- Учителю
- Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту. Тақырыбы: Қысқы ойындар
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту. Тақырыбы: Қысқы ойындар
Технологиялық карта.
Күні: 26.02.2015жыл
Білім беру саласы: Қатынас, шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту, жапсыру.
Дамытушы орталықтар: Әдебиет орталығы, өнер орталығы, зерттеу орталығы.
Тақырыбы: «Қысқы ойындар», «Қысқы орман»
Мақсаты: Сурет мазмұны бойынша әңгімелесуге үйрету; Балалардың сөйлей білу қабілеттерін дамыту; Еңбекқорлыққа тәрбиелеу; Түрлі-түсті қағазды жырту әдісі арқылы бейнелерге жапсыру; Саусақ қимылдарын жетілдіру; Қоршаған ортаның ақиқат құбылыстарына қызығушылық білдіруге тәрбиелеу, мұзды зерттеу арқылы нәтижеге қол жеткізу.
Әдіс-тәсілдері: «Тәй-тәй» технологиясы, «триз», «ойын» технологияларының элементтері, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, алдын ала жұмыс.
Көрнекіліктері: Үлгі суреттер, жеке кітапша, қағаз майлықтар, мұздар, су құйылған ыдыс,тұз , сүт, май.
Билингвалды компонент: Қар жауып тұр - идет снег.
Шанамен сырғанап жүр -катается на санках
-
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушы
Іздену ұйымдастыру
Рефлексивті коррекциялау
Таңертеңгі жиын
-Балалар, қанеки орнымыздан тұрып келген қонақтармен сәлемдесіп алайықшы.
-Сәлеметсіздер ме!
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде қанша ай бар?
-Қанеки ай аттарын кім айтып береді?
-Жарайсыңдар, балалар. Қазір қыс мезгілінің қай айы?
-Дұрыс айтасыңдар. Балалар біз қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз?
-Балалар, енді сендер қар атыспақ ойынын топта ойнағыларың келеді ме?
-Мен бүгін сендерге қағаз майлықтарды алып келдім. Осы қағаз майлықтардың көмегімен біз қар түйіршіктерін жасаймыз, жасаған қар түйіршіктерді біз бір-бірімізге атысып ойнаймыз. Алдымен мен қар түйіршігін жасап көрсетейін. Балалар қар түйіршігі әдемі шығу үшін, қолымызбен қағаз майлықтарды қаттырақ умаждауымыз қажет.
-Балалар, сендерге ойын ұнады ма?
-Тағыда ойын ойнағыларың келеді ме?
-Балалар алдымен орнымызға жайғасып отырайық. Ойынның аты «Ия, жоқ» деп аталады. Мен қазір сенднрге сөйлем айтамын, сол сөйлем дұрыс болса «Ия» дейсіңдер, дұрыс болмаса «Жоқ» деп айтасыңдар.
Дидактикалық ойын:
Тақырыбы: «Ия, жоқ»
Мақсаты: Балаларды әрбір сөйлемді мұқият тыңдап, мағынасын түсінуге, қатесін табуға үйрету.
Шарты: Балаларға сөйлем айтылады, балалар сол сөйлемнің қатесін табуы тиіс.
-Қыста қатты суық болғанда, біз көлге суға түсеміз бе?
-Қыста қар жауады ма?
-Жазда шанамен сырғанап ойнаймыз ба?
- Аққала қардан жасалады ма?
-Қар жазда жауады ма?
-Балалар сендер ойынды жақсы ойнайды екенсіңдер. Енді қыс туралы бірнеше сөйлемді енді орыс тілінде айтайықшы:
Қар жауып тұр - идет снег;
шанамен сырғанап жүр - катается на санках;
-Жарайсыңдар балалар. Балалар мен сендерге сиқырлы альбом әкелдім. Бұл сиқырлы альбомда не бар екенін білгілерің келеді ме?
-Олай болса,сиқырлы альбомымыздың бірінші бетін ашып қарайық. Бұл бетте қандай сурет тұр екен?
-Қыс мезгілінде жердің түсі қандай болады?
-Ағаштардың жапырақтары болады ма?
-Ал, енді келесі суретті қараңдаршы. Ненің суретін көріп тұрсыңдар.
-Қанша шырша бар екен санайықшы?
-Ал, мына жерде балалар не жасап жатыр?
-Қанеки, аққала жасап жатқан балаларды санайықшы.
-Ал, мына балалар немен сырғанап жатыр.
-Шанамен қанша бала сырғанап жүр?
-Ал шаңғымен қанша бала сырғанап жүр?
-Мінеки балалар сиқырлы альбомымыздағы суретті көрдік. Бұл альбомда қай мезгілде ойналатын ойындар бейнеленген некен?
-Балалар, осы сиқырлы альбоммен әдебиет орталығына барған балалар жұмыс жасайды.
Ал, енді балалар қызыққа толы белсенділік орталықтарына бөлініп жұмыс жасайық.
Әдебиет орталығы:
Тақырыбы: «Сиқырлы альбом»
Мақсаты: Сиқырлы альбомдағы суреттерді мазмұны бойынша әңгімелесуге үйрету; Балалардың сөйлей білу қабілеттерін дамыту;
Шарты: Кленкадағы суреттерден реттілігі бойынша әңгіме құрастырады.
II- тапсырма
Тақырыбы: Кітапшамен жұмыс
Мақсаты: Балалар өз кітапшаларындағы жұмбақтың жауабын жазып, үлгі суретке қарап, берілген сретті бояйды.
Өнер орталығы:
Тақырыбы: «Қысқы орман»
Мақсаты: Түрлі-түсті қағазды жырту әдісі арқылы бейнелерге жапсыру; Саусақ қимылдарын жетілдіру;
Шарты: Түрлі-түсті майлықтарды жырту әдісі арқылы, қысқы орман бейнесін жасайды.
Зерттеу орталығы:
Тақырыбы: «Мұзға жасалған тәжірибе»
Мақсаты: Қоршаған ортаның ақиқат құбылыстарына қызығушылық білдіруге тәрбиелеу, мұзды зерттеу арқылы нәтижеге қол жеткізу.
Балалар белгілермен орталықтарға бөлініп жұмыс жасайды.
-Бүгін кезекші кім?
-Белгіні алған балалар орталықтарыңа барып отыра беріңдер.
Қоңырау үнімен балаларды ортаға жинау.
Екінші ауысыммен жұмыс
-Балалар, енді қалаған орталықтарыңа барсаңдар болады.
Қоңырау үнімен балаларды ортаға жинау.
-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз сендерге ұнады ма?
-Әдебиет орталығында қандай жұмыс жасадыңдар?
-Өнер орталығында қандай жұмыс жасадыңдар?
-Зерттеу орталығында қандай жұмыс жасадыңдар?
-Мұз суға батады ма екен?
-Сүтті, майды қатыруға болады ма, суды қатырғандай?
-Балалар, өнер орталығында жасаған жұмыстарыңды алып келіңдерші.Біз тақтаға іліп,қысқы орман бейнесін жасайық.
-Балалар, шыршаға қағаз майлықтың қандай түсін пайдаландыңдар?
-Ал, неліктен жерге ақ түсті қағаз майлықты жапсырдыңдар?
-Жарайсыңдар балалар, бүгінгі сендердің жасаған жұмыстарың маған қатты ұнады. Барлығыңда алғыр, білімді балалар екендіктеріңді бүгінгі келген қонақтарға көрсеттіңдер. Сендерге көп-көп рахмет.
Балалар енді бүгінгі келген қонақтарымызға сау болыңыздар деп айтайық.
-Сәлеметсіздер ме, қош келдіңіздер.
-Қыс мезгілі
-3 ай бар
-Желтоқсан, қаңтар, ақпан
-Ақпан айы.
-Шана, шаңғы, қар атыспақ, коньки
-Ия, ойнағымыз келеді.
Балалар қар атысып ойнайды.
-Ия, ұнады.
-Ия, ойнағымыз келеді.
-Жоқ
-Ия
-Жоқ
-Ия
-Жоқ.
Балалар қайталайды.
-Ия, білгіміз келеді.
-Қыс мезгілінің суреті.
-Аппақ болады.
-Жоқ, болмайды.
-Шыршаның суреті.
-4 шырша
-Аққала жасап жатыр.
-3 бала
-Шанамен сырғанап жүр.
-3 бала
-2 бала
-Қыс мезгілінде ойналатын ойындар.
-Қар жауып тұр. Балалар шанамен сырғанап ойнап жатыр. Біреулері аққала жасап ойнап жатса, біреулері бір-біріне қар лақтырып ойнап жатыр.
-Қыс мезгілінде
Балалар орталықтарға бөлініп жұмыс жасайды.
Екінші ауысым жасады.
Балалар ортаға жиналып, сұрақтарға жауап берді.
-Жоқ,батпайды.
-Жоқ,болмайды.
Балалар жұмыстарын алып келеді.
-Жасыл
-
Ол жердегі қар.
-Сау болыңыздар!
-
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек? Сурет бойынша әңгіме құрауды;
Не білді? Сурет мазмұны бойынша әңгімелесуге үйренді; Балалардың сөйлей білу қабілеттері дамыды; Мұздың суға батпайтындығын, тұз себілгенде мұздың тез еритіндігін.
Бекітемін:
МКҚК «Ер Төстік» балабақшасының
меңгерушісі Л.Е.Тулекова
« » « » 2015жыл
Білім беру саласы: Қатынас, шығармашылық,таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту, жапсыру.
Тақырыбы: «Қысқы ойындар», «Қысқы орман»
Тобы: Ересектер «Бәйтерек»
Тәрбиеші: Нуржауова Эльвира