7


  • Учителю
  • Технологическая карта үй жануарлары қалай дыбыстайды

Технологическая карта үй жануарлары қалай дыбыстайды

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тексерген:

№48 «Мұрагер» МдҰ

Әдіскері:Т.Ж.Еркегалиева



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



«Балапан» I кіш тобы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Не қалай дыбыстайды?

Мақсаты: Құстардың сайраған дыбыстарын тыңдату арқылы әр құстың дыбысын ажырата білуге үйрету. Дидактикалық ойын арқылы сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру. Жануарларға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:

Әдіс-тәсілдер:

Көрнекіліктер: құстың суреттері, ойыншық құстар, құстардың дауысы жазылған үнтаспа.

Билингвалдық компанент: Құс-птиц.





-Мынау не?

-Ол қандай құс?

-Түсі қандай?

-Торғай үй құсы ма, дала құсы ма?

-Қайда ұшады?

Балалар күлімдеп, қуана тәрбиешімен бірге қимыл-қозғалыспен шаттық шеңберін жасайды.

Балалар суретке қызыңға қарап, тәрбиешіні тыңдап, сұрақтарға жауап беруге тырысады

Ұйымдастырушылық қозғаушы кезеңі

Сиқырлы сәт. Құстардың дауыстары дискіден тыңдалады. Балаларды тыңдауға шақырады. Дискіні тыңдап болған соң, қораптан ойыншық қаз, торғай, тауық, әтешті алады. Енді осыларды жаңағы тыңдағандарымыз бойынша ажыратып, дауыстарын айтып жаттығамыз дейді.

-қаз «қаңқ-қаңқ» деп қаңқылдайды, қайталатады.

-Торғай «шық-шық-шық» деп, шықылдайды.

-Әтеш «ку-ка-ре-ку» дейді.

-Тауық «қыт-қыт» деп, айтқыздырып қайталатады, үйретеді.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Қане қанат жазайық.

Торғайларға ұқсайық,

Ұшып-ұшып алайық

Дидактикалық ойын:

1. «Дауысын сал!» Құстардың суреттерін таратып береді.

Кімде қандай құстың суреті, оның дауысын салады.

Қимылды ойын :

2. «Түлкі мен құстар».

Бір бала түлкі, қалғаны құстар. Түлкі ұйықтап отырады. Құстар ұшып жүреді. Түлкі оянып кетіп, құстарды қуады.

Құстардың дауысына таңғалып қуанышпен, қызыға тыңдайды..











Балалар дауыстарын салып қайталайды.









Қимыл-қозғалыстар жасайды.















Ойынды қуана ойнайды. Дауыстарын салуға құлшынады.



Рефлексиялық қозғаушы кезеңі

Балаларды ойынға деген қызығушылықтарын бағалайды.

Ғай-ғай - торғай,

Ә-ә- теш.

Балалар түрлі қимыл-қозғалыстар жасайды. Құстардың дауыстарын салып үйренеді. Сөздерді айтып үйренеді.





Күтілетін нәтиже

Біледі: құстарды ажырата алуды;

Игереді: құстар туралы жалпы түсініктері болады;

Меңгереді: құстардың дауысын салуды біледі.













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал