7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары: Анамызға гүл сыйлаймыз

Сабақ жоспары: Анамызға гүл сыйлаймыз

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы: "Анамызға гүл сыйлаймыз»

Мақсаты:

Білімділік: қиылған дайын пішіндерді қағаз бетіне дұрыс орналастыра білуге. Әжелеріне гүл жасауды үйрету, гүлдердің атымен таныстыру.

Дамытушылық: балалардың сөздік қорын молайтып, ой-өрісін, тілін, қиялын дамыту. Әдемілікті сезіне білуге,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа үйрету, бастаған ісін аяқтай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сергіту, мадақтау.

Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, айналамен таныстыру.

Сөздік жұмыс: жауқазын, гүлдің сабағы.

Көрнекілігі: гүлдер, жапырақтар, құмыра, гүлдердің суреттері,қағаз, желім.



Ұйымдастыру:

Шаттық шеңберге балаларды тұрғызып бір-бірден гүл таратады.

-Балалар енді сендер гүлдеріңді, менің қолымдағы керемет құмыраға салып, деген жылы тілектеріңді айтсаңдар, бұл гүлдер құлпырып кетеді. Өйткені бұл сиқырлы құмыра. Сендер жақсы тілек білесіңдер ме?

- Ия, білеміз.

- Қане тілектеріңді айтып, гүлді құмыраға сала қойыңдар.

Тәрбиеші:-Балалар , гүлді жұлуға болмайды ғой, гүл деген әдемі, оны күтіп-баптау керек, су құйып өсіру керек.

Балалар тілектерін айтып гүлдерді құмыраға салады.

- Мамамыз аман болсын!

- Деніміз сау болсын!

- Аспанымыз ашық болсын!

- Әрқашан күн сөнбесін!

- Ойыншығымыз көп болсын!

- Көңілді бала болайық!

- Бәріміз дос болайық!

- Папамызды жақсы көреміз!

- Апайдың айтқанын тыңдаймыз!

- Тәртіпті бала болайық!

- Бақытты баламыз!

Құмыра гүлдерге толып, әсем гүлдер көрінеді.

Тәрбиеші: Балалар, көрдіңдер ме, қандай әдемі гүлдер. Сендер сыйлық жасағыларың келе ме?

Балалар: Ия, жасағымыз келеді.

Тәрбиеші: Гүлді кімге сыйлауға болады? Әжемізге, анамызға.

Балалар: Гүлді әжемізге сыйлайықшы.

Тәрбиеші: Ендеше, ол гүлдерді өзіміз жасайық. Орындарыңа отырып, мен гүлдің қалай жасалатынын көрсетейін.

Балалар өз орындарына отырады.

Кіріспе әңгіме:

-Балалар, мына гүлдерге қараңдаршы. Бұл гүлдерді адам өсіреді

- Балалар, гүлдердің түсі, көлемі, әр түрлі болады. Қараңдаршы, мына гүлдің аты- раушан гүл?

- Мына гүл -қызғалдақ.

- Ал мына гүл- түймедақ? Тағы басқа гүлдерді көрсетіп атайды

- Бұл гүлдердің жапырақтарының түсі қандай?

- Түсі жасыл.

- Дұрыс айтасыңдар. Бүгін біз балалар әжемізге гүл жасап сыйлайық.

Үлгі суретпен жұмыс:

Жапсыру жолымен жасалған гүлдің үлгі суретін көрсетіп, сипаттатады.

Әжемізге арналған гүлді жапсыру жолдары:

-кеңістікті бағдарлап, қағаз бетін пайдалануды түсіндіру,

-гүлдің сабақтарын жолақшалардан, жапырақтарын сопақша пішіннен жапсырту;

-гүлді доңгелек және күлтелерін сопақша пішіннен жапсырту.

Гүлдер сабағынан өсіп шығатынын түсіндіреді. Алдымен қағаздың ортасынан, төменнен жоғарыға қарай гүлдің сабағын қоямыз. Гүлдің сабағы ұзын жіңішке болады. Содан кейін сабағынан жапырақ өсіп шығады. Енді жапырағын қоямыз. Жапырақтың пішіні сопақша болады. Сабағының жоғарғы жағынан гүл өсіп шығады.

Міне біздің гүліміз дайын болды.

Балалардың жұмысы.

Сергіту: Балалар, бір сәт біз де гүл болып жайқалып тербелейікші.

Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер

Қызыл гүлдер, көк гүлдер.

Өсе берші нұрланып,

Өсе берші ырғалып

Тәрбиеші: -Балалар, сендер гүлдерді өте жақсы жасадыңдар, түстерді де ажырата біледі екенсіңдер.

Қорытынды сұрақтар қояды: -Балалар, біз бүгін не жасадық?

-Гүлді кімге жасадық?

Балаларды мадақтап, гүл сыйлап, оқу іс-әрекетін аяқтайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:өсімдік туралы.

Нені игереді: бөлшектерді жапсырып, гүл жасауды.

Нені біледі: қағазбен жұмыс жасау, желімдеу.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал