7


  • Учителю
  • Тақырыбы: Тәуелсіздік-ел тірегі балабақшаға арналған

Тақырыбы: Тәуелсіздік-ел тірегі балабақшаға арналған

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Бүлдіршіндерге еліміздің тарихы туралы түсінік беру .Рәміздерімізді қастерлеуге үйрету . Өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет – ғұрпы, салт – дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға . Ұлтжандылыққа, достыққа, саналылыққа тәрбиелеу .Патриодттық сезімдерін дамыту. Тәуелсізд
предварительный просмотр материала

«Тәуелсіздік - ел тірегі »

Мақсаты : Бүлдіршіндерге еліміздің тарихы туралы түсінік беру .Рәміздерімізді қастерлеуге үйрету . Өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет - ғұрпы, салт - дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға . Ұлтжандылыққа, достыққа, саналылыққа тәрбиелеу .

Тәрбиеші : Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды . Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдермен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біз өзіміздің Әнұранымызбен, Туымызбен , Елтаңбамызбен басқа елдерге мақтаныш етеміз.

Барша халық таныған,

Біздің үміт тілекті .

Шырқалғанда әнұран,

Шаттық кернеп жүректі .

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

Бәрі де сенің Отаның

Бойыңды биіктететін.

Рухына балап атаның

Өлгенше сүйіп өтетін.

Балалар, осы біз «Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз . Осы Отан дегеніміз не? Балалардың жауабы.

-Отан дегеніміз - адамың туып - өскен жері, туған - туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені .

Отан туралы тақпақтар :

Әмина : Отан деген - атамекен,

Отан деген - туған жер

Әбу Е. Отан - ана, Отан үлкен ,

Қазақстан - туған ел !

Қ.Айару. Отан ұран ,Отан - туым ,

Отан мәңгі гүлденеді

Асанәлі : Отан жерім , Отан - суым ,

Отан қуат, нәр береді

Ән : Астана .

-Балалар , ал еліміздің туралы не білеміз.

Тәрбиеші:Туды көрсетіп, сипаттау. Мемлекеттік туымыздың түсі көгілдір . Ол бірлік пен ашық аспанды, тыныштықты көрсетеді . Ортасындағы сәуле шашқан күн бейнесі - тыныштық пен байлықтың белгісі , астындағы қыран бүркіт қырағылықтың биіктеуін білдіреді.

Республикамыздың елтаңбасы көгілдір түсті бояудың үстінен салынған пырақ бейнесінен тұрады. Шаңырақтан күн сәулесі тәріздес уықтар тарайды . Шаңырақ пен уық біздің Отанымыздағы көптеген ұлттардың бірлігін көрсетеді Балалардың тақпағы :

Айша : Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн

Ақниет : Отанымның төрінде .

Сарқаның өрінде

Ту ұстаған астанам,

Әсем қалам, бас қалам .

Димош: Бүгінгі күні бүкіл әлем таниды,

Қазақ елін, қазақ жерін, Қазақстан.

Тәрбиеші :Осы періште балалардың тілегі қабыл болсын дей отыра бүлдіршіндеріміздің орындауында

Ән : «Отан -ана»

Тазша бала: Балалар сендер мені таныдыңдар ма? Мен кіммін ?

Балалар : Тазша бала

Тазша бала: Кім айтады ? Біздің еліміз қалай аталады?

Балалар : Қазақстан Республикасында

Тазша бала : Қай қалада тұрасыңдар ?

Балалар : Арқалық қаласында

Тазша бала : Сендер Отан Туралы тақпақтар білесіңдер ме ?

Ариза: Өзіңдікі - Елің де,

Өзіңдікі - жеріңде,

Өзіңді өзің еткен бақ

Тәуелсіздік төріңде .

Дания : Бейбітшілік әніміз,

Бауырласпыз бәріміз

Дильназ :Мен -қазақпын мың , өліп ,мың тірілген ,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен .

Жылағанда жүрегім күн тұтылып.

Қуанғанда күлкіммен күн тірілген.

Мен қазақпын ,биікпін байтақ елмін.

Қайта тудым , өмірге қайта келдім .

Мен мың да бір тірілдім ,мәнгі ,өлмеске.

</ Айта бергім келеді , айта бергім.

Тәрбиеші : Қазақ халқы өнерге бай халық, соның ішінде күмбірлеген күймен, мың бұрала би өнері ерекше .Олай болса қыздарымыздың биін тамашалаңыздар

Би : «Бомбыра»

Тәрбиеші :Олай болса балалар ұлттық ойын ойнайық .

Ұлттық ойын: Күш сынасу.

Тәрбиеші : Балалар , сендер Отан ,Қазақстан , туған жер туралы тақпақтарды өте көп біледі екенсіңдер ! Жарайсыңдар ! Ал мақал - мәтелдер білесіңдер ме, оны «Кім жылдам?» ойыны арқылы байқап көрейік . Мен мақалдардың басын айтам , сендер жалғастырып айтыңдар .

Отан -оттан да ыстық

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас

Өз елің - алтын бесігің

Отан - елдің анасы ,

Ел - ердің анасы.

Тәрбиеші Жарайсыңдар !Енді әнге кезек берейік

Ән . Біз кішкентай салдатпыз

Ойын : Мерген .

Тәрбиеші : Балалар сендер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарысыңдар . Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге , сүюге, қорғауға міндеттісіңдер . Саналы , білімді азамат болу үшін не істеу керек ?

Балалар . Еңбек етуіміз керек .

-Біздің қазіргі еңбегіміз не ?

Балалар. Оқу!

Ән : Әрқашан күн сөнбесін .

Би : «Қаражорға!»

Тәрбиеші Бүгін , міне ,Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық . Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз . Егеменді елдің болашағы - сендерсіңдер ! Сендерге зор денсаулық , көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын , күннің нұры сәулесін мол төксін деп тәрбие сағатымыз аяқталды . Сау болыңыздар !























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал