7


Келді, міне Алтын күз!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз

Жасымыз бен кәріміз

Қырдан кепті қыдырып

Алтын күз бізге нұр төгіп

Тілегім аман болсын ел іргесі

Алтын күз қайта келді берекесі

Молшылықтың жаршысы бола білді

Алтын күз - ырыс, береке, бірлік ала келді.

  • Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша «Келді, міне Алтын күз» атты ертеңгілімізге қош келдіңіздер!

Бұлттар төгіп жерге шөгіп

Дымқыл тұман басады

Шөп сарғайып, өңі тайып

Дала сұры қашады

Бой жаза алмай, ойнай алмай

Денең мұздап тоңады

Бүлдіршіндер айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Күзде

Музыка (ұшып бара жатқан құстардың даусы)

Жүргізуші: Балалар бұл не? Күн суытты, құстар жылап жатыр. Құстар тоңды, олар жылы жаққа ұшып кетеді ғой.

  • Күз мезгілінде қандай өзгерістерді байқайсыңдар?

Балалар: Күн суытады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жапырақтар сарғайып жерге түседі. Ауа-райы бұзылады. Жаңбыр жауады.

Жүргізуші: біз көңілімізді түсірмейміз. Күз мезгілі тамаша бізге молшылық әкеледі. Күз туралы тақпақ білеміз бе? Ендеше ортаға шығамыз.

Жансерік: Өнім үйіп тастадық

Оқуды да бастадық

Берекелі алтын күз

Ашық болсын аспаның

Қанағат: Жетті желмен алтын күз

Жеміс жинау салтымыз

Жиып-теріп болған соң

Той жасайды халқымыз

Мол өнімді жинаймыз

Елге бәрін сыйлаймыз.

Жалғас: Аспанда сұрғылт бұлт

Жан-жақтан дабады

Күн бірте суытып

Жауын көп жауады

Санжар: Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көпегін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін.

Арлан: Ағаштардан жамырап

Ұшты кенет жапырақ

Ой, алақай тамаша!

Шашу шашты жапырақ.

Нұр-Мұхаммад: Кездескен сон күзімен

Бұтағынан үзілді

Ай жапырақ сары алтын

Айналаның бәрі алтын!

Ән: «Күз келгенде»

Музыка (Баяу әуен ойналады, саңырауқұлақ залға кіреді)

Саңырауқұлақ: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мені таныдыңдар ма?

Балалар: Иә, таныдық.

Саңырауқұлақ: Мен сендерді мерекелеріңмен құттықтауға келдім. Мен ормандағы ең үлкен саңырауқұлақпын. Мен бәрін-бәрін білемін. Шын айтамын, сендердің не ойлап отырғандарыңды білемін. Сендер жаз қайта келсе екен деп отырсыңдар, солай ма?

Балалар: Иә.

Саңырауқұлақ: Бірақ жаз қайта оралмайды.

Жүргізуші: Сарғайды тоғай

Сап-сары маңай

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтып

  • Саңырауқұлақтар биімен ұлдарды қарсы алайық.

Музыка (көңілді әуен залға бағбаншы кіреді)

Жүргізуші: Сіз кімсіз? Қайдан келдіңіз?

Бағбаншы: Мен орманшы. Орманнан келдім. Балаларды мерекемен құттықтауға келдім. Ал сендер неге жалғызсыңдар? Күз ханшайымы қайда?

Саңырауқұлақ: Біз сенімен келеді деп ойладық.

Бағбаншы: Мен күз ханшайымын көрген жоқпын. Ол орманда адасып қалған шығар.

Саңырауқұлақ: Келіп қалатын шығар күтейік.

Бағбаншы: Сендерге көкөністер мен жемістерді ала келдім. Сендер жемістер мен көкөністер туралы тақпақ білесіңдер ме?

Ортаға жемістер мен көкөністер шығады.

Алихан: Асханадан шықпаймын

Атым пияз бұқпаймын

Көзден жасты шығарам

Тұмаудан бірақ сақтаймын

Ақбота:Тал шыбығым бұралып

Бақшаларда қызарып

Тұрған ол мен қызанақ

Күнге қарай ұялып

Сұлтанбек: Картоп біздің атымыз

Жер астында жатырмыз

Бір тамырдан тараған

Ағайынбыз бәріміз

Абылай:Өсіретін бойыңды

Дамытатын ойыңды

Қоянға да азықпыз

Сәбіздерміз жазықсыз

Адия: Пісіп тұрған алмамын

Тамсандырар бал дәмім

Жерге сілкіп түсірме

Ісіп кетер маңдайым

Сапиа: Жапырақты тасалап

Өсетін жері бақша-бақ

Қүрең қызыл шіркін-ай

Менің атым құлпынай.

Жания: Тіл үйірген алмұртпын

Таңсығымын бар жұрттың

Жақсы өсіре алмайды

Қараса егер салғырт кім?

Айзере: Мен моншақты шиемін

Құмарсыңдар білемін

Кетіп қалып жүрмесін

Тамағыңа сүйегім

Айару: Дөп дөңгелек сап-сары

Ішінде бар дәні

Қызығасын көріп

Менің атым өрік

Нұртаза: Көктеп ерте шырмалып

Әсем етіп бүр жарып

Атым қияр теріп ал

Жиі-жиі суарып

Бағбаншы: Өте жақсы, балалар екенсіңдер! Сендер жемістер мен көкөністердің пайдасын білесіңдер ме?

Балалар: Иә.

Саңырауқұлақ: Бағбаншы мен бір ойын білемін. Ойынның аты жемістер мен көкөністерді ажырат. Балалар ажырата ала ма екен байқайық.

Ойын: «Жемістер мен көкөністерді ажырат»

Музыка (жел мен жаңбырдың даусы. Күз бен жел кіреді)

Күз ханшайымы: Маған көмектсіңдер, көмектесіңдер!

Жел: Алақай, малақай, алақай, малақай! Күз ханшайымын ұйықтатып тастайын. Қара бұлтымен күзді жауып тастайды.

(Саңырауқұлақ пен бағбаншы желдің артынан қуады)

Саңырауқұлақ: Жел сен неге күз ханшайымын сиқырлап тастадың? Күз ханшайымы бізге керек. Балалар оны күтіп отыр ғой?

Жел: Мен күштімін, менен барлығы қорқады. Мен барлығын ұшырып жіберемін.

Саңырауқұлақ: Өтірік айтпа, сен мықты емессің.

Жел: Жоқ, мен мықтымын.

Саңырауқұлақ: Олай болса мықтылығынды көрейік.

Ойын:

Бағбаншы: Әне, көрдің бе? Біздің балалар қандай мықты?

Жел: Жоқ мен әлсіз емеспін, тағыда жарысып көрейік.

Саңырауқұлақ: Сен жеңілдің. Күз ханшайымын бізге қайтар. Біздің балалар мерекеге күз ханшайымын күтіп отыр.

Күз ханшайымы оянады.

Күз ханшайымы: Бақ-береке дарыған

Жомарт көңіл жарқын күз

Сары алтынға малынған

Алтын күз деген мен болам.

Қайда менің жапырақтарым!

Би: «Жапырақтар»

Жүргізуші: Қош келдің, күз ханшайымы. Мерекеміздің сыйлы қонағы бол. Балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ән: «Осень наступила»

Бағбаншы: Балалар, сендер ақылды, өнерлі екенсіңдер! Мен орманыма барайын.

  • Саңырауқұлақ, саған қайту керек шығар. Бірге кетейік.

Саңырауқұлақ: Иа. Ұмытып барады екенмін. Орманымзға бірге барайық. Балалар мерекені жақсы тойлаңдар! Сау болыңыздар!

Жүргізуші: Рахмет, сіздерге. Сау болыңыздар!

  • Күз ханшайымы балалардың таппақтары бар. Тыңдаңыз!

Сұлтанбек: Осень наступила

Высохли цветы

И глядит уныло

Голые кусты

Сапиа: Туча небо кроет

Солнце не блестит

Ветер в поле воет

Дождик моросит

Жания: Воды зашумели

Быстрого ручья

Птички улетели

В теплые края

Алихан: Скучная картина

Тучи без конца

Дождик так льется

Лужи у крыльца

Адия: Чахлая рябина

Мокнет под окном

Смотрит деревушка

Сереньким пятном

Абылай: Что ты рано в гости

Осень к нам пришла

Еще просит сердце

Света и тепла!

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Рахмет сендерге... мен сендердің өнерлеріңді тамашаладым. Енді сендермен ойын ойнағым келіп тұр,

Ойын: «Кім шапшаң!»

Жүргізуші: Күзде, күзде

Жаңбыр жауады

Ойнатпайды біздерді

Қолымызда қолшатыр

Ойнауға біз барамыз, - деп жаңбыр тамшылары биін тамашалайық.

Би: «Жаңбыр тамшылары»

Күз ханшайымы: Рахмет қыздар, көңілімді көтердіңдер!

Жүргізуші: Күз ханшайымы балалардың күз мерекесіне арналған өлең-шумақтарын қабыл алыңыз!

Акбота: Down, down

Yellow and brown

The leaves are falling

Over the town

Айзере: September is a time

Of beginning for all

Beginning of school

Beginning of fall

Айару: Autumn bird song

Over the housetops

Over the trees

Winding their way

In a stiff fall breeze

Жансерік: Rain, rain

Go away

Come again

Another day

Қанағат: Fall is fan

I like to run

I see the sun

Fall is fan

Күз ханшайымы: Неткен дарынды балаларсыңдар! Өнерлі, талантты, биші, әнші, 3 тілде де өлең-шумақтар айттыңдар. Апайларыңа рахмет сендердің осындай тәрбиелі де білімді етіп өсіріп жатқандарына. Мен сендерге қол құр келгем жоқпын, жемістер ала келдім. Топқа барғанда апайыңыз үлестіріп береді. Дәм татыңдар! Мен сендермен қоштасайын. Мені ормандағы достарым күтіп отырған шығар. Келесі жылы кездескенше сау болыңыздар!

Жүргізуші: Ендеше, балаларорнымыздан тұрып, күз ханшайымын шығарып салайық. Сау болыңыз, күз ханшайымы!

Ән: «Күз жомарт» (хор)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Келді, міне Алтын күз» атты ертеңгілімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар, келесі жылы кездескенше!

















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал