7


  • Учителю
  • Бар мейіріміміз балаларға ашық сабақ

Бар мейіріміміз балаларға ашық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жүргізуші:

Бармысыңдар, балалар, бармысыңдар!

Жазда келді, жайнаған гүлді шыңдар.

Алдыменен алайық амандасып,

Армысыңдар, бәрің де, армысыңдар!

Қайырлы күн!

Жүрегінде жалын бар,

Шырқар әсем әні бар,

Сүйкімді нұр - сәні бар,

Бойында ақыл, ары бар,

Ізетті де, инабатты,

Білгір де, талантты,

Достар!





Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, мерекеге жиналған қонақтар, ата - аналар, балалар!

Баршамызды бала тілмен баурайтын,

Бала деген бір бақыт қой самғайтын

Ата - ананың арманы мен тілегін,

Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын

Сүйкімді періштелер сендерсің

Қандай бейне өздеріңе тең келсін!

Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,

Ең алдымен балалықты меңгерсін.

1 - Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Бүгін біз осы мерекені атап өтпекшіміз.

</ Бүгінгі 1-маусым Балалар күніне арналған «Бар мейіріміз балаларға» атты мерекелік ертеңгілігімізді ашып беру үшін және мерекелік лебізін білдіру үшін сөзді балабақша меңгерушісі С.У.Ажигалиеваға мен балабақша әдіскері Б.С. Бисеноваға береміз



Жүргізуші. Мереке бүгін, береке бүгін

Қуанып шалқып тасыған

От боп жүр жастар,

Шоқ боп жүр жастар

Көңіл жоқ шешек атпаған

Балалар гүлдей, құлпырып күндей.

Ән: «Дос болайық бәріміз» орындайтын №4 «Көбелек» тобының балалары



Жүргізуші: Өте тамаша ,рахмет өнеріңе.Кезекті біздің балаларға берейік.

Өнер десе өрілген

Биіктерден көрінген

Бишілерді шақырсақ

«Біздің жігіттер» биімен

Би: «Біздің жігіттер» орындайтын №5 «Қызғалдақ» тобының жігіттерін қарсы алыңдар.



Жүргізуші:Талайлардың шырқалады жыр әні,

талайлардың жүрегі нұр құшады.

Бүгінгі күн туған жер аспанында,

Ән қалықтап күй мен жыр бірге ұшады,- дей отырып кезекті әнге береміз.

Ән: «Солнечный круг» орындайтын №7 орыс тобының балалары



Жүргізуші: Достарымыз бар қуанып,

Тамашалар кештерде

Талшыбықтай бұралып,

Биші боламыз өскенде.

Би «Ложками» бір топ бишілер №2 сәбилер тобының балдырғандарын қарсы алыңдар



Жүргізуші:Гүлмен келсін келер күн

Бала-бағы бар елдің

Балалардың күлкісі

Көркі, сәні әлемнің.- дей келе №3 жане №5 топ балаларының таппақтарына кезек береміз.



Жүргізуші: Айдында жүзген аққудай

Қазақ қыздың биін-ай

әуеніне қол соғып,

биіне қол соғың-ай

Би: «Домбыра» орындайтын №1 сәбилер тобының балалары. Қарсы алыңыздар!



Жүргізуші: Әнші болғым келеді бұлбұлдайын

Әміредей болуды армандаймын

Қанатымды қондырып ұшқан кезде

Арманыма жақындап қалғандаймын.

«Балдырған» әні орындайтын №5 топ балалары



Жүргізуші: Өнерлі өрге жүзер талаптанып,

Қыран биік самғайды қанат қағып.

Адам үшін парызымыз ғой өнер іздеу

Жүрген соң адам деген атақты алып, дей келе биге кезек береміз.

Би: «Хуторянка» №7 топ балалары



Жүргізуші. Баршамызды бал тілімен баурайтын

Бала деген бәр бақыт қой самғайтын.

Ата - ананың арманы мен тілегін

Бала емеспе бал бұлақтан жалғайтын

Би: «Кәріс» орындайтын №2 сәбилер тобының қыздары



Жүргізуші. Сүйкімділер, періштелер, Сендерсіндер,

Қандай бейне өздеріне тең келсін!

Данышпанда, ғарышкерде, Ғалымда

Ең алдымен балалықты менгерсің

№4 топ баласы «Достық» туралы тақпақ

№7 топ баласы «О Родине!» туралы тақпақ



Жүргізуші. Ия, рас, бала болған бәріде,

Салған олар балалықтын әнінде

Бала кезді еске алып отырсақ

Сол емеспе тіршіліктің мәңіде.

Би: «Ұйғыр» орындайтын №6 топ қыздары. Тамашалаңыздар!



Жүргізуші: Көк жиектен күлімдеп,

Маусымның таңы атты

Тұра қойшы күнім - деп,

Анаң сені оятты -

Даналардың тілегі,

Балалардың тілегі

Ауырмасын ешқашан

Аналардың жүрегі.



Жүргізуші: Осымен біздің «Бар мейіріміз балаларға» атты мерекелік шарамыз аяқталып қалды. Әрқашан еліміз аман, жеріміз тыныш болсын.

Келесі мерекелік шараларда кездескенше, сау болыңыздар.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал