7


  • Учителю
  • Вариативтік компонент. Тақырыбы Байқампаздар әлемі

Вариативтік компонент. Тақырыбы Байқампаздар әлемі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

2-сәбилер«Балдәурен» тобы

Күні:05.09.2014

Бөлімі:Байқампаздар әлемі

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: «Заттарды көлеміне қарай екі топқа бөлу»

Мақсаты: Балаларды көлемі әр түрлі, түсі бірдей тостағандарды (үлкен, кіші) екі топқа бөлуге үйрету. Тостаған дөңгелекке ұқсайтынын түсіндіру.

Билингвальді компонент: Үлкен-большой, кіші- маленький

Көрнекіліктер: Үлкен, кіші тостағандарБалалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды сабаққа ұйымдастырып, жаңа сабақпен таныстырады.

Ал бүгін сабақта үлкен және кіші тостағандарды екі топқа бөлеміз.

Балалар тәрбиешінің жаңа тақырыпты түсіндіргенін мұқият тындайды.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды.

қымызханада болғандарың барма?

Ол қандай болады?

Мынау тостаған, ол дөңгелек болады. Халқымыз тостағанды қымыз ішу үшін пайдаланған. Үлкен және кішкене дөңгелектерді салыстырады.

Балалар қымызханада болса соны айтады, тостағанның дөңгелек болатынын айтты. Тәрбиешінің көрсетуі бойынша үлкен және кіші тостағандарды ажыратты.



Рефлексиялық түзетушілік

Тәрбиеші балалар жауабынан соң бірекі баланы қасына шақырып, үстелде тұрған тостағандарды топтауға тапсырма береді.

Дидактикалық ойын: «Қайсысы үлкен?»

Тостаған мен теңгенің қайсысы үлкен, кіші екенін салыстырады.

Үстел басына келіп тостағандарды топтастырады, үлкендерін бір бөлек және кішілерін бір бөлек.

Балалар ойынға қызығушылық танытты.



Күтетін нәтижелер:

Нені біледі:Заттарды көлеміне қарай топтастыруды

Қандай түсініктерді игереді: Үлкен және кіші деген ұғымдарды.

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Заттарды өзара топтастыра білу



Тәрбиеші: Абдрахманова Б.

Әдіскер: Багбаева Н.Қ. ----------

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

2-сәбилер«Балдаурен» тобы

Күні: 12.09.2014

Бөлімі: Байқампаздар әлемі

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: «Заттарды пішініне қарай топтастыру»

Мақсаты: Балаларды пішіні әртүрлі заттарды пішініне қарай ажыратып, топтауға үйрету. Заттарды көлеміне байланысты дағдыны бекіту, байқағыштыққа тәрбиелеу.Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды сабаққа ұйымдастырып үстелге отырғызады. Өткен сабақты еске түсіру сұрақтар арқылы.

Балалар өткен сабақта өткен үлкен және кіші, дөңгелек ұғымын естеріне түсіреді.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Үлкен және кіші дөңгелекті қатар қойып салыстыру. Тәрбиеші пішіні әртүрлі заттармен жұмыс істейтінін айту. Тақтада ілінген торларды пішіні әртүрлі төртбұрышпен және үшбұрышпен жабу. Барлығы жауып болған соң, балалардың назарын алдымен төртбұрышты торға, сонан соң дөңгелекке аударады. Пішіні әртүрлі екенін қайталайды.



Балалар дөңгелектерді салыстырады.

Балалар тақтаға шығып тордыың пішініне қарап үшбұрыштар мен төртбұрыштарды жапты.







Рефлексиялық түзетушілік

Қортынды . «Саяхат» ойыны

Мақсаты:пішіні әртүрлі заттарды ажырата білуін бекіту. Автобуспен құрылыс алаңына барып онда салынған үйлердің терезесіне көңіл бөледі. Қай үй ұнағанын, не себепті ұнағанын айтады.

Ойынды қызығушылықпен ойнады.

Күтетін нәтижелер:

Нені біледі: Заттарды пішініне қарай салыстыра біледі.

Қандай түсініктерді игереді: Заттардың көлеміне байланысты дағдылары

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Байқағыштыққа дағдыланды.

Тәрбиеші:Турысбаева А.

Әдіскер: Багбаева Н.К.-------------

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

2-сәбилер«Агөйлек» тобы

Күні: 21.09.2016

Бөлімі: Байқампаздық әлемі

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: «Ұлттық бұйымдар»

Мақсаты:Балаларды топ бөлмесінде, өзін қоршаған заттардың ішіндегі ұлттық бұйымдарды дұрыс атай білуге, түр түсі, пішіні, көлемі жайында түсініктерін кеңейту, ұлттық бұйымдарды бейнелеу іс-әрекетінде бере білуге, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Билингвалды компонент:

Көрнекіліктер: Ұлттық бұйымдар бейнеленген суреттерБалалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды сабаққа ұйымдастырады. Ұлттық бұйымдар туралы мәлімет беріп, сурет бойынша әңгіме жүргізу.

Суреттен балалар өздеріне таныс заттарды атайды,

оны не үшін қолданатынын айтады

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Жұмбақ жасыру

Шебер ісі зергердің,

Әсемдіктің құндысы ( сырға)

Балалар мына суреттерден не көріп тұрсыңдар?

  • Шолпы, сырға, білезік, ағаш үй, кереге, уық, шаңырақ.

Қане осылардың ішінен ағаш және зергерлік бұйымдарды ажырату.

Шолпы, сырға, білезікті кімдер тағады? ( қыздар, аналар)

Кереге, уық, шаңырақ не үшін қажет? ( ағаш үй)

Сергіту сәті: «Қошақаным»



Жұмбақты шешу.



Алдарындағы ұнаған суреттің аттарын айтады.













Қимылмен жасайды



Рефлексиялық түзетушілік

«Қошқар мүйіз» оюы туралы айтады.

Ойын: « Ою құрастыр»

Балалар ойында шапшаңдық танытты.



Күтетін нәтижелер:

Нені біледі: Ұлттық бұйымдарды ажырату

Қандай түсініктерді игереді: Зергерлік және ағаш бұйымдарды атау

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Сұрақтарға жауап беру.



Тәрбиеші:







Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы

Топ: «Айгөлек»

Күні: 27.09.2016

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: «Тақияларды топтау»

Мақсаты: Пішіні әр түрлі тақияларды түстеріне сәйкес топтауға үйрету, күнделікті қолданылатын заттармен салыстыра білуді меңгерту. Үйренген сөздерін толық меңгеріп, қолдануға жаттықтыру, ұлттық киімдерге құрмет сезімін тәрбиелеу.



Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды сабаққа ұйымдастырады. Сурет бойынша әңгіме жүргізу. Үлкен, кіші заттарды салыстырады.

Суреттен балалар өздеріне таныс заттарды атайды,

оны не үшін қолданатынын айтады

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Балалар мына суреттен не көріп тұрсыңдар? Қане кім үлкен, кіші екенін ажыратайық.

Атаның тақиясы қандай пішінге ұқсайды? ( дөңгелек)

Әженің орамалы қандай пішінге ұқсайды? ( төртбұрыш)

Жұмбақ жасыру

Адам басынан биік,

Көтерген қолдан аласа. ( тақия)

Балалар ұлттық киімдерді атайық: шапан, тақия, сәукеле, камзол т.б



Алдарындағы ұнаған суреттерінің атын атайды.







Жұмбақты шешу







Рефлексиялық түзетушілік



Ұлттық киімдеріміз қандай?

Оларға нелер жатады?

Ойын: «Киім дүкені»

Мақсаты: ұлттық киімдерді тез атау, жаңа сөздерді толық меңгерту.



Балалар ойында шапшаңдық танытты.





Күтетін нәтижелер:

Нені біледі:Ұлттық киімдерді ажыратуды

Қандай түсініктерді игереді: Түстеріне қарай топтастыруМеңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Жаңа сөздерді меңгерді, ұлттық киімдерге құрмет сезімін тәрбиелеу

Тәрбиеші:

Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы

Топ: «Айгөлек»

Күні: 5.10.2016

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: «Түстері бойынша топтастыру»

Мақсаты: Түстері әр түрлі, біркелкі заттарды екі топқа бөліп топтау ( ағаш, қасық, кесе) үйрету. Сезімдік сапаларды бекіту. Халақ ауыз әдебиеті үлгілірінен жаңылтпаш жаттата отырып, тілін дамыту. Байқампаздыққа тәрбиелеу.Оқу іс-

әрекетінің кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ертеңгілік шеңбер:

Арайлап таң атты!

Алтын сәуле таратты!

Қайырлы таң балалар,

Бүгінгі күнге жақсы тілектер айтыңдар. Менде сендерге бүгінгі күндерің сәтті болсын деймін.

Тілек шеңбері арқылы балалар бірбіріне жағымды тілектер білдіріп, жарқын көңіл күй, достық сезім сыйлады.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Жұмбақ жасыру.

Аузы бар, ішіп жемейді,

Алайда жұртқа «же» дейді.

Тәрбиеші балаларға «Тамақ ішіп отырған бала» сурет бойынша әңгіме айтқызу.

Жаңылтпашты жаттау:

Неше кесе

Сынды кеше.

Ойын: «Өз түсіңді тап?»

Мақсаты: Түстері әр түрлі кеселерді екі топқа бөліп жинайды.

Жұмбақ шешуі қасық екенін айтады.



Суреттегі заттарды атайды.







Жаңылтпашты тәрбиешімен бірге қайталайды.







Рефлексиялық түзетушілік

Дидактикалық ойын: «Қоржын»

Мақсаты: Қоржынның екі басы екі түспен боялған, осыған түстес келетін заттарды қоржынға салады.

Ойын балаларға түстерді ажыратуға , ұқыптылыққа тәрбиеледі.





Күтетін нәтижелер:

Нені біледі:Қазақтың ұлттық ыдыстарымен танысты

Қандай түсініктерді игереді: Жаңылтпаш пен жұмбақты шешті

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Түстер туралы білімдерін дамыту

Тәрбиеші:

Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы

Топ: «Айгөлек»

Күні: 12.10.2016

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: «Шаңырақтарды орналастыру»

Мақсаты: Заттарды көлеміне сәйкес топтауға, әр түрлі заттарды көлеміне байланысты салыстыруға, бір пішіндегі көлемі екі түрлі дөңгелектерді ажырата білуге үйрету. Еөлемді ажаратуды меңгерту. Ұлттық заттарға мақтаныш сезімін тәрбиелеу.



Балалардың

іс-сәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар өткен оқу ісәрекетінде біздер нені топтадық?( тәрбиеші тостағанды көрсетеді)

тостаған неге ұқсас еді? Екінші қолына дөңгелекті көрсетеді

бүгін осы дөңгелекпен және пішіні дөңгелекке ұқсас затпен жұмыс істейміз.

Тостағанды деп жауап береді.



дөңгелек

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Жұмбақ жасыру.

Қаз қанатын жайды,

Үйрек мойынын созды,

Төсіне аққу қонды.

Егер балалар шешуіне қиналса, тәрбиеші көмектеседі. Шаңырақ киіз үйдің төбесіне орналасады, ал пішіні қандай екен?







Киіз үй, кереге, шаңырақ, уық.







Дөңгелек.







Рефлексиялық түзетушілік

Дидактикалық ойын: «Қайсысы үлкен?»

Үлкен дөңгелек, үлкен шаңырақ. Кішкене дөңгелек, кіші шаңырақ.



Балалар ойында шапшаңдық танытты.





Күтетін нәтижелер:

Нені біледі:Заттарды көлеміне сәйкес топтауды

Қандай түсініктерді игереді: Көлемді ажыратуды меңгерді

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Ұлттық заттарға мақтаныш сезіміне тәрбиеленді.

Тәрбиеші:





Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы

Топ:«Айгөлек»

Күні: 19.10.2016

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: «Кеселер»

Мақсаты: Балаларды түстерді ажарата білуге, ыдыстар туралы мағұлмат бере отырып, оның ішінде кесенің қандай ыдыс, не үшін пайдаланатыны туралы ұғым қалыптастыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалардың үстел үстіндегі кеселерді түстеріне топтастыру тапсырылады. Әр балаға кеселерді таратып беру.



Кеселердің түстерін, пішінін айтады.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Жалпы ыдыстарды көрсете отырып, оларды қалай падаланатынын айту. Басқа заттармен салыстырып кесенің көлемін, пішінін ажырату. Кесе дөңгелек шұңғыл болып келеді. Кесемен сұйық тағамдар ішу үшін пайдаланамыз. Кесенің түстері әр түрлі болады. Кесені пласмастан, шыныдан жасайды. Балалар қызыл, жасыл кеселерді түстеріне қарап топтастырады.



Тәрбиешінің берген мәліметтерін мұқият тындады.









Балалар қызыл, сары, көк түсті кеселерді топтастырды.



Рефлексиялық түзетушілік

Дидактикалық ойын: «Танып ал да, түсін айт»

Балалар кеселерді көрсетіп, түстерін айтып, үстел үстіне жинайды.



Күтетін нәтижелер:

Нені біледі: Кесенің түсін, пішінін ажырата аладыҚандай түсініктерді игереді: Кеселерді дұрыс топтастыруды Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Тәрбиеші:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Топ: «Айгөлек»

Күні: 26.10.2016

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: «Құрақ көрпе құрастыру»

Мақсаты: Берілген геометриялық пішіндерден көрпеше құрастыра білуге, үшбұрыштарды, дөңгелектерді, төртбұрыштарды орнымен қоя білуге үйрету. Өз бетінше шығармашылықпен әрекет етуге жаттықтыру.



Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Жұмбақ жасыру:

Әсемделіп істелген,

Көздің жауын алады.

Жата кетсең үстіне,

Ұйқың келе қалады. ( көрпе)





Балалар жасырылған жұмбақтың шешуін табады.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Көрпені көрсетіп сұрақтар қояды

  • Құрақ көрпені не үшін қолданылады?



  • Кімнің үйінде құрақ көрпе бар?



  • Көрпе неден тігіледі?



  • Құрақ көрпеге не салынады?





Ұйықтаған кезде және қонақ келгенде жаяды.

Үйлеріндегі бар көрпені айтты.



Матадан



Ою-өрнектер

Рефлексиялық түзетушілік

Әр үстелдегі балалардың алдына геометриялық фигуралар тастап, сол фигура арқылы құрақ көрпе құрастырып шығу. түстердің үйлесімділігіне де назар аударуды ескерту.

ометриялық фигуралар тастап, сол фигура арқылы құрақ көрпе құрастырып шығу. не үшін пайдаланатыны



Балалар өз беттерімен жұмыс жасайды. Балалар құрастырып болған соң көрме ұйымдастырылады.



Күтетін нәтижелер:

Нені біледі: Геометриялық фигуралардан көрпе құрастыруды

Қандай түсініктерді игереді: Түстердің үйлесімділігіне назар аудару

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері:Өз бетінше шығармашылықпен айналысуды.

Тәрбиеші:



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Топ: «Айгөлек»

Күні: 02.11.2016

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: «Көпір»

Мақсаты: Заттардың пішініне сәйкес құрылыс материалдарын дұрыс пайдалана білуге үйрету. Әрбір геометриялық пішіндердің түстерін атап, одан көпір құрастыру. « Көпір» өлеңін мәнерлеп айтып беріп, оның не үшін керек екенін түсіндіру.Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Тәрбиеші үлгі плакат бойынша әңгіме жүргізеді.

Балалар суреттен не көріп тұрсыңдар?

Көпірді не үшін пайдаланамыз?

Көпірді көргендерің барма?

Балалар жауабын толықтыру.

Балалар суретте не көргендерін айтты.



Машина жүру үшін керек екенін біледі.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Үлкен үшбұрышпен төртбұрышты пайдаланып жасалған көпірді үлгі ретінде көрсетеді. Бір баланы шақырып оның үстіне машина жүргіздіру.

Тәрбиеші «Көпір» өлеңін мәнерлеп жатқа айтады.

Болғаннан соң керегі,

Көпір салдым әдемі.

Қанаттары дірілдеп,

Қораз өтіп барады.



Жасалған көпірге балалар қызыға қарады. Бала машинаны көпірдің үстіне қойып, жүргізіп көрді.



Балалар өлеңді жаттап алды.



Рефлексиялық түзетушілік

Балаларға жеке көпір жасап, қалаған машинасын сол көпірмен жүргізіп ойнауды тапсырды. Құрылыс метериалдарын атын, түсін, сұрау. Жұмбақ шешіп қортындылау.

Жалғап екі ел арасын,

Жатыр тосып арқасын. ( көпір)



Балалар жеке жұмыс істеп, тәрбиешінің сұрақтарына жауап берді.



Күтетін нәтижелер:

Нені біледі: Көпір туралы біледі

Қандай түсініктерді игереді: Пішіндердің түсін атап, көпір құрастырады

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Үй жануарына қамқор болуды.

Тәрбиеші:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Топ: «Айгөлек»

Күні: 09.11.2016

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: «Кемпірқосақ тақырыбына сурет салу»

Мақсаты:Бейнелеу өнерінде заттардың қасиеттеріне сәйкес түстерді ажырата білуге, оны дұрыс пайдалана білуге үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбилеу.



Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Сурет бойынша әңгіме жүргізу.

Балалар суреттен көркп тұрғандарың не деп ойлайсыңдар?

Дұрыс, кемпірқосақ. Бұл қай кезде болады? Қаттыы нөсер жауғаннан кейін аспанда доға тәрізді иілген кемпірқосақ пайда болады.

Сурет бойынша әңгімелеп береді. Кемпірқосақты көргендерін жарыса айтып береді.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Оның жолақтары әртүрлі болады. Аспанда кемпірқосақ пайда болғаннан кейін жаңбыр жаумайды.

Жұмбақ

Көк жүзінде көп жолақ,

Қойды екен кім бояп.

(кемпірқосақ)



Кемпірқосақтың түстерін атап, санап көрді тәрбиешімен бірге.

Жұмбақтың шешуін тапты суретке қарап.



Рефлексиялық түзетушілік

Тәрбиеші ақ қағазға салып көрсетеді. Балалар жеке жұмыс жасайды. Балалардан қандай түстерді пайдаланғанын сұрау.

Сабақты бекіту. М.Әлімбаевтың «Кемпірқосақ» өлеңін оқу.



Балалар әр түрлі түстерді пайдаланып сурет салды. Жаңбыржауып басылды,

Аспан шайдай ашылды.

Көкке қызыл, жасылды

Кемпірқосақ асылды.





Күтетін нәтижелер:

Нені біледі: Кемпірқосақ туралы біледі

Қандай түсініктерді игереді: Түстерді ажырата біледіМеңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиеленді.

Тәрбиеші:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Топ: «Айгөлек»

Күні: 16.11.2016

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: «Алма»тақырыбына сурет

Мақсаты: Балалардың тақырыпқа сәйкес түстерді таңдап ала білуін бекіту. Алма пішінін дұрыс бейнелей білуін, қылқаламмен жұмыс істей білу техникасын меңгерту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Тәрбиеші балалардың зейінін өзіне аударып, қылқаламмен жұмыс істейтінін ескертеді.

Әрі қызыл, әрі тәтті,

Жеген жанды таңырқатты. ( алма)

Тәрбиешінің жасырған жұмбағын шешті, алма туралы әңгімеге араласты.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Алманың муляжын көрсетіп, балалардан алма туралы сұрау.

Алманың түсі қандай?

Пішіні неге ұқсайды?

Онан соң үлгіні көрсетіп, ауада алманың суретін салып, қол жаттықтырады. Тәрбиеші өзі салып көрсетеді, қағаздың ортасына салуды ескертеді.





Қызыл болады

Дөңгелек



Балалар қылқаламмен ауада салады. Балалар жеке жұмыс жасайды.



Рефлексиялық түзетушілік

Балалар жұмысын бақылау.

Ойын: «Алма жинау»

Піскен, әдемі, үлкен алмаларды кәрзеңкеге салады. Ол кім жасаған алма және қалай жасалғаны жөнінде балалармен бірге талдау жасау.

« Не деу керек?» өленің айытқызу.







Балалар ойында шапшаңдық танытты.











Тәрбиешімен бірге өлеңді қайталап жаттайды



Күтетін нәтижелер:

Нені біледі: Қылқаламмен жұмыс істей біледі

Қандай түсініктерді игереді: Қағазда суретті дұрыс орналастыруды

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері:Ұқыпты жұмыс жасауды үйрету

Тәрбиеші:



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Топ: «Айгөлек»

Күні: 23.11.2016

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: Сәтті саяхат «Тау баурайында»

Мақсаты: Заттың құрамы мен белгісіне қарай түстерді, пішінді таңдап алып дұрыс орналастыра білуге үйрету. Мозайкамен хұмыс істеу дағдысын дамыту. Отанға сүйіспеншілікке тәрбиелеу.



Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Тәрбиеші көрнекілік бойынша суретте не бейнеленгенін, ауылда тұратын ата, аға, әжелері туралы, олар қайда жұмыс істейтіні сұралады.

Балалар суретте жайлау бейнеленгенін, қой жайылып жүргенін, қойды көргендерін айтады.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Қойдың түсі қандай? Шопанды қандай түспен, атты қандай түспен белгілейміз?

Қойдың төлін қалай атаймыз?

Шөптің түсі қандай?

Сергіту сәті:

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың.

Бұлтиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың.

Қойды ақпен, атты сарымен, адамды қарамен белгілейміз.

Қозы

Жасыл



Балалар сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.

Рефлексиялық түзетушілік

Ойын: «Қойшы мен қасқыр»

Балаларға ойын атрибуттары таратылды. Қойшы бағып жүрген қойларын қасқырға бермеу үшін қорғайды.



Балалар ойынды қызыға ойнайды. қасқырдан қашып құтылуға тырысады.





Күтетін нәтижелер:



Нені біледі: Жайлаудың көрісінін мозайкамен бейнелеуді.

Қандай түсініктерді игереді: Әр заттың өзінің түсін айыра білуді

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Отанға сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Тәрбиеші:



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Топ: «Айгөлек»

Күні: 30.11.2016

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: «Еркін тақырып»

Мақсаты: Балалардың салатын суретіне сай түстердің дұрыс таңдай білуін, жалпы түстер туралы білімін бекіту. Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, баланың жеке жұмысына көңіл бөлу.



Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Тәрбиеші балаларға әр түсті бояуды жеке көрсетіп, осындай түспен қандай зат боялатынын сұрайды. Не салуға болатыны да сұралады.



Тәрбиешінің қолындағы көрсеткен түстерді атап шықты.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Әр баланы жекежеке шақырып, қай түспен не салатынын сұрау. Әр бала өзінің салатын затына сай қағазы мен түстерін таңдап алады.

Тәрбиеші балаларға тақырып таңдауға көмектеседі.

Тәрбиеші аралап жүріп, балаларға бағыт береді.



Балалар өздеріне ұнаған түстерін таңдап алып, өздерінін қиялындағы суретті қағаз бетіне түсірді.







Рефлексиялық түзетушілік

Сурет салып болған соң жинап алып, сурет көрмесі ұйымдастырылады.



Ойын: «Қандай түс жоғалды?»



Балалар жасаған жұмыстарымен көрме ұйымдастырды.

Жоғалған түстерді табуға талпынды.





Күтетін нәтижелер:



Нені біледі: Еркін тақырыпқа сурет сала біледі

Қандай түсініктерді игереді: Өз бетінше түс таңдай білуді

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Жұмысты ұқыпты және суретті қағаз бетіне дұрыс орналастыруды.

Тәрбиеші:









Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы

Топ: «Айгөлек»

Күні: 07.12.2016

Тақырыбы: «Мұнара құрастыру»

Мақсаты: Балаларды текшенің үстіне текшені дұрыс қоя білуге оның үстіне кірпіш қоюға үйрету. Құрап отырғаны мұнара екенін түсіндіріп, балалардың сөздік қорын дамыту, белсенділігін арттыру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Балалардың

ісәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды ұйымдастырып, оларды жаңа сабақпен таныстырады.

Бүгін құрылыс материалдарымен жұмыс істейтінін айтады. Оларға мұнара туралы түсіндіреді.



Құрылыс материалдарын қолдарымен ұстап көрді. Мұнараның құрастырылуына назар аударды.

Ұйымдастырушылық

ізденістік



Мұнараның үлгісін жасап көрсетеді. Текшелердің бірінің үстіне бірін қойып, сонан соң кірпіш қойып құрастырылатынын балаларға айтады.

Балалар өз бетімен жұмыс істеуге құралдар таратылады. Әр балаға 34 текше, 1 кірпіш.



Тәрбиеші құрастырылған мұнараға балалардың назары ауады.



Балалар неше текше және кірпіш кеткенін талдайды.



Рефлексиялық түзетушілік

Қортындыда « Кімнің мұнарасы әдемі» деген жарыс ұйымдастырылады. Ол үшін мұнараларды қарап оның ішіндегі әдемісін таңдайды.



Балалар үлгіден көргендері бойынша өз беттерімен мұнара құрастырады. Көрмеде балалар өздеріне ұнаған мұнарасын айтып, тәрбиеші мадақтайды.





Күтетін нәтижелер:

Нені біледі: Құрылыс материалдарымен танысты

Қандай түсініктерді игереді: Текше, кірпіш ұғымдарын

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Ұқыпты жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиеші:

Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы

Байқампаздар әлемі .

Топ: «Айгөлек»

Күні:14.12.2016

Тақырыбы: «Бесік жыры»

Мақсаты: Қуыршақты бөлеп көрсете отырып, бесік жырын үйрету. Бесіктің түсін, пішінін айыру. Қамқорлық, жанашыр сезімдерін тәрбиелеу.



Балалардың

ісәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар құрақ көрпеге айнала жарты шеңбер жасап отырады. Бесікті ортаға қойып балалардан оның атын сұрайды.

Оның түсі қандай?

Пішіні неге ұқсас?

Ортада тұрған бесік екенін айтты.





Сұры

Төртбұрышты



Ұйымдастырушылық

ізденістік



Тәрбиеші қуыршақты бөлеп көрсетеді. Қуыршақты бөлеп болған соң «Бесік жырын» тәрбиеші ақырын айтып, балалар кезектесіп бесікті тербетеді.



Әлдиәлди бөпешім,

Әлпештеген көкешім.

Тербетейін жата ғой,

Тәтті ұйқыға бата ғой.





Қуыршақты бөлегенде балалар тәрбиешіге көмектесті.







Өлеңді балалар бесікті тербете отырып жаттайды.







Рефлексиялық түзетушілік

Сабақты бекіту мақсатында «Бөпені бесікке бөлейміз» ойынын ұйымдастыру.



Сабақ соңында балалар кезектесіп қуыршақты бесікке бөледі.





Күтетін нәтижелер:

Нені біледі: Балалар бесікпен танысты

Қандай түсініктерді игереді: Бесік жырын жаттады.

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Қамқорлық, адамгершілікке тәрбиелеу.

Тәрбиеші:









Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы

Байқампаздар әлемі .

Топ: «Айгөлек»

Күні:21.12.2016

Тақырыбы: «Матадан немесе оюдан сырмақ текемет құрастыру»

Мақсаты:Балалардың мата қиындыларынан немесе оюлардан сырмақ, текемет түрлерін құрастыра білуге үйрету. Халық өнеріне деген қызығушылығын тәрбиелеу.Балалардың

ісәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ертеңгілік шеңбер:

Арайлап таң атты!

Алтын сәуле таратты!

Жарқырайды күніміз,

Жайнай түсті даламыз.

Қайырлы таң балалар,

Қуана қарсы аламыз.

Балаларға халық өнері туралы әңгімелеу.

Әртүрлі түсті маталар және оюлармен таныстыру.



Ертеңгілік шеңбер құрады.















Мата, оюлармен танысады.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Балаларға мата қиындыларынан немесе оюлардан сырмақ, текемет құрастыру жолын көрсету.

Өз беттерінше жұмыс жасауға бағыт беру.



Сырмақ, текемет құрастырады.









Рефлексиялық түзетушілік

Дидактикалық ойын: «Ал, қанекей тауып көр»

Сұрақтар қою.

Балаларды мадақтау. Балалар жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.





Ойынға қатысады. Сұрақтарға жауап береді.



Күтетін нәтижелер:

Нені біледі:Сырмақ, текемет құрастыруды үйренді

Қандай түсініктерді игереді: Матадан, оюдан сырмақ, текемет жасауды

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Халық өнеріне деген қызығушылығын меңгерді.

Тәрбиеші:

Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы

Байқампаздар әлемі .

Топ: «Айгөлек»

Күні:28.12.2016

Тақырыбы: «Түлкі мен ешкі»

Мақсаты:Балаларға ертегі кейіпкерлеріне сәйкес пішінді түстеріне қарай таңдап ала білуге оны ертегі мазмұнына сай қойып мозайкамен жұмыс істеуге үйрету. Өз беттерімен жұмыс істеу қабілетін арттыру. Жануарларға деген қамқорлық сезімін тәрбиелеу.



Балалардың

ісәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Тәрбиеші ертегі кейіпкерлеріне байланысты жұмбақ жасырады.

Басында екі таяғы бар,

Төрт аяғы бар.

Адам деуге болмайды,

Бірақ сақалы тағы бар. ( ешкі)

Балалар жұмбақты шешкен соң, тәрбиеші бүгінгі сабақта «Түлкі мен ешкі» ертегісі бойынша жұмыс істейтінін айтады.

Балаларға суретті көрсету арқылы жұмбақты шешті.







Мозайкамен жұмыс істеуге құлшыныс танытты.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Ертегіні оқып беру, ертегі не туралы екен?

Үлестірмелі материалдарымен балалар өз беттерімен жұмыс жасады. Тәрбиеші оларды аралап, бақылайды. Егер балалар қиналып жатса көмек көрсетеді.

Ертегі түлкі мен ешкі туралы.



Балалар өз бетінше мозайкамен жұмыс жасады.



Рефлексиялық түзетушілік

Сабақты бекіту мақсатында түлкі туралы жұмбақ жасырылады.

Өзі айлакер,өзі қу

Жүрген жері айқайшу.

( түлкі)

Дидактикалық ойын: «Не жақсы, не жаман?»



Балалар түлкінің жүрісін салып, ешкінің даусын салады. Ойында қозғалыс жасайды.



Күтетін нәтижелер:

Нені біледі: Түлкі мен ешкі ертегісін

Қандай түсініктерді игереді: Айлакер, қу түсінігін

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Жануарларға қамқор бола білуді

</ Тәрбиеші:



Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы



Байқампаздар әлемі .

Тақырыбы: «Тауық пен балапандар» мозайкамен жұмыс

Мақсаты: Балалардың мозайкамен жұмыс істей білуін бекітіп, әр түсті мозайканы әр затқа сәйкес алып, оны орналастыра білуін бекіту, шығармашылық қабілеттерін дамытып, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.



Балалардың

ісәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ертеңгілік шеңбер.

Суретпен жұмыс.

Жұмбақ шешу.



Ертеңгілік шеңбер құрады.

Суреттерді тамашалайды.

Жұмбақ шешеді.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Балаларға тауық пен балапандар туралы түсінік беру.

Тауық пен балапандарды мозайкамен құрастырамыз.

Балапанның түсі қандай? Тауық қандай?

Тауық біреу, балапандар көп.

Шөжелерім

Шеп, шеп, шөжелерім

Сары алтындай балапаным.

Тез жетіңдер, жем берейін

Дәнге тола алақаным.







Мозайка құрастыру.



Тауық қара, шұбар

Рефлексиялық түзетушілік

Дидактикалық ойын: «Шөжелерім»

Балаларды мадақтау.



Ойынға белсене қатысады.





Күтетін нәтижелер:



Нені біледі:Мозайкамен жұмыс істей біледі

Қандай түсініктерді игереді: Заттарды орналастыра білуді

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Еңбекқорлыққа тәрбиеленді.













Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы



Байқампаздар әлемі .

Тақырыбы: «Жаңбыр жауды»

Мақсаты: Серуен сәттерінде табиғат құбылыстарын түсіндіру арқылы балалардың танымдық білімін тереңдете түсуімен қатар тілін дамыту, сезімін ояту, аспан, қолшатыр, күн, бұлт т.б түсіндіру. Тапқырлыққа тәрбиелеу.



Балалардың

ісәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Көркем сөз

Жау, жау, жаңбыр,

Жау, жаңбыр.

Арық суы мол болсын!

Өсімдіктер көп болсын,

Жауған жерің шөп болсын.



Сурет көрсету.

Балалар өлеңді тыңдайды.











Суретті тамашалайды.

Ұйымдастырушылық

ізденістік



Табиғат құбылыстары туралы әңгімелеу.

«Айша апай мен балалар» әңгімесін оқып беру.

Жаңбыр жауғанда қалай болатынын сұрау.





Жаңбыр тырстырс таматынын айтады, көрсетеді.











Рефлексиялық түзетушілік



Ойын: «Жаңбыр мен күн»

Балаларды мадақтау, бағалау.





Ойынға белсене қатысады.



Күтетін нәтижелер:



Нені біледі: Жаңбыр қалай жауатынын біледі



Қандай түсініктерді игереді: Табиғат құбылыстары туралы білімдері кеңейді



Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Тілдерін дамыту, табиғатқа деген сезімдерін ояту, тапқырлыққа тәрбиелеу.







Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы



Байқампаздар әлемі .

Тақырыбы: «Балық аулау»

Мақсаты:Балаларға балық және су туралы түсінік беру, балықтың көлемін, сыртқы пішінін, түстерін ажырата білуге үйрету, судың сұйық зат екенін балалардың қолын салдырып, сезімдеріне жеткізу. Судың өмірдегі маңызын түсіндіру. Тазалыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.



Балалардың

ісәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балаларды екіекіден отырғызып, балықты немесе шарларды ілдіру сосын аулату.

Балықтардың өмір сүретін ортасысу. Су сұйық зат, оны ұстасақ, саусақтарыңның арасынан ағып кететіндігін түсіндіру.

Шарларды үріп ілді, су арқылы тәжірибе жасайды және қолдарын жуды.

Ұйымдастырушылық

ізденістік



Су құйылған аквариумды айналдыра отырғызып ішіндегі балықтарды бақылату.

Әр үстелге шелектен түстері әртүрлі ( көк, сары, жасыл, қызыл) 2ден сүзгі береді.





Балықтарға жем берді және суын тазалады.



Содан кейін балалар балықты немесе шарларды сүзіп, түсіне байланысты шелектерге салды.



Рефлексиялық түзетушілік



Суреттен өзенде тіршілік ететін жәндіктермен танысты. Серуенде шалшық суларды бақылау.





Балалар суда балықтың жүзетінін, дем алатынын, тамақтанатынын бақылады.





Күтетін нәтижелер:



Нені біледі: Судың қасиетін, сұйық екендігін

Қандай түсініктерді игереді: Жүзеді, тамақтанады, дем алатынын білді

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Балықтарға қамқор болуға тәрбиелеу.



Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы



Байқампаздар әлемі .

Тақырыбы: «Көшеде сақ бол!»

Мақсаты:Балаларды үлгі бойынша бес түспен таныстыру. Сөздік: Қызыл, қара, сары, жасыл, көк, трактор, машина, бағдаршам. Мозайкамен жұмыс істеуге жаттықтыру, байқампаздаққа, жол жүру ережелерін сақтауға тәрбиелеу.



Балалардың

ісәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Жұмбақ жасыру.



Сөйлеуді ол білмейді,

Бірақ тоқта жүр дейді.



Өзі тым күшті,

Аяғы істі.

Ілезде тындырар,

Қыруар істі.

Балалар жмбақты шешті.

Бағдаршам





Трактор

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Тәрбиеші алдын ала дайындалған көше қиылысымен балаларды таныстырады.

Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?

Бағдаршам жол апатынан сақтайтын көмекшіміз.

Бағдаршам қандай түсті?

Бағдаршам мен көше ережелерімен таныстыру. Мозайкаларды пайдаланып машина, тракторды жасайды.



Сұрақтарға жауап береді.











Көше ережелерімен танысады.







Рефлексиялық түзетушілік

Ойын: «Көшеде жүру тәртібі»

« Бағдаршамды үйренейік»



Ойындарға қызығушылықпен қатысады.



Күтетін нәтижелер:



Нені біледі:Балалар бес түсті білді

Қандай түсініктерді игереді: Көше ережелерін бағдаршамды игерді

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Байқампаздықты, жол жүру ережесін сақтау.

Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы



Байқампаздар әлемі .

Тақырыбы: «Дастархан әзірлеу»

Мақсаты:Әр түрлі төртбұрыш қағазды дастархан ретінде пайдаланып қызыл, жасыл, ақ, күлгін, сары қағаздан немесе картоннанқиып үлкенді кішілі тостағандар, табақтар жасату, қағаздан қиылған бауырсақтардың түсін, пішінін ажыратып дастархан әзірлеу, әдептілікке тәрбиелеу.



Балалардың

ісәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ертеңгілік шеңбер.

Қайырлы таң көк аспан,

Қайырлы таң жер ана.

Қайырлы таң апайым,

Қайырлы таң достарым.

Топқа ертегідегі Бауырсақ қонаққа келеді. Дастархан әзірлеп қарсы аламыз.

Қуана шеңбер құрады. Балаларда қызығушылық оянды.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Алдарындағы құралдарды пайдаланып дастархан төртбұрышты, шай үстелі мен тостағандар дөңгелек, бауырсақ төртбұрышты, дөңгелек. Түстерін сұрау.

Сергіту сәті:

Қарлығашқа ұқсайық,

Қане қанат жазайық

Ұшып,ұшып алайық

Сосын отыра қалайық.

Дидактикалық ойын: «Асхана»

Тапсырманы орындап дастархан әзірлейді.











Сергіту сәтін қимылмен жасады.



Ойынға белсене араласты.

Рефлексиялық түзетушілік

Жұмбақ шешу.

Дәмді дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды.



Үстінде толған азық,

Асты толған қазық.



Дастархан





Үстел



Күтетін нәтижелер:

Нені біледі:Геометриялық пішіндерді, түстерді атайды

Қандай түсініктерді игереді: Әр түрлі пішін, түстерді ажыратып дастархан әзірлеу

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Қонақ күтуді, әдептілікт

Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы



Байқампаздар әлемі .

Тақырыбы: «Кілем құрастыру»

Мақсаты:Заттарды түр түсіне қасиеттеріне қарай, қолданылатын ортасына қарай ажыратуға, зейін қоюға тәрбиелеу. Түс -әртүрлі заттардың белгісі ретінде пайдаланылатынын. Түрталғам екенін түсіндіру, көру, сезу мәдениетін байыту.



Балалардың

ісәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Тәрбиеші сабаққа керекті құралдармен балаларды таныстырады. Қара және ақ мозайка тақтайшасы, төртбұрыш және дөңгелектер, сары, көк, жасыл, қара, ақ түсті ұсақ бөлшектер.

Балалар кілем құрастыруға керекті құралдармен танысып алды және ұстап көрді.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Балалар барлығын маған қараңдар, кілемді қалай құрастыратынын көрсетейін кілемнің өзі қара сондықтан шетіне сары қиындыны қоямыз, екінші қатарға дөңгелек қиындыларды , ортасына оюларды

орналастырамыз.

Тәрбиешінің нұсқауы бойынша алдарындағы кілемдеріне қиындыларды және оюларды қойып шықты.





Рефлексиялық түзетушілік

Тәрбиеші балалардың жасаған кілемдерін тексеріп, дұрыс жасамаған балаларға оюларды дәлдестіріп қоюды үйретеді. Жақсы жасаған балаларды мадақтайды.

Дидактикалық ойын: «Таны және ата»

Көрсетілген суреттердің атын атап, түстерін табу.



Тәрбиешінің көмегімен оюлардың атын атады, ойынды қызығушылықпен ойнады. Өз жасаған жұмыстарына риза болып қуанды.



Күтетін нәтижелер:

Нені біледі: Қиындылар арқылы кілем құрастыруды

Қандай түсініктерді игереді: Оюларды дәлдестіріп қоя білуді

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері:Жұмыс істеу дағдысын одан әрі дамыту, әдемілікке тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы



Байқампаздар әлемі .

Тақырыбы: «Кеңістікті бағдарлау»

Мақсаты:Матеметикалық түсініктерді жануарлармен байланыстыра түсіндіру. Тұрған орнынан оң, сол, алдында, артында, қасында, жанында орналасқан жануарлардың кеңістіктегі орнын дұрыс айтып беруге жаттықтыру. Жұмбақ, жаңылтпаштарды пайдалана отырып, сөздік қорын молайту, тіл байлығын жетілдіру. Жануарларға қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.



Балалардың

ісәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ертеңгілік шеңбер.

Қайырлы таң көк аспан,

Қайырлы таң жер ана.

Қайырлы таң апайым,

Қайырлы таң достарым.

Қоңырауын сылдырлатып қошақан келеді. Балалар мен сендерге, «Дәмінен татып, ата» ойынын әкелдім. Ойын шарты: балалар көздерін жұмып, тағамның дәмін татып көру арқылы анықтайды.

Ертеңгілік шеңберге тұрады.







Қошақанмен амандасады.



Дәмін татып, тағамды атайды.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Дидактикалық ойын: «Кеңістікті бағдарлау», «Үй жануарларын ата». Алдында, артында, ортасында қандай жануар екенін анықтау.

Балалар қызығушылықпен атайды. Үй жануарларын төлдерін атайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Сергіту сәті.

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың.

Бұлтиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың.

Жаңылпаштар, жұмбақ жасыру. Дидактикалық ойын: «Жануарлардың үні қандай?»

Балалар жаттығуды қимылмен көрсетеді. Жұмбақ, жаңылтпаштар айтады.



Күтетін нәтижелер:

Нені біледі: Үй жануарларын, төлдерін

Қандай түсініктерді игереді:Оң, сол, алдында, артында, ортасында түсінігін

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Жануарларға қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы



Байқампаздар әлемі .

Тақырыбы: «Көлемі әр түрлі білезіктер мен сақиналарды топтау»

Мақсаты:Көлемі әр түрлі білезіктер мен сақиналарды көлеміне сәйкес топтай білуге үйрету. Сезімдік сапаларды іс әрекетке бекіту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.



Балалардың

ісәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ертеңгілік шеңбер.

Суретпен жұмыс.

Көлемі әртүрлі білезіктер мен сақиналарды көрсету, түсіндіру, салыстыру, әңгімелеу.

Суретті тамашалайды.

Балалардың қызығушылығы артады.





Ұйымдастырушылық

ізденістік



Балалар сақиналар, білезіктерді дидактикалық материалдар арқылы ажыратады. Әшекей бұйымдарды ( сақина мен білезік) көлеміне сәйкес оң қол жаққа үлкен білезік, сол қол жаққа кіші білезіктерді, сақиналарды топтайды.

Сергіту сәті:

Қарлығашқа ұқсайық,

Қане қанат жазайық

Ұшып,ұшып алайық

Сосын отыра қалайық.





Сақина, білезіктерді ажыратады, топтастырады.







Рефлексиялық түзетушілік

«Сақина салмақ» ойыны.

Тақырыпты қортындылап, балаларды бағалап, мадақтау.



Ойынға белсене қатысады.





Күтетін нәтижелер:



Нені біледі:Білезіктер мен сақиналарды топтады.

Қандай түсініктерді игереді: Әртүрлі заттарды ажыратады

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Сезімдік сапаларды ісәрекетке бекіту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.



Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы



Байқампаздар әлемі .

Тақырыбы: «Оюларды орналастыру»

Мақсаты:Оюларды орналастырғанда үнемі айырбастау арқылы түстеріне қарай топтауға әр түрлі заттарды түсіне қарай ажырата білуге үйрету. Балалардың 5 түрлі түсті ажырата білуін бекіту. Салыстыруға үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Балалардың

ісәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ертеңгілік шеңбер:

Арайлап таң атты!

Алтын сәуле таратты!

Жарқырайды күніміз,

Жайнай түсті даламыз.

Қайырлы таң балалар,

Қуана қарсы аламыз.



Қуана шеңбер құрады.







Балалардың назарын суреттерге аударту.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Балаларға оюлар туралы әңгімелеу.балалардың екіекіден топталып, тақтайшасын бұра отырып, қызыл, көк, сары, ақ түсті мозайка тақтайшасынан оюларды таңдап алып, ойлана отырып орналастыруына мүмкіндік береді.

Дөңгелек үстел бес түсті оюларды ажырату, салыстыру.

Сұрақтарға жауап беру.





Балалар 5 түсті ажыратады. 5 түсті оюларды салыстырады. Сұрақтарға жауап береді.







Рефлексиялық түзетушілік

Дидактикалық ойын: «Өз түсіңді тап»

Тақырыпты қортындылау. Балаларды мадақтау.





Ойынға белсене қатысады.



Күтетін нәтижелер:



Нені біледі: Әр түрлі заттарды түсіне қарай ажыратады

Қандай түсініктерді игереді: Сәйкес түстерді табуды игерді

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Ұқыптылыққа жаттықтырылды







Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы



Байқампаздар әлемі .

Тақырыбы: «Әртүрлі торсықтың түрлеріне қарай топтау»

Мақсаты:Әртүрлі торсықтарды түстеріне қарай тақтайшаға орналастыра білуді, түстерді ажырата білуді меңгерту. Байқампаздыққа тәрбиелеу.



Балалардың

ісәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң аспан ата!

Қайырлы таң жер -ана!

Қайырлы таң нұрлы - күн!

Қайырлы таң балалар!

Тосын сәт ұйымдастыру.

Балалар шаттық шеңберін құрып, амандасады. Бірбіріне жылы лебіздер білдіреді.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Топқа Қожанасыр келеді, арқасында әртүрлі торсықтары бар. Балалардан көмек сұрайды. Түстерін атап, торсықтарды топтайды.

Дидактикалық ойын: «Түстерді ата», «Тостағандарды салыстыр» торсықтарды ретімен қойып, үлкен, орташа, кішісін ажырату.





Балалар қызығушылық танытып, Қожанасырды қарсы алады. Торсықтың түстерін ажыратады және үлкен, кішісін атап, салыстырады.







Рефлексиялық түзетушілік

Қожанасыр түстерді ұмытпауға балаларға уәде береді. Балаларға рахметін айтады.

Қимылды ойын: «Әдемі торсықтар»

Белсенділік танытқан балаларды мадақтау.





Балалар Қожанасырға көмектеседі. Қызыл, сары, көк түстерді атап, пішіндермен салыстырады. Ойынға белсене қатысады.



Күтетін нәтижелер:



Нені біледі:Торсық ыдыс екенін

Қандай түсініктерді игереді: Түстерді ажыратуды, атауды, үлкен, орташа, кішіні салыстыруды

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Байқампаздыққа тәрбиеленді.



Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы



Байқампаздар әлемі .

Тақырыбы: «Ойыншықтарды топтау»

Мақсаты: Топ бөлмесіндегі түстерді, әртүрлі ойыншықтарды ( заттарды) түстеріне қарай топтауға бөліп салыстыра, ажырата білуге үйрету. Сөздік қорларын дамыту, байланыстырып сөйлеуге, өздеріне байланысты кеңістікте бағдарлана білуін жетілдіру. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.



Балалардың

ісәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды сабаққа ұйымдастырады. Бүгін өзіміздің ойнап жүрген ойыншықтарымызды түстеріне қарай топтастырамыз.

Ойыншықтарды бірлесе отырып түстеріне қарай топтастыру.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Балалар ойыншықтарды түстеріне қарай топтастырады. сары, қызыл, жасыл, көк ойыншықтардың қайсысы қатты, жұмсақ екенін ажыратайық. Балалар ойыншықтарды ұқыпты сындырмай, бүлдірмей ойнау керек.





Балалар ұйымдасқан түрде жұмыс жасайды.







Рефлексиялық түзетушілік

Өлең жаттау.

Ойыншықтар

Іші толған бөлменің,

Ойыншығым мол менің.

Босқа тізіп қоймайық

Келе ғой дос, ойнайық.

Ойын: «Кім шапшаң?»

Ойыншықтарды екі топқа бөліп шапшаң жинау.

Дидактикалық ойын: «Қонаққа Сәуле қуыршақ келді»



Тәрбиешімен бірге өлең қайталау.









Ойынға шапшаңдық танытты.





Күтетін нәтижелер:



Нені біледі: Түстерді ажыратуды, топтауды

Қандай түсініктерді игереді: Кеңістікте бағдарлана алуды

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Еңбексүйгіштікке тәрбиеленді.



Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы



Байқампаздар әлемі .

Тақырыбы: «Екі лақ ертегісі бойынша мозайкамен жұмыс»

Мақсаты:Балаларға пішіні әр түрлі, бірнеше түсті мозайканы таңдап алуға, оны ертегі кейіпкерлеріне сәйкес мозайкамен белгілей білуге үйрету. Логикалық ойлау қабілетін дамыту. Тиянақтылыққа тәрбиелеу.



Балалардың

ісәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ертеңгілік шеңбер:

Арайлап таң атты!

Алтын сәуле таратты!

Жарқырайды күніміз,

Жайнай түсті даламыз.

Қайырлы таң балалар,

Қуана қарсы аламыз.



Ертеңгілік шеңберге тұрды.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Балаларды ертегі кейіпкерлерімен таныстыру. Мозайкамен жұмыс жасауға үйрету.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіпкішкентай ағаштар,

Су құйғанда өседі.



Ертегімен танысады.



Мозайкамен жұмыс жасайды.









Рефлексиялық түзетушілік

«Лақтар мен қасқыр» ойыны.

Ойынға белсене араласады, қызығушылықтары артады.





Күтетін нәтижелер:



Нені біледі: Пішіні әр түрлі мозайкамен жұмыс жасауды біледі

Қандай түсініктерді игереді: Екі лақ ертегісіне сәйкес мозайка таңдауды игерді.

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Логикалық ойлау қабілеті дамыды, тиянақты жұмыс істеуге үйренді.









Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы



Байқампаздар әлемі .

Тақырыбы: «Ыдыстар»

Мақсаты: Күнделікті отбасында пайдаланатын ыдысаяқтарды түстеріне және көлеміне қарай екі топқа бөліп топтау, (ағаш қасықтар) сезімдік сапаларын бекіту. Ағаш қасықтың сапасын ажыратып, оны басқа заттармен салыстырып, қатты, жұмсақ заттарды сипап сезу, ұстап көру арқылы ажырата білуге үйрету. Түсті ажырата білуін бекіту, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Байқағыштыққа тәрбиелеу.



Балалардың

ісәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Жұмбақ жасыру.

Аузы бар, ішіп жемейді,

Алайда жұртқа «же» дейді.

Ыдыстардың түстеріне және көлеміне қарай отырып топтастыру.



Балалар жұмбақ шешуін қасық екенін айтты.



Балалар ыдыстардың аттарын атайды.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Балалар, біздер тамақты немен ішеміз?

Ыдыстармен (кесе, қасық, тәрелке) тамақ ішеміз. Ыдыстар ағаштан, шөлмектен, темірден жасалады. Олардың түстері де, пішіндері де әр түрлі болып келеді. Тамақ ішу үшін алдымен ыдысқа салып немесе құйып аламыз.



Балалар жеке жұмыс істеп, тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.









Рефлексиялық түзетушілік

Ойыншық ыдыстарды сыйпап отырып жұмсақ, қатты екенін ажыратамыз.

Ойын: «Өз түсіңді тап»



Ойынға белсене араласады.



Күтетін нәтижелер:



Нені біледі:Ыдыстар туралы түсінік алды

Қандай түсініктерді игереді: Қатты, жұмсақ заттарды ажырату

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Байқампаздыққа тәрбиеленді.







Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы



Байқампаздар әлемі .

Тақырыбы: «Бас киімдерді топтау»

Мақсаты:Жыл мезгілдеріне байланысты қандай киім киетіндеріне тоқтала отырып, пішіні әртүрлі тақияларды түстеріне сәйкес топтауға үйрету. Оларды күнделікті қолданылатын заттармен байланыстыра айта білуді меңгерту. Тақырыпқа қатысты жмбақтар үйретіп сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуге үйрету, тақияның суретін жапсыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Балалардың

ісәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Тәрбиеші қазір жылдың қай мезгілі екенін балалардан сұрау.

Қандай киімдер киеміз?

Дұрыс айтасыңдар балалар басымызға бас киім киеміз.

Балалар күз мезгілі екенін айтады, өздерінің қалай киініп жүргендерін, күннің салқындағанын айтты.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Бас киімдердің ішіндегі тақиямен жұмыс істейміз бүгін.

Мынау тақия. Бұл қандай тақия?

Ал мына тақия қандай?

Осы үшбұрышқа ұқсас тақияны кімдер киеді?

Кімнің үйінде бар?



Үшбұрышты түсі қызыл

Дөңгелек

Аталар мен ағалар

Балалар өз үйіндегі аталары киетін тақиялары туралы айтты.

Рефлексиялық түзетушілік

Балаларға үлестірмелі материалдар таратылады. Олар өз беттерімен үлкен кішілігіне қарап, пішіндерін ажырата отырып топтау тапсырылады. Әр баладан көлемін, түсін, пішінін сұрайды.

Дидактикалық ойын: «Кім білгір?», «Не артық?»

Жұмбақ шешу

Кісіден биік,

Мысықтан аласа. ( тақия)



Балалар алдарындағы заттарды топтастыруды түсі мен көлеміне қарап топтастырды.





Жұмбақты шешті.



Күтетін нәтижелер:



Нені біледі:Көлемі мен түсіне қарап топтастыруды

Қандай түсініктерді игереді: Байланыстыра сөйлеуге үйренді

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Ұқыптылыққа тәрбиеленді

Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы



Байқампаздар әлемі .

Тақырыбы: «Пішініне сәйкес көлемді табу»

Мақсаты: Берілген төрт заттың пішініне сәйкес екі затты таңдап ала білуді меңгерту. (Қоржын, жастық, сәукеле, камзол) заттарды пішініне қарай сәйкес топтастыруға үйрету. Заттарды не үшін пайдаланатынын түсіндіру. Байқампаздыққа тәрбиелеу.



Балалардың

ісәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ертеңгілік шеңбер:

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін.

Қайырлы таң!

Қайырлы таң!

Бүгінгі күнге жақсы тілектер айтыңдар.

Тілек шеңбері арқылы балалар бір біріне жарқын көңіл күй, достық сезім сыйлайды.

Ұйымдастырушылық

ізденістік



Тәрбиеші балаларға бүгін бізге қонаққа қуыршақтар келетіндігін, олардың киімдерінің аттарын атаап, олардың қандай пішінге ұқсайтынын айту. Жастық төртбұрышқа, сәукеле үшбұрышқа ұқсас келеді.

Қоржынның, камзолдың пішіні қандай?

Енді осы заттардың пішініне қарап, пішіні жағынан ұқсас екі затты таңдап алыңдар.



Балалар берілген заттардың пішінін анықтап, іштерінен ұқсас заттарды таңдап алды.







Рефлексиялық түзетушілік

Дидактикалық ойын: « Қоржын»

Мақсаты: Қоржынға пішіні бірдей заттарды салады.



Ойын балаларға пішініне сәйкес көлемді табуға шапшаңдыққа тәрбиелейді.



Күтетін нәтижелер:

Нені біледі: Қазақтың ұлттық киімдерімен танысты

Қандай түсініктерді игереді: Пішініне сәйкес көлемін табуды

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Пішін, көлем туралы білімдерін дамыту.

Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы



Байқампаздар әлемі .

Тақырыбы: «Затты көлемі мен пішініне қарай таңдап алу»

Мақсаты:Қазақтың ұлттық әшекей бұйымдарымен таныстыру. Олардың әрқайсысының көлемі мен пішініне назар аудара отырып, оны не үшін пайдаланатынын түсіндіру. Осыған сәйкес төрт заттан біреуі, тапсырма бойынша, таңдап ала білуді меңгерту. Ұлттық бұйымдарға мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу.



Балалардың

ісәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды сабаққа ұйымдастырады.

Сурет көрсетіліп балалардан қандай әшекей бұйымдарды білетіні сұралады.

Суреттен балалар өздеріне таныс заттарды атайды, оны не үшін қолданыылатынын егер білсе атайды.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Сақинаны саусаққа, сырғаны құлаққа, алқаны мойынға, білезікті қолға тағады. Бұрын да, қазір де бұны әсемдік үшін тағады.

Қазақтың ұлттық әшекей бұйымдарын таққан қыздың суретін балаларға таратып беру.



Суреттегі бұйымдардың қайда тағатынын білді.

Алдарына берілген суретті мұқият қарап өздеріне ұнаған бұйымның атын атайды.









Рефлексиялық түзетушілік

Көріп болғаннан кейін үйде осылардың қайсысы бар және оны кім тағады? Деген сұраққа жауап алынады.

Ойын: «Сақина салмақ»





Мама, әжелерінде бар екенін айтып, ойын ойналады.



Күтетін нәтижелер:



Нені біледі: Сақина, сырға, білезік, алқамен танысты.

Қандай түсініктерді игереді: Көлемі мен пішінін айыра білу

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Ұлттық бұйымдарға деген мақтаныш сезімдері тәрбиеленді.

Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы



Байқампаздар әлемі .

Тақырыбы: «Үйлер мен жалаулар»

Мақсаты:балалардың назарын әртүрлі затқа сәйкес түстерді пайдалана білуге аудару, заттың құрамы мен бейнесіне сәйкес түстерді ажырата білулерін бекіту. Отанына деген сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелеу.



Балалардың

ісәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Сурет бойынша әңгіме жүргізу.

Балалар суреттен не көріп тұрғандарың не деп ойлайсыңдар?



Дұрыс, түрлітүсті жалаулар, көп қабатты үйлер.

Сурет бойынша әңгімелейді.

Ұйымдастырушылық

ізденістік



Балалар Қазақстанның жалауының түсі қандай?

Дұрыс көк түсті.

Ал ортасында күннің шапағаты мен қыран құс бейнеленген, олардың түсі сары.

Олай болса балалар көк және сары түсті пішіндерді ажыратып екі топқа бөліп жинайық. Үйлердің пішіндері төртбұрыш болады.



Түстерді ажырата отырып пішіндерді топтастыру.



Қазақстанның туы, оны қастерлеу керектігін айтады.









Рефлексиялық түзетушілік

Ойын: Үстел үстінде мозайкамен әртүрлі үйлер, жалаулар пішіндер құрастыру.

Тәрбиеші балалардың жасаған жұмыстарын бағалайды.



Балалар әр түрлі түстерді пайдаланып суреттер құрастырады.





Күтетін нәтижелер:



Нені біледі:Ту туралы ұғым қалыптастыру



Қандай түсініктерді игереді: Отанға деген сүйіспеншілік



Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Сәйкес түстерді ажырата білуді меңгерді.

Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы



Байқампаздар әлемі .

Тақырыбы: «Санау»

Мақсаты: Балабақша үйінің орналасуына қарай кеңістікті бағдарлау. Топтағы заттардың саны тең, тең еместігін анықтау. Тапсырманы зейін қойып тыңдауға, тыңғылықты орындауға үйрету. Дөңгелек пен үшбұрышты ажырата білуге дағдыландыру. Жұмбақ, жаңылтпаш, санамақтар айтып тілін дамыту, көркемдік талғамын қалыптастыру, көркем әдебиетке сүйіспеншілігін тәрбиелеу.



Балалардың

ісәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Тәрбиеші балалардан бөлме ішіндегі заттардың орналасуын сұрау.

Оң, сол, алды және артында қандай заттар тұрғанын айтқызу.

Бөлме ішіндегі заттарды атап шықты, сол, оң, алды, арты ұғымымен танысты.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Санамақ

Бір дегенімбесік,

Шықтық содан өсіп.

Екі деген елім,

Отан, тауым, көлім.

Үш дегенім үміт,

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім төзім

Төзе білем өзім.

Бес дегенім бақыт,

Бағалайтын уақыт.





Тәрбиешінің айтқан санамағын жаттады. Алдарына берілген суреттерден беске дейінгі заттарды санап көрді.





Рефлексиялық түзетушілік

Дидактикалық ойын: «Кім қайда тұрады?»

Көп қабатты үйдің әр қабатында қанша аң тұратынын санау және түстерін анықтау.



Балалар ойынды қызығушылықпен ойнады және санап шықты.





Күтетін нәтижелер:



Нені біледі:Заттардың тең, тең еместігін анықтауды

Қандай түсініктерді игереді: Аз және көп ұғымын

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Көркем әдебиетке сүйіспеншілік

Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы



Байқампаздар әлемі .

Тақырыбы: «Көлем, пішін, кеңістік»

Мақсаты:Санау көлем, пішін, кеңістікті бағдарлау туралы ұғымдарын қалыптастыру. Геометриялық пішіндермен таныстырып, ойын жүйелі жеткізе білуге, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Ауыл мен қаланы салыстыра отырып, математикалық ұғымдарын жетілдіру, құрылыс материалдарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.



Балалардың

ісәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды сабаққа ұйымдастырады. Сурет көрсетіліп балалардан мына үйлерді қараңдар? Неше қабатты? Үйлердің көлемі мен пішіні қандай?

Суреттен балалар үйлерді көріп, қандай екенін айтады.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Балалар ауладағы үйлер қандай болады? Қаладағы үйлер көп қабатты. Балалар ауладағы үйлердің төбесі үшбұрыш, қабырғалары төртбұрыш болады. Ал көп қабатты үйлер төртбұрыш болады. Қазір біздер құрылыс материалдарымен үйлер құрастырамыз, үшбұрышты етіп төбесін жабамыз.

Мына үйлердің неше қабатты екенін санайық?



Балалар өздері тұратын үйлерінің қандай екенін айтады.







Құрылыс материалдарымен әртүрлі үйлер құрастырды.





Рефлексиялық түзетушілік

Дидактикалық ойын: «Нұр Ақтөбе қалашығы"



Балалар өз беттерімен жұмыс жасады. Құрастырылып болған соң көрме ұйымдастырылады.



Күтетін нәтижелер:

Нені біледі:Геометриялық фигуралармен танысты

Қандай түсініктерді игереді: Көлем, пішін, кеңістікті ажырата біледі

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Туған жерге сүйіспеншілік сезімдері қалыптасты.



















































Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы



Байқампаздар әлемі .

Тақырыбы: « »

Мақсаты:



Балалардың

ісәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық





Ұйымдастырушылық

ізденістік















Рефлексиялық түзетушілік









Күтетін нәтижелер:



Нені біледі:

Қандай түсініктерді игереді:

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері:











































Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы



Байқампаздар әлемі .

Тақырыбы: « »

Мақсаты:



Балалардың

ісәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық





Ұйымдастырушылық

ізденістік















Рефлексиялық түзетушілік









Күтетін нәтижелер:



Нені біледі:

Қандай түсініктерді игереді:

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері:















































Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы



Байқампаздар әлемі .

Тақырыбы: « »

Мақсаты:



Балалардың

ісәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық





Ұйымдастырушылық

ізденістік















Рефлексиялық түзетушілік









Күтетін нәтижелер:



Нені біледі:

Қандай түсініктерді игереді:

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері:



















































Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы



Байқампаздар әлемі .

Тақырыбы: « »

Мақсаты:



Балалардың

ісәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық





Ұйымдастырушылық

ізденістік















Рефлексиялық түзетушілік









Күтетін нәтижелер:



Нені біледі:

Қандай түсініктерді игереді:

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері:







Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы



Байқампаздар әлемі .

Тақырыбы: « »

Мақсаты:



Балалардың

ісәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық





Ұйымдастырушылық

ізденістік















Рефлексиялық түзетушілік









Күтетін нәтижелер:



Нені біледі:

Қандай түсініктерді игереді:

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері:















Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы



Байқампаздар әлемі .

Тақырыбы: « »

Мақсаты:



Балалардың

ісәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық





Ұйымдастырушылық

ізденістік















Рефлексиялық түзетушілік









Күтетін нәтижелер:



Нені біледі:

Қандай түсініктерді игереді:

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері:























































Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы



Байқампаздар әлемі .

Тақырыбы: « »

Мақсаты:



Балалардың

ісәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық





Ұйымдастырушылық

ізденістік















Рефлексиялық түзетушілік









Күтетін нәтижелер:



Нені біледі:

Қандай түсініктерді игереді:

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері:



























Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы



Байқампаздар әлемі .

Тақырыбы: « »

Мақсаты:



Балалардың

ісәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық





Ұйымдастырушылық

ізденістік















Рефлексиялық түзетушілік









Күтетін нәтижелер:



Нені біледі:

Қандай түсініктерді игереді:

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері:





































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал