- Учителю
- Ашық оқу іс-әрекеті Ана тілің арың бұл
Ашық оқу іс-әрекеті Ана тілің арың бұл
Қазақстан Республикасы
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы
Ақшұқыр мектеп-лицейі «Кәусар» шағын орталығы
</
Өткізген: Түгелбаева Перизат Елубайқызы
Ақшұқыр селосы 2016ж
Тәрбиеші: Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
(Қ. Мырзалиев)
-деп жырлағандай халқымыздың өшпес асылы, сөнбес
шырағы, мол қазынасы, сан ғасыр тарихы бар, қасиетті тіл мен
өнеріне арналған «Ана тілің - арың бұл» атты тақырыптық
сабағымызды бастаймыз.
- Балалар, қандай мерекені атап өткелі жатырмыз.
- Тіл күнін
- Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы жарлығына
сәйкес
«22 қыркүйек -Қазақстан халықтарының тілдер күні» ретінде аталып
келеді.
Қане, балалар осы тіл мерекесіне ән -жыр тақпақтарымызды
арнайық.
Рухия: Менің тілім біреу -ақ
Сөйлейтін де жазатын
Тауып қойған тілеуі -ақ
Қазақ деген өз атын
Дариядай пейілі
Тілі, діні, жыры да
Өркен: Ана тілім -ана күтім, арым менің
Сәулетім -сая бағым, сәнім менің
Аспаным өзіңменен арайланып
Нұрланып атар ылғи таңым менің
Айда: Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән
Бірлігімде бүгінгі
Ана тілім сақтаған
Медет: Ана тілім ұраным
Ана тілім құралым
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым
Ақарыс: Ана тілім менің
Әлдилеген әнім
Ана тілім демім
Ана тілім жаным
Дастан: Желеп -жебеп піріміз
Таза болсын деніміз
Жауқазындай жалынып
Өркендесін тіліміз
Тәрбиеші:
-
Балалар біз қай елде тұрамыз?
-
Қандай мемлекетпіз?
-
Елбасымыз кім?
-
Мемлекеттік тіліміз?
Тәрбиеші: «Тіл не үшін керек»? -деген сұраққа Шұғыла мен Өркен былай деп жауап береді.
Өркен: Мен саған сұрақ қойғым келіп тұр? Осы тіл не үшін керек?
Шұғыла: Досым -ау, тіл бір -бірімізбен сөйлесу үшін қажет қой.
Өркен: Жарайды, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлемей
ме?
«Неге ана тілі деп бөледі?»
Шұғыла: Себебі, әр елдің өз Отаны, өз тілі бар емес пе.
- Балалар, сендер бір -біріңмен сөйлескенде қай тілде
сөйлесесіңдер?
- Қазақ тілінде, ана тілінде сөйлесеміз.
- Неге, біз өз тілімізді ана тілі дейміз?
- Себебі, бұл тілді анамыздың аузынан естиміз.
- Дұрыс айтасыңдар. Ана тілі дегеніміз, ананың ақ сүтімен бойға
дарыған өз анамыздың тілі ғой. Ал, ана деген -бәрінен де, қастерлі,
аяулы да, асыл жан.
Тәрбиеші: енді барлығымыз орнымыздан тұрып, Қазақстан
Республикасының ұнаранын орындайық.
Тәрбиеші:: Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр ұлттың тілі,
оның бақыты, тірегі.
Тәрбиеші: Ана тілі туралы кім қандай мақал -мәтел біледі?
Шұғыла: Ана сүті бой өсіреді
Ана тілі ой өсіреді
Өркен: Піл көтермейді
Тіл көтереді
Айда: Ақыл көркі -тіл
Тілдің көркі -сөз
Медет: Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте
Дастан: Өнер алды -қызыл тіл
Рухия: Тілден биік асқар жоқ
Тілден терең теңіз жоқ
Тәрбиеші: Жылжыған жылдар көшімен
Тербетіп мені, туған жер
Өсірген алтын бесік ең
Өлеңмен боп, жыр боп есілем
Тәрбиеші: Балалар, міне осы өлең -тақпақтарда айтылғандай, өз
тілімізді, қадірлеп, оны сүйе білуіміз керек. Тіл бар жерде, ұлт
та, елде, жер де, болмақ. Сондықтан әрқайсысымыз өз ұлтымыздың
тілін қадірлей білейік.