7


  • Учителю
  • Баяндама. Тақырыбы: Балабақшада бала тілін дамытудың маңызы.

Баяндама. Тақырыбы: Балабақшада бала тілін дамытудың маңызы.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Балабақшада бала тілін дамытудың маңызы



Балалардың тілін дамытудағы мақсаттары:

- Балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;

- Сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру;

- Ертегілерді әңгімелеуге, өлең, тақпақ, мақал - мәтелдер, жаңылтпаштарды айта білуге үйрету.

Осы мақсатты іске асыру нәтижесіндегі міндеттері:

- Бала тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу.

- Сөздегі грамматикалық дағдыларды қалыптастыру;

- Баланың сөздік қорын молайту;

- Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру;

- Балалардың ойын дамытып, тіл байлығын арттыру.

Балалар өз бетінше шығармаларды айтып, шығарманың мазмұны мен ойын дұрыс жеткізіп, диалогтегі адамдардың сөздерін мәнерлі жеткізуге икемделеді. Балалар автордың сөз өнерін қолданып, сөз мәнерін өздері машықтануы қажет. Серіктестері айтқан әңгімені тыңдап отыруға, мазмұнын түсінуге, әдеби кейіпкерлерін атымен айтуға үйретіледі.

Табиғи құбылыстардағы ақиқаттылықты сипаттаған кезде нақты дұрыс сөз қолдануға, үлкендердің көмегімен белгілі бір нәрсеге тиісті белгілерді табуға, нақты бейнелеуге, әңгімеде ой - өрісін жеткізуге үйрету керек.

Балалардың сипаттау әңгімелері түрлі сөз мәнерінде сонымен қоса тілдік (метафора, теңеу, эпитет, балама қолдануда) сөз өнері өзіндік ерекшелігін ашу қажет. Ойыншықтарды қолданып, суретке қарап әңгіме құрастырады. Баланың өзі құрастырған әңгімесінде жанрдың негізгі ерекшелігін таба білуінде. Сюжет ерекшеліктері мен әдеби шығармалардың мәнерлігі (ертегіні толық айтып беру). Ертегідегі жақсылықтың жеңгені, сиқырлық жайында, кейіпкерлерді басқа бір нәрсеге айналдырып, және т. б. қолдана отырып, ертегі құрастыруға үйрету.

Бұл жаста балалар шығарманы қызығушылықпен тыңдайды, әңгімелерді түрлендіре біледі. Баланы шығармашылық қабілеттілігінен туындаған әңгімелеріне көңіл аударып, құрдастарының әңгімелерін тыңдауға бейімдеп, қиыншылық тудырған жағдайды, қол ұшын беріп, дұрыс емес жеріне түзету енгізе керек.

Бала тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны - сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгертуге көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, қоршаған орта мен айналасындағы адамдармен еркін қарым - қатынасқа түсу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.

Тіл мәдениетін игеру - баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін кезең. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.

Балабақшада тілдік қатынастың ең маңызды түрі ауызша сөйлеп үйрену жатады. Ол болса сөздерді байланыстырып айту арқасында жүзеге асады. Сөздің байланысты айтылуы баланың тілдік және ақыл - ой дамуымен біртұтас жүреді.

Жас жеткіншектерді баулып, тәрбиелеуде көркем әдебиеттің ролі ұшан - теңіз. Ол жаңа өскін балауса буынының сана - сезімін оятып, ақыл - есін дамытатын, адамгершілік моральға тәрбиелейтін өмір оқулығы.

Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді өздерінің бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу педагогтардың алдындағы міндеті. Ертегі, әңгімені, өлең - тақпақтар мен жаңылтпаштарды, сондай - ақ мақал - мәтелдер мен жұмбақтарды мәнерлеп оқып беру мен әсерлеп айту - тек қана олардың сөздік құрамын байытып қана қоймайды, сонымен қатар, сәбидің ақыл - ойының жетілуіне әсерін тигізеді. Баланың әдепті, көргенді болып өсуіне ықпалы өлшеусіз, баланың Отанын, өз ұлтын, өз жерін сүюі, оны қадірлей білуі ауыз әдебиеті мен көркем әдебиеттің әсері деп білеміз. Өйткені, бала кітаптағы жағымды кейіпкерлерге еліктеп, ер атанғысы келіп, еркелікке, еңбекке құлшынып өседі.

Ежелгі қазақ әдебиеті өкілдерінің балаларға қалдырған әдеби мұрасы, Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың өлең - әңгімелері осы күнге дейін тәрбиелеу мен оқытуда, ғылым жолын танытып, өнер - білімге баулуда қастерлі қасиетін еш жойған жоқ. Жамбылдың, Сәкеннің, Жансүгіровтың, Майлиннің, Мұқановтың сондай - ақ көптеген жас жазушылардың балалар сүйсінерлік қызығып тыңдарлық жақсы шығармалары бар. Мұның бәрі, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде баға жеткісіз қазына. Әрбір тәрбиеші соларды іздестіре отырып, термелеп жинап жүрсе, өз жұмысына өте демеуші дәнекер таппақ.

Жас кезінде әңгіме, жырларды көп тыңдаған бала өз көрген - білгенін қиыстырып, тұжырымдап достарына, тәрбиешілеріне, ата - аналарына айтып бере алса, тіл шеберліктері артады. Мұндай жақсы қасиеттер баланың парасатты, инабатты, әдепті, еңбексүйгіш, көргенді болып өсуіне әсер етеді.

Мектепке дейінгі шақта бала тілі икемді келеді, сондықтан - да балалармен жүргізілетін жаттығу түрлері әр алуан. Балалардың жас ерекшелігіне қарай топтарды үлкейген сайын тіл дыбыстарын айтып, үйренуге арналған жұмыс түрлері біртіндеп күрделене береді. Балабақшада жүргізілетін тәрбие, білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері кешенді түрде іске асырылады.

Дыбыстардың ерекшеліктерін жете меңгеріп, дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру басқа да тілдерін дамыту сауат ашу оқу іс - әрекеттерінде ғана емес, ән, дене шынықтыру оқу іс - әрекеттерінде де, бос кезеңдерде де балаға өлеңдер, тақпақтар үйретіледі.

Балабақшада балалардың жас ерекшелігіне лайықты көркем әдебиет шығармаларын, оқыған шығарма мазмұнын әңгімелеп айтқызу, суретке қарап әңгімелеу, ертегілер оқып беру, мақал - мәтел, жаңылтпаш, тақпақтар үйрету сияқты жұмыстары арқылы бала тілін дамытуға болады.

Мектепке дейінгі тәрбие жұмысы жүйелі жүргізуді талап етеді. Қазіргі уақытта баланы халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу ана тілі арқылы өз дәрежесінде жүзеге асатыны белгілі. Баланы ана тілінде анық, жүйелі, өзгелерге түсінікті, мәнерлі үн ырғағымен келістіре сөйлеуге, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс жеткізуге мектепке дейінгі кезеңде үйрету керек.

Тәрбиеші әр баланың тілін зерттеп, ерекшелігін жете меңгергеннен кейін, тәрбие білім беру үрдісіне күн тәртібінің қолайлы сәттерінде дыбыстарды дұрыс дыбыстауға орай жаттығу жұмыстарын жоспарлы түрде ұйымдастырып жүргізеді.



Сөздің дыбыстық жағын меңгерту

- Бала тілін зерттеп, қай дыбысты айта алмайтынын анықтау;

- Артикуляциялық аппаратты дайындау кезеңі

- Сөз, сөйлем, өлең, жұмбақ, жаңылтпаштарды айтқызып, дыбыстарды үйрету.



Балалардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту барысында қолданылатын әдістерге тоқталатын болсақ:

1. Сахна ойындары. Оның барысында қажетті дыбысқа байланысты сөздер, сөйлемдер бірнеше рет қолданылады. әр кейіпкерді сөйлете отырып, балаларға қайталату.

2. Бағдарлама бойынша өтілетін шығармалардан тіл ұстартуға қажетті шумағын алып пайдалану. Сол шумақ қай ертегіден, қай өлеңнен алынғанын сұрап, жауабын алу арқылы тіл дамытудан игерген білім дағдыларын бекітеді, әрі қайталайды.

3. Сөздің дыбыстық жағын анық айтуға жаттықтыруда шағын әңгіме, ертегілерді мәнерлеп оқып беруге болады.

4. Көркем сөз шеберлерінің таспаға жазылған үндерін, мәнерлі дауыс ырғағын тыңдату.

5. Дидактикалық жаттығулар жасау. «Ғажайып қалта» «Не өзгерді?» үстел үстінде ойнайтын ойындарды пайдаланып, әр дыбысқа байланысты суреттерді топтап алу.

6. Жұмбақ, мақал - мәтел, жаңылтпаштарды айтқызу арқылы қажетті дыбысты бекіту.

Жұмыстың осы түрлерін баланың жас кезінен бастап дер шағында қолға алса нәтижесі де ойдағыдай болады.

Балабақшада жүргізілетін тәрбие, білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері кешенді түрде іске асырылады. Мәселен, ән оқу іс - әрекетінде музыка үнімен бала сезіміне әсер етсе, тіл дамытуда оқылған әңгіме, ертегілер, біріншіден баланың ақыл - ойын, танымын кеңейтсе, екіншіден ана тілін жақсы білуге көмектеседі.

Оқу жылының басында өз тобымда тілдері з, р, с, ш дыбыстарын айта алмайтын балаларға дыбыстарды дұрыс айтқызу мақсатында ойын - жаттығулар, тақпақтарды айтқызып үйреттім. Мысалы: «З» дыбысын бекіту мақсатында А. Райымқұлованың «ауыл маңында» өлеңін айтқызуға болады.

Ауыл маңы саз, саз - саз,

Жайылады қаз, қаз - қаз.

Тоймай қалса қаз, қаз - қаз,

Шашқан дәнің аз, аз - аз.

Дыбыстарды меңгерту барысында ассоциация әдісін қолданамын. Мысалы: «Қ» дыбысын бекіту мақсатында Қ - қарға, қолғап, қасқыр, қой, қарындаш

Ұрпақтан - ұрпаққа мұра болып келе жатқан ертегілер, мақал - мәтел, жұмбақтар, жаңылтпаш бала тілін дамытуда шешуші орын алады. Тобымдағы балаларға ертегілерді ең алдымен ауызша айтып беремін. Сонан соң айтылған ертегінің мазмұнын толық қабылдау және тіл байлықтарын арттыру мақсатымен сахналап рольдерге бөліп ойнатамын. Мысалы: «Бауырсақ» «Шалқан» «Мақта қыз бен мысық» «Алдар көсе мен тоңғақ бай» «Күз түсті» ертегілері.

Түрлі ойын - жаттығулардың бала тіліне тигізер ықпалы мол. Мысалы: «Күз түсті» ертегісін алып ойын - жаттығу ретінде өткізіп жүрмін.

«Балалар тоғайға жеміс - жидек теруге барады. Барлығының қолдарында себет бар. Олар тоғайға келе жатса, бір сиыр жатыр екен. Сиыр балаларды көріп «мө - мө - мө» деп амандасады. Содан кейін «балалар, қайда барасыңдар?» дейді.

- Балалар: - Орманға жидек теруге бара жатырмыз

Деп жауап береді.

Орманға келіп ағаштың бұтағында тоқылдақтың отырғанын байқайды. Тоқылдақ балаларды көріп «тық - тық» деп амандасады. Сонан кейін торғайлар «шиқ - шиқ» деп дыбыстайды. Қарға болса «қар - қар» дейді. Көкек те қалыспай «көкек - көкек» деп қалыспайды.

Осы тәріздес ормандағы құстар, аңдар балалармен кездеседі. «Күз түсті» ертегісінің мазмұны бойынша жүргізілетін ойын - жаттығудың мақсаты ертегі мазмұны бойынша балаларды қызықтырып, дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру. Ертегілерден басқа көркем әдеби шығармаларды балаларға оқып беріп, олардан әңгіменің мазмұнын сұраймын. Мысалы: «Екі дос пен қайыршы қария» әңгімесін оқып беріп, әңгіменің мазмұнын сұрау арқылы Венн диаграмма әдісін қолданып, балаларға Алдан мен Сауранның мінезін салыстырамын.

Халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы мақал - мәтелдер арқылы да беріледі.

Қазақты мақал - мәтелдері негізінен елдікті, ынтымақты, бірлікті, адамгершілікті, инабаттылықты қамтиды. Сондықтан, мен «Менің Қазақстаным» «Отбасы» «Менің ауылым» тақырыптарын өткенде:

• Туған жер - алтын бесік

• Өз үйім - өлең төсегім

• Отан - оттан да ыстық

Батырлық, ерлік туралы:

• Жауынмен жер көгереді, батамен ел көгереді

• Ер - елдің көркі, өсімдік жердің көркі

Білім туралы:

• Қына тасқа, білім басқа бітеді

• Көп сөйлеген білімді емес, көп білген білімді - деген мақал - мәтелдерді

пайдаланамын.

Бала тілінің дамуына жұмбақтар үлкен роль атқарады. Әр оқу іс - әрекетінің тақырыбына сәйкес жұмбақ айтудан бастаймын.

• Кешкісін маздап жанады, таң атса сөніп қалады (Жұлдыз)

• Қырманнан көрдім, ырыздығы елдің (Дән)

• Басында аппақ шәлі, етегі елдің сәні (Тау)

Халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс, айқын сөйлеуге үйрететін, тілін жаттықтыруға бейімді жанр - жаңылтпаш. Жаңылтпаш арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай дұрыс айтуға үйретеді.

• Көк кесе, көп кесе, Көп кесені әкелді кеше



Қорыта айтқанда балалардың ана тіліндегі дыбыстарды анық айтып, дұрыс сөйлей білуге балабақшада берілер тәрбиенің ықпалы зор.

Қазіргі заман талабына сай оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастыру, яғни әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді ойына, бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу, тәрбиешінің алға қойған міндеті. Айналадағы дүниені, табиғатты бақылап түсіндіріп әрдайым жаңа сөздермен, сөздік қорын толықтырып отыру қажет деп есептеймін. Жоғарыда айтылған мүмкіндіктерге сай балалардың сөйлеу қабілеттерін тереңдетіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуда айтқан әңгімесіне, өзі құрастырған қысқа әңгімелеріне бағыт - бағдар бере отырып, тіл байлығын, сөздік қорын дамытуды басты назарда ұстау керек деп ойлаймын. Баланы өз баламыздай жақсы көріп, білгенімізді олардың санасына құю, жеткізу тәрбиешінің алға қойған мақсаты. Сол мақсатқа жету үшін талмай, қажымай еңбек етуге міндетіміз.





































Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,

Қожабақы ауылы, №17 «Айгүл» мектепке дейінгі ұйымның

Әдіскер тәрбиешісі: Өндіреева Нұргүл Тыныштықбайқызы

Тақырыбы: «Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы»

Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын

бір шарт - жас күнде көрген өнеге.

Жүсіпбек Аймауытов

Қоғам үшін әр кезеңде , әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл - қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке , білімге құштар болып өсуі - ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата - ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. . отбасы - өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп, қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын.

Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметтінің мақсаты - балаланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.

- Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру.

- еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне - өзі қызмет етуге үйрету.

- Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым - қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету .

- Әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу. Бұл міндеттер жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, мектепте тәлім - тәрбие беріледі.

« Баланы жастан », « Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген даналық сөздердің мағынасы өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баланың теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Осы кезде « Балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын, өзіңіздің мінез - құлқыңызды, өмірге көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп, бақыладыңыз ба ? » деген сауал туады.

Ұлы педагог А. С. Макаренко : « Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата - ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, бала санасын рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін ата - ана баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы? Мұндай жолмен келген адал баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады» деген.

Отбасы - барлығының басы, жан - жақты даумуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата - ана мен баланың қарым - қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше - баланың алғашқы тәрбиешілері.

Ата - аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс .

Бала бақыты - білімде. « Білім бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды », - дейді А. Байтұрсынов.

Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата - аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым ролін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір ұстаз ата - аналармен қарым - қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата - ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата - ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.

Ата - аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:

* Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту;

* Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту;

* Ата - аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу;

Ал міндеттері:

* Бала өміріне қолдау жасау, келешекте өз жемісін береді.

* Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау, ата - ананың өміріндегі тұрақтылық пен болашаққа деген сенімін нығайтады.

Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп, тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айналуда тәрбиешілердің практикасында ата - аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары қалыптасып, жемісті түрде қолданылуда. Олар ата - аналармен жекелеп және ұжымдық жұмыстар жүргізді.

Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата - аналардың пеадгогикалық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәржірибенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата - аналарға көмектесу тәрбиешілердің міндеті .

Ата - аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады?

Ол үшін біз ата - аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, ата - аналардың ұсыныс - пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата - аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата - аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата - аналардың ұсыныс - пікірлермен санаса отырып ата - аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ - жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата - аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс - тәсілдері қарастырылады. М. Әуезов « Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең алдымен әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек » . өмірлік тәжірибе ұлы жазушымыздың сөзінің құдіреттілігін байқатады.

Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп, бағытты жұмыс жүргізу, ұйымдастырылатын мерекелік іс - шараларға, ата - аналар және топ жиналыстарына ата - аналарды тартудың қажеттілігі:

* Балаларда іс - әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады;

* Балалар маңызды жетістіктерге жете алады;

* Ұнайды;

* Балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады;

* Ересектер мұғалім жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі;

* Ата - аналар және басқа да ересектер мектепке оқыту философиясымен және оқу жоспарларымен танысады;

* Ата - аналар және отбасы мүшелері өздерінің бала тәрбиелеуге, оқытуға қатысы бар екендігін сезінеді,

Тәрбиешілер ата - аналарға ақыл - кеңес беріп, ұсынылатын тыңдау барысында төмендегідей қарым - қатынас ережелерін есте сақтауы керек;

  • Бір - біріне көңіл бөлу

  • Тыңдау

  • Сыйлау

  • Көзбе - көз қарау

  • Тиімді орынды таңдау

  • әзілді сезіну

  • ұрыс - керістен сақтану сияқты

Сонымен қатар ата - аналарға тәрбиеші сөзі әсерлі, отбасы қажеттіліктеріне байланысты екендігін түсіндіріп толық тыңдату үшін;

  • Сиқырлы сөздер айту;

  • Баласының жетістігін айту

  • Сенімді болу

  • Көңіл - күйіне қарау

  • Намысына тимеу

  • Материал арқылы сөйлесу ( анкета, тест, т.б)

  • Қарапайымдылық

  • Пікірін сыйлау

Ата - аналармен жұмыс жүргізудің негізгі алғы шарттары

* Әрбір отбасының мықты жақтары болады, әр адам жақсы ата - ана болғысы келеді;

* Барлық отбасы көмекті қажет етеді, көмек түрі отбасының нақты қажеттіліктеріне байланысты болады;

* Ата - анамен жұмысты ұйымдастыру барысында ата - ананы, яғни отбасын тәуелді ету емес, оның қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздеу;

* Баланың дамуы туралы ақпарат ата - аналарға бала тәрбиелеуде өз ролін жүзеге асыруға ықпал етеді;

* Әрбір отбасы көрсетілген көмектің тиімділігіне көзі жеткенде ғана, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады;

* Тәрбиеші мен баланың оқуға деген қызығушылығын арттыру жолдарын түсіндіреді;

* Ата - анамен баланың ортақ қарым - қатынастары жөнінде кеңес беру;

« Таным » ата - аналар мектебінің жұмысымен танысу

« Таным » ата - аналар мектебі

Ата - аналар клубы

« Балабақшадағы, отбасындағы топтағы кездесетін қайшылықты жағдайларды шешуге арналады»

Тақырыптық кеңес

« ата - аналарды психологиялық педагогикалық білім және тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, кеңес беру, ой қозғау, ой қорыту »

Педагогикалық семинар

« Отбасылық тәрбиенің әдіс - тәсілдеріне арналады. Семинарға тәрбиешілер де, ата - аналар да жан жақты дайындықпен қатысуы қажет»

Шығармашылық кештер

« Балабақшаішілік және топішілік болып, озық қабілетті, танымал ата - аналарды үлгі тұту, насихаттау мақсатында ұйымдастырылады»

Топқа ата - аналарды тартудың қажеттілігі

* Балаларда іс - әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады

* балаларға маңызды жетістіктерге жете алады

* балаларға отбасы мен балабақша байланысын сезіну ұнайды

* тәрбиешіге балаларға жетекшілік жасау жеңілірек болады жекелеп оқыту мүмкіндігі туады

* ата - аналар және отбасы мүшелері өздерінің балаларының оқытуға қатысы бар екендігін сезінеді

* ата - аналар балабақшадағы оқыту - тәрбие жоспарларымен танысады

Ата - анамен жүргізілетін жұмыс

Жұмыс түрлері :

  • топішілік ата - аналар жиналысы

  • балабақшаішілік ата - аналар жиналысы

  • ата - аналармен жеке кездесу

  • ата - аналар үшін ашық есік күн

  • мерекелік кештерге шақыру

  • ата - аналарды тренинг ойындарға қатыстыру

  • отбасылық жарыстарға қатыстыру

Негізгі міндеттері :

* тәрбиешінің топ ата - аналармен құрамын зерттеуі

* ата - аналармен тұрақты байланыс орнату

* ата - аналар ұжымын құру

* ата - аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру

* үштік одақ ( бала, ата - ана, тәрбиеші ) жұмысын жандандыру

Атқаратын қызметі :

* ата - аналарды топтағы оқу - тәрбие процесінің мазмұны және әдістемесімен таныстыру

* ата - аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру

* отбасы тәрбиесі туралы ата - аналарға педагогикалық және психологиялық кеңес беру

* ата - аналар белсенділерімен жұмыс жүргізу және әр түрлі қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуін қауымдастыру

Ата - аналарға арналған жұмыстар

Тақырыбы: « Бала тәрбиесіндегі ата - ана жауапкершілігі »

Мақсаты : ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен, ұқыпты қарауға шақыру.

Міндеттері: 1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі

2. балабақшада ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы ролі

3. алдағы уақытта тәрбиеленушілерді тәрбиелеуде тәрбиеші мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.

әдіс тәсілдер: Жиын, әңгімелесу, көрсету

керекті құралдар: компьютер, қағаздар, қаламдар

Барысы: « Ұстаз - бағбан, бала - гүл » деген қағида әр тәрбиешінің ұстаздық ұстанымы. Осы қағиданы ата - ана мен ұстаз бірігіп пайдалансақ балабақша бала үшін ең сүйікті мекенге айналар еді. Бағбанға гүлдің әйтеуір өскенінен, әдемі болып өскені қажет екендігі сияқты, ата - ана мен ұстазға да баланың әйтеуір ержеткенінен, әдепті болып есейгені қажеттірек.

Бағбан өзінің өсірген гүлінің санымен емес, сапасымен мақтанатыны сияқты, ата - ана да баласының әдептілігімен мақтануы тиіс

- соңғы кездерде балаңызда қандай өзгерістер болды?

- Сіздің балаңыз өз жауапкершілігін сезіне ме?

1 . « Мен күнмін » ойыны

Мені балам не үшін сыйлау керек? Осы сұрақ төңірегінде екі топ мүшелері бірігіп отырып өз пікірлерін жасады. Содан кейін әр топтан бір мүшесі шығып таныстырады. Қорыта келе екі топ мүшелері

- адамгершілік

- имандылық

- тәртіпті

- жақсы қасиет

- өтірік айтпайтын

- еңбексүйгіш

- қайырымды

- қарапайым

- адал, ұқыпты, батыл , сезімтал, намысқой, жәгерлі т.б

ІІ. Сіздердің балаларыңызда сіздерді мақтан тұтады

Олар өздерінің жанұясы туралы былй дейді:

- менің жанұям менің бақытым

- мен папммен, мамаммен бақыттымын

- мен мамамды өте жақсы көремін

- мен, ше папамды

- мен үйдегілердің барлығын сыйлаймын

« Менің жанұям » сурет көрмесін тамашалау

ІІІ біздің балаларымызға кейде онша көңіл бөлінбейді.

Балаларымыз шеттеп, көңілі жабырқаулы күйде жүреді. Сол кезеңдердегі балаларымыздын ойы:

- мен олардың ұрысқанын қаламаймын,

- алысқа кеткенін жақсы көремін

- маған папам көп ұрсады

- менің істеген ісімді дұрыс емес дейді

ІҮ . Не себепті көңілі толмайды?

Гүлдің сусырап, шөлдейтіні сияқты, бала да ынта ықыласқа шөлдейді. өйткені ата - ананың балаға бар жағдайды жасаудан басқа , мейірімі, жылуы, қамқорлығы қажет.

Ү. Жауапкершілік дегеніміз не?

Баланың азамат болып қалыптасуына мұғалім мен ата - ана жауапкершілігі.

Ата - аналар ойы: Жауапкершілік дегенімі өзінің іс - әрекеті туралы біреуге есеп беру қажеттігі. Жауапкершілікті болу үшін мұғалім мен ата - анада қандай қасиеттеп болуы керек?

Тәрбиеші:

- баланың дүниетанымын өзгерту мүмкіндігі бар

- ата - анаға талап қойылады

- балаға да талап қойылады

Ата - ана

- мәдениетті

- жан - жақты

- уақыт бөле білу керек

- психологиялық көңіл күйі

- дүниетанымы

- ойлау қабілеті

- өзін - өзі тәрбиелеу

- мұғаліммен қарым - қатынаста болуы қажет

Бала ата - ана мен мұғалімнен қандай өнеге ала алады? Әке мен шеше өзін тәрбиешімін дей отырып, өздері де тәрбиеге енуі қажет.

Бүлдіршіндер өнерімен қорытындыланады.

Қазіргі таңда баланы тәрбиелеуде ата - ананыңда, тәрбиеші - ұстаздың да атқаратын ролі зор. Жас күнінде бала қандай тәрбие алса сол ізбен алға қарай өседі. Тәрбие кезінде отбасының, балабақшаның да алатын орны бар.

Ата - ана баласына өз отбасын қадір тұтудан бастап, туған - туыс, Отан, Қазақстан деген ұғымдарды терең түсінгені, құрметтеп қарауға тәрбиелеу керек екенін ұғындыру.

Ата - ана жауапкершілігі бәрінен биік болмақ. Сондықтан ата - ана басты талапты өздеріне қойғандары жөн. баланың тәрбие алуына қоғамнан өз орнын табуына жағдай жасауына әрбір ата - ана педагогикалық әдіс - тәсілдерге сүйенгені дұрыс.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал