7


  • Учителю
  • Алжапқышты әшекелейміз технологиялық карта

Алжапқышты әшекелейміз технологиялық карта

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Технологиялық карта

2-ші кіші «Балбөбек» тобы





Күні: 22.05.15 ж

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: «Алжапқышты әшекейлейміз»

Мақсаты: Балалардың алжапқыш туралы түсініктерін жетілдіру. Алжапқышты ұлттық ою-өрнектермен әшекейлеуді үйрету. Іскерлік дағдыларды қалыптастыру, алжапқышты әдемілеп әшекейлеу арқылы эстетикалық талғамын дамыту.

Қажеті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: демонстрациялық материалдар, алжапқыш, бояулар, қылқалам, сүрткіштер..

Сөздік жұмысы: алжапқыш.



Балалардың

іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық- оятушылық

Педагог балаларға қуыршақ Айсұлудың қонаққа келгендігін айтады.

-Қуыршақ Айсұлу өзінің анасының туған күніне алжапқыш сатып алған екен. Алжапқышты әдемі ою-өрнектермен әшекейлегісі келеді, бірақ қалай әшекейлейтінін білмейді. Балалар, біз Айсұлуға көмек көрсете аламыз ба?



Сөздік жұмысын жүргізеді.



Балалар қуыршақ Айсұлумен сәлемдеседі.



Қуыршақ Айсұлуға алжапқышты әшекейлеуге көмектесетіндерін айтады.







«Алжапқыш» сөзін қайталайды.



Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Педагог балаларға қуыршақ Айсұлуға алжапқышты әшекейлеп беру үшін үшбұрыш, төртбұрышты қылқаламды, сұқ саусақтарын пайдаланып, дөңгелектеп салуға болатындығын түсіндіреді.



Сергіту сәті:

Көбелекке ұқсап,

Ұшайықшы бәріміз.

Оңға қарай бір ұшып,

Солға қарай бір ұшып,

Айналайық жер шарын.

Қуыршақ Айсұлу балалардың алжапқышты әдемі әшекейлегендеріне тоқталып, әшекейлегенде қолмен өрнектеуді қалай пайдаланғандарын сұрайды.





Сұқ саусақпен ортаңғы дөңгелекті салады.





Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.



















Рефлекстік -түзету

Айсұлу балаларға әшекейлеген алжапқыштардың ұнайтынын, рақметін айтып қайтады.

Педагог «Сезіп көр де, суретін сал» ойынын ойнатып, сабақты қорытындылайды.



Балалар қуыршақ Айсұлумен қоштасады.

Ойын ойнап, жұмыс жасаған орындарын жинайды.









Күтілетін нәтиже:



Біледі: алжапқыштың не үшін қажет екендігін, оның түрлерін.



Игереді: достарға қашан да көмектесу қажеттігін.



Меңгереді: сұқ саусақтарын пайдаланып алжапқышқа өрнек салуды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал