен үй құстары» деген тақырыпта әңгіме құрастыру. Тірек сөздер: күркетауық, тауық, қаз, үйрек, балапан, қой, қозы, ешкі, лақ, жылқы, құлын, сиыр, бұзау, түйе, бота.
4. Үзік сызықтарды қосып, әтеш пен есектің суреттерін салу, бояу. Тауықтың балапаны мен үйректің балапанын штрихтау, қойдың жолын қосып сызу (8-9 беттер).
5. «Айырмашылығын тап» дидактикалық ойыны. Ойын шарты: үй жануарларының суреттері және жабайы аңдардың суреттері берілген. Балалар суреттерге қарап үй жануарлары мен жабайы аңдардың айырмашылығын табу керек.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Әңгімені тыңдайды.
Қимылмен көрсету.
8-9 беттегі суреттерді әңгімелейді.
Үзік сызықтарды қосады.
Ойынды ойнайды.
Рефлексивті-түзетушілік
ІІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту. Сұрақ-жауап, көрнекі және түсіндіру әдістері арқылы сабақта алған білімдерін пысықтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:ауыл туралы түсінік беру. Үй құстары (балапандары) мен жануарларына (төлдеріне) қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Қандай түсініктерді игерді:әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын толықтыру,
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, ойлау қабілетін дамыту. Жазуға қолдарын жаттықтыру