7


  • Учителю
  • Сүйікті менің қошақаным (Технологиялық карта)

Сүйікті менің қошақаным (Технологиялық карта)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Келісілді. Әдіскер____________________

«Балдырған» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным Өткізілген уақыты:

Бөлімі: Құрастыру.

Тақырыбы: «Қошақан»

Мақсаты: Білімділік: Үй жануарлары жайлы білімдерін толықтыру, қошақанды жолақ қағаздармен жасауға үйрету.

Дамытушылық: Қолдарының ұсақ қимылдарын, зейінің дамыту.

Тәрбиелік: Өз бетінше шешім қабылдауға, ынталылыққа үйрету.

Алдын -ала жүргізілетін жұмыстар:Үй жануарларымен таныстыру, қошақанның суретін көрсету.

Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, баяндау, көрсете отырып түсіндіру.

Қажетті құрал -жабдықтар:

Сөздік жұмыс:Қошақан.

Қостілділік компонент : қошақан-ягненок.

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі





Жылулық шеңберіне жиналу.

Мына сұлу әлемде

Адам өмір сүреді

Үлкен менен кішіге

Күн сәулесін төгеді.

Балалар, менің сендерге жұмбақ жасырғым келіп отыр. Жұмбақ шешуге дайынсындар ма?

Ендеше мұқият тындаңдар.

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

-Дұрыс айтасыңдар. Жұмбақтың шешуі қой. Балалар, қойдың төлін қалай атайды?

Балалар жылулық шеңберіне тұрып, өздері білетін өлең жолдарын айтады.





Ия, біз жұмбақ шешуге дайынбыз.

Жұмбақтың жауабы:

Қой

Қойдың төлін -қошақан деп атайды.

Ұйымдастырушылық

-ізденушілік.







Балалар, мен сендерге қошақан туралы өлең оқып беремін.

Момақаным маймағым,

Келмейді әлі ойнағың.

Қалтырайсың үйде де,

Қошақаным қайда әлің?

Қошақандарды қайдан көрдіңдер? Топқа ойыншық қошақан қонаққа келеді, ол бір өзіне көңілсіз болып жүргенін айтып балалардан: «Сендер басқа қошақанды көрдіңдер ме?»-деп сұрайды. Балалар, біз қошақанға дос тауып беруге көмектесейік, ол үшін біз оларды өзіміз жасап көрейік.Алдымен жасалу жолымен танысайық. Қағазға салынған қошақанның суреттерін таратып беріп, не жетіспейтінің сұрау.

-қошақандардың бұйра жүндерін жасау керек.

-ол үшін жолақ қағаздарды алып қарындашқа орап, ширатып алып, оны қошақанның суретіндегі орынға желімдейміз.

-осылайша қошақанның барлық бұйра жүндерін жасап, шөптер, гүлдер мен толықтырылып әшекейлейді;

-балаларға жолақ қағазды қарындашқа орауға көмектесіп, оны желімдеуге бағыт беремін;

- дайын болған қошақандарғашөп беріп, су беріп, оған қалай қамқорлық жасайтындарын сұрап қорытындылаймын.

Сергіту сәті

Оң қолымды көтерем,

Оң қолымды түсірем.

Сол қолымды көтерем,

Сол қолымды түсірем

Оңға қараймын,

Аяқты топ-топ басамын,

Солға қараймын

Біраз сергіп аламын.

Балалар, енді дайын болған достарын қошақанға берейік.

Балаларға риза болған қошақан қуанып қоштасады.

-Сау болыңдар, балалар!



Өлеңді мұқият тыңдайды.











Қошақандар туралы білетіндерін әңгімелеп береді.













Қошақанның бұйра жүндері жетіспейді.

-жолақ қағаздар қияды;

-қиылған қағаздарды қарындашқа орайды, оны суретте белгіленген жерге жапсырады.













Балалар жұмысты қызыға орындайды.









Балалар сергіту сәтін қимылмен орындайды.





Балалар қошақанға өздері жасаған қошақандарын береді.

Сау болыңыз!

Іс - әрекетін бағалау кезеңі



-Балалар, біз бүгін не жасадық?

-Сендер қошақанның бұйра жүндерін неден жасадыңдар?

-Сендерге ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ұнады ма?

-Біз қошақан жасадық.

-Қошақанның бұйра жүндерін жолақ қағазбен жасадық.

-Ия, ұнады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі:қошақандар жайында қарапайым түсініктермен танысады;

Игерді:бұйра жүнді қошақандарды жасаудың әдіс-тәсілдерін;

Меңгереді:жолақ қағаздарды қиюды және оны қарындашқа орауды.





Тәрбиеші: Утепова С.А.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал