- Учителю
- Занятия по области социум в средний группе на тему Ауылға саяхат
Занятия по области социум в средний группе на тему Ауылға саяхат
Білім барысын ұйымдастырудың технологиялық картасы
Лекенова А.К
Білім бөлімі: Әлеумет
Бөлім:Қоршаған орта
Тақырыбы: «Ауылға саяхат»
Мақсаты:
1.Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің
халықтың салт-дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру, кейбір халық
әндерін,халық өнегесін үйрету.
2. Қазақ халқының салт - дәстүрлерінің адамгершілік қасиеттерін бойларына сыйдырып, білім мен білік дағдыларын дамыту.
3. Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру
Сөздік жұмыс: қырқынан шығару,орыс пеші
Құралдар:шара,су,қасық,сабын,орыс пеші,қазан,қысқыш,қайшы,атшана
Үйлестіру-ұйымдастыру
Тәрбиеші балалар мен қоса кіреді.
Тәрбиеші балалармен отбасы жайлы әңгімелесіп отырады.
Әңгіме ортасында музыка әуенімен Шабарман шауып келеді
Шабарман:тыңдаңыздар,тыңдаңыздар көрші ауылда той болайындеп жатыр.Тойдан құрғалмаңыздар-деп балаларды шақырады.
Балалар қонақтармен амандасады Сәлеметсіздерме!
Тәрбиешіні мұқият тыдап отырады
Шабарманды көріп қатты қуанады
Шабарманды тыңдайды
Балалар:Тойға барайық,тойға барайық,тойдан құрғалмайық деп айтады
Ұйымдастыру-іздену
Тәрбиеші балалар біз көрші ауылға тойға жаяу жете алмаймыз ғой,ендеше біз қандай көлікпен барсақ болады?
Ендеше қане бәріміз атаршанаға жайғасайық,ауылға жеткенше жол алыс ендеше әндетіп жолды қысқарта отырайық балалар
«Балдырған»әні
Балалар көрші ауылға да жеттік.Қане бәріміз түсейік.Ал енді, балалар, сендер білесіңдер әр ұлттың өз салт-дәстүрі бар.
Зал төрінде :үй ішінде әжесі отырады
Осы кезде тәрбиешімен бірге балалар кіріп келеді.
-Амансыздар ма?Бүгінгі тойларыңыз құтты болсын.Немерелеріңіздің бауыры ерік болсын
Әже:Сәлеметсіңдерме ботақандарым,амансыңдар ма!Қош келдіңдер
Тәрбиеші: балалар мында келіңдер,отырыңдар.Қазір бәрімізге қырқынан шығару рәсімін әже көрсетеді.Қырқынынан шығару дәстүрі балалар бала туғаннан кейін 40 күн толғаннан соң орындалатын рәсім.Қырық қасық суға баланы шомылдырып,тырнағын,шашын алады.Суға ұл бала болса асық,қыз бала болса күміс тиындар салады.
Әже:-Ең алдымен баланы шомылдырамыз.
-қалай ойлайсыңдар шомылдыру үшін алдымен не керек?
-Ал баланы шомылдыратын су қандай болу керек?
Әже:Балалар шараға қырқынан шығару дәстүрі болғандықтан қырық қасық су құю керек.Қане мен суды қасықпен санап құйып жіберейін.
Содан соң балалар суға 40 күміс тиындар салу керек,сонда менің немеремнің ырысы мол болады.
-Ал енді бәрі дайын, бөпемізді әкеліңдер.Мен баланы шомылдырайын.Алсендер маған көмектесіп дене мүшелерін атап отырыңдар?
-Мынау не ?
-Ал саусақтарын санап көріңдерші
-Жақсы баламызды шомылдырып болдық,енді шашын,тырнағын алайық
-Тырнағын,шашын алып болдық енді немеремді бесікке салайық.-қане кім бесік жырын біледі
-баламның ұйқысы тәтті болсын деп бесік жырын айтайық
-бөпеміз ұйықтасын ал сендер -бөпемізге тілек айтыңдар.Кім бата біледі:
Әже балалар мен әңгімелеседі
-Бүгін сендер қандай тойға келдіңдер?
-Қырқынан шығару үшін қандай құрал-жабдықтар керек?
-Қандай дене мүшелерін білесіңдер?
Әже:өркендерің өссін балапандарым.
Тәрбиеші :Әже қазақта сөз бар ғой
«Ұлың өсссе ұлықты мен ауылдас бол,қызың өссе қылықты мен ауылдас бол»деген сондықтан сіздің көршіңіз орыс ұлтының өкілі болсада ол үйдеде той тойланып жатыр екен,қане бәріміз сол тойға барып,тойдың көркін келтірейік
Әже:Ботақандарым мынау менің сендерге пісірген бауырсағым,бауырсақты ала жүрейін көршімнің үйінде бәріміз отырып шәй ішерміз
«Калинка» әуенімен ортаға орыстың ұлттық киімін киген бала шығады.
Үй ішінде орыс әжесі отырады
-Қош келдіңдер балалар жайғасыңдар
Тәрбиеші пешке алақанын тосып:
-Қандай, жылы!- дейді.
-Балалар, сендер орыс пеші жайында не білесіңдер?
Біз енді орыс пешімен танысайық.
. Сосын әженің әңгімесін тыңдайды. Көрсеткен заттарына, іс-әрекеттеріне назар салып қарайды. «Орыс пеші-отбасының қамқоршысы» деген орыстың салты бар.
Әженің әңгімесі: орыс пеші-әрі үй, онда тамақты да, нанды да
пісіреді, квас қайнатады, азық-түлікті, киім-кешекті кептіреді,
оның үстінде кішкентай балалар мен қарт адамдар шығып ұйықтайды,
өйткені онда жылы. Орыс пешінің өзіне сәйкес ерекше пішіндегі
ыдыстары бар. Солардың бірі қазан (чугунок). Оны пештен арнайы
қысқышпен түсіреді.
Ең қызығы орыс пешінде нағыз моншаны ұйымдастырған. Ия, кішкентай
балаларды шомылдырған. Пеште сабанды салып жағып, оның үстіне
қазанға су құйып балаларды кезекпен түсірген.
Әже пеште барлық рәсімдерді көрсетеді.
Мынау балапандарым сендерге бұл орыс пешінде піскен ыстық нан.
Сендер үшін арнайы пісірдім
Көрші ауылға поъезбен,ұшақпен,атшанамен баруға болады
Балалар атшанаға мінеді
Тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады
Балалар әнді орындайды
Балалр атшанадан түсіп ауылға таңырқай қарайды
Әжеге қызыға қарайды
Балалар: Сәлеметсізбе әже
Балалар отырып жайғасады
Тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады
Әжені мұқият тыңдап отырады
-Шомылдыру үшін алдымен су керек.
-Жылы болу керек
Әжені мұқият тыңдап отырады
-Ол басы,шашы,көзі,құлағы,мұрны,аяғы,саусақтары
-Бір екі үш,төрт,бес
Әжеге бар назарларын аударады
Балалар тыңдап отырады
Әлди-әлди ақ бөпем
Ақ бесікке жат бөпем
Жылама бөпем жылама
Жілік шағып берейін
Інжу маржан моншақты
Бесікке тағып берейін. (Ажар)
Жақсыларға жақын бол
Отбасыңмен тату бол
Ата-анаңның көзі бол .(Ростислав)
Қырқынан шығару тойына келдік
Қайшы,шара,сабын,қасық
Басы,көзі,денесі,аяғы,қолы
Тәрбиешеге бар назарларын аударады
Тәрбиешін мұқият тыңдап отырады
Әжені мұқият тыңдап отырады
Добрый день, дорогие друзья!
Мир вам гости дорогие,
Вы явились в добрый час,
Рады видеть вас у печки.
В старину так говарили:
«Печь нам мать родная всем,
На печи все красно лет
У печи и сплю, и ем». (Наргиза )
Әжемен амандасады
Тәрбиешіні мұқият тыңдайды
Балалар орыс пеші жайлы шамаларынша не білетіндерін айтады
Әжені мұқият тыңдап отырады
Орыс пеші жайлы әңгімені мұқият тыдап отырады
Әжеге баса назар аударып,тыңдап отырады
Рәсімге бар назарларын аударады
Нанға қызыға қарайды
Рефлективтік тузеуші
Тәрбиеші:Ендеше әжелер ошақ басында отырған бәрімізді оттың жылуы барлығымызды жылыта берсін.Ешқашан ошағымыздың оты сөнбесін.Әжелеріміз пісірген бауырсақпен,ыстық нанмен шай ішейік.Ал келген қонақтарға бауырсақ үлестіріп қонақтармен қоштасайық
Тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады
Екі бала шығып қонақтарға бауырсақ үлестіреді
Қонақтармен қоштасады
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: : Балалар отбасылық салт-дәстүрлердің сабақтастығын .
Түсінеді: Сөздік қорларын молайта отырып,дұрыс толық сөйлей білуді
Қолданады: Адамгершілік қасиеттерді өз бойларына сіңіреді