7


  • Учителю
  • Ертеңгілік Қош бол,даярлығым,өзіңмен өтті қызықты күнім даярлық тобы

Ертеңгілік Қош бол,даярлығым,өзіңмен өтті қызықты күнім даярлық тобы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Қош бол,даярлығым,өзіңмен өтті қызықты күнім»

Мақсаты:Оқушылардың жыл бойғы алған білімдерінің,үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету,сөздік қорын,тілін,ой-өрісін кеңейту.Отан сүйгіштікке,имандылыққа тәрбиелеу.

/Сахна ертеңгілікке сай безендіріледі,қанатты сөздер,шарлар,гүлдер ілінеді.

Музыка ойналып тұрады,сахнадағы гүл қауызының ішінде гүл боп киінген балалар бөлініп отырады.

Тәрбиеші:Құрметті ата-аналар,ұстаздар!Мектепалды даярлық сыныбының «Қош бол,даярлығым,өзіңмен өтті қызықты күнім»атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Тәрбиеші: /ортада гүл боп киінген даярлық тобының балалары отырады,тәрбиеші-бағбан оларға су құйғышпен су сеуіп жүріп былай дейді/

Мен ұстаз атты-бағбанмын,менің кішкентай ғана гүлзарымда жұпар иісті,нәзік те үлбіреген,әдемі де сүйкімді 17 тал раушан гүлі өсіп,өніп,жайқала түсті.Мен оларға алғашқы күннен бастап күн болып жылуымды төгіп,жел болып маңдайларынан сипап,жаңбыр болып білім нәрімді сеуіп,алақаныма салып аялап,болашақта бұдан да әрі биікке талпынып ,өмірге құштар болып өсе түсу үшін мейірім махаббатымды құйдым.Олар құлпыра түсті,олар еркелей жайқалды,олар сүйкімділіктерімен баурап алды.Ал бүгін сол кішкентай да нәзік гүлдерімді жиып алып,бұдан әрі төрт жыл бойы мәпелеп,баптап өсіретін тәжірбиелі,талантты,білімді, «Бастауыш»дейтін жаңа гүлдер бағының бағбаны-Жанар Кәрбекқызына табыстамақпын.Менің нәзік гүлдерім күннен күнге құлпыра түсетініне,күннен күнге ажарланып,бойларына жиған барлық нәрімен өз бағбандарының еңбегіне сызат түсірмей жайқалатына еш шүбәм жоқ./балалар орындарынан тұрып музыка әуенімен билеп отаға шығады/

Олай болса,сіздердің құрмет,қошеметтеріңізбен осы кішкентай гүлдерімді ортаға шақырмақпын.

Төленді Ислам ,Мусаева Толғанай

Апрелханов Дарын,Асқарқызы Аянат

Сымбатұлы Ілияс ,Хайдарова Балым

Болатбек Нұржан , Ахмедова Ақниет

Нұрсағат Ернар, Қайратқызы Іңкәр

Жұмабаев Әлішер,Еркінқызы Айзере

Марат Мансұр, Солтанғалиева Аянат

Тұқылбеков Нұрдәулет ,Тұрсынқызы Зухра,Нұрланұлы Ералы

Тәрбиеші:

Айналайын,балалар,

Сендерде ой-сана бар

Өздеріңнен шығады

Өнерлілер,даналар

Өтті қызық көп күндер,

7жасқа жеттіңдер

Барасыңдар мектепке

Бір белестен өттіңдер.

Өсті міне,ойларың,

Өсті міне,бойларың

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың-дей келе ендігі кезекті түлектеріме бермекпін.

1-оқушы Толғанай

Айтып шаттық өлеңін,Алақай дер күн бүгін!

Басамыз алға бір қадам,Арқалап ұстаз сенімін.

Даярлықпен қоштасып,Оқулықпен достасып.

Үлгілі шәкірт боламыз,Дәл осылай топтасып.

2-оқушы Дарын

Оқимыз білім аламыз,

Болашақ жолын саламыз

Бір жасқа өсіп жасымыз,

Біріншіге барамыз

Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам боп шығамыз

Біздер үшін шаршаған,

Ұстазым сізге мың алғыс!

3-оқушы Асқар Аянат

Үлкендердей тап-таза,

Жазамыз бормен тақтаға.

Үлгілі бала боламыз,

Жүретіндей мақтана.

Қаламды ұстап жазуды,

Сандарды қосып,алуды

Үйретті бізге ұстазым,

Әдепті бала болуды.

4-оқушы Балым

Партаға отырып,жазуды,сызуды

Кірсе ұстаз есіктен,орныңнан тұруды

Әндерді жаттауды,әдепті сақтауды

Үйретті біздерге ұстазым мақтаулы

Анамыз деп сізді еркелеп біз келдік

Қателік жасадық,көрсеттік тентектік.

Бәрінде кешірдің,жыласақ жұбаттың,

Бір күліп,бір жүріп біздерді қуанттың.

Арналсын әніміз,өзіңе қымбаттым!

Ән: Мұғалім ол біздің!

Тәрбиеші:Балалар,сендердің даярлықпен қоштасып бірінші сыныпқа баратындықтарыңды естіп ортамызға білім елінің ханшасы келіпті.Ол сендердің бірінші сыныпқа баруға қаншалықты дайын екендіктеріңді білгісі келеді екен. (Ортаға білім ханшайымы кіреді)

Білім ханшайымы:

Армысыңдар ,балдырғандар!Мен білім ханшайымы боламын.Мен сендердің 1-сыныпқа қаншалықты дайын екендіктеріңді білгім келеді.Мен білімге құштар балаларды жақсы көремін,жалқауларды ұнатпаймын.Түрлеріңе қарасам бәрің де білімді,ақылды,алғыр сияқтысыңдар!Олай болса,сендердің қаншалықты білімді екендіктеріңді сынап көргім келеді,қалай келісесіңдер ме? (оқушылар үш топқа бөлініп тұра қалады)

1.Таныстыру

2.Бәйге

3.Полиглот

4.Капитандар сайысы/Ойын ойнатады «Оқу құралдарын тез жина»/

Білім ханшайымы:Жарайсыңдар,балақандар!Өте білімді,алғыр екендіктеріңді көрсеттіңдер!Менің сендерге арнаған сый- сияпатым бар. (Ол балаларға қаламсап сыйлайды).Сендер өз білімдеріңді ортаға салып мені қатты қуанттыңдар,мен сендерді 1-қыркүйекте Білім елінде қарсы алатын боламын!

Тәрбиеші:Балалар,сендер өздеріңнің 1-сыныпқа дайын екендіктеріңді көрсеттіңдер,олай болса бәріміз Білім ханшайымына «Біз мектепке барамыз» әнін орындап берейік.

Ән: «Біз мектепке барамыз»

Би:Теңізшілер биі

Тәрбиеші:Баланы өмірге әкеліп,бағып-қағып,өсіріп,тәрбиелеп,жақсылығына сүйініп,жаманына күйінетін,баласы үшін отқа да,суға да түсуге даяр тұратын әрине ,ардақты ата-аналар.Олар ең алғаш мектепке өз бөбектерін жетелеп келіп тұрып,ұстазға жетектете тұрып олардың болашағына үлкен үміт күтеді.Ендеше келесі бөлімімізді ата-аналарымызға арнайық!

Ахмедов Ақниет

Бізді осындай шаттықты күнге жеткізген ата-анамыз.Олар біз үшін аспандағы айды әперуге даяр!Олар біз үшін қымбатты да, аяулы жандар!Бұл ардақты жандар біздің әр қадамымызға шаттана қарайды,әр жетістігімізге жүректері жарылардай қуанады.Біз олардың алдында мәңгілік қарыздармыз және де үміттерін ақтауға бар күшімізді саламыз.

Болатбек Нұржан

Құрметтейміз әкелерді,ананы,

Біздер үшін қымбат ана жанары.

Мақтанады ата-анасы әрдайым,

Әдепті боп,жақсы оқыса баласы



Нұрсағат Ернар

Әке шуақ күніміз,ана жұпар гүліміз,

Аман-есен әрдайым қасымызды жүріңіз

Мақтанатын боласыз «менің балам қандай»деп,

Біріншіге барғанда,озат болса ұлыңыз.

Қайратқызы Іңкәр

Қос бәйтерек-әке,ана,қамқорымыз өздерің,

Жанымызға қуат берер жылы-жылы сөздерің.

Біздің әрбір қадамымыз жалын құйып жаныңа,

Көп болсыншы қуанышты кездерің.

Жұмабеков Әлішер

Өсті ой мен санамыз,

Біздер алғыр баламыз.

Әке,ана деп біз енді,

Өзіміз жаза аламыз.

Еркінқызы Айзере

Мектеп-ана,ұстаз-ана және де бар өз анам,

Тәрбие алып сол анадан өсті бір жас-ой санам

Қабыл алшы аналарым бұл қуаныш тойымды

Әсен ән-жыр өздеріңе арнаған.

Ән: «Абзал ана»Ақниет

Тәрбиеші:

Біздерде бар бишілер,

Көрсең жаның сүйсінер.

Ортамызға шықсыншы

Туысқан ұлт-корейлер-деп кәріс халқының әсем биімен бишілерімізді шақырамыз

Би:Корей биі Балым,Аянат С,Зухра,Іңкәр

Ән: «Қос бәйтерегім»

Тәрбиеші:

Ұлдарымыз өнерлі

Ән де айтып береді

Бойға жиып жақсылық

Азамат боп келеді.

Ән: Ұлдар тобының орындауында «Біз өмірдің гүліміз»

Би: «Тока-тока» Ақниет,Аянат ,Айзере,Толғанай

Марат Мансұр

Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып даярлықпенен

Мектепке кетіп барамыз

Жаздық,сыздық,оқыдық

Жақсыны бойға тоқыдық.

Бір сәт өмір белестің

Жол ашқан бізге даярлық.

Солтанғалиева Аянат

Қуанышымыз біздің мол,

Мектепке енді аштық жол

Әрдайым есте ұстаймыз

Даярлығым ,қош сау бол.



Тұқылбеков Нұрдәулет

Түрлі ойын үйреткен,

Ән салдырып,билеткен

Мереке сайын біздерді

Қалдырмаған дүрмектен

Жанат апай еңбегіне

Алғыс дейміз құрметпен

Тұрсынқызы Зухра

Қуантып әрі қинайды

Даярлықтан кеткенім

Қажет қой бірақ білімнің

Теңізінен өткенім

Достарыммен бірге боп,

Биік шыңға жеткенім

Адам болу үшін де

Ащы терді төккенім.

Нұрланұлы Ералы

Қош бол,даярлық

Басайық алдыға қадам нық

Есейтіп бір жасқа өсірдің,

Біздерді мінеки адам ғып.

Ән:Аяулы мектебім/бәрі/

Тәрбиеші:

Құрметті менің түлектерім!

Әрқайсысың өзгешесің,дарасың

Бүгінен бастап алыстап менен барасың.

Білім деген теңіздің шығып бетіне

Өріне жүзіп,тұнығына қанасың!

Еркелікті бәрінде енді қоясың,

Білімнің шәрбәт сусынына тоясың

Білімнің кілтін талмастан іздеп талпынсаң,

Өмірде мынау толық адам боласың-дей келе ортаға болашақ бірінші сыныптың ұстазы Жанар Кәрібекқызын шақырамын.Құрметті Жанар Кәрібекқызы,алдыңыздағы енді ғана бүрін жарған нәзік те,үлбіреген балапан гүлдерімді өзіңізге ұсынамын.Сіздің берген біліміңізбен бастауыш баспалдағында жақсы жетістіктермен көзге түседі деп ойлаймын./ұстазға гүл шоғын табыстау/

Ендігін сөз кезегін мектеп директоры М.М.Рахымбаев мырзаға беремін./Ата-аналарды құттықтау/

Ата-аналарға сөз кезегін беру.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал