7


  • Учителю
  • Урок на тему «Ән салып, би билеп, көңілді біз жүреміз!» (Күзгі баққа саяхат)

Урок на тему «Ән салып, би билеп, көңілді біз жүреміз!» (Күзгі баққа саяхат)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Ән салып, би билеп, көңілді біз жүреміз!»

(Күзгі баққа саяхат)



Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы білімдерін жетілдіру, түсініктерін қалыптастыру. Танымдық процестерді дамыту.



Білімділік: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту. Күз мезгілінің астық, жеміс-жидек, көкөністерді жинау мезгілі екенін, күзгі ауылшаруашылық еңбек түрлері жөнінде білім беру.



Дамытушылық: Қолдың ұсақ моторикасын және көріп сезу арқылы балалардың сөздік қорын,танымдық қабілеттерін дамыту.



Тәрбиелік: Күзгі табиғаттың әсемдігін сезіне білуге және оны қорғауға тәрбиелеу. Табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас арқылы татулыққа, бірлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.



Әдіс-тәсілдері: Саяхат, әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын, іс-тәжірибиелік зерттеу.



Сабақтың түрі: Аралас.

Көрнекіліктер: Күз суреттері, үн таспа, жапырақтар, жеміс-жидектер, көкөніс дақылдар, түрлі- түсті құм.



Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.



Шаттық шеңбері:



Армысыз, қайырымды Аспан ата!

Армысыз, мейірімді Жер-ана!

Армысыз, шұғылалы алтын күн!

Армысыз, жан досым!

Армысыздар қонақтар!



- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр екен. Бізде бүгін ерекше сабақ болмақ. Біз бүгін күзгі баққа саяхатқа барамыз. Онда бізге күзгі бақтың дайындаған сыйы бар екен. Бірақ, балалар, оның қандай сый екенін мен де білмеймін. Балабақшамыз бізге арнайы автобус дайындап қойыпты. Барлығымыз осы автобусқа отырып, саяхатқа шығамыз. (Құмның бетіне саусақтарымен жолдың суретін салу).

Балалар біз жолымыз ұзақ болғандықтан ән айтып отырайық.

Күз, күз,күз,

Сарғаяды жапырақ.

Біз, біз, біз,

Біз бақшаға барамыз.

Ой балалар әндетіп отырып бірінші аялдамаға да келіп қалыппыз.

1- аялдама: «Күз».

Ал ол үшін біз күз туралы не білетінімізді айтайықшы. Ал енді осы күз мезгілі екенін суреттердің көмегімен айтып көрейікші. Күз екенін біз қайдан білеміз, қандай өзгерістер болады? (4 сурет үстелдің үстінде жатады. Жаңбыр жауып тұр, жапырақтар сарғайып жатыр, көкөністер және жемістер).

Қане, суреттерді алып көрейік.

  • Енді, құмның бетіне саусақ іздерімен жапырақтардың суретін салу. (Алдымен, жасыл түс жанады, одан кейін сары түс жанады. Жаз мезгілінде жапырақтардың түсі - жасыл, күз мезгілінде жапырақтардың түсі - сары болатындарын айтады).

  • Ендеше біз осы тапсырманы орындаған сияқтымыз, енді ары қарай жүрейік.

Балалар автобусқа отырып, әндетіп ары қарай сапарларын жалғастырады. (Құмның бетіне саусақ іздерімен жолдың суретін салу).

Күз, күз,күз,

Сарғаяды жапырақ.

Біз, біз, біз,

Біз бақшаға барамыз.

2 - аялдама: «Жемістер».

  • Міне, балалар, жемістер аялдамасына да жеттік.

- Балалар, сендер қандай жемістерді білесіңдер? (алма, алмұрт, апельсин, жүзім т.б.) (суреттерін көрсету.) Ендеше осы жемістердің пішіндерін құмның көмегімен жасап көрейік. (пішіндерге салып, жемістерді жасайды, жемістер туралы балаларға сұрақ қою, қолдарын сүрткізу) Жарайсындар, балалар, бұл тапсырманы да орындап шықтыңдар. Енді балалар ары қарай саяхатымызды жалғастырайық.

- Балалар, шаршаған шығарсыңдар, бір сергіп алайық.

Сергіту сәтін орындау:

Педагог суреттерді көрсетіп отырады. Балалар сол суреттерге қарап, іс-қимылдарды көрсетеді. Әуен қосылып тұрады.



- Балалар, ары қарай саяхатымызды жалғастырайық. (Құмның бетіне саусақ іздерімен жолдың суретін салу).



Күз, күз,күз,

Сарғаяды жапырақ.

Біз, біз, біз,

Біз бақшаға барамыз.



3 - аялдама: «Көкөністер».

Балалар, бұл аялдамада бізді қызықты тапсырмалар күтіп тұр екен. Көкөністердің атауларын атайды. Ал, балалар, айтыңдаршы көкөністерден не жасаймыз.

  • Қысқыға қалай дайындаламыз, олардан не жасаймыз? (салат, қияр жабу) сурет көрету.

  • Енді, балалар, осыны біз өзіміз жасап көрейікші. (Балалар қияр, қызанақтарда жауып тұздайды, түстерін атайды, 3 тілде ) Енді бұны біз аспаздарға берейік, ол кісілер ары қарай аяқтайды. Ал балалар тұздалған қиярдың түрі негізі мынадай болады.(тұздалған қиярды көрсету)



  • Енді, балалар, осыны біз құмның бетіне суретін салу арқылы өзіміз де жасап көрейік.

Педагог құмның бетіне екі банканың суретін салады. Балалар бір банканың ішіне қызанақтардың, ал екінші банканың ішіне қиярдың суретін салады. Қызанақтардың пішінін салған кезде қызыл түс жанады, қиярдың пішінін салған кезде жасыл түс жанады.

Балалар бұл аялдама еңбекқорларды сүйетін аялдама екен. Енді балалар картопты қалай жинау керек екенің көрсетейік. Жалпы балалар картоп қайда өседі? (тоғайда ма жоқ әлде бақшада ма?) Ал ендеше балалар картопты жинап көрейік. Балалар картоптардың көлемдері әр түрлі болады. Сондықтан да қазір жинағанда қызыл шелекке үлкен, ал көк шелекке кішкентай картоптарды саламыз. (Балалар жинайды, үлкен кішісін атайды, қолдарын сүртеді.) Бұл тапсырманы да орындап шықтық. Енді ары қарай кеттік.

- Балалар, ары қарай саяхатымызды жалғастырайық. (Құмның бетіне саусақ іздерімен жолдың суретін салу).



Күз, күз,күз,

Сарғаяды жапырақ.

Біз, біз, біз,

Біз бақшаға барамыз.



4- аялдама: «Гүлдер аялдамасы».

Балалар, біз әсемдікті сүйетін аялдамаға да жеттік. Бұнда әдемі-әдемі гүлдер өсіп тұр екен. Ой балалар қараңдаршы мына жерде тасбақа кетіп бара жатыр екен. Бұл тасбақа жай тасбақа емес сыйқырлы тасбақа екен.Ол да күзгі баққа бара жатқан сияқты. Оның күз ханшайымына арналған сыйлығы бар екен, қане ашып көрейікші. Оның бізге арналған тапсырмалары бар екен. Қанекей қалташаларын ашып көрейкші.

  • Сендер, қандай гүлдерді білесіңдер?

  • Гүлдердің түстері қандай?

  • Ендеше, осы гүлдерді құмның бетіне салып көрейік.

(Астра, раушан, георгин, қызғалдақ). Суреттермен жұмыс жасау. Олардың атын атау. Күз мезгілінде болатын гүлдерді атау.



5 - аялдама: «Күзгі бақ» аялдамасына да келіп жеттік. Ал балалар күзгі бақтың қандай ерекшеліктері бар екенін көрейік. (тақтаның ар жағына кіру, бастарына корона кигізу, тақтаны бұру, тоғайдың астынан себетттегі күздің сыйын тауып алу).

Ал, балалар, қараңдаршы, қандай өзгерістер болып жатыр айналамызда. (тиындар жүр барлығы күзге қамданып жатыр.) Ой балалар мына жерде бір нәрсе тұр , (ашып көру) бұл бізге күзгі бақтың дайындаған сыйлығы екен.



Рефлексия:

  • Балалар біз бүгін не істедік?

  • Не көрдік?

  • Не ұнады?



Ұйымдасқан оқу іс-әрекетін қорытындылау, балалармен қоштасу.





</</font>





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал