- Учителю
- Сауат ашу және жазу негіздері З дыбысы және әрпі
Сауат ашу және жазу негіздері З дыбысы және әрпі
</<font face="Times New Roman, serif">Шығыс Қазақстан Облысы
Ұлан ауданы
Герасимовка ауылы
Герасимовка орта мектебінің
Мектепалды даярлық сынып мұғалімі
Муздапарова Райгуль Адиковна
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу және жазу негіздері
Білім беру саласы: Қатынас
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «З дыбысы және әрпі»
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:
1. З дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.Ұсынылған сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
2. Тілдік қорын, ой-өрісін дамыту.
3. Ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, достыққа тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетінің түрі: Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, көркем әдебиет
Оқу іс-әрекетінің әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекіліктер: слайдтар, шар, схема
Оқу іс-әрекетінің барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар қолдарына жүрекшелер ұстап, шаттық шеңберіне тұрады.
Әрқашан күн сөнбесін!
Күн нұрындай шуағын төге берсін!
Күндей жарық, көңілді күй кешейік,
Бәріміз тату дос боп бөлісейік!
Қолдарындағы жүрекшелерін шарға жабыстырып, ұшырады.
-
Балалар, біз сендермен көркем әдебиет және тіл дамыту сабақтарында көптеген ертегілер оқыдық.
-
Кәне, еске түсірейік.
-
Қандай ертегілер оқыдық?
-
Осы ертегілер ішіндегі «Бауырсақ» ертегісіне тоқталайық.
-
«Бауырсақ» ертегісінде қандай кейіпкерлер бар?
-
Бауырсақ аңдардан қалай құтылады?
-
Ертегінің соңында не болады?
-
Өкінішке орай, бауырсақты түлкі жеп қояды. Ал бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі сол Бауырсаққа кезіккен аңдардың тапсырмаларын орындау арқылы Бауырсақты аман алып қалуымыз керек. Ол үшін әр тапсырманы мұқият, зер сала тыңдауымыз керек.
«Ертеде бір апа мен ата болыпты. Бір күні ата өзінің қарны ашып, апаға бауырсақ пісіріп беруін өтініпті. Апа болса, үйде ұн жоқ екендігін айтыпты. Ата: қаптың түбін қырнасаң, бір уыс ұн шығар депті. Апа осылай жасапты. Бауырсақты пісіріп, терезенің алдына суыту үшін қойып қойыпты. Жата-жата жалыққан бауырсақ терезенің алдынан орындыққа түсіп, орындықтан жерге түсіп домалай жөнеліпті. Домалап келе жатып, қоянға кезігіпті.»
-
Балалар, енді бауырсақты қояннан құтқару үшін қоянның тапсырмасын орындайық.
Қоянның тапсырмасы.
Өткен сабақты қайталау.
-
Сөздер неден тұрады?
-
Дыбысты не істейміз?
-
Әріпті ше?
-
Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
-
И дыбысы қандай дыбыс?
Суреттегі сөздерді буынға бөліп, сөздерден сөйлем құрастыру.
Шие, инелік, ит
Құраған сөйлемді схема арқылы жазайық.
Тақтаға жазып көрсетеді.
-
Міне , балалар, қоянның тапсырмасын орындап, бауырсақты құтқарып алдық.
- Бауырсақ ары қарай жолға шығады. Алдынан қасқыр кезікті.
Қасқырдың тапсырмасы.
Жаңа сабақ.
Жұмбақ шешу.
Айға ұшып барады.
Аралап бар ғаламды. (Зымыран)
-
Зымыран сөзінің басында қандай дыбыс естіліп тұр?
-
Барлығымыз з дыбысын айтып көрейік.
-
З дыбысын қандай дыбыстардың қатарына жатқызамыз?
-
Неге дауыссыз дыбыс?
Суретке назар аударайық
Суреттерді атап, з дыбысының сөздегі орнын анықтау.
Бауырсақ қасқырдан құтылып, ары қарай домалап кетеді. Домалап келе жатса, алдынан қорбаңдаған аю кездеседі.
-
Бауырсақты құтқару үшін аюдың тапсырмасын орындайық.
Сөздерді дұрыс оқиық,
Көңілге оны тоқиық.
Аз, оз, жаз, қаз, боз, боз-ба-ла, Зе-ре, Зер-де.
-
Балалар, Бауырсақты аюдан да құтқарып алдық енді барлығымыз шаршап кеткен сияқтымыз. Орнымыздан тұрып, аюдың қимылын келтірейік.
Сергіту сәті.
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.
-Бауырсақ домалап, ары қарай жолға шықты. Домалап келе жатса, алдынан түлкі кездесті.
Түлкінің тапсырмасы.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
Қолға қалам алайық,
Көркем етіп жазайық.
-
Балалар, з әрпін жазбас бұрын бұл әріп неге ұқсайды?
-
Барлығымыз саусақтарымызбен з әрпін жасайық.
Тақтаға жазып көрсету.
Ауада жазу.
Балалар дәптер ережелерін сақтап, қарындашпен үзік сызықтарды қосып жазады.
Міне, балалар, бауырсақты барлық аңдардан құтқарып алдық.
Қорытындылау
-
Балалар сабақ ұнады ма?
Егер сабақ ұнаса, алаңқайды гүлдермен толтырайық. Алдарына алдын ала дайындап қойған гүлдерді тақтадағы алаңқай бейнеленген орынға жабыстырады.
Белсенді балаларды мадақтау.
.