7


  • Учителю
  • Ертеңгілік. Тақырыбы: Жігіт сұлтаны - 2016 жыл.

Ертеңгілік. Тақырыбы: Жігіт сұлтаны - 2016 жыл.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жігіт сұлтаны байқауы мерекесіне арналған сценарий



«Жігіт сұлтаны» байқауының үміткерлері 6 ұл бала қатысады.

Мақсаты: Ер балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді, өнерді, білімді сыртқа шығару. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Өзара мәдениетті сөйлеуге баулу. Әдептілікке үйрету.



I -жүргізуші:Сәлеметсіздер ме!!! Құрметті қонақтар, ата-аналар, балалар, баршаңызды бүгінгі мейрамдарыңызбен құттықтаймыз! Құттықтай отырып «Жігіт сұлтаны» атты мерекелік іс-шарамызға қош келдіңіздер!

II-жүргізуші:

Уа, халайық, халайық,

Бар өнерге салайық.

Бүгінгі сайыс төрінде,

Барымызды салайық.

Армысыздар құрметті қонақтар, ата - аналар, әріптестер, балалар! «Жігіт сұлтаны» сайысымызға қош келдіңіздер!

I -жүргізуші:

Әділқазы береді

Өздеріңе билікті

Өнерде кім жеңеді

Алады сол сыйлықты, - деп ең алдымен сіздерді әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтейік:

II-жүргізуші:Бүгінгі байқауға әділ баға беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.«Бәйтерек» балалар бақшасының шаруашылық жөніндегі орынбасары: Дакарева Құралай

2.«Бәйтерек» балалар бақшасының I-кіші топ тәрбиешісі: Жөнделбаева Баян

3.«Бәйтерек» балалар бақшасының ағылшын пәні мұғалімі: Асанова Захидам

4.«Бәйтерек» балалар бақшасының II-кіші топ тәрбиешісі: Тайтаразова Айдана

I -жүргізуші:

Сайысымызды бастамас бұрын 6 кезеңмен таныстырып өтейік:

1.«Сәлем - сөздің атасы». Таныстыру.

2 «Талантты болу - тәңірден». Өнер сайысы.

3. «Білімді мыңды жығады». Тапқырлар сайысы.

4. «Мергендер» сайысы. Асық ойыны.

5. «Тәуелсіздікке 25 жыл» тақырыбына арналған лирикалық өлең жарыс.

6. Үй тапсырмасы. Ата аналардың қатысуымен.Қол өнері.

II-жүргізуші:

Ал енді қонақтар сайысты біз бастайық,

Сайыста көңіл менен қол соғайық.

Ұмытарсыз бүгін, Сіздер шаршағанды, - дей отыра сахнаға «Жігіт сұлтаны» атына лайықпын деп үміт артқан сұлтандарды шақырайық.



I -жүргізуші:

Музыка ойналады «Біздің жігітер» әні.

1.«Раушан» тобының Алғыр жігітіміз Батырқан Қанағат!

2.«Өркен» тобының Мейірімді жігітіміз Болат Думан!

3.«Әдемі» тобының Шырайлы жігітіміз Ержанұлы Арман!

4.«Алтын-ай» тобының Салмақты жігітіміз Сатыбалды Ерсұлтан!

5.«Балдәурен» тобының Мықты жігітіміз Ақынұлы Ақжол!

6.«Балапан» тобының Өнерлі жігітіміз Нұрдаулет Мейір!



II-жүргізуші:Сайыс алдында жақсы тілек білдірейік дей келе,Темиркулов Азаматтан бата алайық.

БАТА





I-жүргізуші:

Сайыскерлерімізді құрметпен дайындық залына шығарып салайық.





II-жүргізуші:

Ақыл - көрік бойларында жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді.

Мына отырған баршыңызды өзімен

Тез арада таныстырып өтеді - деп, cайысымыздың бірінші кезеңі«Сәлем - сөздің атасы». Таныстыру деп аталады.





1.«Раушан» тобы Батырқан Қанағат!

2.«Өркен» тобы Болат Думан!

3.«Әдемі» тобы Ержанұлы Арман!

4.«Алтын-ай» тобы Сатыбалды Ерсұлтан!

5.«Балдәурен» тобы Ақанұлы Ақжол!

6.«Балапан» тобы Нұрдаулет Мейір!





I-жүргізуші:«Таныстыру кезеңіне» әділ баға берулеріңізді сұраймыз.....

55555

II -жүргізуші:

Таныс болдық жігіттер өзіменен,

Туып өскен мекені, еліменен.

Бәрі әрі ақын, әрі әнші,

Таныстырып кетті ғой тегіменен.

Парасатты ер жігіт,

Ақылына сай жігіт.

Өнеріңді өркендет,

Тең келеді қай жігіт?

Жұрт қарасын қызығып, - дей отырып, сайысымыздың екінші кезеңі «Талантты болу - тәңірден». Өнер сайысына береміз.





1.«Раушан» тобын Батырқан Қанағат!«Жорға» биі.

2.«Өркен» тобы Болат Думан!«Ерке ұл» әні.

3.«Әдемі» тобы Ержанұлы Арман! «Шап-Шап боз бала» биі.

4.«Алтын-ай» тобы Сатыбалды Ерсұлтан!«Алло» әні.

5.«Балдәурен» тобы Ақынұлы Ақжол!«Каратэ».

6.«Балапан» тобы Нұрдаулет Мейір!Заманауи «Лока-лока» биі.





I-жүргізуші:«Өнер сайысына» әділ баға берулеріңізді сұраймыз.....

5555

II-жүргізуші:

Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,

Келді кезек тапқырлықты танытар

Бұл сыннан өтсең егер сүйінші

Жүлде сенде, қуана бер күлімде - деп, үшінші кезеңіміз «Білімді мыңды жығады. Тапқырлар сайысына кезек береміз.7 минут уақыт береміз.

Ойын шарты: балалар үстел үстінде қағаз берілген. Сол қағазда бір сурет бейнеленген қалған тор көздер бос, сол бос тор көздерге сендер берілген тапсырманы орындайсыңдар. Мысалы: ағаштың суретін бейнеленген, ағашымыз өсу үшін ең алдымен - су қажет.





I-жүргізуші:«Тапқырлар сайысына» әділ баға берулеріңізді сұраймыз...

5555

1.«Раушан» тобыБатырқан Қанағат!

2.«Өркен» тобыБолат Думан!

3.«Әдемі» тобы Ержанұлы Арман!

4.«Алтын-ай» тобыСатыбалды Ерсұлтан!

5.«Балдәурен» Ақынұлы Ақжол!

6.«Балапан» тобы Нұрдаулет Мейір!





II-жүргізуші: «Мергендер» сайысы. Асық ойыны.

Қазақ халқының ұлттық ойындар қатарында асықтардың алатын орны ерекше. Асық ойындары ерте кездең бері, кішкентай бүлдіршіндердің сүйіп ойнайтын ойындар қатарына жатады- дей келе,«Мергендер» сайысы. Асық ойынын тамашалаңыздар.



I -жүргізуші:Біздің келесі тапсырмамыз жігіттердің дәлдігін, яғни мергендігін білу үшін «Асық ойын» ойнаймыз. Ойын шарты: 1 асыққа 5 ұпай және 3 мүмкіндік беріледі.Ортаға ....

1.«Раушан» тобы Батырқан Қанағат!

2.«Өркен» тобы Болат Думан!

3.«Әдемі» тобы Ержанұлы Арман!

4.«Алтын-ай» тобы Сатыбалды Ерсұлтан!

5.«Балдәурен» тобы Ақынұлы Ақжол!

6.«Балапан» тобы Нұрдаулет Мейір!





II-жүргізуші:«Мергендер» сайысына әділ баға берулеріңізді сұраймыз.....

5555

I-жүргізуші:



Жеткен арман - жаса Тәуелсіздігім,

Өз қолыма берген, ерлік тізгінін.

Ие болған әлем ілтипатына,

Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін - дей келе, Бесінші сайысымыз «Тәуелсіздікке 25 жыл» тақырыбына арналған лирикалық өлеңжолдарын тыңдайық.

1.«Раушан» тобы Батырқан Қанағат!

2.«Өркен» тобы Болат Думан!

3.«Әдемі» тобы Ержанұлы Арман!

4.«Алтын-ай» тобы Сатыбалды Ерсұлтан!

5.«Балдәурен» тобы Ақынұлы Ақжол!

6.«Балапан» тобы Нұрдаулет Мейір!





II-жүргізуші:Сайысымыздың V-кезеңі «Лирикалық өлең жолдарына» әділ баға берулеріңізді сұраймыз.....

5555

1.«Раушан» тобы Батырқан Қанағат!

2.«Өркен» тобы Болат Думан!

3.«Әдемі» тобы Ержанұлы Арман!

4.«Алтын-ай» тобы Сатыбалды Ерсұлтан!

5.«Балдәурен» тобы Ақынұлы Ақжол!

6.«Балапан» тобы Нұрдаулет Мейір!









I-жүргізуші:Сайысымыздың соңғы бөлімі «Үй тапсырмасы...»

(Балалар үйден ата-анасымен өз қолдарымен жасаған бұйымдарын көрсетеді және қорғайды).

1.«Раушан» тобы Батырқан Қанағат!

2.«Өркен» тобы Болат Думан!

3.«Әдемі» тобы Ержанұлы Арман!

4.«Алтын-ай» тобы Сатыбалды Ерсұлтан!

5.«Балдәурен» тобы Ақынұлы Ақжол!

6.«Балапан» тобы Нұрдаулет Мейір!





II-жүргізуші: Үй тапсырмасы бойынша «Қол өнер» бұйымдарына әділ баға берулеріңізді сұраймыз.....

5555





I-жүргізуші:



1) Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша «Балдәурен» тобының тәрбиеленушісі Адилжан Жансеріктің орындауында «Жаяу»әні.

2) Келесі «Өркен» тобының тәрбиеленушісі Сарсенов Айбектің орындауында «Балапан» әні.



II-жүргізуші:



«Батыр болған бабамнан,

Ел қорғауды үйренген.Сұлтандарымызды ортаға шақырамыз.

1.«Раушан» тобының Алғыр жігітіміз Батырқан Қанағат!

2.«Өркен» тобының Мейірімді жігітіміз Болат Думан!

3.«Әдемі» тобының Шырайлы жігітіміз Арман!

4.«Алтын-ай» тобының Салмақты жігітіміз Сатыбалды Ерсұлтан!

5.«Балдәурен» тобының Мықты жігітіміз Ақынұлы Ақжол!

6.«Балапан» тобының Өнерлі жігітіміз Мейір!





I-жүргізуші:

Келесі кезекті әділ-қазылар алқасына береміз, жеңімпаздарымызды құттықтап, марапаттау қағазын ұсынамыз.

</ Құттықтау, марапаттау сөзі «Бәйтерек» балалар бақшасының меңгерушісі Карагулова Камшат Курманханқызына береміз.



II-жүргізуші:

Бүгін жігіттеріміз нағыз тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!

Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын! Сау болыңыздар!!!











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал