7


  • Учителю
  • «С» және «З» дыбыстары. Тілдің дыбыстық мәдениеті.

«С» және «З» дыбыстары. Тілдің дыбыстық мәдениеті.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Білім беру салалары: «Коммуникация»

Бөлімдері:Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «С» және «З» дыбыстары Тілдің дыбыстық мәдениеті

Мақсаты: Балаларға «С» және «З» дыбыстарының артикуляциясын көрсету және түсіндіру. Сөйлеу кезінде дұрыс тыныс алуларын және дыбыстарды таза айтуларын дамыту. Барлық дауысты және дауыссыз дыбыстардың сөйлемде анық, таза, әрі түсінікті дыбысталуын бекіту. Дауыс және артикуляциялық құралдарын дамыту. Дыбысты дұрыс қабылдауды (сөздегі берілген дыбысты есту және айта білуді) дамыту.

Көрнекілігі: мазмұнды сурет, үлестірмелі материалдар.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын-жаттығулар, дидактикалық ойын.

Сөздік жұмыс: үйшік ашылады, жабылады, ызылдайды, ысылдайды.



Шаттық шеңбері.

Балаларды шеңбер жасап тұрғызып, бір-біріне ертеңгілік жылы лебіздерін білдіреді.

Армысың , асыл күн!

Армысың, асыл жыр!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне менің қолым!



Тәрбиешімен шаттық шеңберіне тұрады.

Іздену - ұйымдастырушы































































































Балалар,сендер білесіңдер ме? Біздің аузымызда Тіл өмір сүреді екен. Ауыз Тілдің үйшігі. Үйшік ашылады, жабылады.

Тіл бірде үйшіктен қараса, бірде оған жасырынып қалады. Тіл әртүрлі ән айтқанды өте жақсы көреді екен. Бірде ол былай ән айтты: «а-а-а». Қалай айтты? Қәне барлығымыз бірге айтайық. Маған көмектесіңдер.

Бірде орманда жүрген жылан «с-с-с» деген дыбыс шығарды.

Тіл жыланның да әнін үйреніп алды. Тіл: «с-с-с»- деп, әндетеді. Қәне, балалар, барлығымыз бірге жыланның әнін айтайық. «С» дыбысын

дұрыс айту үшін тілдің ұшын астыңғы тіске тигізу керек.

Тілімізді тигізейік (тәрбиеші балалардың тілді дұрыс қойғанын қарап шығады) Аузымызды жауып демаламыз. Тілімізді астыңғы тісімізге тигізіп, баяу дауыспен айтамыз: «с-с-с». Балалар, Әділет қалай «с» дыбысын айтады екен тыңдайық.

− Балалар айтыңдаршы «з-з-з» деп ән салатын қандай жәндік?

− Иә, бұл масаның әні. Бұл әнде жыланның әні сияқты айтылады. Жуан дауыспен айтамыз. Ал, енді дауыстап бәріміз бірге «з» дыбысын айтайық: «з-з-з-з».

Қәне, тыңдайық Іңкәр қалай айтады екен. (4-5 баладан сұрау.). Масалардың барлығы ән салды (барлық бала ызылдайды). Олар алысқа ұшып кетті,

тып-тыныш болып қалды.

Балалар Тілге «с», «з» дыбыстары өте ұнады. Енді ол әртүрлі ән айта бастады.

Са-са-са- ызылдайды маса.

Су-су-су -біз ішеміз су.

Ас-ас-ас- қазанда тұр піскен ас.

За-за-за - үйдің іші таза.

Зу-зу-зу - ағаш түбін қазу.

Сергіту сәті:

Ұзын қанат инелік,

Инелікке тимелік.

Ұшақты біз жасадық,

Инеліктен үйреніп.

Зу-зу, зу-зу, зу-зу.

− Балалар «с», «з» дыбыстары сырға, сағат, сандық, тасбақа, зере, қаз, зебра сөздерінде кездеседі. Мысалы, қуыршақ, орман, дала, бала сөздерінде бұл дыбыстар кездесе ме?



Олай болса Айбек сен «тасбақа» сөзін айт біз «с» дыбысын еститін болайық. Сабина сен «қазақ» сөзін айт, «з» дыбысын еститін болайық.

Ойын:«Сөз ойла, тез ойла»

Балалар «с», «з» дыбыстарына сөздер айтады.

Тәрбиешнің әңгімесін тыңдайды.









«А-а-а-а» ( орташа дауыспен айту.)



















«с-с-с».





-Маса.







«з-з-з-з».









Хормен, жеке айтады.









Сергіту сәтін орындайды.









-Жоқ.











-Тасбақа.

-Сабина.



«с», «з» дыбыстарына ойлаған сөздерін айтады.

Рефлексті - Коррекцялаушы

Балаларға оқу қызметі бойынша сұрақтар қойып, қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.



Сұрақтарға жауап береді.





Күтілетін нәтиже:

Білуі керек?:Естіген дыбысты дұрыс қабылдай білуі керек.

Болуы керек:С» және «З» дыбыстарының айтылуын игереді.

Қолынан келуі керек:«С» және «З» дыбыстары бар сөздерді айта білді.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал