- Учителю
- Технологиялық карта Құртақандарды киіндіреміз
Технологиялық карта Құртақандарды киіндіреміз
«Жұлдыз» II кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 11.04.2016ж.
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Құртақанды киіндіреміз».
Мақсаты:
1.Төрт жыл мезгілінде ауа райы әртүрлі болғандғын түсіндліру.
2.Маусымдық өзгерістердің адамдардың киім кию үлгісіне әсерін тигізетіндігін түсіндіру.
3.Әр мезгілге байланысты киіну керектігін түсіндіре отырып, эстетикалық талғамдарын ояту.
Қолданылатын көрнекі құралдар:жаздық, қыстық киім үлгілерікөрсетілген заттық суреттер, садық, киім түрлерінің суреттері,үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: жаздық киім, қыстық киім.
Билингвальды компонент:киім-одежда, тон-шуба, шарф-мойынорағыш, етіктер -сапоги.Әрекет
кезеңдері
Тәрбиешініңіс-әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1.Шаттық шеңбері.
-Күннің шапағаты қандай керемет!
Барлығыңды шаттық шеңберіне шақырамын.
Сәлем, досым,
Мен гой досың.
2.Таңғажайып сәт. Ортаға сандық алып шығады.
-Балалар, мына сандықты кім әкелген?
Сандықта жазу бар екен, қане ,оқиық:
«Мен ғажайып сандықпын. Қане, достым қақпағын аш!».
Сандықты ашады, оның ішінен құртақанды алып шығады.
-Балалар, мына құртақан қонақа бармақ.
Бірақ қандай киім киерін білмей жатыр.
Құртақанға киім таңдап берейік.
Шаттық шеңберге тұрады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Қызығушылық көрсетеді.
Сандыққа қызыға қарайды..
Ұйымдастыру
шылық-ізденістік
1.Білімді өзектендіру.
-Педагог бір-бірлеп сандықтан киімдерді алып шығады.
-Мынау не?
-Бұл заттарды бір сөзбен қалай атауға болады?
-Осы киімдерді құртақанға кигізуге бола ма?
-Онда оған қандай киім керек?
2.Билингвальды компонент:киім-одежда, тон-шуба, шарф-мойынорағыш, етіктер-сапоги.
3.Киімдер туралы жұмбақтар шешу.
-Сандықта тек жаздық киімдер туралы жұмбақтар бар екен.
Енді оларды шешу керек.
Есігі-біреу,
Бөлмесі -бесеу. (Қолғап).
-Мойынға ол оралып,
Жылулықты сақтайды,
Аяздан бізді қорғайды. (Мойынорағыш).
Теріден тігілген,
Тек қыста киілген.
Үлкен-кіші киген
Олне екен білсең?
Қыстың күні онсыз,
Шыға алмайсың далаға. (Тымақ).
Осыдан кейін педагог сандықтан
Жұмбақтардың шешулері болған киімдердің суреттерін алып шығады.
-Ал мына киімдерді құртақанға киюге бола ма? -Киімді қалай күтуге болады?
4.Саусаққа арналған жаттығу.
Музыка әуенімен кеудешелерінің түймелерін ашады, қайтадан салады.
5.Үлестірмелі материалмен жұмыс.
Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді.
Жеке жұмыс өткізеді.
Сұрақтарға жауап беріді.
-Сарафан, жейде,шолақ шалбар. -Киім. -Жоқ, болмайды. Қайталайды. Қазір күн суық. -Жылы киімдер керек.
Жұмбақтарды шешеді.
-Қолғап.
-Мойынорағыш.
-Тон.
-Тымақ.
-Болады. Бұлар-қыстық киімдер. -Киімді кірлетпей кию керек.
Саусаққа арнлған жаттығуды орындайды.
Қысқы және жазғы киімдерді топтастырады.
Рефлексиялық-түзетушілік
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерді қорытындылады.
Сұрақтарға жауап береді.Бір-бірінің жауаптарын тыңдайды.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды:маусымдық киімдерді ажырата алуға арналған тапсырманы.
Түсінеді: маусымдық өзгерістердің адамдардың киім кию үлгісіне әсерін.
Қолданады: қыстық киімдерді жаздық киімдерден ажырата білу дағдыларын.