7


  • Учителю
  • Бақытты балалық шақ №9 орта мектеп жанындағы шағын орталық тәрбиешісі Тажигулова Нургул Салауатовна

Бақытты балалық шақ №9 орта мектеп жанындағы шағын орталық тәрбиешісі Тажигулова Нургул Салауатовна

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Балаларды қорғау күніне арналған музыкалық іс - шара

Тақырыбы: «Бақытты балалық шақ»



Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, түрлі - түсті шарлар,

Өтілу барысы: әдеби - музыкалық монтаж

Жүргізуші: Армысыңдар балалар, бармысыңдар,

Жаз да келді, жайнаған гүлді шыңдар

Алдыменен алайық амандасып,

Армысыңдар бәрің де, армысыңдар!



Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, мерекеге жиналған қонақтар,

ата - аналар, балалар!

Баршамызды бала тілмен баурайтын,

Бала деген бір бақыт қой самғайтын

Ата - ананың арманы мен тілегін,

Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын

Сүйкімді періштелер сендерсің

Қандай бейне өздеріңе тең келсін!

Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,

Ең алдымен балалықты меңгерсін.



1 - Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Бүгін біз осы мерекені атап өтпекшіміз. Аталған мерекемен бізді құттықтай келген қонақтарымыға алғыс айтамыз.

Ән « Балапан» орындайтын шағын топ балалары.

Жүргізуші: Ақылды балапан бүгінгі,

Көркейтер күніңді ертеңгі,

Үйренген өнерін көрсетсін

Бүлдіршін балалар белсенді.

Ендігі кезекті бүлдіршіндердің тақпақтарына кезек берейік.



Тақпақтар: Балалар тақпақтарын кезек -кезегімен орындайды.

Жүргізуші: Иә, рас, бала болған бәрі де,

Салған олар балалықтың әнін де.

Бала кезін еске алып отырсақ,

Сол емес пе тіршіліктің мәні де! - дей келе құрметті ата - аналар қонақтар.

Келесі кезекте «Ақ көгершін» әні орындайтындар

Би «Өзбек»биі Назарбай Дариға

</ Жүргізуші: Көк жиектен күлімдеп,

Маусымның таңы атты

Тұра қойшы күнім - деп,

Анаң сені оятты -

Даналардың тілегі,

Балалардың тілегі

Ауырмасын ешқашан

Аналардың жүрегі.

Ән « Анашым » орындайтын Төлеген Айкөркем

Тобымызға біз гүл ексек,

Балдырғаным, сен үшін,

бақытыңды жыр етсек,

Балдырғаным, сен үшін

Жігіт болар,күні ертең

Балдырғаным, гүл еркем

Бақытты бол,өсе бер,

Құтты болсын мерекең! Дей келе бір топ бүлдіршіндеріміз өздерінің суреттерін салуды бастайды.

Арманы бір, үні бір

Аға ардақты, іні гүл

Бақыт туын көтерген

Балалардың күні бұл деп «Ұландар» тобын қарсы алыңыздар ән «Ел қорғауға әзірміз»

Би орыс биі

Ән айтайық қосылып,

Сәбилердің бұл күні

Мақтап кетсін осы жұрты

Балалар деп үлгілі

Ән «Балдәурен»

Ән көмейден төгілді

Қайғы бұлты шегінді

Балалармен дүние

Көрікті де көңілді - балалар мерекесіне арнап Ізімберген Айшаны« Әке Ана»әнімен қабыл алыңыздар



Жүргізуші: Осымен «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік іс - шарамыз аяқталды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал