7


  • Учителю
  • 2014-2015 Ата-аналарға арналған этикалық кодекспен таныстыру

2014-2015 Ата-аналарға арналған этикалық кодекспен таныстыру

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

2014-2015 оқу жылы «Айналайын» МД тобындағы №1 ата-аналар жиналысы

Ата-аналарға арналған этикалық кодекспен таныстыру.

Тәрбиеші: Наурызбаева А.А.

Күні: 11.09.2014



1.Балабақша - білім ошағы екенін есте ұстаңыз.

2.Тәрбиешінің қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз.

3. Бала тәрбиесі,ортақ іс екенін ұмытпаңыз. Ата-ана ерекше жағдайда ғана емес, тәрбиемен ұдайы байланысуға міндетті

4. Балабақшадағы жағдайды жақсарту мақсатында ұсыныстар айтуға құқыңыз бар.

5. Балабақша туралы,балабақшада болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып ,бөгде орындарға таратпаңыз.

6. Балабақша - балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз,өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз.

7 . Балабақшадағы және топтағы ата-аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз.

8. Өз балаңыздың балабақшадан тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз.

9. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз, оған оқуға қажетті құрал-жабдықтарын уақтылы әперіңіз.

10. Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз.

11. Өз уақытымен балаңыздың оқу жағдайын қадағалап отырыңыз.

12. Егер балабақшаға сабақ уақытында келсеңіз, тәрбиешіні немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз.

13. Өз мүмкіндігіңізге қарай балабақшада өткізілетін мерекелік шараларға,байқауларға қатысыңыз.

14 Әрбір ата-ана өз еркімен немесе топтық ата-аналар жиналысының шешімімен балабақшаға, топқа ұйымдастырушылық,ақпараттық және материалдық көмек көрсете алады.

15. Балабақша ішінде, топта бола қалған қиын жағдайларды мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз:

- 1. Топ тәрбиешісі

- 2. Психолог

- 3. Әдіскер

- 4. Балабақша меңгерушісі





А т а - а н а л а р ғ а т і л е к:



</ «Дұрыс жүріп,

күтіне білетін,

Үлкенді сыйлап,

кішіні сүйетін,

Білімді жинап,

дүниені шолатындай,

балаларыңыз үлкен азамат болып өссін!»





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал