7


  • Учителю
  • Көктем сәні ертегісі Мектепалды даярлық тобы

Көктем сәні ертегісі Мектепалды даярлық тобы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Көктем сәні (ертегі)



Білім саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Көктем сәні (ертегі)

Мақсаттары: а) білімділігі: Балаларға ертегіні түсіндіре отырып, балаларды көктем мезгілінің ерекшелігін сезіне білуге, табиғатты аялай білуге, қамқор болуға тәрбиелеу.

ә) дамытушылығы: Балалардың ертегіге деген қызығушылығын арттыру.

б) тәрбиелігі: Ертегінің мазмұнын дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу.

Көрнекіліктері: Көктем көрінісі



Ұйымдастырушылық оятушылық

- Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Табиғатқа қамқор боп,

Байлығын біз қорғайық.

Әдепті де, тәртіпті боп,

Жақсылығын қолдайық

- Әрбір жыл мезгілі өз сәнімен ерекшеленеді. Жазда ыстық, күзде сары, қыста қар, көктемде жасыл болады.



Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Дәптермен жұмыс:

«Көктем сәні» ертегісін оқып, балаларды таныстыру.

- Арыстан орманға аңдарды не үшін шақырды?

- Қандай аңдар жиналды?

- Ақбөкен не деп жауап берді?

- Қоян, Арқар, Аю, Түлкі не деп жауап берді?

- Сендер көктем сәні не деп ойлайсыңдар?



Дидактикалық ойын:

«Кім тез құрайды?»

Ойын шарты: Бірнеше жабайы аңдардың қиылған денелерін құрастыру.



Сергіту сәті:

Арыстан ақырады, қоян секіреді,

Түлкі қылмыңдайды, аю қорбаңдайды



Рефлекстік - түзетушілік

Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен көзімізді жұмып, орманды елестетеміз.

Орманда жануарлар жүр. Орман іші жап - жасыл. Таза ауа, сайраған құстар үні, сылдырап аққан судың сыбдыры құлаққа жағымды естіледі. Көзімізді ашайық.



Қорытындылау.

- Көктем сәні - ол гүлдер, көбелектер, алғашқы ұшып келген құстар, күннің жылуы.

- Балаларды мадақтау







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал