7


Сауат ашу Дауыссыз дыбыстар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін: _________________________________ Күні: _______________


ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу және жазу

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар. 17 - бет.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: дауыссыз дыбыс ерекшелігі туралы түсінік беру. Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшелігін меңгерту. Сөйлеу тілін жетілдіру. Ой-өрісін дамыту. Балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ұқыпты, таза, көркем жазуға дағдыландыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: дидактикалық материалдар, еңбек құралдарының суреттері, тірек сызба, суреттер.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Қостілділік компонент: дауыссыз дыбыстар - согласные звуки

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Балалар шаттық шеңберінде дөңгелене тұрып, қосылып айтады: Біз қандаймыз, қандаймыз? Шұғылалы таңдаймыз, Жарқыраған күндейміз, Ренжісуді білмейміз!

Шаттық

шеңберін

жасайды.


Ұйымдастыру-іздестіру


















2. Жұмбақ: 1. Ағаш көрсе қышынар, 2. Басы - құрыш,

Сояу-сояу тісі бар. .(Ара) Сабы - шырыш. (Балға)

3. Еңбек, ауыл еңбегі, дала еңбегі, қаладағы еңбек, баланың өзіне-өзі көрсететін қызметі жайлы әңгімелесу, сұхбаттасу.

4. «Не істер едің?» дидактикалық ойыны. Шарты: баланың зеректілігін, логикалық ойын байқау мақсатында «Не істер едің?» деген сұраққа жауап алынады: - Пальтоңның түймесі үзіліп қалса, не істер едің? - Киім ілгіштің шегесі жұлынып кетсе, ...

- Шкафтың сөресін түсіріп алсаң, ... - Бәтекеңнің бауы үзіліп қалса, ...

ІІ. Негізгі бөлім. 1. Сұрақ-жауап әдісі арқылы дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдері пысықталады. - Өздерің білетін дауысты дыбыстарды атаңдар. Жануарлардың «дыбысын» келтірейік. - - Сиыр қалай дыбыстайды? - Сиыр «мө-мө» деп мөңірейді.

- Өз атын өзі шақыратын құсты білесіңдер ме? - Көкек, кө-кек, кө-кек... Соңғы (к) дыбысты созып айтып көрейікші ...

2. Тәрбиеші дауыссыз дыбыстар ауыз қуысында кедергіге ұшырап, айтуға, дыбыстауға келмейтінін түсіндіреді. Дауыссыз дыбыстарды дауысты дыбыстардың көмегімен айтуға болатынын айтып, оған мысал ретінде бір буынды сөздерді айтқызады:

ат а-а-т

ер е-е-р

сүт с-ү-т

3. Бірнеше дауыссыз дыбыстарды айтқызу: т-ы; р-ы; к-і; г-і.

4. Сергіту сәтін өткізу.

5. Дәптермен жұмыс жүргізу.

а) Сурет бойынша «Балабақша бөлмесі» және «Сыныпта» деген тақырыптарда әңгіме құратып, жекелеген сөздерге дыбыстық талдау жасату. Сөздегі дауыссыз дыбыстарды хормен қайталату.

ә) Текше, қонжық, дәптер сөздеріне дыбыстық талдау жасап, олардың неше дыбыстан тұратынын айтқызады.

б) Берілген үзік сызықтарды қосып, таяқшаларды жазу. Машинаның суретін торкөзді санап салып, және бояйды.

Жұмбақ шешеді.



Ойынды ойнайды.




Балалардың жауаптары тыңдалады.












Сергіту сәтін жасайды.


Дәптердегі тапсырмалар-ды орындайды.

Рефлексивті-түзетушілік

ІІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытындылау: - Дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі қандай?



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: дауыссыз дыбыс ерекшелігі туралы түсінік беру.

Қандай түсініктерді игерді: сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшелігін меңгерту.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сөйлеу тілін жетілдіру, ой-өрісін дамыту.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал