7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс жұмыс Даярлық сұлтаны даярлық тобы

Сыныптан тыс жұмыс Даярлық сұлтаны даярлық тобы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Даярлық сұлтаны

Мақсаты: Жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім ұялату,Отанға, туған елге деген сүйіспеншілктерін қалыптастыру. Төзімділікке, тапқырлыққа, ептілікке, алғырлыққа баулу.Сөздік қорларын,сөйлеу тілдерін дамыту.Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.

Түрі: Сыныптан тыс іс-шара

Өтілу орны: Мерекеге сай безендірілген сынып бөлмесі./Интербелсенді тақта,қанатты сөздер, шарлар т.б/

Басталуы: Музыка әуенімен ортаға тәрбиеші шығады

Тәрбиеші:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Мектепалды даярлық сыныбының Жеңіс мерекесіне және Қазақстан Республикасының қарулы күштері күні мерекесіне орай ұйымдастырып отырған «Жігіт сұлтаны» сайысына қош келдіңіздер!

Егеменді еліміздің ертеңі бүгінгі бүлдіршін! Тәуелсіз Қазақстанның болашағы кемел, іргесі бүтін ел болып қанатын кеңге құлаштай сермеу үшін патриоттық тәрбиені мектеп табалдырығынан аттаған бүлдіршін санасына сіңіруден бастағанымыз жөн.

Сайыс болған соң әділқазылар сайлап алайық/әділқазылар сайланады/

Сонымен ортаға сайысқа қатысушы сұлтандарымызды шақырамыз

Ержүрек батыр елдің ұрпағымыз,

Биікке қанат қағар сұңқары біз,

Намысты,от жүректі, мың өнерлі,

Даярлық тобындағы ұлдарымыз.



Тұрмайды босқа қарап олар текке,

Өнерін көрсетеді мынау көпке.

Ел қорғайтың ертеңгі сарбаз олар,

Көрермен сұлтандарды қошеметте!



№1сұлтанымыз Серік Бауыржан

№2 сұлтанымыз Жеңісханов Нұржан

№3 сұлтанымыз Манарбек Алан

№ 4 сұлтанымыз Архатұлы Әлішер

№5 сұлтанымыз Батылжанов Мадияр

№6 сұлтанымыз Иманбаев Айбек

№7 сұлтанымыз Шағыманов Ерназ

№8 сұлтанымыз Мұқатай Дамир

№9 сұлтанымыз Бағалтаев Қуаныш

№10 сұлтанымыз Бейсен Мейржан

№11 сұлтанымыз Қуатов Елхан

№12 сұлтанымыз Қайратбекұлы Мадияр

Өнерлері бойларында тасыған кішкентай серілерге қошамет көрсетіп қояйық. Сонымен сайысымыз 5 бөлімнене тұрады.

І.Таныстыру

ІІ.Серілер өнері

ІІІ.Білімді мыңды жығар

ІҮ. Спорттық сайыс

Ү. Сән шеру

Олай болса,

І.Артта қалмас шын жүйріктер, тұлпарлар,

Қуаныш пен шаттық әнін шырқаңдар

Бірінші бөлім «Таныстыру» ал кәне,

Таныстырсын өз-өздерін сұлтандар

/Әрқайсысы өздерін таныстырып шығады, ұпай саны көрсетіледі/

ІІ.Асыл сөзді даналықтан терейік,

Сұлтандарға әділ баға берейік.

Әділқазы әділ баға көтерсін,

Жігіттердің өз өнерін көрейік

/Өз өнерлерін көрсетеді,ұпай сандары беріледі/

ІІІ.Мерекеде жақсы тілек айтайық,

Бір дем алып, үйімізге қайтайық.

Шеттерінен сұлтагдарым өнерлі,

Ал ендеше,білімдерін байқайық!

/Киіз үйдің ішінен сұрақтар алады, тәрбиеші оқып береді,балаларсол сұрақтарға жауаптар қайтарады/

ІҮ.Бойларына бар өнерді жиып келген,

Қылығына тәп-тәтті сүйсінермең?

Ал енді, менің қайсар сарбаздарым,

Бақ сынайды спорттық мың өнерден-деп келесі кезекте сайыскерлер «Спорт түрлерінен» бақ сынайды.

1-қазақтың ұлттық ойыны асық ату

2-шелекке доп салу

3-аджимание жасау

Іске сәт!Біз бастаймыз,бірінші сұлтанымыз Серік Бауыржанның өнерін тамашалайық!

(Әділ қазылар ұпай сандарыңыз)

Ү.Тәрбиеші: Мінеки,соңғы айналымға да келіп жеттік.Бұл бөліміміз. «Сән үлгісі».Яғни бүгінгі сайысымыз 9-мамыр Жеңіс мерекесі,Қазақстанның Қарулы Күштері күні мерекесіне арналғандықтан киім үлгіміз де батырлардың,сарбаздардың,елін жерін қорғап, Отанына адал қызмет етіп жүрген теңізшілердің немесе қырағы көз сақшылардың киімі болсын деп шарт қойғанбыз.Сайыскерлеріміз дайын болғанша біздің сыныптың өнерлі қыздарының мерекеге арналған ән,би өлеңдерін тамашалаңыздар!

Мына сынып неткен шіркін өнерлі,

Өрге жүзер білімді жас өрелі.

Аруларын қарсы алыңыз сыныптың,

Айтып әнді,би де билеп береді.

Ән: «Қазақстан жалауы»

Би: «Теңізшілер»

Тәрбиеші: Ендігі кезекте «Сән шеруін» қарсы алайық! Ортаға әдемі киімдерімен даярлық сұлтандарын шақырайық!/ұл балалар өздері киіп шыққан киімдеріменсахна төрінде жүріп өтіп,орындарына келіп тұрып өз киімдерін таныстырады. Әділ қазылар ұпай береді/

Тәрбиеші:Құрметті ата-аналар, көрермендер! Сайысымызда өз мәресіне жетті.Әділқазылар шешімдерін шығарып «Сегіз қырлы, бір сырлы» даярлық сұлтандарын тауып саралағанша біздің өнерлі балдырғандарымыз сіздерге «Қара жорға » биін билеп береді.

Тәрбиеші:

Қасиетті қазақтың ұл-қыздары,

Жарқылдар әлі талай жұлдыздары.

Көрінер әлі-ақ өнер биігінен,

Бақытты бала шақтың жұлдыздары.

Құтты болсын бүгінгі күн мерекең,

Ата-аналар арта берсін берекең.

Баласы үшін барын сарқып беретін, алғыс айтам бәріңізге бүгін мен!-деп бүгінгі өткізіп отырған мерекелік сайысымызды аяқтаймыз. Сөз кезегі әділқазыларда.

/Әділқазылар әр балаға номинация бойынша марапаттау беріп, бір балаға «Даярлық сұлтаны» атағын береді. Сыйлықтар ,марапаттаулар табысталады. Ата-аналарға,мектеп әкімшілігіне сөз кезегі беріледі./











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал