- Учителю
- Мнемокесте арқыл баланың тілін дамыту
Мнемокесте арқыл баланың тілін дамыту
Мазмұны:
-
Мақсаты мен міндеттері........................................................1
-
Түсініктеме..............................................................................2
-
Кіріспе.....................................................................................5
-
Мнемосызба арқылы шығармамен қалай жұмыс істеу керек.........................................................................................6
-
Мнемокестемен жұмыс істеу әдістері..................................7
-
Мнемокестелер.......................................................................8
-
Қолданылған әдебиеттер.....................................................42
Түсініктеме хат
Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Ұстаздардың алдында тұрған басты мақсаттардың бірі - Отанға, туған елге, туған жерге, өз халқына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Қазақ тілі - әлеуметтік, рухани адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі балалардың мүмкіншіліктерінің даму барысында қазақ тілінің оқыту мен тәлім - тәрбие берудегі рөлі күннен күнге арта түсуде. Басқа ұлт өкілдерінің балаларын қазақ тілінде сөздерді, сөйлемдерді, диалог , монолог үлгілерін механикалық қайталай беру жолымен емес, жалпы белсенді түрде сөйлеу арқылы үйрету керек.
Біздің балабақшамызда балаларға мемлекеттік тілді меңгерту үшін барлық жағдайлар жасалынған.
Мәселе: Заман талабы екі тілде сөйлеудегі одан әрі орнықтыру, қазақ тілін үйренгісі келетін басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгерту, сол сияқты балабақшаларда қазақ тілін оқытудың сапасын жақсартудың міндеттері қойылады.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі балалардың қазақ тілінде сонимдарды, толықтауыштарды және бейнеленген суретті талдауды қолданылуына өте сирек кездеседі. Балалардың сөздік қорында көптеген мәселелер бар.
· Сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айта алмауы;
· Қойған сұрақты түсінбеу, қазақша дұрыс жауап бере алмауы;
· Үйренген сөздерді пайдаланып сөйлемді дұрыс құрастыра алмауы;
· Жай, жайылма сөйлемдерді құрастырыра алмауы;
· Байланыстырып сөйлеуге, (4-5 сөйлемдік) әңгіме құрастыра алмайды;
· Қазақ ертегілерін, тақтақтарды, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды тыңдап түсінуге жаттап алмауы;
· Өз ойыншықтары, отбасы, киімдері т.б. туралы бір- біріне сұрақ қойып, жауап беруге білмеуі.
Сондықтан, мектепке дейінгі орыс тілді балалардың сөздік қорын дамытуына есер етуі - өте қиын іс. Сөйлеу тілін, өз ойын, әңгімелеуді грамматикалық құрылымда дұрыс меңгертіп,ойын - тапсыралар орындау арқылы жаттықтырып отыру керек. Осы уақытта балалардың ақпараты аса түсуінің ескере отырып, оқу процессі олар үшін қызықты, дамытушы және жаттықтырушы болуын қадағалау.
Өзімнің жұмысымда балаларды қазақ тілінде байланыстырып сөйлеуді дамыту үшін мнемониканемесемнемокестені қолданғанды жөн көрдім.
Мнемокесте - есте сақтау қабілетін жеңілдететін және қосымша ассоциацияларды құраумен есте сақтау көлемін кеңейтетін әр түрлі тәсілдердің жүйесі.
Әдістеменің ерекшелігі- затардың бейнесін емес, ал олардлы есте сақтау үшін таңбаларды қолдану. Бұл балаларға сөзді таңдау мен оны есте сақтауды біршама жеңілдетеді. Таңбалар тілдік материалға максималды жақындатылған. 2- ші сәбилер және естияр топтарының балалрына таңбалар түрлі түсті болуы тиіс, өйткені түстерді балалар тез қабылдап есте сақтауға мүмкіндік береді.
Бұл әдістемелік құралдың мақсаты - тәрбиешілерге сабақтарда немесе балалардың бос уақытында өлең, тақпақтар, ертегілер мазмұндап жаттауларына практикалық көмек.
Бұл әдістемелік құралдағы мнемокестелер балалардың ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін, зейіндерін дамытуға жақсы әсер етеді. Ертегі немесе әңгімені мазмұндау кезінде сөйлемдерді дұрыс құрастырып, қайталанбай мазмұндауды үйренеді. Басқа да жұмыстар сияқты мнемотехника алдымен жеңіл түрден басталып күрделеніп отырады.
Мнемокестелердің мазмұны - ол графикалық немесе кейіпкерлер мен жануарлар, жыл мезгілдерінің кейбір бөлімдері ғана белгіленеді және ең басты символдары да белгіленеді.
Ең бастысы - бұл кестеде суреттер балаға нақты түсінікті болуы керек.
Сәбилер мен ортаңғы топ балаларына түрлі-түсті мнемосызбалар ұсынған жөн. Өйткені балалардың ойында нақты кейіпкер немесе заттар қалады. Мысалы: шырша-жасыл, жидек-қызыл. Келесіде сызбаларды күрделендіре отырып жасау керек. Мысалы: түлкі - сарғыш, қызыл геометриялық пішіндерден бейнеленеді (үшбұрыш, дөңгелек) аю-үлкен қоңыр дөңгелек және т.б. Ересек және даярлық тобының балалары үшін бір түсті мнемосызбалар қолдану керек.
Мақсаты: Сызбалар арқылы шығарманы мазмұндау, өлеңді жаттауға, әңгімелеуге тиімді етіп қолдану, әдіс-тәсілдерін зерттеп, танысу.
Міндеттері:
-
Сөздік қорларын байыту;
-
Сөйлем, әңгіме құрастыру;
-
Жұмбақтарды жасыру және жауабын табу;
-
Тақпақтар жаттау.
Мнемокестемен жұмыс істеу әдістері
Тілдің жалпы жетілмеуі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту үшін Мнемокестені мына бағыттар үшін қолданамын:
-
Сөздік қорларын байыту;
-
Сөйлем, әңгіме құрастыру;
-
Әңгімені құрастыру;
-
Жұмбақтарды жасыру және жауабын табу;
-
Тақпақтарды жаттау.
Мнемокесте және мнеможолдармен қалай жұмыс істеу керек.
Мнемокестенің дидактикалық материалы белгілі бір ақпарат жасырылған сызбалар болып табылады. Мнемокестемен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру оқытудың уақытын біршама азайтып, сонымен бірге мынадай міндеттерді шешеді:
- Басты психикалық үрдістерді - есте сақтау, зейін, бейнелі ойлауды дамыту;
- Ақпаратты қайта кодтау, яғни абстрактылы таңбаларды бейнелерге қайта құру;
Мнемокесте бойынша жұмыс жүргізу кезеңдері:
-
Кестені қарастыру және бейнеленген суреттерді талқылау.
-
Жалпы символдардан бейнелерді жаңғырту, мысалы: Үй - шатыр, қоян - ұзын құлақтар т.б.
-
Қайта кодтаудан кейін құрастырған символдар бейнелер бойыша әңгімені, ертегіні, тақтақтарды мазмұндап беру.
Сонымен қатар, мнемокестені қолдану арқылы тапсырмаларды балалардың білім деңгейіне байланысты құрастыру.
Деңгейлер бойынша тапсырмаларды бөлу:
1 деңгей Оқу материалын меңгеруіне қарапайым тапсырмалар қарастырылған мысалы: "Мазмұнда", "Атап бер", "Санап бер", "Таңда"т.б.
2 деңгей Оқу материаыын меңгеруіне алгоритмикалық жазулар еңгізіледі мынадай тапсырмалар тұжырымдалады: "оқы", "көшіріп ал","сызықша арқылы кос", "екі қатарға орналастыр","Астын сыз " т.б.
3 деңгей оқу материалын меңгеруіне жартылай - іздестіру мінезді тапсырмалар еңгізіледі
Мнемокестелер тақпақтарды жаттаған кезде ерекше тиімді. Оның мазмұны мынада: әр сөзге немесе кішкентай сөз тіркесіне сурет (бейне) ойдан шығарылады. Осылайша, барлық тақпақтар сызба түрінде бейнеленеді. Бұдан кейін бала графикалық бейнені қолдана отырып, есте сақтау арқылы тақпақты бүтіндей дыбыстайды.
Тақпақты жаттауға үйрету үшін керек суреттерді қолдану балаларды қызықтырады, сабақты ойынға айналдырады. Суреттермен ілесе жүретін тақпақты тыңдағаннан кейін бала оны біршама тезірек есте сақтайды. Алдымен таңдалған тақпаққа тірек суреттерін іріктеп алу керек (әр бір жолға). Суреттер айқын танылатындай болуы қажет. Оны оқығаннан кейін балалар тірек суреттері бойынша айтып береді.
Бастапқы кезеңде мұғалім дайын сызба жоспарын ұсынады. Үйрете келе бала өзінің сызбасын құру үрдісіне де белсенді қосылады.
Қолданылған әдебиеттер:
-
Большева Т.В. Учимся по сказке «Развитие мышление дошкольников с помощью мнемотехники»
-
Козаренко В.А. Авторлық әдістемелер. «Учебник мнемотехники»
-
Козаренко В.А. «Есте сақтау қабілетін дамыту»
-
Полянская Т.В. «Использование метода мнемотехники в обучении рассказыванию детей дошкольного возраста»